Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде үстіміздегі жылғы дін қызметкерлерінің білімі мен біліктілігін сарапқа салатын аттестация қарсаңында өңірдегі аудандар мен қалалардағы және ауылдағы мешіттердің имамдары, наиб имамдар, ұстаздар және молдаларға арналған оқу-семинары өткізілді.
Осынау жиын барысында Бас имам Бектұрсын қажы Торғайбайұлы сөз сөйлеп, ұйымдастырылған семинардың алдына қойған негізгі мақсатына кеңінен тоқталды. Оның заман талабынан туындап, қазіргі таңда түрлі деңгейдегі имамдар жан-жақты, үнемі тың ізденісте болуы талап етілетіндігін тілге тиек етті.
Семинарда семинарға құран, фиқһ, ақида, заң пәндері арқау болды. Онда аймаққа есімдері белгілі дін саласының ұстаздары дәріс берді. ҚМДБ тұжырымдамалық құжаттарын басшылыққа алу жайы да қамтылды.
Бас қосудан қатысушылар алдағы уақытта қызметте басшылыққа алатын қағидаттарды көңілдеріне түйіп, ұмытылмас әсер алды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі











