Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде қыз балалардың «Имани жаз» атты сауат ашу курсы жұмысын бастады.


Қазіргі таңда имандылық ордасында 15-ке жуық оқушы білім нәрімен сусындап, уақыттарын тиімді өткізуде.

Олар курс барысында шәкірттерге Құран әліппесі және тәрбиеден дәріс алады.


Сабақтан тыс кездері балаларға жеміс-жидек, тәтті шырын беріледі. Сондай-ақ, сурет салу және қызықты ойындар ұйымдастырылады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі






