Быйылғы «Ислам және отбасы» жылы аясында Қарабалық ауданы «Ғашура ана» мешітінің Бас имамы Серік Темірбекұлы Смирнов, Бөрлі, Белоглин ауылдарында бірнеше кездесу мәнді де мағыналы семинарлар өткізді.
Ол жиналған халыққа отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі жайында ұлағатты насихаттар айтылды.
Осы жүздесудің алдында Қостанай қаласында өткен «Салт- дәстүр және діни рәсімдер» атты конференция шешіміне сай жиналған жұртшылыққа жаназа рәсіміндегі кейбір жайлар жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар аталған басқосуларда қазіргі таңдағы жұртшылық назарындағы деструктивті теріс ағымдар және олардың қоғамға зияны жөнінде де тілге тиек етілді.
Кездесуге келген ауыл азаматтары жоғарыда әңгімеге арқау болған, өмірлік маңызы бар шешімді бір ауыздан қолдайтындықтарын білдірді.
Жергілікті мұсылман бауырларымыз мұндай басқосуларды жоғары деңгейде ұйымдастырған мешіт қызметкерлеріне шынайы алғыстарын жеткізді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Елбасы республикамыздағы жастардың еліміздің жарқын болашағы екендігіне нық сенеді. Себебі, қазіргі таңда Қазақстандағы түрлі салаларда жігіттер мен қыздар уақытпен санаспай еңбек етіп, мемлекетіміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосуда.
Алайда қазіргі таңда жастардың жат ағымдардың жетегінде кетпеу мәселесі аса маңызды. Сондықтан да болар, „Нұр Отан„ партиясының Таран аудандық филиалындағы жастармен өткен кездесуде осы өзекті жайға айрықша көңіл бөлінді.
Онда Рудный қаласындағы «Нұр» және Таран ауданының «Әйет» мешіттерінің бас имамдары Азамат Мұрзаханов пен Ислам Хамзин Отбасы және терроризм, жат ағымдары жайлы келелі әңгіме қозғады.
Бұл күндері дүниежүзінде терроризм және экстремизм хақында аз айтылып жатқан жоқ. Бұл орайда діни сауаттылықтың алар орны ерекше. Сондықтан қос имамның айтқан сөздерін жиналған жастар барынша ұйып тыңдады.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Таран ауданыңдағы «Әйет» мешітінде «Салт – дәстүр және діни рәсімдер» атты конференцияның жалғасы ретінде аудандық семинар ұйымдастырылды. Оған аудандағы ардагерлер кеңесі мен мешіт ұжымы мұрындық болды.
Басқосуға аудан тұрғындары қатысып, белсенділік көрсетті. Өйткені, әңгімеге арқау болған тақырып, өте өзекті әрі әрбір мұсылман білуге тиісті еді.
Бұл халықтың назарын аударған конференцияға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет пен Рудный қаласының бас имамы Азамат Мурзакановтар арнайы қатысты.
Жергілікті ақсақалдармен кездескен облыстық бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітаптың мұсылмандар қауымы үшін аса маңызды екендігін айтып өтті.
Сондай-ақ белгілі дін қайраткері ауыл тұрғындарының көкейінде жүрген сауалдарға нақты жауап беріп, жиналған қауымның шынайы алғысына бөленді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі
Жуырда Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы «Оспан қожа әулие» мешітінің ұйымдастыруымен «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» атты жиын болып өтті.
Бұл шараға Қостанайдың оңтүстік өңірі бойынша өкілі Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы қатысып, «Ысырапшылық – Исламға жат нәрсе» деген тақырыпта уағыз айтты. Сондай-ақ ү.ж. 23 наурызында облыстық мешітте өткен келелі конференцияның маңызына тоқталды.
Жангелдин ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағамбетов аталған жиынды жүргізіп, пікір білдірушілерге сөз кезегін беріп отырды.
Аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Торбаев күн тәртібіндегі қозғалған мәселені маңыздылығы жайлы өз ойын білдіріп, қолдайтынын айтты.
Әр ауылдық округтердің ардагерлер кеңесінің мүшелері мен ардақты ақсақалдары белсенділік танытып, ұсыныстарын жеткізді.
Жангелдин аудандық мешіттің бас имамы Рүстем Исламұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітабын өмірде басшылыққа алу қажеттігін ескере отырып, қара жамылған үй иелеріне салмақ салып, ысырапшылдыққа жол бермеу керектігін айтып өтті.
Сондай-ақ ол жиын соңында мәжіліске келіп, ұсыныстарын білдірген ақсақалдар мен қонақтарға шынайы алғысын білдіп, арнайы дастарханан дәм таттырды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Жаназа және жерлеу рәсімдері жайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қабылдаған ортақ тәртібі мен пәтуалары барлық өңірлерде халыққа кеңінен түсіндіріліп жатқаны белгілі.
Осындай ауқымды шара өткен жұма күні Рудный қалалық «Нұр» мешітінде болып, имамдардың қала тұрғындарымен бас қосуы ұйымдастырылған еді. Міне, осы игі шара Қашар кентінің «Кәмшат ана» мешітінде жалғасын тапты. Аталмыш «Салт дәстүр және діни рәсімдер» атты семинарға Қашар кенті тұрғындары мен қала зиялылары қатысты.
Бұл аса маңызды семинарға Рудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Азамат Серікбайұлы арнайы келіп халықпен жүздесті. Жиналған қауымға ол қабылданған шешімді басшылыққа алу керектігін түсіндірді.
«Кәмшат ана» мешітінің бас имамы Ерлан Өмірбекұлы жиын соңында семинарға қатысушыларға «Бұл қабылданып және өздеріңізге жеткізіліп жатқандағы мақсатымыз, жаназа шығатын үйде ысырапқа жол бермеу және әрбір мұсылман қауымы білуге тиіс» екендігін айтып өтті.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Аталған шаһардағы Құран жарысына 7-13 жас аралығындағы 22 жеткіншек қатысты. Жарыс барысында «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Бектұрсын Уәлиев сайыстың мақсаты мен мәнін түсіндірді.
Құран жарысының шарты бойынша «Шәмс» пен «Нас» сүрелері аралығында 10 сүрені жатқа білуі және Құранды жүргізіп оқу номинациялары бойынша да сыналды.
Жандарбек Әмірхамзин және Фурманов ауылының имамы Нұрхан Бақтыбай әділқазылық етіп, Құран оқудың тағылымдық жағы мен артықшылықтары жайында тартымды насихат айтты.
Жүлде алғандарға демеушілердің көмегімен марапаттау хаты мен тұрмыстық техникалар және қаржылай сый-сияпат жасалды.
Сонымен қатар барлық қатысушыларға ынталандыру мақсатында алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді.
Жарысқа қатысушы жас жеткіншектердің ата-аналары мешіт имамы мен ұстазы Арлан Бауыржанұлына бала тәрбиесіне зор ықпал ететін осындай жарыстарды ұйымдастырғандары үшін шын жүректен шыққан шынайы алғыстарын білдірді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Баршаға мәлім, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2018 жылды – «Ислам және отбасы жылы» деп жариялады. Осы аса маңызды жайға байланысты жуырда Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде семинар өтті.
Аталмыш іс-шараға өкіл имам Бахытбек Нұрғабылұлы «Исламдағы жанұя үкімдері» тақырыбында келелі әңгіме қозғады.
Сондай-ақ есімі елімізге белгілі ғалым, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, мешіттің алқа мүшесі Жақып Қалқаман семинарға қатысушыларға «Балаға дұрыс ат қою» мәселесі бойынша танымдық жағы мол лекция оқыды.
Сонымен қатар облыстық дін істері жөніндегі басқарманың бас маманы Сапар Әбдиев жастарға «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген тақырыпта жан-жақты әңгімеледі.
Семинар соңында семинарға қатысушы жастар баяндама жасаған белгілі азаматтарға көкейде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауап алды.
Осы арада бір тоқтала кетер бір жай, «Ислам және отбасы жылы» аясында ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің жанынан отбасы мәселелеріне байланысты «Кеңес беру орталығы» ашылып, оған найб имам Сыздыков Дархан Манарбекұлы тағайындалды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Қасиетті жұма күні Рудный қаласының «Нұр» мешітінде қала тұрғындары мен ақсақалдарының бас қосуында «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» атты жиын өткізілді. Бас қосудың басты мақсаты – дәстүріміз бен дінімізді ұштастыра отырып, қазіргі таңдағы жаназа және жерлеу рәсімдері жайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қабылдаған ортақ тәртіп пен пәтуаларды халыққа жеткізу еді.
Осындай аса маңызды шараға Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің найб имамы Дархан Манарбекұлы мен Рудный қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәлімгерей Сұлтанғазыұлы арнайы келді.
Алла тағаланың қалауымен кез-келген отбасының басына түсетін өлім, жақынынан айырылу жағдайлары қазіргі таңда көп адамдарға, яғни отбасы жақындарына үлкен қиындық тудырып, шариғат бойынша артық ысырапшылдыққа әкеп соғып жатқаны бәрімізге аян. Осындай ысырапшылдықтың алдын алу мақсатында діни басқарманың қабылдаған шешімдері халыққа кеңінен таныстырылса нұр үстіне нұр.
Сол себепті, мешітке жиылған жамағатқа қаланың зиялы ақсақалдары мен мешіт имамдарының жаназа рәсімдеріндегі болып жатқан орынсыз ысырапшылдықты кеңінен түсіндіріп, халықты бір тәртіпке бейімдеуге, Діни басқарма тарапынан шешілген ұстанымды біріңғай қабылдап, марқұм болған адамның алдындағы міндеттерімізді дұрыс орындауымыз керектігін көпшілікке жеткізді.
Жиын соңында Рудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Азамат Серікбайұлы Қостанай облысы бойынша «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» атты конференциясында қабылданған шешімді халыққа жан-жақты түсіндірді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілгінің баспасөз қызметі
Жақында Қостанай облыстық мешітінде «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» атты конференция өткені белгілі. Бұл жиынға Қарабалық аудандық «Ғашура ана» мешітінің бас имамы және мешіт ақсақалдары қатысты.
Осы конференцияда қабылданған шешімді халыққа құлағдар ету мақсатында Серік Темірбекұлы бастаған «Ғашура ана» мешіті қызметкерлері аудандық ақсақалдар кеңесінде келелі жиын өткізді.
Аудан ақсақалдары қатысқан бұл басқосуда конференция шешімі бойынша жаназада ысырапшылдыққа жол бермеу жайлы ой қозғалды. Қызу әңгіме барысында жаназада берілетін ас мәзірі, қырқы,жылы өтетін күн жайлы хабарландырудан басқа марқұмның алдында сөз сөйлеуді тоқтату, ысырапшылдыққа жол бермеу, қойылатын құлпытас т.б. сияқты осы рәсімде қамтылатын көптеген сауалдар хақында талқыланды.
Аталмыш шешімде барлығы бірауыздан қолдады. Ал ақсақалдар кеңесінің төрайымы Сания Сұлтанбекқызы отырысты ұйымдастырған мешіт ұжымына шын жүректен шыққан шынайы алғысын білдірді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша өкілгінің баспасөз қызметі
Қостанайда қасиетті Жұма күні бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы «Қостанай Агро Продукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «ҚМДБ Халал» куәлігін табыстады.
Кәсіпорын ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның «Мал бауыздау және ет өңдеу» стандарты және «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын талаптар стандарты бойынша тексеріліп, шығаратын өнімдері мен қызметтері шариғат талаптарға сай деп танылды.
Әрине бұл рұхсатнаманы алу кез-келген кәсіпорынға оңай берілетін дүнме емес. Ол үшін арнайы сараптама жасалып, толық тексерліп, көздері жеткен соң ғана осы аталмыш куәлік табыс етіледі.
Ал бұл Қостанайда ең алғашқы. Аталмыш кәсіпорынның негізгі қызметі өзіміздің күнделікті тұтынып жүрген төрт түлік малдың етін өңдеп сату.
Бұл орайда малды соятын қасапшы да осы стандартқа сай болуы тиіс. Осы кәсіпорынның бас қасапшысы Турикпенов Ергазы Жұмабайұлына да арнайы рұхсатнама мен мөр табысталды. Себебі ағамыз малды шариғат талабына сай өңдейтінін дәлелдеген.
Жалпы мұсылман қауымын шариғат талаптарына сай сапалы, сенімді өнімдермен қамтамасыз ету заман талабы. Осы орай елімізің барлық аймақтарында халал өнімдер саны күн сайын артып келеді және арта берсін!
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі