Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына барған сапарында Діни басқарманың халал сертификатын алған құс фабрикасында болды.
Бас мүфти бастаған делегация Рудный қаласында Діни басқарма жанындағы «Халал Даму» ЖШС сертификатын алған құс фабрикасын аралап, жұмысымен танысты.
«Аллаға шүкір, қазір халық тарапынан халал өнімдерге деген сұраныс күн санап артуда. Діни басқарма өз мүмкіндігі аясында халықтың халал өнімді тұтынуына қолайлы жағдай жасауда. Біз бұл бағыттағы жұмыстарымызды ұдайы жалғастыра береміз» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Рудный қалалық «Нұр» мешітінде 1 -20 маусым аралығында мектеп жасындағы оқушыларға арналған жазғы діни сауат ашу курсы жұмыс істеді. Аталған мерзімде екі топтан тұратын 50 ер бала мен 30 қыз бала діни сауат алды.
Шәкірттер білім деңгейіне және жас ерекшеліктеріне қарай бөлінді. Балаларға имандылық, әдептілік дәрістері, құран оқып үйрену, сұрақ-жауаптар, дастархан батасы үйретілді.
Дәріс арасында бүлдіршіндердің бойын сергітер спорттың түрлері- футбол, волейбол, теннис ойындары ұйымдастырылды. Жан-дүниелерін рухани жағынан байыту мақсатында саябақтарға саяхат жасалды.
Осылайша мешіт ұстаздары оқушылардың жазғы демалысын тиімді әрі мазмұнды өткізулеріне лайықты үлестерін қосты.
Шәкірттерден алған білімдерінен қысқаша сынақ қабылданып, арнайы сертифакаттар табыс етілді. Оларға дастархан жайылды.
Ата-аналар мешіт ұжымының игілікті істеріне, дәріс берген ұстаздарға шынайы ризашылықтарын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жуырда Арқалық және Амангелді ауданының ақсақалдары Науырзым ауданына арнайы іс-сапармен келді. Мұндағы мақсат - аталмыш аудандардағы өмір өткелдерінен өткен аға буын өкілдерінің арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайту, Бас мүфтидің «Дархан дала» атты рухани жобасы аясында тағылымды іс-шаралар өткізу.
Осы игі істің бастамасы ретінде жергілікті «Түркебай ата» мешітіне ат басын бұрды. Сөйтіп, мешіттің руханият жолында жүзеге асырып жатқан жұмыстарымен кеңінен танысып, пікір алмасты.
Науырзым аудандық мешітіне есімі берілген әулие атамыздың рухына Құранбағыштады. Сонымен қатар Науырзым қорығында болып, өңірдің тыныс-тіршілігін танысты.
Мұндай жылы жүзді кездесулер болашақта да жалғасын табатынынаекі жақ та сенімді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қарабалық ауданық «Ғашура ана» мешітіінде маусым айының басынан 21-не дейін жазғы сауат ашу курсы ұйымдастырылды. Онда талапкер 12 бала тәлім- тәрбие алды.
Дәріс барысында оларға бекітілген кестеге сәйкес Құран әліппесі, дін мен дәстүр және әдеп сабақтары жүргізілді. Сондай-ақ сабақтан тыс кездері спорттық шараға қатысты. Таза ауада серуендеп, жан дүниелерін рухани жағынан байытты.
Таяуда шәкірттерге сертификат табыс етілді. Салтанатты жиынға балалардың ата-аналары да қатысты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Таяуда Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінің бас имамы Нұрлан қажы Сейілханұлы жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлерімен кездесті. Онда «Ихсан ұғымының негізі» атты тақырып әңгіме өзегіне айналды.
Жалпы, жауапкершілікті сезіну-әрбір азамат үшін басты міндет. Бұл қасиетсіз көздеген мақсатқа жете алмайсың. Сол себептен де қай салада болсын өз қызметінде алғы шептен көрініп, туған елімізге адалдық таныту, оның жарқын болашағына бойымыздағы барлық қажыр-қайратымызды, білім-білігімізді аянбай жұмсау парызымыз.
Ихсан сөзі жақсылыққа жеткізу, бір нәрсені соңына дейін орындау, тиянақтылық, шынайылық деген мағынаны білдіреді екен. Ендеше, полиция қызметкерлерінің алдында да үлкен мақсат тұрғаны айдан анық. Ол ең алдымен күнделікті заңдылықты сақтай отырып, қоғамдық тәртіпті нығайту, халқымыздың құқын қорғау.
Бас имамның тәртіп сақшыларымен болған басқосуда аса маңызды жайлар қозғалып, жиын әсерлі де мазмұнды өтті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қарабалық ауданының Бөрлі ауылында 1995 жылы мешіт ашылған болатын. Содан ол үш жылдай жұмыс істеп, аудан орталығында мешіт ашылған соң сонда көшірілген-ді.
Алайда арада 23 жыл өткеннен кейін яғни былтыр есігі қайта айқара ашылып, намазхана ретінде пайдалануға берілді. Намазхана тек құлшылық орны ғана емес, рухани ордаға айналды.
Мұнда барлық діни рәсімдер өткізілуде. Соның бір айғағы жуырда бір күнде ғана үш адам Ислам дінін қабылдады. Ауданның бас имамы Серік Темірбекұлы екі жұптың некелерін қиып, оларға куәліктерді табыс етті.
Имандылық ордасында алдағы уақытта да осындай игі мақсаттағы істер жалғасын таба береді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Денисов аудандық «Жұма» мешітінің ұйымдастыруымен «Қайырымды жұма» акциясы өткізілді. Аталмыш қайырымдылық іс-шара көмекке мұқтаж жандарға тек Исламдағы қасиетті жұма күндері көрсетіледі.
Жуырда жүзеге асырылған акцияның тиісті деңгейде өтуіне беделді кәсіпкер Қаламқас Жоқышқызы мұрындық болды. Жиында 20 отбасыға ет таратылды.
Алдағы уақытта қолдауға зәру шаңырақ иелері жұмада ғана мешітте бас қосатын болады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облыстық «Марал ишан» және қалалық «Жайлаубай ата» мешіттері биылғы маусым айының басынан бастап «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсының басталатынын хабарлайды.
Дәріс аптаның бес күнінде жүргізіледі. Курсқа 9-16 жас аралығындағы жасөспірімдер іріктеліп алынады. Оған ата-аналардың қолхаты талап етіледі. Барлық жердегідей 3х4 суретін тапсыру керек.
Сабақтар негізіне тәрбиелік мақсатта жүргізілетін болады. Облыстық мешітте ер және қыз балаларға найб имам әрі тәлімгер Тимур Төребаев пен білікті ұстаз Жансая. Ал қалық мешітте Бақай Темірлан мен Дүйсеке Сәуле жетекшілік етіп, дәріс береді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Нұрхан Асанұлы «Дінсіз тәрбие – тамырсыз көшет» тақырыбында студенттер жатақханасында жастармен кездесті.
Бас имам студенттерге салт-дәстүрімізбен біте қайнасқан асыл дініміздің негізгі құндылықтары жөнінде насихат айтып, тұшымды пікірін ортаға салды.
Басқосуға жергілікті институттың, медициналық және гуманитарлық колледждердің студенттері қатысты. Осындай жүздесуде маңызды әңгіме өрбіткен имамға алғыстарын жеткізді.
Бас имам жатақхананың тәрбиешілері Қ.Жайлаубаева мен Б. Жұпарбекке мұндай тағылымды жиынды ұйымдастырғандары үшін дән ризашылығын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі