Жақында Сарыкөл аудандық «Аққозы қажы» мешітінің бас имамы Асылхан Түсіпбек жергілікті ауыл шаруашылығы колледжінің 1 курс студенттерімен кездесті.
Ол онда еліміздің болашағы болып табылатын жас жеткіншектерге темекінің адам баласына келтіретін орасан зияндығы жөнінде әңгімелеп, студенттер тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауап берді.
Жүздесу барлық жиналғандарға түсінікті болу үшін орыс тілінде жүргізілді. Маңызды тақырып қозғалған басқосуда бір талапкер жас имандылық ордасындағы дәріске қатысуға ниет білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Таяуда Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Нұрхан Асанұлы Назипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің жатақханасында кездесу өткізді.
Бас имам жиналған жастарға «Суицидтің алдын алу және студенттердің өмірге құштарлықтарын арттыру» атты маңызды тақырыпта уағыз айтты.
Жастар оған көкейде жүрген сауалдарын қойып, тиянақты жауап алды. Кездесудің соңында колледж ұжымы Нұрхан Асанұлына көкейтесті мәселеге байланысты тұжырымды терең ой-пікірлерін ортаға салғаны үшін шынайы алғыстарын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2022 жылға бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес өңірімізде ақсақалдар арасында бата беруден байқаулар өткізу жалғасын тапты.
Байқау нәтижесінде І орынды Утин Мағзұм, ІІ орынды Камалов Қасенғали, ІІІ орынды Мурзагужинов Халиулла ақсақалдар иеленді. Жүлдегерлерге құрмет көрсетіліп, сый-сияпат жасалды.
Бұл маңызы зор жиынға облыстық «Марал ишан» мешітінің дін мен дәстүр бағытына жауапты найб имамы, ұстаз Абдулқаһар Ерматов қатысып, «Дініміздегі бата берудің әдебі тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Жарыстан кейін қарттарымызға арнайы дастархан жайылып, мерекелік қоржындар үлестірілді. Имандылық ордасының қызметкерлері аталмыш іс-шараға демеушілік жасап, жанашырлық танытқан барша азаматтарға шынайы ризашылықтарын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Дархан Сыздықов Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітіне Бас имам болып тағайындалғалы бері талай игілікті істерді жүзеге асырып, жергілікті халықтың алғысына бөленуде.
Ол әрдайым «Алтын алма, алғыс ал» деген қағиданы берік ұстанатындардың бірі. Білікті де білімді дін қайраткері жуырда қолдауға мұқтаж жандарға «Қайырымды жұма» акциясы аясында қайырымдылық шарасын өткізді.
Онда әлеуметтік жағынан аз қамтылған кісілерге күнделікті тұтынатыназық-түлікті табыс етті. Олар өз кезегінде мешіттің барша қызметкерлеріне және демеушілік жасаған жомарт азаматтарға шын жүректен шыққан ризашылығын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жақында Арқалық қаласындағы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал даму» бөлімінің маманы Нұрбек Қанатұлы арнайы іс сапармен болды.
Оның мұнда келудегі басты мақсаты – шаһардағы «Торғай ет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты комбинатына халал дамусертификатын беруге байланысты тексеріс жұмыстарын жүргізу еді.
Ол тексерістің барысында осы жерде өндірілетін консервілер мен шұжықтар талапқа сай келетіндігін және алдағы уақытта тиісті сертификат берілетіндігін айтты.
Елордамыз Астанадан келген білікті маман имандылық ордасында жамағатпен кездесті. Жиынға қатысушылардың қойған сауалдарына нақты жауап беріп, ризашылықтарына бөленді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жуырда Меңдіқара аудандық «Зұлқарнайұлы Мұса қажы» мешітінің ұйымдастыруымен ұлы Мұхаммед Пайғамбарымызға арналған Мәуліт кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Осы тағылымы мол басқосудың аясында өзгелерге өнеге болар бірқатар іс-шаралар жұртшылыққа үлкен әсер қалдырды. Мәселен, 46 келі салмақта аудандағы жасөспірімдер арасында қазақша күрестен сайыс өткізілді. Балуандар бақтарын сынап, тыңғылықты дайындалғанын көрсетті.
Аудандық мешіттің бас имамы Еркебұлан Қошан жеңімпазға сыйлық ретінде бір қойды табыс етті. Ал жүлделі бірінші және екінші орындарды иеленген жастарды ақшалай марапаттады.
Жергілікті «Бәйтерек» кафесінде мерекенің құрметіне дастарқан жайылды. Онда Мәуліт қасидасы оқылып, өңірімізге есімі белгілі дін қайраткері Ерік қажы Ыбырай бата берді.
Жиында облысқа танымал өнерлі жігіттер Қыдырбек пен Байдос ұлағаты мол термелерді шеберлікпен орындап, қатысушылардың ыстық ықыласына бөленді. Бас имам жылда мешітке жанашырлықпен демеушілік көрсетіп жүрген кәсіпкерлерге Алғыс хат пен қасиетті Құран Кәрім кітабын тапсырды.
Меңдіқаралық жас кәсіпкер Ербол Қарымсақов та жомарттық танытты. Ол Зекет ретінде қайырымдылық көмек жасады. Көпшіліктің алдында мешіт жамағаты, көп бала тәрбиелеп отырған отбасының иесі Медет бауырымызға 8 тұсақ қойды сыйға тартты.
Кештің соңында аруақтарға Құран бағышталды. Меңдіқаралық ағайындар осы басқосудан ұмытылмас тағылым алды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қазіргі таңда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал Даму» бөлімінің Қостанай облысындағы филиалының да жұмысы барынша жанданып, жұртшылық тарапынан үлкен сұранысқа ие болуда.
Мысалы, биыл өңірімізде ет өнімдерін дайындайтын ұжымдар, халыққа дәмді тағамын ұсынатын дәмханалар, ұн зауыттары, тағы да басқаірі кәсіпорындар «Халал даму» сертификатын алуда.
Өткен қасиетті жұма күні облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет «Happy cake» кондитер өнімдерінің Қостанай өңірі бойынша иесі, жас кәсіпкер Ғалинұр Баянбековке «Халал даму» куәлігін жамағат алдында табыс етті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Таяуда Қостанай облыстық "Марал ишан" мешітінің наиб имамы ТимурТөребаев Жітіқара ауданына арнайы іс-сапарымен барғаны белгілі.
Ол жергілікті «Ержан Тәтішев» мешітіне ат басын бұрып, имандылық ордасының қызметкерлерімен кездесті. Тындырылып жатқан жұмыстарды көзбен көріп, көңіліне түйді.
Аудан орталығындағы жамағатпен жүздесіп, "Білім алу барша мұсылманға парыз" атты тақырыпта уағыз-насихат өткізді. Жиналған қауым Тимур Құрманғазыұлының тұжырымды да нақты ойларын ұйып тыңдап, өздерінің дән ризашылықтарын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Рудный қаласындағы «Нұр» мешітінің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы жергілікті жас ұрпаққа тағылымды тәрбие беріп жатқан оқу орындарында, білім ошақтарында жастармен келелі әңгіме өткізуді дәстүрге айналдырған.
Сөзіміз нақты болу үшін деректер мен дәйектерге жүгінелік. Мысалы, ол жуырда шаһардағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектепте және қалалық кітапханадағы жиында деструктивті ағымдар жайлы өз ойын ортаға салды.
Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлының есімі берілген білім ордасындағы 8-9 сынып оқушыларымен ұйымдастырылған жүздесу де құнды тақырыпты қозғауымен қатысушылардың есінде қалды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі