Тілсіз жау өрттің алдын-алу, оған жол бермеу әрбір ұжымның алдында тұрған үлкен міндеттердің бірі болып табылады.

Сондықтан да болар, өңірдегі Денисов ауданындағы «Жұма» мешітінде өртке қарсы іс – шараларды пысықтау үшін өрт сөндірушілердін кезекті жаттығуы өткізілді.

Бұл маңызды жаттығуды ұйымдастыруға жоғарыда аталған мешіттің бас имамы Руслан Маратұлы мұрындық болды.Осынау іс – шараға екі өрт сөндіру техникасы мен онға жуық құтқарушы қатысты.

Олар өздерінің дайындықтарын көрсетіп, қашан да сақадай сай екенін дәлелдей білді.






