Современная наука опровергает убеждения, что Аллах находится буквально «вверху»
Діни қауым басшысы (шейх) Әл-Азхари (Алла оған рахым етсін) былай дейді:
«Сенімді ғылыми деректер Жердің өз айналу білігін айнала қозғалатынын дәлелдеді. Бұл дегеніміз Жер бетінің үздіксіз жылжуына әкеліп отыр, яғни оның осыған дейінгі жоғарғы бетінде болған барлық нәрсе бір мезетте оның төменгі бетінде болады, және де керісінше. Осылай жалғаса да бермек, себебі Жер шары үнемі айналыс жүйесінде.
Ғылым жаңалығымен ашылған жердің кідіріссіз айналып отыру жүйесі, қосалқы талқылауға алынуы мумкін емес, әрі Қасиетті Құран Кәрімге де, Сүннетке де, мызғымас ақида ақиқатының күйіне де қарсы келмесі анық.
Алайда бұған қарамастан, хашавит ақидасын (Алла Тағаланы жаратылысқа ұқсату) ұстанушы бір топ қауым бар, олардың пайымдауымен, Алла Тағала аспан денелері тәрізді, бұл әлемнің материалдық шегінде [қандай да бір (джиха) бөлігінде] орналасқан деседі.
Бұл адамдар, Жердің өз білігінен айналу ақиқатының сенімдеріне төндірген қауіпін сезген олар, шарасыздықтан халықты зерттеу тұрғысынан айнытып, оларға ғылыми зерттеулер жүргізу ақиқат болған діни нанымның ыдырауы мен одан қалса құдайсыздыққа әкелумен қоймай, Алла Тағаланың кейбір қасиеттерін жокка шығарады деп үгіттеумен болды. Ақырында олар өздері масқара болып, күлкіге қалды, себебі Жер айналымы - даусыз ғылыми дәйек еді. Бұл ақиқаттың қабылдануы, тек хашавитер ғана айтатын Алла Тағаланы материалдық сипатта шектеу ақидасын жоя білді. Осыған орай маған Ахмад Дервиш (Аллаһ Өзі жар болсын) ұстаздың мақаласы қатты ұнады. Ол мынау:
Жердің өз білігінен айналу дерегінің хауаріж ақидасын жоққа шығаруы
Хауаріждер бүгінінде үлкен абыржу үстінде, себебі олардың ақидасында көптеген қарама - қайшылықтар бар еді, сондықтан өз ғасырымыздың ғылыми білімі оларды бұзып отыр. Олар бүгінгі таңдағы ғылыммен алаусыздықта, егер билік солардың қолында болғанда, бірде-бір мұсылман Мекке, Мединедегі заманауи ғылымнан ештене зерттей алмас еді. Және оған сенің көзінді жеткізу мақсатында, Абдул-Карим ибн Салих ал-Хамидтің «Хидаятуль хайран филь масаалити ддаваран» («Жердің өз білігінен айналу мәселесінде именгенге арналған нұсқау») («Ас-Сафир» баспасы, ар-Рияд) атты оқулығынан алынған олардың өз сөздерінен айтылған мәліметті ұсынам. Бұл трактат керемет басылып шыққан және өте төмен бағада сатылады (саудиялық 5 риал). Хауариждердің өз нанымдарын қалайша барынша қорғауға тырысып, Жерді айналмайды деуіне көзіңізді жеткізіңіз. Осы кітап беттерінде олар тек жалғыз осы кісі ғана жер айналады деп жатқандай, шейх Әз-Зиднаниді, ашық түрде адасқан деп жариялады. Оқырманым, осы трактаттың үзіндісін өз төрелігіңе ұсынам.
Кітаптың 10-ыншы бетінде былай делінеді:
«Бүгінде мұсылман дұшпаны болған құдайсыз - материалистер, дін ілімін ғылым ілімімен ығыстырып отыр. Бұл дегенің біздің ғасырымыздың сынағы. Заманауи ілімді екі тарапқа бөлуге болады:
1. Шариғат ілімін әлсіретіп, ығыстыруда басым болған ілім (улум мафдуля). Шейхүл-Ислам ибн Таймия, оған Алла Тағаланың рахымы жаусын, былай деді: «Егер басым болған ілім артық (улум фәділді) болған ілімді әлсіретіп, ығыстыратын болса, онда ол тыйым салынған (харам) болады».
2. Дұрыс ақиданы бұзатын ілім, мысалы, Жердің өз білігін айналуы және тағы да сол сияқты деректер - құдайсыздардың ілімі».
Кейін автор ділмарлы түрде, Жер айналымын қабылдау оқиғасын, Ислам ақидасының кушінің жойылуына әкеледі, ал бұл дегенің шүбәсіз жалған деп сендірумен болды. 13-ші бетінде жаңа тарауды ол былай деп айтады:
«Жер айналысының дерегін қабылдау міндетті түрде құдайсыздыққа (немесе Алла Тағаланың белгілерін жоққа шығаруға) апарады».
Бұл атаудың өзі – ақ наразылық тудыруға жеткілікті себеп. Кейіннен автор геологияны пайымдап (25 бет), мынаны мәлімдейді:
«Сондықтан (геологияны зерттеп, тарату кесірінен) осы топтағы адамдар адасушылардың қатарына түсіп, басқаларды да тартуда».
Одан әрі 26 бетінде, ол шейх Әз-Зиднаниді адасушы деп айыптап:
«...және Әз-Зиднаниге құдайсыздық ілімі азғырғаннан соң, ал құдайсыздар діни ілімді ғылыммен ұштастырамыз деп ниеттенген еді, бұларынан түкте шықпады...».
Сонымен қатар автор, былай деп жазды:
«Ибн Қайым (Алла Тағала оны рахымына бөлесін), айтты...»
Демек, Ибн Қайымның айтқаны соңғы сатыда ешкім қарсы келе алмайтын ақиқат болуы міндет пе сонда?
32 – ші бетінде автор:
«Жер айналуының ақиқатына сену, адамның маймылдан жаратылды деген нанымындағы адасушылықтан да бетер үлкен адасушылық...» - деп жария салды.
Талқылаудың қажеті жоқ шығар...
Одан кейін, 33 – ші бетінде, мынадай тақырыпты көзіміз шалады:
«Құран мен Сүннетте келтірілген, Жердің айналуына саятын барлық дәлел– дәйектер аллегориялық жалған тұжырым болып табылады».
Алайда автор, Жер айналмайды деген сөзін қуаттайтын ешбір аят немесе хадис келтірмеген.
Автор өзінің 36–шы бетінде “Жер айналымына сену дегеніміз нені білдіреді” атты тақырыбында былай дейді:
«Жер өз білігін айнала қозғалу ақидасы оны ұстанатындардың өзіндік мақсаты емес, бірақ басқа мақсаттарға жетелейді. Бұл дегеніміз құдайсыздақтан (немесе Алла Тағаланың белгілерін жоққа шығарудан) басталып және сонымен аяқталатын тізбектелген түйін. Сонымен қатар осы ақиданы ұстанушы, Жердің айналу дерегінен туындайтын, нақтырақ айтар болсам, жердің барлық жағынан қоршаған шексіз бос кеңістік қоршап тұрғанына да сенуі қажет».
Бұл тұста мен дәйексөздерді тоқтатып, ақыл – есі бар, ойлау қабілетіне ие жандарға айтарым: Жоғарыда келтірілген барлық дәйексөздер, шүбәсіз ол адамдардың (уаххабия) ақидаларының жалған екенін дәлелдеп отыр, себебі бүгінгі таңда Жердің айналуы мен шар тәріздес болуы ешқандай да дәлелдерді талап етпейді!
Қосымша мағлұмат:
Абдул-Азиз ибн Абдуллах бин Бааз атты шейхта осы тұжырымды бөлісе отырып, өзінің де аз үлесін қосқаны мәлім. "Кімде - кім Жердің Күн айнала қозғлауын табандылықпен құптайтын болса, онда ол діннен безуші болып табылады, сонымен қатар олардың қандарының төгілуіне рұқсат, дүние – мүлкісі мұсылмандар қазынасына тиесілі" деп айтты. Есесіне Ибн Усеймин шыдамдырақ болған еді, оның бар болғаны географиядан беретін ұстаздарға:"Студенттерді оқыту барысында Жердің өз білігін айналу мәселесін қозғамай - ақ қойыңдар" деуі еді.
Авторы: шейх Әл-Азхари.
____________________
Орыс тілінен аударған Azan.kz
Дарульфикр.ру

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі жұмыс бағыттарының бірі – діни мәселелерде пәтуа шығару. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы лауазымды қызметке сайланған сәттен бастап ҚМДБ Ғұламалар Кеңесіне қоғамда көрініс тапқан өзекті діни мәселелерге қатысты дер кезінде пәтуа беруді тапсырған болатын. Солардың бірі – әлем мұсылмандарының алаңдаушылығын тудырған жалған сенімді санаға сіңдіруге тырысқан «Тәкпіршілер» жамағаты. Олар адамдарды сенім мен күпірлік (таухид пен ширк), бірқұдайлық пен серік қосу (иман мен ширк) мәселесінде адастырып, кәпірге шығаруда. «Таза Ислам», «таза Таухид» деген сөздерді бетперде еткен жамағат өкілдері жастарға жарқын болашақты уәде етіп, бүлікке бастайды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2013 жылы 7 қарашада«Тәкпіршілерге» қатысты шығарған пәтуасында «тәкфир – дінге енген жаңалық» екені туралы үкім берілді. Бұл пәтуа бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
Сенімде шектен шыққан тәкпіршілердің әрекеті мұсылманшылыққа мүлдем жат. Діни басқарма Сириядағы соғысқа не үшін барғанын білмейтін, мақсаты айқын емес жастарды мұндай фитнаға (бүлінушілікке) қатыспауға шақырады. Бүгінде Сирия халқы бейбітшілікті орнату шараларына әрі бүкіл мұсылман үмметінің шынайы жанашырлығына мұқтаж. Ондағы зорлық-зомбылық әрекеттер мен даулы мәселелер бейбітшілік жолымен шешілуі тиіс.
Қоғамда көрініс тапқан тағы бір мәселе – жиһад ұғымы. Кейбір адамдар жиһад ұғымын қолға қару алып, соғысқа аттану деп түсінеді. Біріншіден, шариғатымызда имамның (мемлекет басшысының) рұқсатынсыз соғысқа шығуға тыйым салынған. Екіншіден, өзге елдің ішкі мәселесіне араласуына ешкімнің құқығы жоқ. Әр мұсылман мемлекетінің пәтуа беретін ресми діни басқармасы және мүфтиі болады. ҚМДБ-ның жиһад туралы шығарған пәтуасында теріс пиғылды, радикалды ағымдардың арбауында жүрген жастардың Діни басқарманың, ата-ананың рұқсатынсыз өзге елге жиһадқа аттануы дұрыс емес екендігі жайлы үкім айтылды.
Шариғат бойынша хижрат жасаудың шарты, оның үкімі туралы да Діни басқарманың пәтуасы шыққан болатын. Исламдағы бес парызға (иман, намаз, ораза, зекет, қажылық жасау) тыйым салынса, азан айттырмаса, мешіттер түгелімен жабылса және мұсылмандардың мейрамдарын атап өтуге шектеу қойылса, онда мұсылманға өзінің дінін сақтау үшін басқа елге көшуі міндет етіледі. Ал бізде, Құдайға шүкір, зәулім мешіттер күннен-күнге көбейіп, діни мейрамдар кеңінен тойланып келеді. Мәселен, дініміздің жанашыры Елбасының перменімен Құрбан айт мейрамы демалыс күні болып жарияланды. Бұл мұсылмандардың ұлық мерекесіне көрсетілген құрмет деп білеміз.
ҚМДБ-ның хижрат жасау туралы 2013 жылдың 7 қарашасында берілген пәтуасында Исламның негізгі рәміздері мен рәсімдерін атқаруға рұқсат етілген мемлекеттен өзге елге көшуге ешбір қажеттілік жоқ деген шешім шығарылған.
Ершат ОҢҒАРОВ,
ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі
Ғылыми тілде адамның өз-өзіне қол жұмсап өлтіруін суицид деп атайды. Бұл қазірде адамзат қоғамында кең тараған сорақы құбылыс.
Суицид, өз-өзіне қол жұмсау Ислам дінінде ауыр күнәға жатады. Өйткені өзін-өзі өлтіру шариғатта Жаратқанның жазмышына қарсы шыққанмен тең.
قَالَ اللهُ تَعَالَى: ﴿وَلا تَقْتُلُوا أَنْفُسَكُمْ إِنَّ اللَّهَ كَانَ بِكُمْ رَحِيمًا *وَمَنْ يَفْعَلْ ذَلِكَ عُدْوَانًا وَظُلْمًا فَسَوْفَ نُصْلِيهِ نَارًا وَكَانَ ذَلِكَ عَلَى اللَّهِ يَسِيرًا﴾
Алла Тағала былай дейді: «...Және де өз-өздеріңді өлтірмеңдер. Расында, Алла сендерге Мейірбан ғой. Ал кімде-кім дұшпандықпен, зұлымдықпен солай істейтін болса, Біз оны тозақта өртейміз. Олай ету Алла үшін оңай» (Ниса, 29, 30).
Тіршілікте көрген тауқыметі үшін өмірден баз кешіп, өз-өзіне қол салу Құдай Тағаланың қаһарына ұшыратады. Ақыретте үлкен азапқа душар етеді. Дүниеден қалай кетсе, ақыретте сол кейпінде жазаланатын болады.
عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «مَنْ تَرَدَّى مِنْ جَبَلٍ فَقَتَلَ نَفْسَهُ فَهُوَ فِي نَارِ جَهَنَّمّ يَتَرَدَّى فِيهَا خَالِداً مُخَلَّداً فِيهَا أَبَداً، وَمَنْ تَحَسَّى سُمّاً فَقَتَلَ نَفْسَهُ فَسُمُّهُ فِي يَدِهِ يَتَحَسَّاهُ فِي نَارِ جَهَنَّمَ خَالِداً مُخَلَّداً فِيهَا أَبَداً، وَمَنْ قَتَلَ نَفْسَهُ بِحَدِيدَةٍ فَحَدِيدَتُهُ فِي يَدِهِ يَتَوَجَّأُ بِهَا فِي نَارِ جَهَنَّمَ خَالِداً مُخَلَّداً فِيهَا أَبَداً«. رَوَاهُ البُخَارِيُّ، وَمُسْلِمٌ.
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.) былай дейді: «Кімде-кім таудан құлап, өзін-өзі өлтірсе, ол жәһәннам отында мәңгі-бақилыққа құлайды. Кімде-кім у ішіп, өзін-өзі өлтірсе, жәһәннам отында мәңгі-бақи сол уын қолына ұстап ішіп тұрады. Кімде-кім өзін-өзі темірмен өлтірсе, жәһәннам отында сол темірі қолына ұстап өзін-өзі мәңгі-бақи ұрғыштап тұрады». (Бұхари мен Мүслім риуаят еткен).
Адамның өмірі қандай болмасын, басына қандай қиындық түспесін, өзіне қол жұмсамақ түгілі, өлім тілеуіне де болмайды. Өйткені адамның жаны, тәні, өмірі – Жаратушы тарапынан берілген аманат.
عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ:»
لاَ يَتَمَنَّيَنَّ أَحَدُكُمُ الْمَوْتَ إِمَّا مُحْسِنًا فَلَعَلَّهُ أَنْ يَعِيشَ وَيَزْدَادَ خَيْرًا وَهُوَ خَيْرٌ لَهُ وَإِمَّا مُسِيئًا فَلَعَلَّهُ أَنْ يُسْتَعْتَبَ.« رَوَاهُ النَّسَائِيِّ.
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Сендердің біреулерің өзіне өлім тілемесін. Бәлкім, егер ол жақсы пенде болса, ұзақ өмір сүріп, жақсылығы көбейе түсер, сөйтіп, (өмір) ол үшін жақсы болар. Бәлкім, егер жаман адам болса, жамандығынан қайтарылар». (Нәсәи риуаят еткен).
Қоғамымызда орын алып жатқан осынау сорақы қылмыстың ең басты себебі иманды тәрбиенің жетімсіздігі екендігіне куә болып жүрміз. Иман болмаған жерде күдік пен күпірдің қатар жүруі заңдылық. Иманы әлсізді албасты шайтан азғырып, тура жолдан тайдыруға тырысады. Ақыры дегеніне көндіріп, өз тобының қатарына кіргізеді. Өйткені Ібілістің басты мақсаты адамзатты адастырып, торына түсіру болатын.
قَالَ اللهُ تَعَالَى: ﴿ثُمَّ لآتِيَنَّهُمْ مِنْ بَيْنِ أَيْدِيهِمْ وَمِنْ خَلْفِهِمْ وَعَنْ أَيْمَانِهِمْ وَعَنْ شَمَائِلِهِمْ وَلا تَجِدُ أَكْثَرَهُمْ شَاكِرِينَ﴾
Алла Тағала былай дейді: «(Ібіліс айтты): Сосын мен (адамзатты адастыру үшін) алдарынан, арттарынан, оң жақтарынан, сол жақтарынан келетін боламын да, Сен олардың көпшілігінің шүкірлі болмағанын көретін боласың» (Ағраф, 17).
Алланың елшісі (с.а.с.) өз кезегінде әрбір мүмін пенденің имани жағынан күшті болуын талап етеді. Тіршіліктегі тақуыметтер мен қателіктер үшін торығу мен түңілуге салынып, өмірден баз кешіп, үмітсіз шайтанға ұқсауға болмайтындығын ескертеді.
عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «اَلْمُؤْمِنُ الْقَوِيُّ خَيْرٌ وَأَحَبُّ إِلَى اللهِ مِنَ الْمُؤْمِنِ الضَّعِيفِ، وَفِي كُلٍّ خَيْرٌ، اِحْرِصْ عَلَى مَا يَنْفَعُكَ وَاسْتَعِنْ بِاللهِ وَلاَ تَعْجِزْ، وَإِنْ أَصَابَكَ شَيْءٌ فَلاَ تَقُلْ: لَوْ أَنِّي فَعَلْتُ كَانَ كَذَا وَكَذَا، وَلَكِنْ قُلْ قَدَّرُ اللهُ وَمَا شَاءَ فَعَلَ، فَإِنَّ «لَوْ» تَفْتَحُ عَمَلَ الشَّيْطَانِ». رَوَاهُ مُسْلِمٌ.
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай деген: «Күшті мүмін Алла үшін әлсіз мүміннен гөрі қайырлы әрі сүйікті. Алайда әрқайсысында да қайырлылық бар. Сондықтан да өзіңе пайда әкелетін нәрсеге тырысып, Алладан көмек сұра, әлсіздік танытпа. Егер бір нәрсе болып қалса «егер былай істегенімде олай болмас еді» деме, «Алла солай мөлшерледі, қалағанын қылды» деп айт. Расында «егер» сөзі шайтанға жол ашады». (Мүслім риуаят еткен).
Өмірде қандай қиындық көрсе де, Тәңірден күдер үзбей, тәуекелшіл бола білу, жақсылықтан үміт ету нағыз мұсылмандық қасиет. Ақын Майлықожа айтқандай:
Адамның күні бар ма сыналмаған,
Бақ тайса мал менен бас құралмаған.
Күніне тоқсан түрлі көрсең пәле
Сонда да күдер үзбе бір Алладан!
Дәстүрлі Ислам туралы
Ислам мекен мен уақытқа тәуелді емес. Дейтұрғанмен, әр халықтың ұзын-сонар тарихы, өзіне тән ұлттық құндылықтары болады. Бұл – Алланың хикметі.
Біз не үшін дәстүрлі Ислам деген терминді қолдануға мәжбүр болдық? Исламды дәстүрлі, дәстүрлі емес деп бөлу қандай қажеттіліктен туды? Дінді ұстанудың жолы осы екен деп, қалай еліктесек те, бәрібір араб бола алмаймыз. Түбіміз түрік дегенмен, салтымыз бен санамыз басқа. Пәкістанның, ауғанның киімін кисек те, пуштун болу қолымыздан келмейді. Өйткені, біздің сан ғасырлық сара жолымыз бар. Біз дала заңына бағынған халықпыз. Менталитетімізге мейлінше жақын дәстүрлі дініміз Исламнан қуат алған ұлтпыз. Көпшілік қауым қош көрген ұғымдар мен әдеттердің жиынтығын дәстүр дейміз. «Дәстүрлі Ислам» деп мұсылман үмбетінің басым көпшілігі, соның ішінде әйгілі ғалымдардың ұстанып келген, сонау ардақты Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дәуірінен бүгінгі күнге дейін үзілмей жалғасып жатқан діни жолды айтамыз. Намазды айтпағанда, жайнамаз, тәспінің өзін қастерлеген кешегі батагөй ақсақалдарымыздың, ақ жаулықты аналарымыздың жолы. Қажылыққа барған кісі қасиетті Меккеден «тәбәрік» әкелсе, балаша қуанатын, қонағын құрметтеп, ұрпақ үшін ұдайы дұға қылатын ата-бабалардан қалған сар жол – дәстүрлі Ислам неге бүгін кәдемізге «жарамай» қалуы тиіс? «Таза Исламды» ұранға айналдыру кім үшін керек? Мың жылдан астам тарихы бар, дала заңы демократиясының негізі саналған дініміздің құқықтық мектебі – Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы жұртымыздың жүрер жолы болған. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы дәстүрлі Исламды насихаттайды және бірлігімізді нығайта түсу үшін мұсылман жамағатын Әбу Ханифа мәзһабын ұстануға шақырады. Діни сенім бостандығы туралы заңымызда да төл мәзһабымызға айрықша мәртебе берілді.
Жастар туралы
Жастарымыз көпшіл, мемлекетшіл, ұйымшыл, қоғамшыл болса, жақсы отбасы құрса дейміз. Олар әсіре діншіл болмаса екен. Біз жастардың қоғамнан бөлініп қалмауын барынша қадағалауымыз қажет. Уағыздарымызда осы қоғамда өмір сүрген соң халықтың бүгінгі жағдайымен, салт-дәстүрімен санасу қажеттігін айтамыз. Иә, дінге білімсіз келген жастарға көркем насихат керек. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жат ағымның жетегіне кеткен жастарға қатысты ұстанымы осындай. Кінә тағып, қоғамнан бөліп тастаған оңай шаруа, әрине. Ол біздің баламыз, бірімізге іні, бірімізге бауыр емес пе? Қамқорлық қажет-ақ. Қоғамнан жылу сезінген бала бүгін адасса, ертең қайта айналып, қазығын табады.
Дәстүрлі емес Ислам дегеннен шығады, Қостанайда өкіл имам қызметін атқарып жүргенде, имамға бағына бермейтін бір азамат болды. Енді не істеу керек? Ұрысу, күшпен бағындыру, талап ету – біздің ұстанатын жол емес. Дін – нәзік дүние. Адам дінге жүрек қалауымен келеді. Сонымен, имам әлгі жігітті дәстүрлі дінге қанағаттандыру жолдарын қарастырды. Тек сөзбен емес, амалмен. Қайғысы мен қуанышына ортақтасты, қолдан келгенше отбасына көмектесті. Күндердің күнінде бала-шағасы имамды жақсы көре бастады. Діни сенімде көзқарасы қатайып кеткен жігіттің үйіне барған сайын азық-түлік, балаларына киім-кешек үлестірді. Кәмпит беріп, көңілдерін аулады. Балалары имамды көрсе: «О-о-о, дядя имам келе жатыр», – деп қуанатын. Бәріміз ет пен сүйектен жаралған пендеміз ғой. Адам әсерленбей тұрмайды. Сонымен шынайы ниет пен жүйелі амалдың арқасында қатайған жүрек жібіді. Жігіт қатарымызға қосылып, қазір көзқарасы дұрыс, Әбу Ханифа мәзһабын ұстанатын намазхан. Ислам – кешірім діні. Даналық, кешірім жолын ұстансақ, ағым деген ағып өте шығатын дүние. Олардың жүрегіне жол таба білсек, түбі ортамызға оралатынына сенемін.
Дін мен дәстүр туралы
Дін мен дәстүр – қос қанатымыз. Бұл екеуі бірінсіз бірі жүре алмайтын өте жақын ұғымдар. Алла өз пенделерін ұлттарға, ұлыстарға бөліп жаратқан. Қаласа, бүкіл адамдарды бір ғана ұлт етіп жаратар еді. Ұлтты өзгелерден ерекшелеп тұратын басты құндылығы, ол – дәстүрі. Өзіндік дәстүрі, мәдениеті жоқ ұлт болмайды. Араб, парсы, түрік, ағылшын болсын, өзбек, қырғыз, қазақ болсын, бәрінде де бірінен бірін ерекшелендіріп тұратын дәстүрлері болады. Ол әр ұлттың ішер асынан, киген киімінен, қонақ күтуінен, мереке тойлауынан, бала тәрбиесінен, үйленіп, шаңырақ көтеруінен көрінеді. Ал біздің діни құндылықтарымыз дәстүрімізбен бітеқайнасып кеткен. Тіпті, мұсылмандық мінездер дәстүріміз арқылы бойымызға дарып, қанымызға сіңіп кеткен десек те артық болмас еді. Мысалы, қазақта үлкен тұрғанда кіші сөйлемейді. Отбасында ең қадірлі адамдар – ата-ана. Өзі жемеген тәттіні қазақ қонағына сақтап отырады. Осы секілді дәстүрлеріміз өте көп.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз қызметі аясында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен 2014 жылды «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялады. Жыл басында «Дін мен дәстүр» кітабын шығардық. Алла бұйырса, жуырда екінші нұсқасы оқырмандарымыздың қолына тиеді. ҚМДБ-ның «Хикмет» телерадиостудиясы «Дін мен дәстүрдің» аудио нұсқасын әзірлеп шығарды. Осының бәрі халық өзінің діні мен дәстүрінен ажырап қалмаса екен деген игі тілектен туып жатқан дүниелер.
Қажылық туралы
Қажылық – мұсылмандардың қаржымен, дене қуатымен жасалатын ерекше бір құлшылық түрі. Жағдайы жеткен мұсылман өмірінде бір рет қажылық жасаса, парызын орындаған болады. Бір емес, бірнеше рет бару – әр адамның өз еркі. Қасиетті Қағба, Мекке мен Мәдина қалалары мұсылманды өзіне әрдайым құштар етіп тұрады.
Ислам – қайырымдылық діні. Асыл дініміз өзгелерге жәрдем беруге шақырады. Биыл еліміздің бір кәсіпкер азаматы 40 адамның қажылығына демеуші болды. Бірақ бізге бір өтінішін білдірді. «Қаражаты жоқ, ауылдағы мешітте имамдық қызмет етіп жүрген молдаларды жіберсеңіздер», – деді. Айлық алмаса да мешіт ұстап отырған ақсақал молдалар көп. Кәсіпкер ағамыздың шарапатымен биыл 40 ауыл имамдары қажылық парызын өтеді. Ол кісіге Алла разы болсын. Осындай қайырымды адамдар көбейсе дейміз.
Қажылық – туристік немесе атақ-абыройға кенелу сапары емес. Қажылыққа сән үшін, «қажеке» деген атақ үшін бару дұрыс емес. Ол Алла мен пенде арасында болатын айрықша бір құлшылық.
Қажылыққа жыл сайын баратын ағаларымыз жағдайы төмен азаматтарға көмек берсе, олардың қажылыққа баруына себепкер болса, сауапқа кенелер еді. Бір адамның қажеттілігін өтеудің сауабы мол. Көршісі аш отырғанда, бірнеше рет қажылыққа бармай, сол бауырларының қамын ойласа, нұр үстіне нұр болар еді.
Қажылыққа қатысты тағы бір мәселе: қасиетті жерге барып келген кейбір бауырларымыз білместікпен баяғы әдетіне салып, Аллаға ұнамсыз әрекеттерге бой алдырып жатады. Халық арасында олардың шариғатқа қайшы амалдары туралы әңгімелер айтылып қалуда. Бұл нені көрсетеді? Қажы болып келу Алла алдында ғана емес, халық алдында да жауапкершілігі жоғары құлшылық. Мұсылмандар қажы атағына лайық өмір сүрмесе, қажылық деген ұлық құлшылықтың қадірі мен қасиеті қаша бастайды.
Бірлік туралы
Біз «әһли сүнна уал жамағат», яғни пайғамбарымыздың және сахабалардың (көпшіліктің) жолын ұстанушы үмбетпіз. Қажылық, құрбандық, жамағатпен оқылатын намаздар, т.б. игі амалдар мұсылмандарды бірлікке тәрбиелейді. Әбу Зарр (р.а.) риуаят еткен өсиетті сөзінде пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
«Кімде-кім көпшіліктен бір сүйемдей болса да ажыраса, мойнындағы Ислам жібін шешіп тастағаны», – деп, көпшілікпен болудың маңыздылығын айтқан. Асыл діннен қуат алған халқымыз: «Көппен көрген ұлы той», – деп, ұрпақты ұйымшылдыққа тәрбиелеген.
Мұсылманшылық – адам қаласа істейтін, нәпсіге ауыр келсе, тастай салатын саудагердің заты емес. Мұсылман деген атына жараса дін әмірін толығымен мойындап, шамасы келгенше орындау шарт. Хазіреті Омар (р.а.) хұтпа оқып тұрып, сөзінің арасында Алла елшісінің (с.ғ.с.):
«...Жамағатпен болыңдар! Бөлінуден сақтаныңдар! Әлбетте шайтан жалғыз жүргенмен бірге, шайтан екеуден алшақтау жүреді. Кімде-кім жәннаттың төрін қаласа, жамағаттан ажырамасын...», – деген сөзін мінберде тұрып қадап айтқан.
Алла Тағала баршамызды ауызбіршілігімізден айырмасын. Тәуелсіз еліміздің егемендігі баянды, мұратымыз асыл, дұғамыз қабыл болғай!
Серікбай қажы ОРАЗ,
наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы
Жуырда қазақстан қажылар қауымдастығы облыстық филиалының құрамындағы қажылар қостанай балалар психоневрологиялық интернатында тәрбиеленіп жатқан ұл мен қыздарға қайырымдылық көмек көрсету мақсатында қаржы жиналған еді.
Осы қаржыға қаржыға сыйлықтар сатып алынды. Оны облыстағы беделді ақсақал, аталмыш филиалдың басшысы Жақсылық Ғайсин бастаған қажылар интернатта болып, салтанатты түрде тапсырды.
Облыстық «Марал ишан» мешітінен келген кісілерді ұжымдағылар жылы қарсы алды. Интернат директоры Нәзира Игілікқызы аға буын өкілдеріне шын жүректен шыққан алғысын білдірді.
Балалар өздерін ерекше қуанышқа бөлеген қонақтарға концерт қойды.
Қажылар қауымы да балалардың жүзіндегі шынайы ризашылыққа тәнті болды.
ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Үстіміздегі жылғы Құрбан айт мерекесі қарсаңында жергілікті зиялы қауым өкілдеріне, ақын-жазушыларға, танымал өнер иелеріне, мемлекеттік қызметкерлерге, мекеме басшыларына, журналистерге, жалпы дін жанашырларына мейрамға байланысты құттықтау хаттары жіберілді.
Биыл да Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітіне халық көп жиналды.
Жұртшылық алдында облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов сөз сөйлеп, барша жұртшылықты Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтады.
Мешітте намаз оқылып, әруақтарға Құран бағытталды. Үлкен айттың ерекшелігі жөнінде жан-жақты айтылды.
Содан кейін облыс басшысы бастаған бір топ азаматтардың атынан Затобол кентіндегі арнайы орында Құрбандық шалынды.
Құрбандыққа шалынған 110 қой, 4 сиыр бір жерде сойылып, 370 күн көрісі төмен отбасылары мен көмекке мұқтаж жандарға бөлініп берілді. Сөйтіп, олар өздеріне қайырымдылық жасаған азаматтарға шын жүректен ризашылығын білдірді.
«Дін және дәстүр» жылына орай Құрбан айт мерекесі кезінде облыстағы мешіт аулаларында дастархан жайылып, киіз үйлер тігілді. Ұлттық нақыштағы ойын сауықтар ұйымдастырылды.
Сондай-ақ облыс орталығындағы «Думан» мейрамханасында ақсақалды қарттар мен ақ жаулықты аналарымызға лайықты құрмет көрсетілді
Құрбан айт мерекесі облыстың барлық аудандары мен қалаларындағы мешіттерде өз деңгеінде өтті.
ҚМДБ-ның Қостанай
облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі
Күллі әлем мұсылмандары асыға күтетін атаулы мерекелердің бірегейі –Құрбан айты. Асыл дініміз Исламда бұл айтулы мерекенің алар орны ерекше. Қасиетті Құрбан айт барша халықтың бірлігін күшейтіп, өзара бауырластықты арттырады.
Биылғы жылы Дінбасымыз Ержан қажы Малғажыұлы хазірет «Дін мен дәстүр» жылының аясында Құрбан айтты атап өтуді бекіткен болатын.
Осы орайда Арқалық қаласында биылғы «Құрбан айт мерекесі» ерекше өткізілді. Мешітте әдеттегідей айт намазы оқылған соң, мешіттің бас имамы Бектұрсын Уәлиев Дінбасымыздың құттықтауын оқып, құрбандық және қайырымдылық жайында уағыз айтты.
Сондай-ақ қала басшылығы да мерекеге арнайы келіп, әкім Ғазиз Бекмұхамедов жамағатты мерекемен құттықтап, еліміздің баянды, халықтың ынтымақты болуы жөнінде өз пікірін білдірді.
Намаздан соң құрбан шалу рәсімі жалғасып, әкім бастаған топ өкілдері құрбандыққа ірі қара мал шалды. Шалынған құрбандықтар әлеуметтік қорғау мекемесінің берген тізімі бойынша, күн көрісі төмен жандар мен көп балалы жанұяларға мешіт тарапынан үлестірілді.
Бұдан соң мерекелік іс-шара «Қайрат» спорт кешенінде өз жалғасын тапты. Мұнда жасөспірімдер арасында және жасы қырықтың қырқасынан асқан палуандар арасында қазақша күрес болды. Сонымен қатар ұлттық ойындардан – арқан тартыс, өгіз тартыс сайыстары өткізілді.
Аталмыш спорттық додалар еш дайындықсыз келген көпшілік ішінен шыққандықтан болар, ол сондай тартымды әрі қызықты өтті. Түйе палуанға қой сыйлыққа тартылса, бірінші, екінші орынды иеленген жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен арнайы марапат көрсетілді. «Құрбан айт – құтты мереке» атты шағын концерт қойылып, тағылымды жыр-термелер мен патриоттық әндер шырқалды.
Мерейлі мерекені тамашалаған үлкен-кіші жамағаттың баршасына айт дәмі ретінде ыстық шәй, бауырсақ пен палау берілді. Мешіт ұжымының ұйымдастырған игі істеріне қала тұрғындары шынайы ризашылық танытты.
Қалалық мешіт имамының айтуынша, мұндай игі істер әсіресе, жастар арасында көп өткізілуі қажет. Жастарымыздың өзгелердің бізге жат әдеттеріне еліктемей, өз ұлтымыздың құндылықтарын бағалап, салт-дәстүрімізді жаңғыртып, бабаларымыз ұстанып келген дәстүрлі дінімізді дәріптеуге зор септігін тигізеді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
Денисов ауданындағы «Жұма» мешітінің халыққа қызымет атқарып жатқанына жирма жылдың жүзі болды. Осы аралықта діни мерекелерде аудан әкімшілігі, селолық округтың әкімшілігі, аудандық мәдениет үйінің қызыметкерлері, кәсіпкерлер атсалысады. Биылғы Құрбан айтында ауданымызға белгілі кәсіпкер Омаров Төребек мешітімізге ерекше сый жасады, ол мешітке өз отбасының мүшеренің атына компьютер сыйлады. Ендігі күнде мешіт интернет жүйесіне қосылып, жаңалықтарды, облыстық мешітпен электронды хат алысып тұратын болады. Осындай сый жасаған Төребек азаматымызға отбасына амандық, деніне саулық, балаларымен немерелерінің қызығын көре беруін Алла Тағаладан тілейміз.
«Жұма» мешітінің
Бас имамы Ыбырай Ерік Қожахметұлы.