Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Блог верховного муфтия Казахстана

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша
Религиозная интерактивная карта Казахстана
Григорианский
Хиджра
08 12.23

Құрман баба есімі ұлықталды

Қазақ халқы Марал ишанды көрнекті дін қайраткері, әулие, ислам құндылықтарын насихаттаушы ретінде жақсы біледі. Ал оның әкесі Құрман Кенжебайұлы да кезінде жұртшылық арасында өте белгілі діндар адам болыпты.

Осы бабамыздың есімін мәңгілік қалдыру мақсатында Қостанай өңіріндегі ардақты ақсақалдар, облыстың Бас имамы бастаған дін жанашырлары, ұрпақтары уақытпен санаспай жұмыс атқарды.

Соның нақты дәлелі ретінде Ұзынкөл аудандық бұрынғы «Балықты» мешітіне оның есімі берілді. Жуырда осынау айтулы оқиғаға байланысты салтанатты жиын болып өтті.

Оған өңірге белгілі зиялы қауым өкілдері, бірқатар аудандардың имамдары, бабамыздың ұрпақтары қатысты. Өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.

Алдымен, аудан әкімі Азамат Аужанов жұртшылықты қуаныштарымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Содан кейін елімізге танымал тұлға Оралхан Таңжарықов, белгілі кәсіпкер Ибраш Естаев, Халықаралық мәртебелі сыйлықтардың лауреаты, ғалым, ақын Ақылбек Шаяхмет, Құрман бабамыздың ұрпағы Мұхаметхан Омаров тебірене сөз сөйледі.

Жиналған қауым облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбеттің ой-толғамдарын ұйып тыңдады. Ол даңқты бабамыздың атын мешітке беру жолында атсалысқан барша азаматтардың аты-жөніне жан-жақты тоқталды. Болашақта да бұл киелі орын жерлестерімізді имандылыққа шақыратын руханият ордасы болып қала беретіндігіне нық сенімді екендігін тілге тиек етті.

Көпшілік алдында нақты істерімен басқосудың жоғары деңгейде өтуіне қомақты үлес қосқан жүрегі жомарт жандарға сый-сияпат жасалды. Ұлтымыздың ежелден келе жатқан дәстүрі бойынша иықтарына шапан жабылды.

Жайылған дастарқан басында дін қайраткері, облыстағы өкіл имам Бахытбек қажы Нұрғабылұлының, жоғарыда аталған мешіттің іргетасы қаланғаннан бері аянбай еңбек етіп келе жатқан имам, Ұзынкөл ауданының Құрметті азаматы Есенкелді қажы Сақтағанұлының, кәсіпкер тұлға Тұрсынбай Сәдуақасовтың және басқалардың есімдері көпшілікке үлгі екендігі айтылды.

Басқосуда ел құрметіне бөленген абыз ақсақал Кенесары Мырзахметов ақ батасын берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

предыдущая новость
Әулиекөл: Сұлукөлде жаңа мешіт ашылды
следующая новость
Алғыс арқалаған Бақыткүл

Назидание

все статьи

Медиа

все записи
Разработка сайта — Иником