Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар
Среда, 31 Июль 2024 17:23

Бас имам жиын өткізді

Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қостанай облысындағы өкілдіктің және облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің Бас имамы болып Уәлиев Бектұрсын Торғайбайұлы тағайындалғаны белгілі.

Ол бұған дейін Қостанай қалалық «Марал ишан» мешітін басқарып, талай әріптестеріне өнеге боларлық жұмыстар атқарғаны жұртшылыққа аян. Дін саласында жинақтаған бай тәжірибесі жерлестерімізге жақсы таныс.

Жаңа жауапты қызметке кіріскен өкіл имам өңірдегі қалалар мен аудандардың бас имамдарымен арнайы кездесуінде алда тұрған келелі міндеттерге жан-жақты тоқталды.

Сондай-ақ ол аталмыш мешіттің тыныс-тіршілігімен жан-жақты танысып, көзбен көріп, көңілге түйгенін ортаға салды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Понедельник, 29 Июль 2024 17:01

Қостанай: Жаңа тағайындау

Бүгін Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде өңірдегі қала және аудандардың бас имамдары бас қосқан жиын болып өтті.

Оған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы тапсырмасы бойынша іс сапармен келген ҚМДБ-ның «Уағыз насихат» бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлы Мансұров қатысты.

Ол мүфти хазреттің бұйрығы бойынша жаңадан тағайындалған Қостанай облысының Бас имамы лауазымына Уалиев Бектұрсын Торғайбайұлын таныстырды.

Осы шараға қатысқан Қостанай облыстық Дін істер басқармасының басшысы Қалмақов Ерлан Болатұлы жаңадан тағайындалған Бас имамға ізгі тілегін білдіріп, жауапты қызметінде абырой тіледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Жақында Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет және Рудный қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы Сабыржан Есмурзин Тобыл қаласында болды.

Олар аудандық «Маңдай батыр» мешітінде жастармен кездесу өткізді. Онда қазіргі таңда қоғамдағы өзекті мәселе лудомания яғни құмар ойындарының тигізетін зардабы және оның алдын алу жөнінде уағыз-насихат айтты. Жүздесу қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді.

Жиналған өскелең ұрпақ өкілдері дін қайраткерлерінің маңызды да мәнді әңгімелерін ұйып тыңдап, өздерінің алғыстарын білдірді.

Кездесу соңында аудандық мешіттің Бас имамы Дархан қажы Сыздықов әріптестеріне шын жүректен шыққан шынайы лебізін жеткізіп, мықты денсаулық, жауапты қызметтерінде табыс тіледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Вторник, 09 Июль 2024 09:44

Құран қари семинары

Бұл күндері Мұртаза Балахметті еліміздің жұртшылығы жақсы біледі. Ол белгілі дін қайраткері Ертай Исламұлының болашағынан үміт күткен дарынды перзенттерінің бірі.

Жас та болса республикалық бас мешіттің ұстазы әрі қари. Жуырда Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің арнайы шақыруы бойынша өңірдегі имамдарға "Құран және Тәджуид ережелері" бойынша семинар өткізді.

Жиналғандар Мұртаза Ертайұлының терең біліміне тәнті болып, өздерінің көкейінде жүрген сауалдарына нақты жауап алды. Енді олар семинардан түйгендерін күнделікті қызметтерінде басшылыққа алатын болады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасы бойынша Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің Бас имамы Дархан Сыздықовтың ұйымдастыруымен салтанатты жиын болып өтті.

Онда «Имани жаз 2024» діни сауат ашу курсын тәмәмдаған 25 шәкіртке арнайы сертификаттар мен сыйлықтар табыс етілді. Сабақ барысында оларға ұстаздар Бекзат Қапар мен Мәдениет Нарбаев дәріс берді.

Түлектер сабақ барысында «Құран әліппесі», «Ұлттық құндылықтар», «Дін мен дәстүр» және «Ислам әдептері» тақырыптарынан білім алды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Понедельник, 08 Июль 2024 20:54

Қостанай: Балаларға базарлық

Жақында Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің имамдары «Генерал Самат Бәкіров» атындағы демалыс базасында болып, Рудный қаласындағы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды үлкен қуанышқа кенелтті.

Онда ұлдар мен қыздар өздерінің бойларындағы өнерлерін көрсетіп, би билеп, ән салды. Жазғы демалыстарын жоғары көңіл-күймен өткізіп жатқан өскелең ұрпаққа дастархан жайылып, қазақтың ұлттық тағамы ет ұсынылды.

Мешіт қызметкерлері оларға болашақта еліміздің нағыз патриоттары атануларына ең ізгі тілектерін білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Четверг, 04 Июль 2024 11:11

Марал ишан: Ислам және дәстүр

Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет қалалық «Марал ишан» мешітінде болды. Ол мұнда жамағатпен кездесіп, «Ислам және дәстүр құндылығы» тақырыбында дәріс оқыды.

Жүздесуде қазіргі таңдағы қоғамдағы дәстүрдің алар орны жайлы жан-жақты насихат айтылды. Тәлімді уағыз жиналғандардың көңілінен шығып, үлкен әсер қалдырды.

Белгілі дін қайраткері дәріс соңында жамағаттың қойған сауалдарына тұшымды жауап берді. Көкейінде жүрген ой-пікірлерін ортаға салды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Четверг, 04 Июль 2024 11:08

Қостанай: Құран жарысы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкілдігі діни оқу-ағарту бөлімінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында облыстық Құран жарысы болып өтті.

Әділқазылар алқасының шешімі бойынша І орынға Арқалық қалалық "Мұхтасиб Әлмұхаммед" мешітінен Манаш Русланұлы (80 000 теңге) ие болды. ІI орынға Наурызым аудандық "Түркебай ата" мешітінен Ерасыл Қоқаев (50 000 теңге) көтерілді. Ал ІII орынға Қостанай қалалық "Марал ишан" мешітінен Мухаммадсодиқ Сайдмуродов (30 000 теңге) ие болды.

Жарысқа қатысқан барша талапкерлерге облыстың бас имамы атынан арнайы ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Среда, 03 Июль 2024 12:21

Қостанайда тасаттық

Жұртшылықтың есінде болар, жалпы тасаттық – көпшілік жиылып атқаратын діни рәсім. Онда мұсылман қауымы жиналып, құрбандық шалады. Сауабын аруақтарға бағыштайды. Қасиетті Құран оқылып, құдайдан жаңбыр жаууын тілейді.

Міне, жұма күні Қостанай қаласының Тобыл өзенінің жағалауына халық көп жиналды. Онда Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет сөз сөйлеп, дініміздегі тасаттықтың мән - маңызына жан-жақты тоқталды.

Содан кейін елордамыз Астанадағы республикалық Бас мешіттің Қары әрі Құраннан ұстаз Мұртаза Ертайұлы намаз өткізді. Бұл жиынға облыс әкімі Құмар Ақсақалов, абыз ақсақалдар, ел ағалары және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жалпы, өңір бойынша әзірше тасаттыққа 21 ірі қара сойылып, оның еті көмекке мұқтаж отбасыларға таратылып берілді. Оған шаруа қожалықтарының басшылары демеушілік етуде.

Жиын соңында Бас имам егін өсіріп отырған барша ағайынға бітік астық, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық, әрбір шаңыраққа ырыс-береке мен молшылық тіледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Среда, 03 Июль 2024 12:17

Арқада шәкірттер

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде маусым айының 10-28 күндері аралығында «Имани жаз-2024» сауат ашу курсы ойдағыдай өткізілді.

Онда Бас имам Нұрхан Асанұлы балаларға үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету жайында ақыл - кеңесін айтты. Сондай-ақ, өздерін жақсы қырларымен көрсеткен шәкірттерге тәттілер үлестіріліп, дастархан жайылды.

Жоғарыда аталған мерзімде шәкірттер тиянақты діни білім алып, уақыттарын барынша тиімді пайдалануға тырысты. Ұстаздар оларды ізгілікке, адамгершілікке баулыды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
«27282930313233343536»
Page 32 of 381

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником