Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Пятница, 29 Октябрь 2021 17:36

Мәуліт мерекесі

Бүгін Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын кентінде Ұлы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған күніне арналған Мәуліт мерекесі жергілікті Мәдениет үйінде аталып өтті.

Жиналған қауымның алдында облыстық мешіттің найб имамы Әлішер Ертайұлы, Нұр Мүбарак ислам мәдениеті университеті шәкірті Әлинұр Нұрболұлы, Тобыл қалалық «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы Дархан Манарбекұлы мәуліт оқыды.

Ал, облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы Тілекқабыл Аманкелді аталған мейрамның мәні мен маңызы жөнінде уағыз айтты.

Осы шара кезінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасы бойынша «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 468 баспана кілті табысталды.

Сонымен, Құсмұрындық ағайындар тәрбиелік жағынан берері мол қос қуаныштың куәсі болып, рухани жағынан жан дүниелерін байытты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 29 Октябрь 2021 17:32

Құсмұрында жаңа мешіт

Қасиетті жұма күні Әулиекөл ауданына қарасты Құсмұрын кентінің тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Мұнда мұсылмандар қауымы көптен күткен «Хақ» мешіті қайта салынып, салтанатты түрде ашылды.

Аталмыш мешіттің ашылуы кезінде Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет және облыстық Дін істері басқармасының басшысы Жанболат Үмбетов барша жұртшылықты кент өміріндегі елеулі оқиғамен шын жүректен құттықтап, жиналғандарға мықты денсаулық, отбасына ырыс-береке тіледі.

Сондай-ақ, Бахытбек қажы Нұрғабылұлы мешітке ескерткіш ретінде қасиетті Қағбадан жеткен тәбәрік «Кисуа» сыйға тарту етті.

Енді Құсмұрын елді-мекеніндегі пайдалануға берілген имандылық ордасы жергілікті халықтың жиі бас қосатын әрі жерлестерімізді адамгершілікке, ізгілікке үндейтін киелі орыны екені шүбәсіз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 28 Октябрь 2021 12:45

Қандастарымызбен жүздесті

Кешегі нәубет жылдары қаншама бауырларымыз күн көріс қамымен шетелдерге амалсыздан қоныс аударғаны белгілі. Тек еліміз тәуелсіз алғаннан кейін ғана олар көштің басын атамекенге бұрды.

Бұл күндері Б.Майлин ауданында да арамызға қосылған ағайындар ғұмыр кешіп жатыр. Жергілікті «Әйет» мешітінің бас имамы Ислам Хамзин олардың басын қосып, кейінгі жастарға өнеге боларлық ғибратты кездесу өткізді.

Тағылымды кешке ұлтжанды, бауымал азаматтар шақырылды. Қатысушылар тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы және қандастарымыздың қазіргі таңдағы тұрмыс-тіршілігі жайлы әсерлі әңгіме қозғады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 28 Октябрь 2021 12:31

Әулиекөл: Ұйымшылдықтың үлгісі

Тазалық барлық ізгілік пен игіліктің бастауы. Мұны Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінің бас имамы Нұрлан қажы Сыздықов жете түсінеді. Сондықтан да шығар, оның ұйытқы болуымен өткен бейсенбі-жұма және демалыс күндері жаңадан салынып жатқан мешітте тазалық өткізілді.

Әйелдер жағы іші-сыртының шаңын сүртті, айналаны тазартты, батареяларды сырлады. Ал ерлер қауымы өздеріне бекітілген істерді абыроймен атқарды.

Бұл іске мешіттің алқа мүшелері, Аманқарағай ауылы «Сабыр молда», Мәскелеу ауылы «Айша ана» намазханаларының молдалары Серікбай қажы мен Ораз қажы жамағатымен келіп атсалысты.

Бұ істе Әулиекөл ауылының әкімі Райымбек Едіресов пен барша жүректері ізгілікке толы азаматтар да ортақ іске өздерінің лайықты үлестерін қосты.

-Жалпы, болашақта жерлестеріміздің имандылық ордасына келіп, дініміздің құндылықтарын бойларына молынан сіңірулеріне қолдан келген жағдайдың бәрін жасаймыз. Әлі де мешіт жанашырлары қарбалас шақтарда жанымыздан табыла беретіндігіне сеніміміз мол,- дейді ауданның бас имамы Нұрлан қажы Сейілханұлы өз сөзінде.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником