Жуырда Қостанай облыстық "Аймағамбет қажы Спанұлы" мешітінің найб имамы Нұрлан Жұмабекұлы және Тобыл қаласындағы "Маңдай батыр" мешітінің найб имамы Қапар Бекзат Қостанай ауданына қарасты Жамбыл ауылында болды.
Дін саласының білікті мамандары елді мекендегі тұрғындармен жергілікті Ақпараттық Насихат тобы аясында "Экстремизм және терроризм: түсінік, мән-маңызы, басқару тәсілі" атты тақырыпта кездесу өткізді. Жиын қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді.
Жүздесу барысында қатысушылар тарапынан сауалдар қойылып, нақты да тиянақты жауаптар берілді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметіСарыкөл аудандық «Аққозы қажы» мешітіне қыста жағатын көмір және ағаш түсірілді. Оған имандылық ордасының жанашыры Аққозы қажының ұрпағы Шойынтай Өтемісов демеушілік етті.
Ол «Қолы ашықтың – жолы ашық» деген қағиданы берік ұстанады. Әрдайым мешіттің мұқтажына қолдау көрсетіп отырады. Оның ісіне береке беріп, табысы еселей түссін.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жуырда Сарыкөл аудандық «Аққозы қажы» мешітінде салауат оқудан сайыс ұйымдастырылды. Оған жергілікті қыз-келіншектер қатысып, бақтарын сынады.
Сайыстың тиісті деңгейде өткізілуіне мешіттің ұстазы Фатима Асанова ұйытқы болды. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, сайыстың қорытындысында Гүлмира есімді талапкер тыңғылықты білім көрсетіп, жеңімпаз атанды. Ол 19 800 салауат оқыды.
Содан кейін қыз-келіншектерге арнайы дастархан жайылып, салауаттың маңыздылығы мен ерекшелігі жайлы уағыз айтылды. Жарысқа жергілікті кәсіпкерлер демеушілік жасады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облыстық «Аймағамбет қажы Спанұлы» мешітінің жанындағы Зекет және қайырымдылық қорының қызметкерлері өткен тамыз айында да ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.
Өңір бойынша 45 іс-шара ұйымдастырылды. Онда 1326 отбасы қамтылып, қайырымдылық көмегі көрсетілді. Осы мақсатқа 17 960 881 теңге жұмсалды Облыстық мешіттің найб имамы, жоғарыда аталған қордың жетекшісі Бақытжан қажы Икрамның айтуына қарағанда, демеушілер мен жүрегі жомарт жандар белсенділік танытқан.
«Алтын алма, алғыс ал» деген қағиданы берік ұстанған жанашыр азаматтарға Алланың нұры жауа берсін!
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі