Мәуліт мерекесіне ас берілді
Жуырда Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешіті ұжымының ұйымдастыруымен Мәуліт айында «Салауат-шариф» оқылды.
Мәуліттің құрметіне арнайы дастарқан жайылып, ас берілді. Оған облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы», Рудный қаласының «Нұр”», Қостанай ауданына қарасты Жамбыл және Алтын дала ауылдарындағы мешіттердің жамағаттары шақырылды. Онда үгіт-насихат айтылып, бата берілді.
Осы шараның жоғары деңгейде өтуіне «ТЛК Тобол» жауапкершілік шектеулі серіктестігі демеушілік етті.
Қайырымдылық көмек көрсетті
Облыс орталығындағы «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы Мәуліт айының құрметіне төрт отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті. Осы мақсатқа жүз мың теңге жұмсалды.
Демеушілік еткен азаматтардық ниеттері қабыл болып, арман-мұраттары орындала берсін!
Жамағат Зәмзәм суынан дәм татты
Жоғарыда аталған «Жайлаубай ата» мешітінің қызметкерлері Мәуліт айының танымдық-тәрбиелік маңызына ерекше мән беруде. Қасиетті жұма намазына қатысқан жамағатқа Умра қажылықтан оралған имамның һадиясы - Зәмзәм суы беріліп, арнайы әзірленген палау таратылды.
Осындай басқосулар жұртшылықтың ауыз бірлігі мен ынтымағын барынша нығайта түсетіндігі даусыз.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі