Жуырда Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің наиб имамы Нұрлан Сейдағалиевпен кездесті.
Осынау іс-шарада «Діни экстремизм, терроризм — бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» деп аталатын өзекті тақырып қозғалып, онда осы жайлы әңгіме болды.
Онда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын мақаласының барша қауым үшін аса құнды екендігі айтылды. Жұртшылықты жағымсыз ағымдардан сақ болу жайы да тілге тиек етілді.
Жүздесу екі жаққа да пайдалы болғаны даусыз. Мұндай басқосулар әрқашан да өзінің көтерілген тақырыптарының еліміз және халқымыз үшін аса қажеттілігімен де дараланады.
Қостнай облысының Денисов ауданында «Жастар» жылы аясында тәрбиелік мәні зор шаралар ұйымдастарылуда.
Мысалы, ұлттық ойынымыз болып табылатын тоғызқұмалақтан жарыс Наурыз мерекесі қарсаңында ойдағыдай өтті.
Аудан орталығындағы «Жұма» мешітінде ұйымдастырылған сайысқа алты ауылдың командасы қатысты.
Жарыс бар жерде жүлдегерлер де топ жаратындығы белгілі. Барлық командалар оған жан-жақты әзірлікпен келгендіктерін көрсетті.
Сайыстың қорытындысы бойынша Бас имам Болатжан Ғалымжанұлы қатысушыларға шынайы алғысын білдірді.
Жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар тапсырылып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Бірінші орынды Зааят ауылының, екінші орынды Аят ауылының, үшінші Фрунзе ауылының командалары иеленді.
Елімізде осы көнеден келе жатқан ұлттық ойындарымыз көнермей, қайта керісінше жылдан-жылға тиісті деңгейде насихатталып келеді. Осы жолғы жарыс – соның бір жарқын айғағы іспеттес.
Жақында Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жастар ісі секторының «Жастар және салауатты өмір салты» айлық жоспарына сәйкес, Наурыз мейрамы қарсаңында ата-бабамыздан бізге жеткен асыл қазынамыз – ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.
Оған қатысушылар «Қол күрес», «Арқан тарту», «Гір тасын көтеру», «Асық ату» сияқты спорт түрлерінен бақ сынасты. Жиналған жұрттың арасынан мықтылар суырылып шығып, тамаша ойын үлгісін көрсетті.
Жеңімпаздар арнайы жүлделер мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, әр жұма сайын тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан «Қайырымдылық жәрмеңкесі» халқымыздың ұлы мерекесі – Наурыз мейрамының құрметіне арналды.
Жәрмеңке аясында барша қонақтарға мешіт тарапынан қыстың қымызы «Құрт көже» үлестіріліп, мешіттің әйелдер жамағаты мен шәкірт қыз-келіншіктеріміз дайындаған түрлі тағамдар төмен бағамен сатылса, 600 адам Фаттах қажы дәмі тіл үйіретін палауынан дәм татты.
Сондай-ақ, жәрмеңкеге жеке кәсіпкерлер де тауарлар қатарын өз өнімдерімен, діни әшекей заттармен, киім-кешектермен толықтырды.
Мешіт алдындағы киіз үйде Жанат Орқашбаев дастархан жайып, шын көңілімен жиналған қауымға шай берсе, Айсұлу Құрманбекқызы 300 бөлке нанды тегін таратты.
«Ұлттық қолөнер-тәрбие көзі» - демекші, жастарымызға қолөнердің қыр-сырымен, жасалу әдіс-тәсілімен «Назарбаев Зияткерлік мектебі» таныстырды. Осынау «Қолөнер» үйірме жетекшісі Айдын Диханбаев өз ойымен бөлісті.
Жуырда Лисаков қалалық «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінде көктемгі алғашқы мереке, алғыс айту күнімен және халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында, ғұмырының саналы уақытын мешітке қызмет етуге арнаған Қымбат Қалиқызына арнайы сый-құрмет көрсетілді.
Айта кетсек Досмухамбетова Қымбат Қалиқызы 1996 жылы Лисаков қалалық мешітіне есепші болып жұмысқа орналасқан. Ол кезде қазақ саны 5% дан аспайтын уақытта мешіт ұстап тұрудын өзі қандай қиын екендігі айтпасада белгілі.
Қиындыққа толы бірнеше жылдар өтіп, Лисаков қаласының мұсылмандар санаты көбейіп, қала тұрғындарының ықпалымен, сол кезде ел басқарып отырған азаматтардын демеуімен, мешіт басқарып отырған Рахым Серік имамның зор еңбегінің арқасында «Быткомбинат» ғимараты мешітке берілді.
Араға тағыда біраз уақыт салып Лисаков қаласында заманауи үлгіде, жаңа мешіт салынып 2018 жылдың 2 қыркүйегінде пайдаланысқа беріледі. Осынау уақыттың барлық қиыншылығына төзіп, 23 жыл бойы Қымбат Қалиқызы мешітте еңбек етіп келе жатыр.
Биылғы жылы көктемнің алғашқы мерекелерінде Лисаков қалалық «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінің бас имамы алғысын білдіріп арнайы алғыс хатпен марапаттады.
Үстіміздегі жастар жылы Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінде де тиісті деңгейде аталып өтіп, кейінгілерге үлгі-өнеге боларлықтай іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Мысалға аталған мешіт қызметкерлері аптасына екі рет аудандық «Пионер» спорт кешініде футболдан жарыс ұйымдастырып келеді.
Біздің қазақ «Жаны саудың - тәні сау» деген сөзді босқа айтпайды. Бұл орайда жастардың тарапынан да ерекше белсенділік байқалады. Футболдан мұндай жарыстар өткізудің де өзіндік тәрбиелік мәні зор.
-Спортпен айналысқан адамның көңіл күйі жоғары болады. Сондай-ақ өзін әрқашан да сергек сезінеді. Сондай-ақ ұлттар арасындағы достық пен бірлікті нығайтуға да өзінің септігін тигізеді,-дейді аудандық мешіттің имамы М. Бердығожин.
Өңіріміздегі мешіттерде мұндай салауатты өмір салтын ұстануға деген ықыластың арта түсуі баршамызды да ерекше қуанышқа бөлейді.
«Білім сайысы»
«Жастар жылы» аясында Рудный қалалық «Нұр» мешітінде мешіт шәкірттері арасында сайыс өтті. Жарысқа Рудный қалалық «Нұр» мешітінің шәкірттері, Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешіті және Қашар кенті «Кәмшат ана» мешітінің шәкірттері қатысты.
Жарыс соңында 1 орынды Қостанай облыстық мешітінің шәкірттері, екінші орынды қалалық «Нұр» мешітінің шәкірттері, ал үшінші орынды «Кәмшат ана» мешітінің шәкірттеріне иеленді.
Қайырымдылық: Қасиетті жұма күні Рудный қалалық «Нұр» мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Зекет қорының ұйымдастыруымен өткен бұл жәрмеңкеден түскен қаражатты қайырымдылық ретінде Рудный қаласындағы денсаулығы нашар баланың емі үшін берілді.
Спорт: Өткен аптада «Жастар жылы» аясындағы қаладағы «Олимп» спорт кешенінде мешіт жамағаты арасында футболдан жарыс өткізілді.
Бұл жарысқа келген барша жамағатқа мешіттің найб имамы Ерлан Өмірбекұлы жалпы салауатты өмір салтының тигізер пайдасы мен денсаулыққа ерекше ықпалы жөнінде өз көзқарасын білдірді.
Спорттың футбол түрінен өткізілген жарыста барлық командалар жақсы жағынан көзге түсуге талпынды. Оның қорытындысы бойынша жүлдегерлерге құрмет көрсетіліп, оларға мақтау қағаздары салтанатты түрде тапсырылды.
Жуырда ҚМДБ-ның тапсырмасы бойынша «2019 жыл – жастар жылы» аясында Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің наиб имамы Дархан Қосылбаевтың қатысуымен 4-ші және 1-ші курс студенттерімен «Иманды жас буын – ел болашағы», «Дәстүрлі емес діни жат ағымның залалы» атты тақырыпта кездесу болып өтті.
Бұл жүздесуге келген 60-қа жуық жастарға «Иманды ұл, инабатты қыз және ата-ана» туралы кең ауқымда баяндама оқыды. Сондай-ақ асыл дінімізге күйе жағып, кір келтіріп жүрген діни жат ағымдардан сақтану үшін «Сәләфизм» формасы, болмысы, ұстанымы, мақсаты мен залалының ара жігін ажыратып берді.
Сонымен қатар студенттер назарына «Теріс ағымның залалы» тақырыбында бейнеролик ұсынылды. Студенттер тарапынан «Дүние жүзіндегі діни қақтығыстарға Ислам дінінің ықпалы бар ма?», «Әйел және қыз баланың исламдағы орны қандай?» деген сұрақтарға нақты жауап қайтарылды.
Сөз соңында наиб имам жастарға білікті маман иесі болып, еліне адал қызмет етуге және әрдайым діни жағынан сергек болуға шақырды.
Ана деген қасиетті сөз! Ұлтыңды сақтағың келсе, аналарды сақта деген атам қазақ!
Үстіміздегі жылғы 1 наурыз - Алғыс айту, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күндеріне байланысты Ұзынкөл ауданының «Балықты» мешітінің бас имамы Есенгелді қажы Ажмаханның ұйымдастыруымен ауданымыздың мешітінде салтанатты мерекелік шара өтті.
Онда аудан әкімі Қайрат Тынымбайұлы мен аудандық мәслихат хатшысы Алтынай Сабырқызы құттықтау сөз сөйлеп, нәзік жандыларға жылы лебіздері мен тілектерін білдірді.
Мешітке жиналған әжелер өз өнерлерін көрсетті. Елбасының республикамыздағы барша ұлт өкілдерінің тату-тәтті ғұмыр кешіп, аянбай еңбек етулеріне барлық жағдайды жасап жатқандықтарын ерекше атап өтті.
Мерекенің соңында Бас имам Есенгелді қажы Сақтағанұлы аналардың қоғамдағы алатын орны жайлы айтып, оларға алдағы уақытта мықты денсаулық, отбасында бақыт тіледі.
Сондай-ақ жиналған асыл әжелерімізге бағалы сыйлықтар табыс етті. Аналар мұндай басқосуды ұйымдастырған дін қайраткеріне шынайы алғыстарын жеткізді.