Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Блог верховного муфтия Казахстана

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша
Религиозная интерактивная карта Казахстана
Григорианский
Хиджра
Super User

Super User

Пятница, 24 Март 2023 15:20

«Балықты» мешітінде

Ұлыстын ұлы күні Наурыз мерекесі Ұзынкөл аудандық «Балықты» мешітінің Бас имамы Есенгелді қажы Сақтағанұлының ұйытқы болуымен жоғары деңгейде аталып өтілді.

Оларға қарасты асханада ауданда ғұмыр кешіп жатқан ұлт өкілдеріне дастархан жайылып, құрмет көрсетілді. Спорттық шаралар жұртшылық назарына ұсынылды. Жиында аудан әкімі Азамат Аужанов жергілікті тұрғындарды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Мәдениет саласының өнерпаздары әуелете ән салып, күмбірлете күй шертті.

Абыз ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар өздерінің шынайы лебіздерін жеткізіп, ақ баталарын берді. Сонымен қатар мерекенің тиісті деңгейде өтуіне мұрындық болған мешіт ұжымы мен халықтың көңіл күйін көтеруге үлес қосқан мәдениет қызметкерлеріне алғыстарын жаудырды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 24 Март 2023 15:06

Мешіттегі ауызашар

Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша облыстық «Аймағамбет Спанұлы» мешітінде биыл да қасиетті Рамазан айы ұйымшылдықпен басталды.

Жаңадан пайдалануға берілген асханаға халық көп жиналды. Онда Бас имам Бахытбек қажы Тәжімбет мұсылман бауырларымызды Оразаның алғашқы күнімен шын жүректен құттықтап, әрбір отбасына молшылық, ырыс-береке, ынтымақ пен ізгілік тіледі.

Ауызашарды облыс орталығында тұратын қырғыз ағайындар беріп, халықтың ыстық ықыласына бөленді.

Бір тоқтала кетер жай, биылғы Ораза ұстаушылардың қатарында жастар көп. Бұр әрине, бәрімізді қуантады. Елімізде дініміз мен салт-дәстүрімізге деген бетбұрыстың арта түскендігін көрсетеді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 24 Март 2023 09:42

Қош келдің Рамазан

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің жамағаты мен ұстаздары бүлдіршіндердің арасында «Қош келдің Рамазан» атты кеш өткізіп, онда таным көкжиегін кеңейтетін сұрақ-жауап ойындары жүргізілді.

Сонымен қатар алдағы Әз Наурызға байланысты ұлттық ойындар ұсынылып, мерекелік дастарқан жайылды. Содан кейін барлық қатысушыларға сый-сияпат жасалды.

Ұлыстың ұлы күні молшылық пен береке алып келсін! Әр отбасының бақыты болып табылатын балалардың жүзінен қуаныш күлкісі кетпесін.

Қостанай облыстық мешітің баспасөз қызметі

Вторник, 21 Март 2023 09:55

Тағылымы мол кездесулер

Бұдан бұрын жазғанымыздай, РАНТ мүшесі, Атыраудағы «Иманғали» мешітінің ұстазы Олжас Ысқақов облысымыздағы сапарын одан әрі жалғастырды.

Биыл 130 жылдығын атап өткелі отырған қалалық «Марал ишан» мешітіндегі жамағаттармен жүздесіп, жұма намазында мағынасы терең уағыз айтты.

Содан кейін кеншілер шаһары Рудныйда болып, байырғы оқу орны Ыбырай Алтынсарин атындағы әлеуметтік-гуманитарлық колледжге ат басын бұрып, ондағы білім алып жатқан студенттермен кездесті.

Ол осы сапарында аталмыш қаладағы «Нұр» мешітінде жиналған қауыммен «Дұға мұсылманның қаруы» деп аталатын тақырыпта әңгімелесіп, келген мақсатын жан-жақты түсіндірді. Жұртшылық оның тәрбиелік мәні зор ой-толғаныстарын ерекше ден қойып тыңдады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 21 Март 2023 09:55

Торғай: Ұлттық спорт ойындары

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен бекітілген "Ислам және ізгі қоғам" жылы аясында дініміз бен дәстүрімізді жаңғыртуға айрықша көңіл бөлінуде.

Осы сөзіміздің нақты айғағы ретінде жуырда Жангелдин аудандық "Оспан қожа әулие " мешітінде ұлттық спорт ойындарынан жарыс өткізілді. Оған қатысушылар гір тасын көтеруден, садақ атудан, қол тірестен, асық ойынынан бақтарын сынады.

Ұлыстың ұлы күні құрметіне жиналған жамағат Наурыз көжеден дәм татты. Жергілікті бауырларымыз сайысты ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын білідірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Алтынсарин ауданы Щербаков ауылындағы «Тойғанша ана» мешітінін діни қызметкері Медет Өтепқалиев жергілікті Мәриям Хакімжанова атындағы орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларына тәрбие сағатын өткізді.

Онда Қазақстандагы халықтар арасындағы ынтымақ пен бірлік жайлы насихат айтылды. Жиын соңында оқушылардың сауалдарына толыққанды жауап берілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 21 Март 2023 09:54

Бүлдіршіндер қуанышы

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед мешітінде қыз балаларға дәріс беруші ұстаз Айнұр Болатқызының ұйытқы болуымен тағылымы мол шара өткізілді.

Бұл «Қош келдің Рамазан» атты жиында алпысқа жуық жас бүлдіршіндерге дастарқан жайылды. Оларға сыйлықтар табыс етіліп, қызықты ойындар ұйымдастырылды.

Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы басқосу өскелең ұрпақ өкілдерінің көңіл-күйлерін көтерді. Жүздерінен күміс күлкі сезіліп, мәз-мәйрам болысты. Сөйтіп, бүлдіршіндер көктемгі шуақты мерекенің келгендігін айқын сезінді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы жылды «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялады. Осы аталмыш жылдың аясында «Дін мен дәстүр» сабақтастығы негізінде қалалық «Марал ишан» мешітінде Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай «Дін – діңгегім, дәстүр – тірегім» атты ұлағаты мол ұлттық спорттық ойындар өткізілді.

Мешіттің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы ұйымдастырылған іс-шаралардың мақсаты жайлы түсіндіре келіп, ұлтымыздың құнды қазынасы салт-дәстүрімізді өскелең ұрпақтың санасына сіңіре беру қажеттігін айтты.

Жиналған қауым арқан мен өгіз тартысты, қол күресті тамашалады. Қазақ жігіттері тыңғылықты әзірлікпен келгендіктерін көрсетті.

Сайыста дараланған жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Келген жамағат ыстық көже мен дәмді бауырсақтан дәм татты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Нұрхан Бақтыбай жергілікті Назипа Құлжанова атындағы гуманитарлық және медицина колледждерінің студенттерімен кездесу .

Шараға арнайы Амангелді аудандық «Сатыбалды ишан» Бас имамы Нұрсұлтан Мұхаммеднұрұлы мен «Сарбас қажы» намазханасының молдасы Ысқақов Аслан шақырылған.

Олар «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбында тұшымды насихаттар айтты. Колледждердің шәкірттері өздерінің ойларында жүрген көкейтесті сауалдарын қойып, нақты жауаптарын алды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 20 Март 2023 12:49

Лисаковтағы «Ақ бата» байқауы

Жуырда Лисаков қаласындағы «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінің Бас имам Әкімбек Асанов «Тілдерді оқыту» орталығының ұжымымен бірге Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесіне орай «Ақ бата» байқауын ұйымдастырды.

Осынау кейінгі жастарға тәрбиелік маңызы зор шараға шаһардың батагөй ақсақалдары белсене қатысты. Онда қаншама даналыққа толы ойлар айтылды.

Әкімбек Нұрханұлы аға буын өкілдерінің парасаттылығын танытқан байқауда өздерін жан-жақты көрсеткен барша қатысушыларға арнайы мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

«73747576777879808182»
Страница 78 из 214

Назидание

все статьи

Медиа

все записи
Разработка сайта — Иником