Аққозы қажы мешіті
«Аққозы қажы» мешіті Сарыкөл аудан орталығында 1993 жылы Әнуар Қалиқажыұлының жетек-шілігімен халықтың қаражатына салынған. Оның жобасын Д. Қасенов жасады. Мешіт күйдірілген сары кірпіштен салынған. Күмбезінің биіктігі 12 метр. Намаз залының көлемі 10х10 метр. Сонымен қатар мұнда имам, есепші, жамағатқа арналған бөлмелер де бар.
Намаз залында қасиетті Құран кәрімдегі «Бақар» сүресінің аяттары нақышталып жазылған. Ал михрабтың оң жағында «Аллаһ» ,сол жағында «Мұхаммед» жазулары араб хусни хатпен жазылған. Аталмыш мешітке халық ұсынысымен ҚМДБ төралқа мәжілісінің шешімімен дін қайраткері Аққозы қажының есімі берілді.