Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев Алтынсарин ауданына арнайы іс сапармен барды. Ол мешіттің сыртындағы құрылыс нысандарымен, оның ішінде мәйітхана және артынан тұрғызылатын қосымша орындармен танысты.
Сонымен қатар «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітінде өткізілген Мәуліт мерекесіне қатысты. Онда облыстық мешіттің найб имамы Әлішер Балахмет және Тобыл қалалық мешітінің Бас имамы Дархан Манарбекұлы Мәуліт- шариф оқып, Бектұрсын Торғайбайұлы бата берді.
Содан кейін Бас имам аудан әкімі Арнұр Сартовпен іскерлік жағдайда кездесіп, болашақта жүзеге асырылатын маңызды жұмыстарды талқылады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев арнайы іс-сапармен Наурызым ауданындағы Шилі ауылына барды.
Ол алдымен аталмыш елді-мекендегі салынып жатқан мешіттің құрылысымен танысты. Осы имандылық ордасының тұрғызылуына мұрындық болған жергілікті белсенді тұрғындармен кездесті.
Жүздесу барысында мешіттің осы жылдың аяғына дейін пайдалануға берілетіндігін және білікті діни маманның қажеттігін білді.
Сондай-ақ Бектұрсын Торғайбайұлы ауыл тұрғындары және елді-мекендегі орта мектептің ұстаздарымен де жиын өткізіп, онда білім, мейірімділік, қайырымдылық, қазіргі таңдағы өзекті мәселе діни рәсімдердегі ысырапшылдықтың алдын алу жөнінде уағыз-насихат айтты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы республикамыздағы өкіл имамдарға әр аптаның дүйсенбі күндері аудан, қала және ауыл имамдарымен онлайн түрінде жиын өткізіп, олардың атқарып жатқан жұмыстарының барысымен танысып отыруды тапсырған болатын.
Міне, осы тапсырманы басшылыққа алған облыстың Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев өңірдегі аудан және қала және ауыл имамдарымен онлайн жиын өткізді.
Онда жергілікті имамдардың тыныс-тіршіліктері, қалыптасқан діни ахуалымен танысып, оларға қойылған талаптардың орындалу барысын білді. Сонымен қатар дін қайраткерлерінің толғандырған сауалдарына нақты жауап берді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі