Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Блог верховного муфтия Казахстана

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша
Религиозная интерактивная карта Казахстана
Григорианский
Хиджра
26 08.25

«Мұнара» телеарнасы журналистерінің Қостанай өңіріне сапары

Қостанайдағы маңызды кездесу

Қалың жұртшылыққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы «Мұнара» телеарнасының журналистері халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп келе жатқандығы белгілі.

Жуырда осы шығармашылық ұжымының Бас директоры Болат Көкенайұлы, бас продюсері Дәурен Құдайберген, бас режиссері Мүсілім Жұмағазыұлы, бас операторы Ербол Малыбайлар арнайы іс-сапармен Қостанай өңіріне келді.

Олар алдымен облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітіне атбасын бұрды. Бас имам Бектұрсын қажы Уәлиев қонақтарды жылы жүзбен қарсы алып, өңірдегі қалыптасқан діни ахуал туралы сұхбат берді. Сонымен қатар белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы Аманжол Күзембай Тобыл-Торғай жерінен шыққан айтулы тұлғалар мен қайраткерлер жайлы кеңінен әңгімеледі. Жыр-термеші Абзал Алпыста өңірден шыққан қайраткерлер туралы терме шертті. Биылғы жылды «Ислам және отбасы құндылығы» аясында болғандықтан орыс тілінде ұстаз Ансаған Абдурахман әсерлі сұхбат берді.

Торғайлық ағайындармен қауышу

Елордалық тележурналистер сапарларын одан әрі қазақтың қаймағы бұзылмаған Торғайда жалғастырып, киелі орындарды аралады. Қаншама кейінгілерге тағылым болар рухани қазыналарды таспаға түсірді.

Есімдері еліміздің тарихында алтын әріптермен жазылған Алаш ардақтылары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының кесенелеріне зиярат етіп, мұражай кешеніне саяхат жасады. Жангелдин аудандық «Оспан қожа әулие» мешітін аралап, Бас имам Айдос Серікұлынан сұхбат алды.

Содан кейін қонақтарды көршілес жатқан Амангелді аудандық «Сатыбалды ишан» бас имамы Нұрсұлтан Шамшиден күтіп алды. Ислам діні жолындағы атқарылып жатқан игі істер жайлы баяндады. Алқа мүшесі Балға Нұрғожин бар ғұмырын дінді насихаттауға арнаған ғұлама тұлға Сатыбалды ишан туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, жүздесуде «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында уағыз-насихат айтылды.

Арқалықтағы игі істер

Сапар барысында «Мұнара» телеарнасының қызметкерлері жылдан-жылға көркейіп келе жатқан Арқалық қаласындағы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысты. Бас имам Нұрхан Асанұлы имандылық ордасының атауы жөнінде мағлұмат берді.

Арқалық шаһарындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайда журналистерге белгілі оюшы, қолөнер шебері, этнограф-тарихшы, қаланың құрметті азаматы Шөптібай Байділдин Торғай өңірінің тарихы жайлы сыр шертті. Содан кейін аталмыш мешіттің алқа мүшесі Марат Сұлтанбеков жұбайы аналар кеңесінің мүшесі Күлайхан Нұрғалиева шаңырағындағы арнайы түсірілімнің тәрбиелік мәні зор үлгілі отбасы жайлы ойын ортаға салды. Мұнда қазіргі таңдағы өзекті мәселе шаңырақтың беріктігі, салауатты өмір салтын ұстану жөнінде насихат айтылды.

Астанадан арнайы келген тележурналистердің сапарлары нәтижелі өтті. Олармен бірге облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің наиб имамы Абзал Сұлтанғалиұлы жүрді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

предыдущая новость
Қостанай ауданы «Мектепке жол» шарасы

Назидание

все статьи

Медиа

все записи
Разработка сайта — Иником