Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар

Рудный қалалық «Горняк» мәдениет сарайындағы рухани келісім күніне орай өткен кештің көрінісі.

Рудный қалалық Орталық кітапханадағы «Живое слово мудрости духовной» атты Рухани келісім» күніне орай өткен семинардың көрінісі

Рудный қалалық мемлекеттік тілдегі кітапханасында өткен кездесудің көріністер

«Спорт во имя добра и мира».

Рухани келісім күніне орай Рудный және Лисаковск қалаларының діни қызметкерлерінің арасында шағын футболдан бірінші жолдастық матчтін көріністері

Тәуелсіз еліміздегі 18 қазан рухани келісім күні биыл 22 жыл қатарынан аталып өтуде. 130 астам ұлттар мен ұлыстардың 26 діни конфессиялардың ынтымақ бірлікте өмір сүруі, бұл біріншіден Алланың берген Қазақстанға үлкен нығметі деп қабылдау керек. «Ынтымақ бар жерде береке бар»-демекші, елбасымыздың мемлекеттік саясаты толерантті болуды үндейді, соған дәлел есебіндегі еліміздің бас шаһарында Астана қаласында өткен 4 Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшысының съездерінің өтуі. Осы рухани келісім күніне орай біздің Рудный кеншілер қаласында әдеттегідей дөңгелек үстелдер, кездесулер, семинарлар өтті, биыл сол дәстүрімізге қосымша спорттық ойыны да қосылды. Облысымыздағы Рудный және Лисаковск қалаларының діни қызметкерлерінің арасында шағын футболдан бірінші жолдастық матч ұйымдастырылды. Шараның салауатты өмір салтын қолдауы, ынтымақ, бірлік, толеранаттықты көрсетті. Болашақта діни қызметкерлердің арасында рухани келісім күніне орай турнир өткізуді бірауыздан келісілді. Аталмыш шараға қаламыздағы ішкі саясат бөлімінің өкілі, «Ассоциация практикующих психологов»-тің өкілі қатысты.

Published in Жаңалықтар
Понедельник, 27 Октябрь 2014 00:00

Мұхаррам айы мен Ашура күні туралы

Мұхаррам — мұсылмандардың хижра бойынша ай күнтізбесін бастайтын айы. Биылғы жылы Мұхаррам айының бірінші күні 25 қазанға түсіп тұр.

Бұл – Қасиетті Құранда айтылған қасиетті төрт айдың бірі: «Расында Алланың қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың Кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардан төртеуі құрметті айлар».

Сенімді хадистерге сүйенсек, бұл төрт айға Зүл-қада, Зүл-хиджа, Мұхаррам және Ражаб айлары жатады. Қасиетті Құранның барлық тәпсіршілері бұл мәселе жөнінде бірауыздан келіскен. Өйткені, Қасиетті Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) соңғы рет жасаған қажылығы кезінде оқыған құтпасында былай деген: «Бір жыл он екі айдан тұрады. Олардың төртеуі қасиетті болып табылады. Олардың үшеуі — зүл-қада, зүл-хиджа және мұхаррам — бірінен кейін бірі келеді, ал, (төртіншісі) ражаб мудара джумада (сәнийа) мен шағбан айларының арасында».

Осы төрт айдың ерекше атап өтілгені басқа айлар қасиетті емес дегенді білдірмейді. Себебі, жылдың ең қасиетті айы Рамазан айы емес пе? Бірақ, бұл төрт айдың қасиетті (тыйым салынған) ай деп ерекше аталған себебі – олардың қасиеттілігін тіпті Меккенің пұтқа табынушылары да мойындаған.

Шындығында он екі айдың әрбірінің дәрежесі әу бастан бірдей, олардың арасынан біреуін бөліп алып, айрықша қасиет берілмеген. Құдіретті Алла Тағала ерекше берекесін беру үшін ерекше уақытты таңдаса, сол уақыт Оның рақымымен, қасиетке ие болады.

Негізі, бұл төрт айдың қасиеттілігі Ибраһим пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) заманынан бастап мойындалған. Меккенің пұтқа табынушылары өздерін Ибраһим пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) үмбетіміз деп санағандықтан, осы төрт айдың қасиеттілігін қадағалаған және де тайпалардың жиі соғысып тұратынына қарамастан, бұл айларда соғысуға тыйым салынған деп есептеген.

Асыл Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) шариғатында бұл айлардың қасиеттілігі мойындалған, сондай-ақ, Қасиетті Құранда ол айлардың қасиетті екендігі айтылған.

Мұхаррам айының өзіне тән басқа да біршама ерекшеліктері бар:

1. Мұхаррам айындағы ораза.

Қасиетті Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Ораза үшін Рамазаннан кейінгі ең қайырлы ай – Алланың айы Мұхаррам».

Мұхаррам айында ораза ұстау міндетті болмаса да, сол күндері өз еркімен және өз қалауымен ораза ұстаған жан Құдіретті Алла Тағала тарапынан үлкен сауап алу құқығына ие болады. Жоғарыда келтірілген хадис Мұхаррам айындағы оразаның, яғни өз таңдауымен (бұл ораза міндетті болмаса да) ораза ұстаған адамның оразасының сауабы нәпіл ораза үшін берілетін сауаптан да көп екенін көрсетеді. Жоғарыдағы хадис Мұхаррам айының оразасы үшін уәде етілген сауап бір ай бойы ораза ұстасаң ғана беріледі дегенді білдірмейді. Керісінше, бұл айда ұсталатын оразаның әрбір күні құндылыққа ие. Сондықтан, біз бұл мүмкіндікті қолымыздан келгенше пайдаланғанымыз абзал.

2. Ашура күні.

Мұхаррам айы түгелдей қасиетті болып саналса да, оның ішіндегі ең қасиетті күн - 10-шы күні. Ол күн Ашура деп аталады. Қасиетті сахаба Ибн Аббас (Алла оған разы болсын) риуаят еткендей, Әзіреті Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаға қоныс аударғаннан кейін мәдиналық яһудилердің Мұхаррам айының 10-шы жұлдызында ораза ұстайтынын байқаған. Олар Қасиетті Мұса пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) мен оның ізіне ерушілердің сол күні Қызыл Теңізді ғажайып түрде кесіп өтіп, перғауынның теңіздің суына батып өлгендігін тілге тиек еткен. Мұны яһудилердің аузынан естіген Әзіреті Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Біз Мұса пайғамбарға (оған Алланың сәлемі болсын) сендерден де жақынырақпыз», - деп, мұсылмандарға Ашура күні ораза ұстауды әмір еткен. (Әбу Дауд)

Сондай-ақ, бірнеше сахих хадисте Ашура күні ораза ұстаудың бастапқыда мұсылмандарға уәжіп болғандығы жеткізілген. Кейінірек Рамазан айының оразасы парыз етіліп, Ашура күні ораза ұстау ерікті болған. Аиша анамыз (Алла оған разы болсын) былай деген: «Қасиетті Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаға хижрет еткенде, Ашура күні ораза ұстап, өзгелерге де сол күні ораза ұстауды әмір еткен. Бірақ, Рамазан оразасы парыз етілгеннен кейін оразаның парызы Рамазанмен шектеліп, Ашура күнгі оразаның уәжіптігі күшін жойған. Бұл күні қалаған адам ораза ұстап, қаламаған адам ұстамаса да болады». (Сунан Әбу Дауд)

Алайда, Әзіреті Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Рамазан айының оразасы парыз етілгеннен кейін де Ашура күні ораза ұстауын тоқтатпаған. Абдулла ибн Мұса (Алла оған разы болсын) риуаят еткендей, Қасиетті Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Ашура күнгі оразаның қадірін өзге күндердегі нәпіл оразалардан артық көрген және Рамазан айындағы оразаның қадірін Ашура күнгі оразадан артық санаған. (Бұхари мен Муслим)

Қысқасы, бірқатар сахих хадистерді негізге алар болсақ, Ашура күнгі ораза — Әзіреті Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеті және де бұл оразаны ұстаған адам үлкен сауапқа кенеледі.

Тағы бір хадиске сүйенсек, Ашура күніне қосып бір күн алдын немесе бір күн кейін ораза ұстау мүстахап болып табылады. Бұл дегеніміз – екі күн ораза ұстаған абзал: Мұхаррам айының 9-ы мен 10-ында немесе Мұхаррам айының 10-ы мен 11-інде. Қадірлі Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқандай, қосымша тағы бір күн ораза ұстаудың себебі – яһудилер тек Ашура күні ғана ораза ұстаған, ал, Әзіреті Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандардың ораза ұстау тәсілін яһудилердің тәсілінен ерекшелеп алғысы келген. Сол себепті, ол мұсылмандарға Ашура күніне тағы бір күн қосып ораза тұтуды кеңес еткен.

Кейбір хадистер Ашура күнінің тағы бір ерекшелігін көрсетеді. Сол хадистерге сәйкес, бұл күні отбасымызға басқа күндерге қарағанда мол тамақ беріп, өзгеше жомарттық танытқан жөн. Хадис ғылымына сүйенер болсақ, бұл хадистер аса сенімді емес, дегенмен, Бәйхақи және Ибн Хиббан сияқты кей ғалымдар бұл хадистерді сенуге тұрарлық деп тапқан.

Жоғарыда айтылған деректердің бәрі Ашура күні туралы сенімді қайнар көздерде расталған.

3. Жоқтап жылау

Бұл аймен байланысты тағы бір жалған дәстүр – Хусейн сахабаның (Алла оған разы болсын) өліміне байланысты жоқтап жылау рәсімі. Осыған дейін де айтылғандай, Карбалада орын алған жағдай — тарихымыздағы ең қайғылы оқиағалардың бірі. Бірақ, Әзіреті Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кім өлсе де жоқтап жылау рәсімін өткізуге тыйым салған. Жахилдік кезеңнің адамдары біреу дүниеден озғанда, үстіндегі киімдерін жыртып, беттерін, көкіректерін ұрып, бар дауыстарымен айқайлап, жоқтап жылайтын болған. Қасиетті Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) соның бәріне тыйым салып: «Иннаа лилляахи уа иннаа иляйхи рааджи'уун», - деген сөздермен мұсылмандарға сабырлы болуды бұйырған. Бұл мәселеге қатысты біршама сенімді хадистер бар. Солардың біреуін келтірейік:

«Алақанымен бетін ұрып, үстіндегі киімін жыртып, жахилдік кезеңнің адамдары айтқан сөздерді айтатындар бізден емес!» (Сахих Бұхари)

Ондай жоқтауға үзілді-кесілді тыйым салынатынына мәртебелі фиқһ ғалымдарының барлығы бірауыздан келіскен. Тіпті Хусейн сахабаның (Алла оған разы болсын) өзі өлеріне аз қалғанда сүйікті әпкесі Зайнабқа (Алла оған разы болсын) оның өлімінен кейін олай жоқтамауды кеңес еткен. Ол былай деген:

«Қадірлі әпкем, жалынамын саған, мен өлгенде үстіңдегі киіміңді жыртып, бетіңді тырнап, маған бола біреуді қарғап, өз өліміңді тілеме.» (Әл-Камиль, ибн Кясир,4 том, 24 бет)

Хусейн сахабаның (Алла оған разы болсын) кеңесінен белгілі болғаны, жоқтаудың кез келген түрін сол рәсімнің иесі – асыл азамат та құптамаған. Әрбір мұсылман мұндай әркеттерден аулақ болып, Қадірлі Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бен оның аса сүйікті немересі Хусейн сахабаның (Алла оған разы болсын) өсиеттеріне адал болып қалуы тиіс.

Аzan.kz редакциясының ескертпесі: Биыл Ашура күні 3-ші қарашаға, яғни дүйсенбі күніне сәйкес келіп тұр. Бұл дегеніміз – қарашаның 2-сі мен 3-інде немесе 3-і мен 4-інде ораза ұстаған абзал. Бірақ, Ашура күні ғана ораза ұстайтындар да сауапқа ие болады, ал, бұл күні ораза тұтпаған адам күнәға батпайды. Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетіне сәйкес, ораза ұстау ең абзалы екеніне күмәніміз жоқ.

____________________
Орыс тілінен аударған Azan.kz
Askimam.ru

Published in Ғибратнама

2014 жылдың 25 қазаны – мұсылманша жыл басы қасиетті мұхаррам айы!

ЖЫЛ БАСЫ – МҰХАРРАМ МҮБӘРАК БОЛҒАЙ!

Құрметті мұсылман бауырлар!

Мұсылман жыл санауының бастауы болған алғашқы қасиетті ай – мұхаррамға баршамызды аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын!

Мұхаррам деген сөз «қасиетті», «тыйым салынған» деген мағыналарды білдіреді. Бұл – Құранда айтылған қасиетті айлардың бірі. Жаратушы Иеміз Құран Кәрімнің «Тәубе» сүресінде: «Расында Алланың құзырында айлардың саны – он екі. Жер мен көк  жаратылған  күннен бастап, Алла солай белгілеп қойды. Оның төртеуі – соғысуға тыйым салынған айлар(зүлқағда, зүлхиджә, мұхаррам, ережеп)...» деп баяндаған.

Ал хадис-шәрифте: «(Рамазаннан кейінгі) Айлардың ең абзалы – мұхаррам», –делінген.

Мұхаррам айының қасиеті мен қадірі мол. Ислам – бейбітшілік пен мейірімділдік діні. Бұл – соғысуға тыйым салынған ай. «Ораза үшін Рамазаннан кейінгі ең қайырлы ай – Алланың айы Мұхаррам», – деп пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың сәлемі болсын) айтқандай, осы айда ауыз бекіткен адам мол сауапқа кенеледі. Мұқтаж жандарға, жетім мен жесірлерге, қараусыз қалған қарттарға, мүгедектер мен зағиптарға көңіл бөліп, оларға қайырымдылық көмек көрсету де – игілікті іс.

Алла Елшісінің (оған Алланың сәлемі болсын) бір өсиетінде: «Адамдардың жақсысы – елге пайдасы тигендері», – деген. Жабыққанды жарылқау, қамыққанға қамқор болу, Аллаға ұнамды істердің бәрі – құлшылық.

Мұсылманға кедергі келтірген жолдағы затты алып тастау да – садақа. Көршімен тату тұру, имандылыққа шақыру, кешірімді болу, халықты бірлік пен ынтымаққа ұйыту, қанағатшыл болу, бүлікке жол бермеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, көркем мінезді болу, т.б. бұл – Исламның асыл құндылықтары. Біз асыл дініміздің осынау ұлы қағидаттарын қоғамға көбірек паш етуіміз қажет. Иманды қоғам құру үшін баршамыз осындай ізгі, қайырлы қадамдарға бастамашыл болуымыз тиіс.

Қадірменді ағайын!

Алла Тағала қасиетті мұхаррам айында жасаған қайырлы амалдарымызды, игі іс-шараларымызды, тұтқан оразалырымызды қабыл еткей! Жыл басы – мұхаррам айы құтты болсын!

Жаратушы Иеміз бүгінгідей берекелі де бейбіт заманымызды мәңгілік етсін. Мәңгілік елге мәңгілік татулық тұрақтасын деп тілеймін!

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Published in Ғибратнама

Қазақтың мемлекеттілігінің тарихы Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандық құрған кезден басталады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласы активімен кездесу барысында айтты.

Н.Назарбаев келесі жылы еліміз қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын мерекелейтінін айтты.

«Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім ол бүгінгі шекарасындағы,  бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз - бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым-қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн», - деді Қазақстан Президенті.

Казинформ

Published in Жаңалықтар

Ханафи, шафиғи, мәлики, ханбали - осы мәзхабтарлдың барлығы ақиқатта және тура жолда!

Өзімізге өзіміз қырағарлық танытып, дінімізге бүлік сеуіп жургендерге құлақ аспауымыз қажет. Аллаға шүкір біздер, (сүннет ұстанушы мұыслмандардар), әшғари/матуриди ақидасын (сенім), ұстанамыз және де бұл Әхлі сүннет және жамаға ақидасы - біздерге күмәнсіз тізбекпен жеткен.

Неліктен бұл сенімді "әшғарилік" деп атаған? Себебі имам Әбул Хасан Әшғари (имам Матуриди сияқты) Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ақидасын қорғап шыққан, сол себептен де бұл сенім оны (әр заманда пайда болған) сектанттардың бұрмалауларынан қорғаған адамдардың атымен аталған.

Ғалымның шыншыл екендігін анықтау үшін, ең алдымен оның ақидасына көңіл бөлу керек - ол әшғари/матуриди сенімін ұстануы керек.

Екіншісі - ол бір ауыздан мақұлданған төрт сүннеттік мәзхабтың бірін ұстанушы болуы керек.

Ал "мазхабтар қолданған хадистерді зерттей отырып талдау, санақтау керек" деушілерден өте сақ болуыңыз керек, тіпті аяттар мен хадистерді дәлел етіп жатса да. Өйткені олардың түсінулері мен талқылаулары алғашқы үш ғасырлардың ізгілері мен олардан кейінгі ұлы ғалымдардың түсініктеріне қайшы келеді.

Али Джифри, хафизахуЛлах

Published in Ғибратнама

Ханафи, шафиғи, мәлики, ханбали - осы мәзхабтарлдың барлығы ақиқатта және тура жолда!

Өзімізге өзіміз қырағарлық танытып, дінімізге бүлік сеуіп жургендерге құлақ аспауымыз қажет. Аллаға шүкір біздер, (сүннет ұстанушы мұыслмандардар), әшғари/матуриди ақидасын (сенім), ұстанамыз және де бұл Әхлі сүннет және жамаға ақидасы - біздерге күмәнсіз тізбекпен жеткен.

Неліктен бұл сенімді "әшғарилік" деп атаған? Себебі имам Әбул Хасан Әшғари (имам Матуриди сияқты) Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ақидасын қорғап шыққан, сол себептен де бұл сенім оны (әр заманда пайда болған) сектанттардың бұрмалауларынан қорғаған адамдардың атымен аталған.

Ғалымның шыншыл екендігін анықтау үшін, ең алдымен оның ақидасына көңіл бөлу керек - ол әшғари/матуриди сенімін ұстануы керек.

Екіншісі - ол бір ауыздан мақұлданған төрт сүннеттік мәзхабтың бірін ұстанушы болуы керек.

Ал "мазхабтар қолданған хадистерді зерттей отырып талдау, санақтау керек" деушілерден өте сақ болуыңыз керек, тіпті аяттар мен хадистерді дәлел етіп жатса да. Өйткені олардың түсінулері мен талқылаулары алғашқы үш ғасырлардың ізгілері мен олардан кейінгі ұлы ғалымдардың түсініктеріне қайшы келеді.

Али Джифри, хафизахуЛлах

Published in Ақида
Четверг, 23 Октябрь 2014 00:00

Тартысты жарыс

Рухани келісім күнінде Затобол кентіндегі «Астана» спорт сарайында шағын футболдан жарыс өткізілді. Жарысқа ислам және христиан діні нанымындағы азаматтардан құралған төрт команда қатысты.

Доданың ашылу салтанатында Қостанай ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Көпжасаров сөз сөйлеп, атаулы күнмен барша қатысушыларды құттықтады.

– Елімізде жүздеген ұлт өкілдері, әртүрлі дін ұстанушылар бар екенін білесіздер. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында, барлығымыз татулықта, бірлікте өмір сүріп жатырмыз. Бүгінгі ойындарыңыз осы күніміздің айнасы болсын. Бір шаңырақ астында тұратын халық бір команданың ішінде де түсінісіп ойнауға тиіс, – деді Бауыржан Ғалымжанұлы.

Жарысты ұйымдастырушы, Маңдай батыр мешітінің бас имамы Азамат қажы Мұрзақан ережені тағы бір еске салған соң, футбол басталып кетті. Бірінші ойын Қостанай қаласы мешітінің қомандасы және Қостанай ауданының мешіті мен шіркеуінің № 2 құрамасы арасында өтті. Тартысты кездесу соңғысының пайдасына шешілді. Ал, Қостанай облысының құрамасы Қостанай ауданының мешіті мен шіркеуінің № 1 құрамасынан 5:3 есебімен ұтылып қалды. Үшінші орын үшін таласта Қостанай қаласы мешітінің намазхан жігіттері облыстық құраманы 5:4 есебімен жеңіп кетті. Қорытынды көрсеткіштен-ақ ойынның қаншалықты тартысты өткенін бағамдай беріңіз. Финалдың да қызығы драмалық қойылымнан кем түскен жоқ. Қостанай ауданының екі құрамасы да шебер ойын өрнегін көрсете білді. Бірінші таймнан кейін 3:1 болып, № 1 құрама ұтып тұрған, келесі кезеңде олар тіпті жеңіліп қала жаздады. Соңғы минуттарда ғана голдар санын теңестіріп, негізгі уақыт 5:5 болып аяқталды. Кезек пенальтиге келді. Онда да қос құрама біразға дейін беріспеді. Екі қақпашы да тебілген бес доптың біреуін қайтара алды. Төреші қосымша мүмкіндіктерге иек артты. Жетінші мүмкіндікте № 1 құраманың қақпашысы бір допты ұстап қалып, командаластарын қуантты. Айта кетейік, жеңімпаз команданы Маңдай батыр мешітінің бас имамы Азамат қажы Мұрзақан бастап шыққан болатын.

Жарыс соңында қатысушыларға кубок және мақтау қағаздары табыс етілді. № 1 құраманың намысын қорғаған Илья ------------ «жарыстың үздік ойыншысы» атанды.

Аслан ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ

Published in Жаңалықтар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником