Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Четверг, 28 Март 2019 12:36

Студент жастармен кездесті

Қазіргі таңда елімізде халықтың әсіресе, жастардың рухани-танымдық тәрбиесін, діни сауаттылығын арттыру маңыздылығы көпшіліктің көкейінде жүргені мәлім. Әсіресе, жастардың заманға сай діни білім деңгейлерін арттырып, дәстүрлі құндылықтарды сақтау бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр.

Сондықтан жақында Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің найб имамы Дүйсен Дайыр Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті ветеринария факультетінің І курс студенттерімен жоғарыда аталған мәселлер бойынша маңызды кездесу өткізді.

Аталған жиында дәстүрлі емес діни теріс ағымдардың шығу тарихы,оның қоғамға қаупі және олардан сақтану жолдары туралы мәліметтер айтылды.

Сондай-ақ, бүгінгі таңдағы еліктіргіш нәрселердің жетегінде кетпей, яғни жат ағымдарға ілеспей, олардан алшақ жүруге, ғаламторды пайдалануда тек пайдалы дүниелерден тағылым алуға шақырды.

Сонымен қатар, жастардың албырт шағында қызбалыққа салынбай, әр істі ойланып атқаруға, ата-ана, ұстаздардың кеңесіне құлақ асу керектігін баса айтты.

Шара соңында жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, оған жауаптар алды, әрі өз ойларын да ортаға салды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Четверг, 28 Март 2019 12:34

Тәртіп бар жерде табыс бар

Жуырда Тобыл кентіндегі «Ажар» мешітінің имамы темір жол бекеті мекемесі жұмысшыларымен кездесу өткізді.

Ол басқосуда табыстың көзі темірдей тәртіпте екендігін айта келіп, адалдық, ұқыптылық, жауапкершілікті сезіну секілді қасиеттер әрбір адамның қай салада жұмыс істемесін күнделікті ұстанған басты қағидасы болуы керектігін тілге тиек етті.

Имамның әңгімесін жиналған қауым ұйып тыңдады. Оған өздерінің көкейде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауап алды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Жақында Амангелді ауданыңдағы орталық «Сатыбалды ишан» мешітінің Бас имамы Жандарбек Амирхамзин осы аудандық полиция бөліміде тәртіп сақшыларымен кездесу өткізді.

Кездесудің басты тақырыбы «Тәртіпке бағынған құл болмас, тәртіпсіз ұл болмас!» әңгіменің арқауы болды. Онда адамгершілік, имандылық мәселелеріне байланысты әңгіме қозғалды.

Сонымен қатар тағы бір бас қосу аудандық аурухананың дәрігерлерімен де ұйымдастырылды. Мұнда Бас имам Жандарбек Амирхамзин «Ұят – иманның бір бөлігі» деп аталатын маңызды тақырып бойынша насихат айтты.

Онда мұсылман қызы ең алдымен өз ары мен намысын биік ұстауы қажеттігі сөз болды. Өйткені, бүгінгі бойжеткан ертеңгі ұлт мақтанышы. Бір әулеттің шамшырағы. Сондықтан да олар жастайынан иманды жоғары қойып, өздерін жақсы жағынан көрсеткендері абзал.

Біздің қазақ жақсы әйел жаман еркекті төрге сүйрейді, жаман әйел жақсы еркекті көрге сүйрейді деп босқа айтпайды. Ауруханадағы бас имаммен жүздесу өте тағылымды өтті. Жиналған қыз-келіншектер көп жайды көңілдеріне түйді.

Мұндай бас қосулардың тигізер пайдасы мол. Қозғалған тақырыптар қатысушыларға ерекше әсер етті. Олар дін қайраткеріне жүректен шыққан шынайы алғыстарын білдірді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Аудандағы «Балықты» мешітінің ұйымдастыруымен №2 Ұзынкөл орта мектебінде «Армысың әз Наурыз!» деп аталатын фестивалі өткізілді.

Оған осы аталмыш мешіт демеушілік етті. Оның алдын ала дайындалған бағдарламасы да жиналған жұртшылықтың көңілінен шықты. Шараның салтанатты ашылуында бас имам Есенгелді қажы Сақтағанұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға ең ізгі тілегін білдірді.

Онда көрмеге қазақтың ұлттық тағамдары қойылды. Спорттық ойындарға да айрықша назар аударылды. Мәселен, тоғызқұмалақ, арқан тарту, қазақ күресі, өгіз тартыс, алтын сақа ойындары жиналған қауымға үлкен әсер қалдырды.

Сондай-ақ, ойын-сауық алаңында ұйымдастырылған түрлі танымдық-тағылымдық шаралар да баршаның қызығушылығын тудырды.

Сонымен қатар, интеллектуалды жарыс та көпшілікке ұнады. Онда қатысушылар көкейлерінде жүрген ой-ұсыныстарын ортаға салды.

Фестивальдің қорытындысында театрландырылған ойын-сауық бағдарламасы аяқталған соң ерекше көзге түскендерге құрмет көрсетілді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Ұлыстың Ұлы күнінде Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ауласында арнайы киіз үй тігіліп, «Дін-діңгегім, дәстүр-тірегім» атты «Наурыз мерекесі» ұйымдастырылды.

Мешіт ұжымы өткізгеніс-шарада көпшілік қауымға наурыз көжеден дәм таттырып, ұлттық мерекені сезіндіру мақсатында әлеуметтік жағынан аз қамтылғансегіз отбасына азық-түлік салынған қайырымдылық пакеттері үлестірілді.

Мешіт тарапынан ұйымдастырылатын шараларға белсене араласатын аузында Алласы, жүрегінде иманы бар ақ жаулықты аналар тойға шашу шашып, мерекелік дастархан жайды.

Мешіт имамы жиналған жамағатқа салт-дәстүр, ұлттық құндылық, дәстүріміздің дінмен астасуы жайында көңілге қонар насихат айтты.

Сондай-ақ мерекеде жергілікті ақын Батырлан арнау орындап, 8-ші сынып оқушысы Дінмұхамед иләһи әндер шырқап, халықтың қошеметіне бөленді.

Содан кейін мереке спорттық ойындармен жалғасын тапты. «Қол күрес, арқан тартыс, өгіз тартыс және дартс» секілді сайыстар өтіп, жүлде алғандарға «Жастарға арналған хадистер, көзді күнәдан тию»кітаптары сыйға берілді.Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Среда, 27 Март 2019 16:28

Ұмытылмас әсер

Жыл сайынғы дәстүр бойынша Қарабалық ауданындағы зәулім «Ғашура Ана» мешітінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі тойланды.

Серік Темірбекұлы бастаған мешіт ұжымы мен жамағаты төл мерекені қазақтың дәстүрлерін сақтай отырып, атап өтті. Жиналған қауымға «Бесікке салу», «Тұсау кесу» рәсімдері көрсетілді.

Тұсау кесу рәсімінде Серік қажы тұсау кесіп, ауыл ақсақалдары ақ батасын жаудырды. Аталмыш дәстүрлерден соң халыққа «Наурыз көже» таратылды. Қазақтың төл өнері насихатталып, домбырамен әуезді әндер мен ғибратты термелерді аудандық мәдениет үйінің қызметкері, мешіт жамағатының мүшесі – Әли Қаныбек нәшіне келтіріп шырқады.

Дін мен дәстүр сабақтасқан бұл іс-шарадан жиналған қауым ұмытылмас әсер алды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Среда, 20 Март 2019 14:29

Хабарландыру

22 наурыз күні сағат 15:00-ден бастап Қостанай облысының орталығындағы облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде ұлыстың Ұлы күні «Наурыз» мерекесі құрметіне 1000 адамға арнайы пісірілген «НАУРЫЗ КӨЖЕ» таратылады.

Сонымен қатар мешіт ауласында ұлттық ойындардан сайыс өтеді. Оған қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады. Мысалы, гір тасын көтеру, қол күрестіру, садақ ату, қой көтеру, арқан тарту секілді қара күшті көрсететін сайыстар өткізілді.

Осы күні жерлестеріміздің қайрымдылық жәрмеңкесіне қатысуға да мүмкіндігі бар. Мұнда сатылымға қойылған заттардан жиналған қаражат қайрымдылыққа жұмсалатын болады.

Құрметті Қостанай жұршылығы және қала қонақтары 2019 жылғы 22 наурызда сағат 15:00-де облыстық мешітке келіңіздер, көріңіздер, қатысыңыздар және «Наурыз» көжеден дәм татыңыздар.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником