Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінде қасиетті Рамазан айына дайындық және оны ұйымшылдықпен өткізуге байланысты жиын болып өтті. Оған ауылдық мешіттер мен намазханалардың имамдары мен дін қызметкерлері қатысты.
Басқосуда Бас имам Дархан қажы Манарбекұлы сөз алып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан Рамазанға қатысты берілген тапсырмаларды мүлтіксіз орындау, әсіресе қайырымдылық, уағыз-насихат мақсатындағы жұмыстарды барынша жандандыру жайлы тілге тиек етті.
Жиында намазхана қызметкерлері өз ойларын ортаға салып, атқарылар міндеттерді пысықтады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі










