Қарабалық ауданының «Ғашура ана» мешіті аудандық Мұхамеджан Сералин атындағы № 3 қазақ орта мектебі оқушылары арасында сурет салудан сайыс ұйымдастырды.

Аталмыш сайысқа 1 мен 7 сынып аралығындағы 20-дан аса оқушы қатысып, өздерінің бағын сынаған болатын. Онда дайындығы мықтылар мен талант деңгейі жоғарылар ерекше көзге түсті.

Сонымен, жарыс қорытындысы шығарылды. Арнайы құрылған мешіт алқасының анықталып, марапатталды.

I орынды 2 сынып оқушысы Дилназ Абилова, II орынды 5 сынып оқушысы Қайсар Аубакиров, III орынды 7 сынып оқушысы Амина Серікболатова жеңіп алды.

Жоғарыда аталған мешіттің бас имамы Серік Темірбекұлы жүлдегерлерге шығармашылық табыс тілеп, сыйлықтар табыс етті.
ҚМБД-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі






