Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
06 11.20

Ұзынкөлдегі «Қайырымдылық керуені» акциясы

«Балықты» мешітінің Бас имамы Есенкелді қажы Сақтағанұлы ұйымдастыруымен және жеке кәсіпкер Сусырко Султыговтың демеушілігімен «Қайырымдылық керуені» акциясы жалғасын тапты.

Аталмыш шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен жүзеге асып келе жатқан игі істердің бірі болатын.

Бұл ретте аудандағы Сатай, Троебрат, Киров, Ұзынкөл ауылдық округтарында тұратын күнкөрісі төмен 30 отбасына күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдері тартылды. Аталмыш қоржында шай, қант, май, күріш, ұн, кәмпит, кондитерлік өнімдер мен жемістер салынған.

Әрқашан өзінің биік азаматтық қасиеттерімен дараланатын кәсіпкер Сусырко Магомедұлы «Біз ауданның бас имамы Есенкелді қажыны ерекше құрметтейміз. Біраз жылдардан бері қайырымдылық мақсатында жұмыс істеп келеміз. Осы жолы да «Қайырымдылық керуені» қолға алынғанын естіп, өз үлесімді қосуға тырыстым», - деді Ұзынкөлге есімі танымал кәсіпкер.

Иә, «Жақсы сөз жан семіртеді» емес пе? Бас имам өзі көпшіл, халыққа жақын болған соң, кәсіпкер кісілер де қолдау көрсетеді. Бүгін келтіріп отырған жарқын мысалдарымыз осы сөзіміздің нақты айғағы.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

алдыңғы жаңалық
Мәуліт мүбәрак айы 2020 жыл
келесі жаңалық
Рудныйдағы Мәуліт рухани кеші

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником