Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан екі кісіге берілген жолдамамен мүмкіндігі шектеулі Мейрам Қошқарбайұлы мен Виталий Тупикин Ұмра қажылыққа аттанған болатын.
Жуырда осы есімдері аталған азаматтармен қатар Рудный қаласының тұрғыны, мешіттің тұрақты жамағаты Ұрқия Захраддинқызы Ұмрадан аман-есен оралды. Оған мұндай сыйлықты Ораза айында жанашыр жандар тарту еткен еді.
Оларды Ахмет Байтұрсынов атындағы халықаралық әуежайда облыстық мешіттің имамдары, ұстаздар мен жамағат қарсы алып, Ұрқия Захраддинқызына гүл шоқтарын табыс етті. Жерлестеріміз қажылықтан алған әсерлерімен бөлісіп, Бас мүфти мен барша ағайынға алғыстарын білдірді.
Бұл киелі сапарды Діни басқармаға қарасты «Tawaf Travel» қажылық компаниясы жүзеге асырды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі