Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Вторник, 19 Октябрь 2021 16:41

Әулиекөл: Үлкенге құрмет

Таяуда Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінің бас имамы Нұрлан қажы Сейілханұлы Көктал жалпы білім беретін мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесті.

Жүздесу барысында ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, білім және тәрбие жайлы сыр шертілді. Сондай-ақ, теріс діни ағымдардан сақтану хақында сөз болып, Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз айтқандай, адамның ғұмырында ұлағатты тәрбиенің алар орны ерекше екендігі айтылды.

Басқосуда арқау болған барлық тақырыптар жан-жақты ашылып, шәкірттер көп жайды көңілге түйді. Бас имам олардың қойған сауалдарына тиянақты жауап берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Меңдіқара аудандық «Зұлқарнайұлы Мұса қажы» мешітінің Бас имамы Еркебұлан Қошан жергілікті Ғаббас Жұмабаев атындағы мектеп - гимназиясының 11сынып оқушыларымен кездесті.

Онда дін қайраткері салауатты өмір салтын ұстанудың адам баласына тигізер пайдасы жөнінде әңгімеледі. «Тәні саудың-жаны сау» дегендей денешынықтыру мен спорттың алар орны ерекше екендігіне тоқталды.

Мектеп оқушылары тарапынан да сұрақтар қойылып, оған нақты жауап алынды. Мұндай жүздесулердің өскелең ұрпаққа берері мол екендігіне қатысушылардың көздері айқын жетті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 19 Октябрь 2021 16:23

Студент жастармен кездесті

Жуырда облыстық мешіт жанындағы жастар ісі секторының жетекшісі, білікті маман Әлішер Ертайұлы рухани келісім күніне орай Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттерімен жүздесті.

Осынау кездесу барысында Әлішер Балахмет Ислам дініндегі татулық, өзге де дін өкілдеріне деген құрмет, әңгіме арқауына айналған маңызды тақырып жайлы келелі әңгіме қозғады.

Бүгінгі студент, ертеңгі тәуелсіз еліміздің тірегі болып табылатын жастар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, оған нақты да алдағы уақытта өмірлеріне ізгі әсерін тигізетін жауап алды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 18 Октябрь 2021 16:36

Облыста: Рухани келісім күніне арналды

Қостанай қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен өңірдегі діни конфессиялардың өкілдері бас қосқан дөңгелек үстөл болып өтті. Ол рухани келісім күніне арналды. Оған Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет те қатысты.

Жүздесуде діни наным-сенімдеріне қарамастан елімізде мекендеп жатқан барлық дін өкілдеріне құрметпен қарау, қоғамда әрқашан да халықтар арасындағы достық пен татулық басты орын алатындығы айтылды.

Жиыннан кейін оған қатысушылар ауыз бірлік пен ынтымақтың жарқын айғағы ретінде ұйымшылдық танытып, тал екті.

-Бүгінгі жүздесудің маңызы ерекше. Еліміздегі бүкіл жұртшылық жұдырықтай жұмылып, ортақ мақсат жолында аянбай еңбек еткенде ғана біз бұдан да іргелі, сыйластығы жарасқан мемлекетке айналамыз,- деді облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы.

Аталмыш шарадан соң барлық кофессия өкілдері қаладағы жаңадан ашылған паркте ағаш отырғызды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 18 Октябрь 2021 13:27

Жаңа имамның игі бастамасы

Бейбітшілік және келісім күніне орай Қостанай аудандық кітапхана мен «Маңдай батыр» мешітінің ұйымдастырумен Н.Наушабаев атындағы мектебінің 9 сынып оқушыларымен кездесу болып өтті.

Тобыл қалалық «Маңдай батыр» мешітіне жаңадан тағайындалған бас имам Дархан Манарбекұлы оқушыларды жылы жүзбен қарсы алып, мешіттің тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Жүздесу барысында Ислам дінінің құндылықтары жөнінде тағылымды уағыз айтылды. Оқушылар тарапынан бірқатар сауалдар қойылып, оған тиісті деңгейде жауап берілді.

Осы мешіттің найб имамы Медет Қылышбайұлы жалпы біздің өмірімізде достық пен бейбітшілікті қаншалықты маңызды орын алатындығы жөнінде тілге тиек етті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 18 Октябрь 2021 13:22

Сарыкөл: Имамдарға үлкен сенім артылды

Өткен қасиетті жұмада Сарыкөл аудандық «Аққозы қажы» мешітінде кадрлық өзгеоістер болып өтті. Онда облыстық мешіттің найб имамы Бақытжан қажы Икрам ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен аудандық мешітке Бас имам болып тағайындалған Асылхан қажы Түсіпбекті жамағатқа таныстырды.

Асылхан қажы Мұханбетжанұлы осы кезге дейін Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітіне басшылық еткен.

Ал, «Аққозы қажы» мешітінде бас имам болып қызмет атқарған Нұрбол қажы Исламұлы Тобыл қаласындағы «Маңдай батыр» мешітінде найб имам болып жауапты қызметін одан әрі жалғастырады.

Мешіт жамағаты Асылхан имамды қарсы алып, Нұрбол қажыны иығына шапан жауып шығарып салды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Арқалық қалалық «Мұхтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Нұрхан қажы Асанұлының қатысуымен шаһарға қарасты Фурманов, Восточный, Сарыөзен ауылдарында мектеп оқушыларымен кездесулер ұйымдастырылды.

Бұл кездесулерде Нұрхан қажы «Ислам құндылығы», «Ата-анаға құрмет», «Жат ағымдардан сақтану» тақырыптарында уағыз айтылып, оны оқушылар ұйып тыңдады. Тақырыптарға қатысты қойған сұрақтарға да нақты жауап берді.

Мектеп ұжымдары Бас имамға мұндай тағылымы мол басқосуларды өткізуге мұрындық болғаны үшін шынай алғысын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 15 Октябрь 2021 11:10

ЖАНТ Рудныйда

ЖАНТ мүшелерінің сапары Рудный қаласында жалғасты. Онда насихат-дәрістерге ерекше назар аударылды.

Мәселен, «Нұр» мешітінің имамы Бектұрсын Уәлиев қалалық ішкі саясат бөлімімен келісе отырып, «Жастар ресурстық орталығы» директоры Дәурен Қайратұлымен бірге қаладағы оқу орындарында болды.

Сонымен қатар қаладағы Педагогикалық колледж, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығы, Ішкі істер басқармасы, Пробация және Жастар ресурстық орталығындағы кездесулер де әсерлі өтті.

Ақпараттық-насихат тобы мүшелері аталмыш ұжымдарда «Жат ағымның алдын-алу және дін мен дәстүр сабақтастығы негізіндегі тәлім-тәрбие» атты тақырыптарда тыңдармандарға дәріс оқыды.

Студенттер мен түрлі санаттағы қауым имамдардың тағылымды әңгімелерін көкейлеріне түйіп, өздерінің ойларын ортаға салды. Басқосуларға облыстық мешіттің найб имамы Абзал Бейсекеев, Лисаков қаласы мен Алтынсарин, Қарабалық, Әулиекөл аудандарының Бас имамдары Сабыржан Есмурзин, Нұрлан Сейдағалиев, Серік Рахимов және Нұрлан Сыздықовтар насихат жұмысын жүргізді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 14 Октябрь 2021 11:51

Түйемойнақ: Ғасыр дерті

Жуырда Денисов аудандық «Жұма» мешітінің бас имамы Руслан Жиенбаев жергілікті № 3 мектеп оқушыларымен кездесіп, қоғам дертіне айналған суицид мәселесі туралы насихат айтты.

Жүздесуде ол өз-өзіне қол жұмсаудың ислам дініне қайшы екенін аят, хадистермен түсіндіре келіп, мұндай өкінішке ұрындырар әрекетке бой алдырмаудың бірден-бір жолы-жүректегі иманның әлсіремеуі екендігіне тоқталды.

Жалпы, Ғасыр дертінің алдын алуда дін өкілдерінің орны ерекше. Қазіргі таңда имамдар тек өз ілімдерін арттырып, халықты имандылыққа үндеп қана қоймайды. Олар бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Үстіміздегі жылдың 21-ші қазан күні «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Философия, саясаттану және дінтану институты» бірлесе отырып «Қазақстандағы «Дін дүрбелеңі»: кеңестік биліктің дінге қарсы репрессиялық шаралары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілуі жоспарланған.

Осы маңызды конференция қарсаңында Қостанай облыстық мешітінде арнайы жиын болып өтті. Оған алқа мүшелері мен дін қайраткерлері қатысты.

Басқосуды мешіттің наиб имамы Бақытжан қажы Икрам жүргізіп, кездесудің мәні мен маңызына тоқталды. Жұртшылық алдында белгілі қаламгер, ғалым «Қостснай облысында діни қуғын-сүргінге ұшыраған діни қайраткерлер» тақырыбында тағылымды дүниелерімен көпке танылған Ақылбек Шаяхмет баяндама жасады.

Жалпы, қазақ халқының басына қара бұлт болып үйірілген қуғын-сүргін яғни нәубет жылдары қаншама адам жазықсыз зардап шеккені белгілі. Ол жөнінде тарихтан белгілі. Біздің өңірде де қуғынға ұшырап оның 1061-і ақталған.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником