Ислам – аясы кең, рухани құндылықтарға мейлінше бай дін. Оның ізгілікке негізделген інжу-маржандары мен баға жетпес жауһарларын халыққа насихаттау ҚМДБ-ның үздіксіз жалғастырар негізгі міндеттерінің бірі.
Қолыңыздағы жинаққа еліміздегі танымал дінтанушылардың әр жылдары баспа бетінде жарық көрген діни уағыздары және арнайы осы жинақ үшін жазылған жаңа уағыздар топтастырылып отыр. Бұл еңбек дін қызметіндегі имамдарға, білім-тәрбие саласының қызметкерлеріне және жалпы мұсылман жұртшылығына арналған.
Исламтанушы Қайрат Жолдыбайұлының бұдан бұрын бірнеше рет басылған «Ақиқат шуағы» және «Күдікпен күрес» атты кітаптары біріктіріліп, қайта өңделіп, «Имани гүл» деген жаңа атпен жарыққа шығып отыр. Кітапта иман негіздері мен бүгінгі қоғамды мазалап жүрген түрлі күрделі сауалдардың тұшымды жауаптары қамтылған. Еңбек көпшілік қауымға арналған.
Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қорының сыйы ретінде тегін таратылады.