Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің наиб имамы Дүйсен Дайыр Жастар істері бойынша атқаратын іс-шаралар жоспарына сәйкес, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ аграрлық-биологиялық факультетінің студенттері арасында «Табиғатты аялайық» тақырыбы аясында кездесу өткізді.

Басқосу барысында асыл дініміздің ұстанымында қоршаған ортаны, бау-бақшаны күтіп-баптау, жан-жануарға, жалпы Аллаһ тағаланың жаратылыстарына мейіріммен қарау, бергеніне шүкірлік ету, Ұлы шебердің туындыларына құрмет көрсету міндет болып саналатындығы жайлы сөз қозғалды.

Жалпы, «Жайлаубай ата» мешітінде жастарға танымдық-тағылымдық жағынан берері мол мұндай жүздесулер жиі ұйымдастырылады. Оған жоғарыда аталған басқосу жарқын айғақ болады.







