Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Алматы қаласындағы Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университеті дін саласындағы жоғары білімді мамандарды дайындап жатқан бірегей оқу орындарының бірі. Онда біздің Қостанай өңірінен де талапты шәкірттер тиянақты дәріс алып, үлкен өмірге қадам жасайды.

Жақында Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев аталған университетке арнайы іс-сапармен барды. Онда тәлім алып жатқан жерлес студенттермен арнайы кездесіп, тағылымы мол уағыз-насихат айтты. Бұл сапардың да басты мақсаты - оларды көзбен көріп, сабақ үлгерімдерін байқау, келесі жылы бітіретін түлектерді қызметке шақыру турасында болды.

Бектұрсын Торғайбайұлы түлектердің әрқайсысымен жеке-жеке сөйлесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Қостанайдағы жанашыр әрі жаны жомарт азаматтардың қаржылай көмегін табыс етті.

Есте қаларлық жүздесуден кейін шәкірттерге дастарқан жайылып, ас берілді. Онда қаншама ізгі тілектер мен жүрекжарды лебіздер ақтарылды.

Бас имам Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университеті проректорының кеңесшісі Рахымжан Әкімбековке классик жазушы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясын табыс етті.

Сөз соңында төмендегі:
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді, – деген өлең шумақтарын келтіре кеткенді жөн көрдік. Өйткені, онда терең білім адам өмірінде қаншалықты орын алатындығы жан-жақты көрініс тапқан. ,

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 09 Декабрь 2024 11:21

Пасықтық / Сабыров Наурызбек

Понедельник, 09 Декабрь 2024 11:11

Жамағатқа ауызашар берілді

Жуырда Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінде жамағатқа ауыз ашар берілді. Онда наиб имам Қазбек бауырымызға құттықтау тілектер де білдірілді.

Дін қайраткерлері жайылған дастарқан басында көпшілікке қазақ және орыс тілдерінде уағыз-насихаттар айтты. Намазхандар оларды ұйып тыңдады. Бас қосудың соңында бата беріліп, дұға оқылды.

Алғыспен ер көгерер

Шоқан қажы Әмірханов басқаратын қалалық “Жайлаубай ата” мешітінде өткен қасиетті жұмада жиналған қауымға ыстық палау таратылды.

Жұртшылыққа осындай мүмкіндік тудырған Ерлан Қайсарұлына бата берілді. Құрметке бөленген жаны жомарт азаматқа жамағат шынайы алғысын жаудырды.

Оған Алланың нұры жауа берсін. Мұндай жанашыр демеушілердің қатары арта түсетіндігіне сенімдіміз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 03 Декабрь 2024 14:42

Құрт көже таратылды

Қостанай қалалық мешіті ұжымының ұйымдастыруымен қасиетті жұма күні жамағатқа 'Қыстың қымызы" аталатын құрт көже таратылды.

Жеңсік тағамды дайындауға демеушілік еткен жандарға ақсақалдар ақ батасын берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 03 Декабрь 2024 12:06

Садақада ысырап болуы мүмкін бе?

Мужахид (Алла оны рақым етсін) былай деген: «Егер адамның Әбу Қубайс тауындай алтыны болып, ол осы алтынның барлығын Алла Тағалаға итағат ету жолында жұмсаса, онда ол ысырап жасаушы (мусриф) болмайды. Ал егер соның тіпті бір дирхамын Аллаға бойұсынбау жолында жұмсаса, онда ол ысырап етуші (мусриф) болады».

Хатым Тай (Алла оны рақым етсін) да осыған ұқсас нәрсені айтқан. Оған: «Ысырапшылдықта жақсылық жоқ»,-делінгенде, ол: «Жақсылықта ысырапшылдық жоқ»,-деп жауап берген.

Кейбір адамдар осы сөздерге сүйене отырып, садақада ысырап болмайды деген қорытындыға келген. Алайда бұл тұжырым дұрыс емес.

Керісінше, бұл мәселе мұқият қарауды қажет етеді. Келесі аяттар мен хадистер бұл мәселені айқындай түседі.

Алла Тағала Құранда: َمِمَّا رَزَقْنَاهُمْ يُنْفِقُونَ
«...және Біз өздеріне ризық етіп берген (мал-мүлік, күш-қуат, ақыл-парасат, білім, т.с.с.) нығметтерден (Алла разылығы үшін, міндет етпей игі мақсатта белгілі бір бөлігін) жұмсайды» .

Имам Замахшари, Қади Бәйдауи, Фахруддин ар-Рази және т.б. ғұламалар да ысырап қылудан сақтандыру мақсатында бұл аятта «белгілі бір бөлігін» дегенді білдіретін «مِنْ» (-ден) бөлшегі ескерілгендігін және «إِنْفَاقٌ» (жұмсау) сөзінің «мал-мүлкті жақсылық жолында жұмсау» дегенді білдіретініне бірауыздан келіскен.

Тағы бір аятта:
وَآتُواْ حَقَّهُ يَوْمَ حَصَادِهِ وَلاَ تُسْرِفُواْ إِنَّهُ لاَ يُحِبُّ الْمُسْرِفِينَ «Жемісін жиған күні садақасын (яғни, ондағы пақыр-міскіндердің ақысын) беріңдер. Алған өнімдеріңді орынсыз жұмсап, бейберекет шашып, (отбасы мүшелерін мұқтаж күйде қалдырып, тым артық беру немесе дұрыстап сақтамай) ысырап қылмаңдар. Өйткені, Алла ысырап етушілерді еш ұнатпайды» .

Жоғарыда есімдері аталып кеткен ғұламалар «ысырап қылмаңдар» сөзінің «садақада ысырап қылмау» дегенді білдіретінін айтқан.

Бұл аяттың түсуіне себеп ретінде олар Сәбит ибн Қайстың (Алла оған разы болсын) оқиғасын келтіреді. Сәбит ибн Қайс (Алла оған разы болсын) бес жүз құрма ағашынан өнім жинап, сосын бір күнде бүкіл құрма өнімін отбасына қалдырмастан садақа ретінде таратқан. Осыдан кейін «ысырап қылмаңдар» деген аят түсірілді.

Абдурраззақ (Алла оны рақым етсін) Ибн Журайждан (Алла оны рақым етсін) бір риуаят келтіреді, онда Муаз ибн Жәбәл (Алла оған разы болсын) өзіне тиесілі құрма ағаштарынан өнім жинап алып, отбасына ешнәрсе қалдырмай, толығымен садақ етіп таратқаны риуаят етіледі. Осыдан кейін жоғарыда келтірілген аят түскен.

Әс-Судди бұл аятты былай тәпсірлеген: «Бар мал-мүлкіңді берме, әйтпесе кедейлікте қаласың».

Тағы бір аятта:
وَلاَ تَبْسُطْهَا كُلَّ الْبَسْطِ «...Қолың тым ашық та болмасын (ысырап етпеу)» .

Жәбир мен Ибн Масғуд (Алла оларға разы болсын) айтты: «Бірде Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір бала келіп: «Менің анам сізден ананы және мынаны сұрайды»,-деді. Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бүгін менде ештеңе жоқ»,-деді. Бала тағы да: «Анам өзіңіздің көйлегіңізді маған кигізгенін қалады»,-деді. Сонда Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көйлегін шешіп, балаға берді де, өзі киімсіз қалды» .

Жәбирден (Алла оларға разы болсын) риуаят етілген басқа бір риуаятта: «Біләл (Алла оларға разы болсын) намаз үшін азан айтты да, адамдар Алла Елшісінің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намаз оқу үшін үйден шығуын күтті. Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жоқтығы сахабаларды алаңдатты. Сол кезде олардың кейбірі Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үйіне келіп, Оның (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) киімсіз отырғанын көрді. Осыдан кейін осы аят түскен болатын» . Мұндай түсіндірмені имам Замахшари, Қади Бәйдауи және Фахруддин ар-Рази сынды ғұламалар берген болатын.

Әбу Һурайра (Алла оларға разы болсын) риуаят еткен бір хадисте Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: خَيْرُ الصَّدَقَةِ مَا كَانَ عَنْ ظَهْرِ غِنًي «Садақаның ең хайырлысы – бай болған кезде бергені».

Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын): «Бір адам Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп: «Менің бір динарым бар»,-деді. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Оны өзіңе жұмса»,-деді. Әлгі адам: «Менде тағы бір динар бар»,-деді. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Оны балаңа жұмса»,-деді. Ол: «Менде тағы бір динар бар»,-деді. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Оны отбасыңа жұмса»,-деді. Әлгі кісі: «Менде тағы бір динар бар»,-деді. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Оны құлыңа жұмса»,-деді. Әлгі адам: «Менде тағы бір динар бар»,-деді. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Олай болса, оны өз қалауыңмен жұмса»,-деді .

Жәбирден (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте былай делінген: اِبْدَأْ بِنَفْسِكَ فَتَصَدَّقْ عَلَيْهَا فَاِنْ فَضَلَ شَيْئٌ فَلَأَهْلِكَ فَاِنْ فَضَلَ عَنْ أَهْلِكَ شَيْئٌ فَلِذِي قَرَابَتِكَ فَاِنْ فَضَلَ عَنْ ذِي قَرَابَتِكَ فَهَكَذَا وَ هَكَذَا «Қаражат жұмсауды өзіңнен баста. Егер бірдеңе артылса, оны отбасыңа жұмса. Егер отбасыңа жұмсағаннан соң бір нәрсе артылса, онда ол қаражатты туыстарыңа жұмса. Туысқандарыңа жұмсағаннан кейін тағы да бір нәрсе артылса, онда оны әрі қарай осы секілді оңына және солыңа жұмсайсың» .

Осы мәселеге байланысты Имам Бухари (Алла оны рақым етсін) былай деген: «Кімде-кім, өзі не жанұясы мұқтаж бола тұра немесе қарызы болып, садақа беруді қаласа, онда оған садақа не сыйлық беріп, құл азат еткеннен гөрі, ең алдымен қарызын өтеу дұрысырақ болады да, ол садақа беруден қайтарылады. Өйткені, қарызы бар адам садақа ретінде жұмсаса да, біреудің мал-мүлкін ысырап ете алмайды» .

Әбу Ләйс әс-Самарқанди (Алла оны рақым етсін) «Тәнбихул-ғафилин» атты кітабында Ибраһим ибн Әдхамның (Алла оны рақым етсін) сөзін келтіреді: «Қарызы бар адамға қарызын өтемейінше, зәйтүн майына немесе сірке суына малынған нанды жеуі харам болады» .

Ибн Хажар (Алла оны рақым етсін) Ибн Батталдың (Алла оны рақым етсін) былай дегенін риуаят етті: «Ғалымдардың арасында қарызы бар адамға қарызын өтемейінше садақа таратуға тыйым салынады деген бірауыздан келісілген пікір (иджмағ) бар».

Имам Табари және басқалары көпшілік ғұламалардың мына сөздерін риуаят еткен: «Егер адамның тәні сау және ақыл-есі бүтін болса; қарызы болмаса, қиындықтарға шыдап, төзе білсе; егер оның отбасы мен бала-шағасы болмаса немесе отбасы мен бала-шағасы болып, олар да қиындықтарға шыдап, төзе алатын болса, мұндай жағдайда бұл адам барлық мал-мүлкін садақа ретінде жұмсай алады. Егер осы шарттардың бірі орындалмаса, кейбір ғұламалардың пікірінше, онда ол мәкрүһ болып табылады. Ал басқа ғұламалар бұл жағдайда садақа жарамсыз болады деген».

Қорытындылай келе, садақа беруде де ысырап етудің болатындығы айқындалды. Егер қарызы бар адам біреуге садақа беріп, артылған қаражаты қарызын өтеуге жетпесе немесе отбасы мен бала-шағасы болып, оларды қамтамасыз етуге қаражаты жетпесе; немесе өзі мұқтаж болып, қаржы тапшылығына байланысты қиыншылықтарға төзе алмаса, онда осы жағдайлардың барлығында да оған өзгеге садақа беруі ысырап болып табылады.

Дархан Манарбекұлы

Қостанай облысының пәтуаға жауапты маманы

1 «Бақара» сүресі, 3-аят.
2 «әл-Әнғам» сүресі, 141-аят.
3 «әл-Исра» сүресі, 29-аят.
4 Имам Суюти, «Дуррул-Мансур», 5/276.
5 Имам Қуртуби, «әл-Джамиғ лилахкәм әл-Құран», 10/251.
6 Имам Бухари «Напақа» бабы, № 2.
7 Ахмад ибн Ханбал, «әл-Муснад», 2/251.
8 Имам Муслим, «Зекет», № 13.
9 Имам Бухари, «Сахих әл-Бухари», «Зекет» бабы.
Вторник, 03 Декабрь 2024 11:36

Тәуелсіздік күніне арналды

Қостанай облыстық "Аймағанбет қажы Спанұлы" мешітінде тәуелсіздік күніне орай "Ел бірлігі - ең асыл қасиет" атты кеш өтті. Оған қалалық "Марал ишан", "Жайлаубай ата" және Қостанай аудандық "Маңдай батыр" мешіттерінің жамағаты шақырылды. Алдымен "ауыз ашар" дастарқаны жайылып, ас берілді. Облыстың Бас имамы Бектұрсын Уәлиев қоғамдағы бірлік, мұсылманның сипаты және тәуелсіздіктің қадірін бағалау жайында тәрбиелік мазмұнды насихат айтты. Кейін интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды. Онда ақида, фиқһ және Қазақстан тарихы мен салт-дәстүрге байланысты сауалдар қойылды. Сайыс жамағат арасында қызықты да тартымды өтті. Белсенділік танытқан қатысушылар сыйлық-кітаптармен марапатталды. Сондай-ақ арнайы басқосуға келуші жамағаттың ұсыныс пікірлері де тыңдалды. Жиналған көпшілік рухани-мазмұнды кешке дән риза болып, Облыстық мешіттің ұжымына шынайы алғыстарын жеткізді.

Қостанай облыстық баспасөз қызметі

Понедельник, 02 Декабрь 2024 16:14

Бас имамның Торғай өңіріне сапары

Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев кезекті іс-сапарында киелі Торғай өңірінде болды. Алдымен қазақ халқына қаншама ұлы тұлғалар берген Жангелдин ауданына ат басын бұрды.

Ол, жергілікті «Оспан қожа» мешітінде жамағатпен құптан намазында кездесті. Жүздесуде «Мұсылманға тән сипат» деп аталатын маңызды тақырып қозғалды.

Содан кейін көпшілікке белгілі Ы. Алтынсарин мұражайында аудандағы тұрғындар, мекеме басшылары және жастармен дидарласты. Бұл кездесуде «Дін және дәстүр сабақтастығы» жайы әңгімеге арқау болды. Сондай-ақ басқосуда «Ысырапқа тосқауыл қою» мәселесі талқыланды.

Осы сапар барысында аудан әкімі Шота Оспановтың қабылдауында болды. Отырыста қалыптасқан діни ахуал, мешіттің қысқа дайындығы және басқа да кезек күттірмес жұмыстар жөнінде айтылды.

Бектұрсын қажы Торғайбайұлының сапары қазағы қалың Амангелді ауданында одан әрі жалғасты. Мұңдағы алғашқы кездесу аудандық кітапханада өтті. Бас имам жергілікті тұрғындармен жүздесуде қоғамға пайда болу, адамдармен қарым-қатынас, кішіпейілділік секілді асыл қасиеттер хақында жан-жақты тоқталды.

Сонымен қатар облыстың Бас имамы аудан әкімі Қанат Кеделбаевпен кездесті. Онда діни ахуал жайлы сөз ете келіп, өңірдегі мешіттер мен намазханаларды қыстан қысылмай өткізу, имандылықтың жартысы болып табылатын тазалыққа ерекше көңіл бөлу жөніндегі ойымен бөлісті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 02 Декабрь 2024 16:11

Арқалықтағы маңызды кездесулер

Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы Арқалық шаһарында арнайы іс-сапармен болып, қалада бірқатар маңызды кездесулер өткізді. Онда көпшіліктің көкейінде жүрген өзекті мәселелер қозғалды.

Оны қала әкімі Әмірхан Асанов қабылдады. Әңгіме барысында қазіргі таңда жергілікті мешіттің жанында салынып жатқан асхананың жай-күйі, алдағы уақытта бой көтеретін жаңа мешіттің жайы да талқыланды.

Содан кейін шаһардағы «Көпсалалы колледждегі» студенттермен кездесуге қатысты. Мұңда жастардың білімге деген құштарлығы, өскелең ұрпақтың дін жайлы тағылымды да қажетті мәліметтерді ғаламтордан емес, дін қызметкерлерінен алулары керектігі жайлы тілге тиек етті. Студенттердің тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауап берді.

Ал қаладағы «Мұхтасиб Әлмұхаммед» мешітінде ұйымдастырылған жүздесу де өте әсерлі өтті. Имандылық ордасының жанындағы ақсақалдар алқасының мүшелеріне «Діни рәсімдердгі ысырапшылдықтың алдын алу» жөнінде облыстағы конференцияда қабылданған шешімді айта келіп, оны халық арасында жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде ақылдасты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 02 Декабрь 2024 15:46

РАНТ мүшесі Қостанайда болды

Жуырда РАНТ мүшесі, Түркістан облысындағы Сарыағаш медресе-колледжінің директоры Дінмұхаммед Әбдіжаппарұлы Сманов арнайы екі күндік іс-сапармен Қостанай шаһарында болды.

Ол алдымен қаладағы «Марал ишан» мешітінде жамағатпен кездесіп, «Мәзхаб ұстанудың маңызы» тақырыбында, уағыз айтты. Келесі күні Рудныйдағы «Нұр» мешітіне ат басын бұрып, жамағатқа Діни басқарманың пәтуасына жүгінудің маңыздылығын айтты..

Сондай-ақ, жергілікті жастар ресурсы орталығында тұрғындармен жүздесті. Мұнда дін мен дәстүр, оның мәні мен мақсаты жайлы тебірене сөз сөйледі.

Оның облыс орталығындағы түзету мекемесінде жазасын өтеушілермен кездесу барысында «Отанға деген құрмет және Ханафи мазхабы» тақырыбын тілге тиек етті.

Сол жұма күні РАНТ мүшесі облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде жамағатпен уағыз-насихат жүргізді. Оны Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев жиналғандарға таныстырып, Дінмұхаммед Смановтың дінімізді өркендету мен шәкірттер тәрбиелеудегі сіңіріп жатқан еңбегіне тоқталды.

Бұл жүздесу халықтың көңілінен шығып, олар елімізге танымал ұстазға дән ризашылықтарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

«11121314151617181920»
Page 16 of 377

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником