Қостанай облыстық мешіті жанындағы Зекет және қайырымдылық қорының қызметкерлері өткен айда аймақтағы әріптестеріне үлгі-өнеге көрсетті.

Бұған осы қордың жетекшісі, тәжірибелі дін қайраткері Бақытжан қажы Икрамның бізге берген мәліметі нақты айғақ. Оның сөзіне сүйенетін болсақ, қыркүйекте өңір бойынша 100 қамқорлыққа мұқтаж отбасына азық-түлік себеттері табыс етілді.

Осы мақсатқа демеушілердің тікелей қолдауымен 1 млн 863 мың 690 теңге жұмсалды. Қамқорлық шапағатына бөленген жерлестеріміздің оларға деген алғысы шексіз.


Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі






