Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
09 06.25

Меңдіқарадағы Құрбан айт мерекесі

Жер бетіндегі күллі мұсылман жұртшылығы асыға күтетін Құрбан айт мерекесі биыл да Меңдіқара аудандық «Қарамақы ата» мешітінде жоғары деңгейде аталып өтті.

Имандылық ордасындағы тәлімі мол жиынға Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев, Меңдіқара ауданының әкімі Ғабит Бекбаев, елге белгілі кәсіпкер Бауыржан Қарамакин, абыз ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар, жергілікті дін жанашырлары мен жамағат қатысты.

Салтанатты шара облыстық мешіттің наиб имамы Азамат Серікбайұлының Құран оқуымен басталды. Содан кейін Бектұрсын Торғайбайұы сөз алып, аудан тұрғындарына ең ізгі тілегін білдірді. Ол мерекенің мәні мен өзіндік ерекшелігіне, қайырымдылыққа, ізгілікке бастайтын тағылымына тоқталды. Сонымен қатар жұртшылықтың құрметіне бөленген қадірменді ақсақал Бектібай Төлепұлына өз атынан Алғыс хат табыс етті. Оның иығына шапан жабылды. Жұртшылықтың алдында балаларға тәттілерді тарту етіп, үлкен қуанышқа бөледі.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ауданның құрметті азаматы Бақытжан Сәуекенов жерлестерін айтулы мейраммен құттықтап, «Меңдіқара» әнін орындады. Талантты жастар Серікболсын Әбікен, Азат Тобылұлы секілді өнерпаздар әуелете ән шырқап, күмбірлете күй шертті.

Жиналғандар спорттық шараларды да тамашалап, үлкен әсер алды. Онда ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында ұлттық ойындардан сайыс өткізілді. Жиын соңында Құрбан айттың құрметіне мешіттің жанында тігілген киіз үй мен асханасында дастархан жайылып, данагөй атамыз Торғайбай Уәлиев ұлағатты бата берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

алдыңғы жаңалық
Ұлттық ойындардан сайыс болды
келесі жаңалық
Құрбан айттағы қайырымдылық

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником