Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Блог верховного муфтия Казахстана

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша
Религиозная интерактивная карта Казахстана
Григорианский
Хиджра
Новости Костанайской областной мечети Марал Ишан
Понедельник, 25 Ноябрь 2024 09:38

Игі істер жалғасып тапты

Таяуда Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешіті ұжымының ұйымдастыруымен жамағатқа арналған «Ауыз ашар» дастарқаны жайылды.

Онда наиб имам Бақберсін қажы Ізбасаров «Дін мен дәстүр» аясында уағыз-насихат айтты. Оны жиналған жұртшылық ұйып тыңдады. Жиын соңында Сәндібек ақсақал бата берді. Жамағат «Құптан» намазын оқып тарқасты.

Сонымен қатар мешіттің қызметкерлерінің бастамасымен қасиетті жұма күнінің құрметіне намаздан соң жамағатқа халық ұғымында «Қыстың қымызы» аталып кеткен құрт көже таратылды.

Намазхандар көңілді дәм тата отырып, халықтың ауыз бірлігін, ұлттардың ынтымағын нығайтуда және салт-дәстүрімізді жаңғыртуда мешіт ұжымының сіңіріп жатқан еңбегіне дән ризашылықтарын білдіріп, оларға алдағы уақытта да осындай игілікті істе мұрындық бола беріңіздер деген ізгі-тілегін жеткізді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Понедельник, 25 Ноябрь 2024 09:28

Шөптібайдың Қостанайдағы көрмесі

Қасиетті жұма күні облыстық тарихи -өлкетану музейінде оюшы, қолөнер шебері, Арқалық қаласының құрметті азаматы, бірқатар халықаралық, республикалық және облыстық беделді марапаттардың иегері Шөптібай Байділдиннің шығармашылығына арналған "Өнер сыры-өрнекте" деп аталатын көрме ашылды. Оған өңіріміздегі абыз ақсақалдар, ардақты аналар, зиялы қауым өкілдері қатысты. Онда Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев сөз сөйлеп, оның өнердегі табыстарына тоқталып, алдағы уақытта мықты денсаулық тіледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Понедельник, 25 Ноябрь 2024 09:28

Үстел теннисінен жарыс

Рудный қалалық “НҰР” мешітінің ұйымдастыруымен “Аят” спорт кешенінде облысымыздың қала-аудан мешіттері жамағаты арасында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды.

Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің наиб имамы «Жастар ісі секторы» аясында ұйымдастырылған шараға арнайы қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Аталған жарысқа 9 мешіттен 22 ойыншы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-ші орынды Аскаров Алишер (Б. Майлин ауданы), 2-ші орынды Сәукен Талантбек (Б. Майлин ауданы), 3-ші орынды Кузбаков Тимур (Қашар кенті) иеленді. Рудный қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы Серік Рахым жарысқа қатысқан жеңімпаздарды алғыс грамотасы және ақшалай сыйлықпен марапаттады. Келген спортшылар мен қонақтарға арнайы құрмет көрсетіп, қаламыздағы халал сертификатын алған “Ықылас” дәмханасында түскі ас берілді. Шара соңында алыс-жақыннан жиналған қонақтармен қатысушыларға мешітіміздің найб имамы Балғабай Оразханұлы алғысын білдіріп рахметін айтты.

Опубликовано в Новости

Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев кезекті іс сапарында өңіріміздің Ресеймен шекаралас жатқан Қарабалық ауданында болды.

Ол алдымен осы ауданның әкімі Руслан Халықовпен кездесті. Онда жергілікті жерде қалыптасқан діни ахуал, «Ғашура ана» мен ауылдардағы мешіттерді қыс айларында ұстап тұру, оларды отын-сумен қамтамасыз ету, тазалық жұмыстарын қадағалау және басқа да маңызды мәселелер талқыланды.

Содан кейін Бектұрсын Торғайбайұлы аудандық мешітке ат басын бұрып, осында жиналған жұртшылықпен дидарласты. Жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен тағайындалған жаңа имам Есбол Айтмұханбекұлы Касеновты таныстырды.

Сондай-ақ Бас имам жиналғандарды таяу да ғана облыстық мешіттегі конференцияда қабылданған ысырапшылдықтың алдын алу жөніндегі шешім жайлы жан-жақты айтты.

Жаңа бекітілген имам бұған дейін де дін саласында жауапты қызметтер атқарған. Қарабалықтықтар оны жылы қабылдады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости

«Мейірімді жұма» қайырымдылық акциясы

Жақында Қостанай аудандық "Маңдай батыр" мешіті қызметкерлері "Мейірімді жандар" wатsaрр тобының қолдауымен жұма күнінің құрметіне "Мейірімді жұма" қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Онда алты мұқтаж отбасына 119 226 теңгенің азық-түлігі табыс етілді. Қуанышқа бөленген кісілер шынайы алғыстарын жеткізді.

Наиб имам тағайындалды

Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешіті жаңа қызметкермен толықты. Қостанай облысында біраз жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Сыздықов Ерлан тағайндалды. Ол осыған дейін Рудный қаласы, Качар ауылдық мешіті және Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешіттерінде қызмет атқарған болатын. Қасиетті жұма күні Бас имам Дархан Манарбекұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлыны арнайы бұйрығын оқып, жамағатпен таныстырды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Вторник, 19 Ноябрь 2024 15:52

Жант өкілінің кездесулері

Өзекті тақырып қозғалды

Таяуда Қостанай аудандық "Маңдай батыр" мешітінің Бас имамы Дархан Манарбекұлы жергілікті ақпараттық насихат аясында Қостанай қалалық "Марал ишан" мешітінде бесін және құптан намаздарының алдында "Намаз ғибадатының әрбір іс-әрекетіне қатысты ханафи мәзһабының дәлелдері" тақырыбында уағыз-насихат айтты. Ол мешітке келуші жамағаттың көкейінде жүрген сауалдарына нақты жауап берді.

Ұстаздармен кездесті

Жуырда Тобыл қаласындағы "Маңдай батыр" мешітінің Бас имамы Дархан Сыздықов Федоров ауданында Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің ұстаздарымен кездесті. Білім ордасының музейінде "Ислам – ынтымақ пен бірлік діні" тақырыбы қозғалды. Жиынға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға тиянақты жауап алды.

Сақтықта қорлық жоқ

Өткен жұмада Қостанай аудандық "Маңдай батыр" мешітінде жергілікті ақпараттық насихат аясында маңызды басқосу болып өтті. Онда облыс орталығындағы "Марал ишан" мешітінің Бас имамы Сабыржан Зейнелғабиденұлы "Алаяқтық үлкен күнә" деген тақырыпта жамағатқа жұма уағызын жүргізді. Жиналғандар дін қайраткерінің ой-толғаныстарын ұйып тыңдап, алғыстарын білдірді.

Қостанай облыстық баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Понедельник, 18 Ноябрь 2024 10:11

Мешіттегі рухани кеш

Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің ұжымы “Дін мен дәстүр құндылығы” жылы аясында Ттрік диаспорасымен бірігіп, жамағатқа рухани кеш өткізді.

Онда арнайы шақырылған белгілі ғалым, профессор Қалқаман Жақып облыс орталығындағы педагогикалық колледжінің студенттері мен жамағатқа еліміздің бірлігі мен тұтастығы үшін жұмыла еңбек ету керектігін тілге тиек етті.

Аталмыш білім ордасының студенттеріне дастарқан жайылды. Ақсақалдар батасын беріп, қатысушылар жоғары көңіл-күймен тарқасты.

Ысырапшылдықтың алдын алады

Жуырда Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешіті “Дін мен дәстүр: ысырапшылдықтың алдын алу“ атты облыстық мешітте өткен конференцияда қабылданған шешімге сәйкес келуші халық пен жұма намазына қатысушы намазхандарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді бастап та кетті. Жұртшылыққа арнайы жасалған 1 мың дана буклет таратылды.

Сонымен қатар осы мешіт ұжымының ұйымдастыруымен қала тұрғыны Мәриям Кенжетаеваға қайырымдылық көмек көрсетілді. Ол наиб имам Қазбек Көшеровке дән ризашылығын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Понедельник, 18 Ноябрь 2024 09:07

Білікті діни мамандар Федоров ауданында

Жақында Қостанай ауданы «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы Дархан Манарбекұлы және Лисаков қаласының «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінің бас имамы Әкімбек Нұрханұлы Федоров ауданында іс-сапармен болды. Сапар барысында Дархан Манарбекұлы мұғалімдермен кездесіп қазіргі кезде ұрпақ тәрбиесі, құмар ойындарының зардабы, діни ағымдардан сақтану жолдары, дін мен дәстүр сабақтастығы жайында сұхбат өрбітті.

Сонымен қатар, Әкімбек Нұрханұлы «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрілігі Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаметінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №7 өрт сөндіру бөлімінде» түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру жұмысында Әкімбек Нұрханұлы исламдағы қоғамға қауіпті діни ағымдар, олардың қателіктері, сақтану жолдары жайында кең ақпарат берді. Сұхбат өте әсерлі өтіп, мұғалімдер имамға сұрақтар қойып жауап алды.

Опубликовано в Новости

Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев өңіріміздегі Федоров ауданында арнайы іс сапармен болды.

Ол алдымен жергілікті «Жиентай қажы» мешітіне ат басын бұрып, елге сыйлы қадірменді ақсақалдар және жамағатпен кездесті. Жүздесуде қазіргі таңдағы өзекті мәселе - ысырапшылдықтың алдын алу жайлы тілге тиек етті.

Сондай-ақ сапар барысында аудан әкімі Тәуба Қайыржанұлымен кездесіп, аудандағы қалыптасқан діни ахуал және салынып жатқан мешіттің құрылысымен танысты. Жоба бойынша осы имандылық ордасы жанынан мешіт қызметкеріне арналған баспана мен халық игілігі үшін асхана да салынуда.

Сонымен қатар жергілікті мәдениет үйінде «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында рухани кеш болып өтті. Онда Бас имам дін мен дәстүр сабақтастығы мен оның ұлт болып қалыптасуда алатын ерекше орнын өскелең ұрпақтың санасына сіңіру хақында әңгімеледі.

Баршаға мәлім, облыста қазақтың ұлы жазушысы Беймбет Майлиннің 130 жылдығы кеңінен аталып өтуде. Заңғар қаламгер кезінде сауатсыздықты жою жөнінде елеулі еңбек сіңірді. Аталмыш жиында оның өшпес туындыларынан көріністер қойылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Четверг, 14 Ноябрь 2024 10:11

Ұзынкөл: Мен жастарға сенемін

Дүниежүзілік жастар күніне орай Ұзынкөл ауданы Арзамас ауылы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Ұзынкөл ауданы білім бөлімі «Арзамас Жалпы білім беретін мектебі» КММ мектебінде «Бір айда бір кітап» жобасы аясында жастармен Алаштану дәрістерін өтіп қазақ зиялылары мен ұлы тұлғаларын тану аясында Алмасбек Әбсадықтың Ахмет Байтұрсынұлының ұстаздық қызметі мен шығармашылығының беймәлім деректері жазылған «Серт» кітабы оқылып талқыланды. Ұзынкөл аудандық «Құрман баба» мешітінің бас имамы Есенкелді Сақтағанұлы жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру қазіргі кездегі өзекті мәселенің бірі екенін тілге тиек етті. Жастар жағынан толғандырған сұрақтарына жан-жақты жауап берді.

Сонымен қатар Федоровка ауылы «Федоров Жалпы білім беретін мектебі» КММ мектебінде «Мен жастарға сенемін» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Жастарды дұрыс жолға бағыттауға уағыз насихаттар айтылды.

Опубликовано в Новости
«13141516171819202122»
Страница 18 из 214

Назидание

все статьи

Медиа

все записи
Разработка сайта — Иником