Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар

Ескерту: Қазақстан меішттерінде алғашқы тарауық намазы Алла қаласа, маусым айының 27-сі күні, құптан намазынан соң басталады.

Қазіргі уақытта әр күн иманның болмаса амалдың әлсіз жеріне пышақ ұратын жаңа бүлікке жолығып отыратын болдық. Соңғы он төртінші жүз жылдықта Ислам үмметі тарауық намазын 20 ракағат етіп оқып жүр. Бірақ, жаңадан қоғамға енген «ағымдар» он төрт ғасыр бойы үммет Пайғамбар(оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) сүннетінен алыстап, ешқандай шариғат дәлеліне негіздемей тарауық намазын 20 ракағат етіп оқып жүргендей, тарауық намазы тек 8 ракағат деп жариялап жүр.

Тарауық намазының құндылығы

Абдулла ибн Аммар (оған Алла разы болсын) Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Абдулла ибн Амр арқылы жеткен хадисте: “Ораза мен Құран Қиямет күні құл үшін шапағатшы болады. Ораза тұрып: “Раббым! Тағам мен шаһуаттынан тыйдым, мені ол үшін шапағатшы ете гөр”,-дейді, Құран болса: “Түнгі ұйқысынан бөлдім, мені ол үшін шапағатшы ете гөр”,-дейді. Сөйтіп екеуі шапағаты қабыл болып, ол адамға мейірімге бөленеді”,-делінген. (Байхаки)

Әбу Саид әл- Худри (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Рамазан айының алғашқы түнінде аспан есіктері ашылады да, олардың ешқайсысы Рамазанның соңғы түніне дейін жабылмайды. Рамазан айының кез келген түнінде оқыған намазындағы әрбір жасалған сәжде үшін 1500 сауап жазылады. Және де Алла Тағала оған жәннатта әрбір есігі сарайға апаратын алтыннан жасалып, корундпен әшекейленген 60.000 есіктен тұратын лағылдан үй тұрғызып береді. Егер ол адам Рамазан айының бірінші күні ораза тұтса, оның өткен күнәлары кешіріліп, ол үшін әр күні 70.000 періште таңнан кешке дейін күнәларының кешірілуін сұрайды. Рамазан айында түнде болсын, күндіз болсын жасаған әрбір сәждесі үшін оған жәннаттан ағаш егіледі, оның көлеңкесінен атты адамның өзі 500 жыл дегенде шауып өтеді». (Байхаки. Тағриб)

Салман (оған Алла раыз болсын) былай дейді: «Шағбан айының соңғы күні Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын)бізге былай деді: «Ей, адамдар, ұлы және қасиетті ай жақындады, төбелеріңе көлеңкесі түсті. Бұл айда мың айдан да қайырлы Қадір түні бар. Алла сол қасиетті айдың күндізінде оразаны парыз қылды, түндерінде нәпіл намазын заңды қылды. Бұл айда үлкенді кішілі жақсылық жасаған адам басқа айларда бір парызды орындағандай сауап алады. Бұл айда бір парызды орындау — басқа айлардағы жетпіс парыз болып есептеледі. Бұл ай – Алла үшін аштық пен шөлдің, құлшылық пен тағаттың машақаттарына сабыр мен төзімділіктің айы. Сабырдың қайтарымы – жұмақ. Бұл ай – жәрдемдесу айы. Бұл ай – мүміндердің ризығын арттыратын ай. Бұл айда кім ораза тұтқан мүмінге аузын ашатын бір нәрсе беретін болса, жасаған бұл ісі күнәларының кешірілуіне және тозақтан құтылауына себеп болады. Ораза тұтқан адамның сауабы азаймастан соның алатындай сауабына ие болады», -деді».

Бұл хадис тарауық намазының Алладан келген әмір екендігін білдіреді. Әһли Сүннет ғалымдары бір ауыздан тарауық намазын сүннет деп тапқан.

Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) және сахабалар (оларға Алла разы болсын) заманындағы тарауық намаз

Ибн Аббас (оған Алла разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Рамазан айында 20 рәкағат тарауық намазын оқып, артынан үтір уәжібті оқығанын жеткізеді. (Бахаки және Ибн Аби Шайбаның Мүсәннафы).

Убай ибн Каъб (оған Алла разы болсын) тарауық намаздарында имам болып 20 ракағат және де 3 ракағат үтір намазын оқыған.

Омар (оған Алла разы болсын) имамдарға тарауық намазын жамағатпен бірге 20 ракағат қылып оқуды бұйырған.

Ғалымдардың көзқарастары

Имам Қуртуби (оған Алла разы болсын): «20 ракағат таруық намазы мен 3 ракағат үтір намазы – ең сенімді риуаят».

Имам Науаи (оған Алла разы болсын) былай дейді: «Тарауық намазы – бір ауыздан мұсылманның сүннеті. Ол 20 ракағаттан тұрады».

«Соңғы жүз жылдықта ғойр муқалладиндер, яғни ешқандай мазһаб ұстанбайтын адамдар көтерген айқай- шу бұрын- соңды болған емес. Омардың (оған Алла разы болсын) заманынан бері бұл адамдардың тобы пайда болғанға дейін әлемде тарауық намазын 8 ракағат етіп оқыған мешіттер болған емес...»(Мәуләна Хабиб-ур- Рахман Азми)

Қауіпті адасушылық

Тарауық намазы 8 ракағат дегенді жақтаушылар Айша анамыздың (оған Алла разы болсын) Бұхардің жинағанда келген мына хадисін келтіреді: «Рамазан айныда болсын, өзге айларда да болсын Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) түнгі намазын ешқашан он бір ракағаттан артық оқыған емес».

Бұл келтірген хадисте Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) сегіз ракағат және үш ракағат үтір уәжібті оқыды деп айтылып тұрса еді, бірақ «өзге айларда да» деген сөз, тарауық намазына емес, тахаджуд намазына қатысты айтылып тұрғанын көрсетеді. Имам Бұхаридың өзі тарауық бөлімінде бұл хадисті басты тақырыбына қоспаған. Осының өзі бұл хадистің тарауыққа емес, тахджудке қатысты екендігіне нақты дәлел болып табылады.

Хазіреті Омар (оған Алла разы болсын) халифа болып тұрған кезінде, тарауық намазы жоғалып кетпес үшін мешіттерде жамағатпен оқуды бұйырған. Ол ракағаттар санын өз ойынан шығарған жоқ. 20 ракағаттан тұратын тарауық намазын Омардың (оған Алла разы болсын) дінге енгізген жаңалығы деп есептеу, Омардың (оған Алла разы болсын) және оған ілескен өзге сахабалардың (оларға Алла разы болсын) беделіне нұсқан келтіру.

Орыс тілден аударылған Azan.kz
Askimam.ru
Published in Ғибратнама

Published in Фиқһ
Пятница, 27 Июнь 2014 00:00

Астанада жаңа мешіт ашылды

Бүгін Елордамыздағы құлшылық ордаларының қатары тағы бір мешітке артты. «Пригородный» тұрғын үй алабындағы Арнасай көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында орын тепкен әсем мешіттің ашылу салтанатына еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысып, оның елордадағы сегізінші мешіт екенін атап өтті.

– Мешіт елордамызға келетін қонақтар үшін қолайлы. Болашақта бұл мешіт тек ізгілік пен бірліктің құтты мекені болады деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, қасиетті Рамазан айы қарсаңындағы игілікті шараға ҚМДБ-ның төрағасы, мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен найб мүфти, "Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы Серікбай қажы Ораз қатысып, жаңа мешіттің дін жолындағы жұмысына сәттілік тіледі.

Қасиетті жұма күні жұртшылық игілігіне пайдалануға берілген «Әлжан ана» мешітінде бүгін алғаш рет азан шақырылып, жамағатпен жұма намазы оқылды. Жаңа мешіттің бас имамы болып тағайындалған Мұқатай Ермек Тасболатұлы имамдыққа шығып, жаңа жұмысындағы алғашқы қызметін орындады.

Жалпы аумағы 1 087 шаршы метрлік әсем мешітте бір мезгілде 1500 адамға дейін құлшылық ете алады. Қабырғалары шығыс стиліндегі суреттермен безендіріліп, еденіне керамогранит тақталар төселген. Сондай-ақ, мешіт ғимараты экологиялық тұрғыдан таза саналатын, жылусақтағыш қабырға материалынан тұрғызылған.

001

002

003

004

005

006

Muslim.kz

Published in Жаңалықтар
Пятница, 27 Июнь 2014 00:00

ОРАЗАНЫҢ ҚАДІР-ҚАСИЕТІ

«Ораза» сөзі парсы тіліндегі «руза» сөзінің қазақ тіліне енген түрі. Араб тілінде бұл ғибадаттың түрі «саум» және «сыям» деп аталады. Ал «саум» сөзінің тілдік мағынасы: бір нәрседен аулақ болу, шектелу, тыйылу. «Лисанул-араб» атты араб тілінің түсіндірме сөздігінде: «саум – тамақтан, сусыннан, үйленуден және сөйлеуден тыйылу» деп берілген.

Шариғатымызда ораза тұту Аллаһ разылығы үшін ниет етіп, шынайы таң атқаннан күн батқанға дейін оразаны бұзатын нәрселерден оразаның белгіленген шарттарын орындай отырып, тыйылуды білдіреді. Самура ибн Жундуб (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ Елшісі (с.ғ.с.): «Сендерді сәресіден (таң сәулесі) былай жалпақ болғанша Биләлдің азаны және көкжиектегі тік ақ (сәуле) азғырмасын (тыймасын)»,-деді»,-деген. Хаммад: оны қолымен көрсетіп: «Яғни жалпағынан»,- деп айтқан. Себебі Биләл (Аллаһ оған разы болсын) ұйықтап жатқан адамдардың таң намазына дайындалуы үшін оянсын және түнде намазға тұрып, ғибадат ететіндер таң намазы уақытының жақындағанын білсін деп, таң намазы кірместен бұрын азан шақыратын болған. Сондықтан Аллаһ Елшісі (с.ғ.с.) Биләлдің таң атпай тұрып, азан шақыратындығын ескерткен.

Ораза Хазреті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Мәдинаға һиджратынан бір жарым жыл кейін шағбан айының оныншы жұлдызында парыз қылынған және Исламның бес негізінің бірі болып табылады. Аллаһ Тағала бұл жөнінде былай бұйырған: «Ей иман келтіргендер! Бұрынғыларға (үмметтерге) ораза парыз етілгендей сендерге де (Рамазан айында ораза ұстау) парыз етілді». («Бақара», 183)

Осынау құлшылықтың қадір-қасиетін Рамазан айында тұтылатын міндет оразадан бастағанымыз жөн болар. Былай жасауымыздың да өзіндік бір себебі де бар. Өйткені ораза тұтылатын Рамазан айы – рухани нәрге, иләһи сыйларға, молшылыққа толы мүбәрәк ай. Адамзат баласы осынау айда қол жеткізген сансыз игіліктерінің қадір-қасиетін еске түсіреді. Сонымен қатар жалған бұл дүниелік ләззәттардан бет бұрып, мәңгі болған рахаттарға жетудің сыры Хақ Тағала бұйырған ораза игілігімен көрініс табады.

Ораза ұстау парыз амалы болғандықтан, оны ұстаған адам жүктелген міндеттен құтылады және сол үшін зор сауапқа кенеледі. Себебі Аллаһ Тағала нәпіл амалдарға қарағанда парыз амалдарына көп сауап береді.

Аллаһ Елшісі (с.ғ.с.): «Пендем маған Өзім оған парыз еткеннен артық Мен үшін ең сүйікті амалмен жақындамаған ...»,-деген. (әл-Бухари)

Оразаның ең маңызды ерекшелігі мен оның негізгі мақсаты – адамның нәпсісін игеруге, тәрбиелеуге көмектеседі. Адамның ерік жігерін, күшін арттырады. Таң атқаннан күн батқанға дейін тамақ, сусын секілді нәрселерден нәпсісін тежей білген адам кез келген сәтте күнәлі істерден де нәпсісін ауыздықтай алады. Ораза тұту адамды ұстамдылыққа, сабырлылыққа, сөзіне берік әрі ісіне ұқыпты болуға тәрбиелейді.

Сонымен қатар Аллаһ Тағала оразаны басқа ғибадаттардан ерекшелеп, оның сауабының қаншалықты екендігін Өзі ғана білетіндігін айтқан. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ Елшісінен (с.ғ.с.) риуаят еткен құдси хадисте: Аллаһ: «Адам баласының оразадан басқа барлық амалы өзі үшін. Ал (ораза) Мен үшін болғандықтан, оның сауабын өзім беремін»,-деген. (әл-Бухари)

Адам баласы ораза арқылы табанды да қанағатты, өз хәліне разы болатындай салмақтылық және сабырлылық сияқты көркем мінездерге жетумен қатар кедей, мұқтаж кісілердің бойынан табылатын ашығу сияқты әлсіздік сезімдерін де басынан кешеді. Сонда ол өз қолындағы игіліктердің қадірін біледі де жарлы-жақыбайлардың ахуалдары жайлы ойланып, оларға деген мейірім құшағын ашып, қол ұшын бере бастайды. Өйткені ораза ұстаған адам ары кеткенде тек жарты күн ғана ашығып, сусынсыз жүреді. Ал жоқшылық өмірін сүріп жүрген кісілер болса, күні-түні аш-жаланаштықтың күйін кешеді. Бұл айтылғаннан оразаның қоғамдағы байлар мен кедейлердің бір-біріне деген қарым қатынастарын жақсартып, жанашырлық сезімін оятатынын көреміз.

Сондай-ақ ораза адам баласының шүкіршілік сезімдерін жандандыратын сондай бір ерекше Жаратушымыздың әмірі. Осы ерекшелігімен ораза қоғамдағы көпшіліктің тыныштығын кетіретін кек сақтау мен қызғаншақтық сияқты жаман қаситтерді жоятын керемет бір иләһи құлшылық. Сондықтан ораза тек осы үмметке ғана емес, қоғамдағы іштей іріп-шірушілік болмас үшін бұрынғы өткен үметтерге де міндеттелген ғибадат. Өйткені белең алған мұндай қоғамдық дерт, Аллаһтың ашуын келтіретіндігі әрі ешбір елді өрге сүйремейтіндігі де белгілі.

Бұл ғибадаттың ерекшелігі мен қадір-қасиеті жайында Аллаһ Елшісінің сүннетінен де көптеп кездестіруге болады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде қиямет күні адамның ұстаған оразасы тозақ отынан қорғайтын қалқан болатындығы баяндалған. Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ Елшісі (с.ғ.с.): Ораза – (тозақтан) қалқан, сондықтан (ораза тұтушы) бұзықтық істемесін және надандыққа бармасын. Ал егер бір кісі оған соқтықса немесе балағаттаса, екі рет: «Мен оразамын» деп айтсын. Жаным қолында болған Аллаһпен ант етейін, ораза тұтушының аузының иісі Аллаһ Тағаланың алдында мисктің иісінен де артық. (Сондай-ақ Аллаһ): «Ол мен үшін тамағын, сусынын тастады. Ораза Мен үшін және оның сыйын Өзім беремін, ал қайырлы іске дәл сондай он есе (сауап беріледі)»(-,дейді)»,-деген. (әл-Бухари)

Келесі бір хадисте ораза тұтқан адамның артықшылығы жайында жүзінің жетпіс жылға тозақтан алшақтылатындығын мына бір хадистен көруге болады. Әбу Сағид әл-Худри (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ Елшісі (с.ғ.с.): «Пенде Аллаһ жолында бір күн ораза ұстаса, Аллаһ Тағала сол күн үшін тозақты оның жүзінен жетпіс күз алшақтатады»,-деді»,-деп айтқан. (имам Насаи, имам Тирмизи)

Сондай-ақ ораза адам баласының бір жыл бойы шаршап, тозған денесін, ондағы ағзаларын демалдырып, денсуалығын жақсартады. Бұл жайлы Әз Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Ораза ұстаңдар, дендерің сау болсын!»,-деген. (Әбу Нуғайм)

Бұл ғибадаттың қоғамдағы жастарымызға да пайдасы зор. Әсіресе Аллаһ Елшісі (с.ғ.с.) үйленуге мүмкіндігі жоқ жастарға оразаны насихат етіп, былай деген: «Ей жастар қауымы! Сізден үйленуге мүмкіндіктері барлары үйленсін. Өйткені үйлену ар-ұятты сақтап, көзді қорғайды. Ал үйленуге жағдайлары келмегендер ораза тұтсын. Себебі ораза – қалқан». (әл-Бухари)

Осы шындықтар оразаның негізгі мақсаты мен пайдасының руханилығын көрсетеді. Сондықтан оразаны тек ғибадат мақсатымен ғана орындау керек. Оразаның тек сыртқы пайдаларын мақсат етіп, яғни диета, арықтау мақсатымен тұтар болсақ, онда оразамыз құлшылық болмай қалады. Дегенмен оразаның діни, рухани, әлеуметтік, медециналық, эканомикалық және педагогикалық жағын, қырларын алар болсақ, өте көп пайдалары бар екенін байқауға болады. Оразаның мұндай қырлары жайлы қазіргі уақытта көптеп кітаптар да жазылып, айшықталып ғылыми дәлелденіп те жүр. Бірақ ораза – Аллаһқа бағынумен адамды шексіз сауаптарға жетелейтін құлшылық болған соң Аллаһтың разылығы үшін ғана ұсталуы тиіс.

Құрметті мұсылман қауым! Аллаһ Тағала Біздердің Рамазан айындағы міндет оразаны және басқа да айлардағы қосымша нәпіл оразаларды Жаратушы Иемізге лайықты түрде тұтуды және Құран Кәрім аяттарындағы тақуалық дәрежесіне жету мүмкіндігін иеленуді, әрі қиямет күні жүздеріміз жарқын күйде Пайғамбарлармен (ғ.с.), шыншылдармен сонымен қатар салиқалы тақулармен жұмақтың төрінде бірге болу құрметін нәсіп еткей! Жаббар Иеміз еліміздің тәуелсіздігін баянды, хақ дініміз Ислам дінінің тұғырын биік етіп, осындай ерекше мәнге ие құлшылық-ғибадаттардың көмегімен адам қасиетіне, сипатына жат қоғамымыздағы көптеген кесел, қатерлердің жойылуын нәсіп етсін. «Әмин».

Дархан Сыздықов,
Қостанай облыстық
Марал ишан мешітінің наиб имамы
Published in Ғибратнама
Четверг, 26 Июнь 2014 00:00

Рамазан - кешірім айы

Әлемдердің раббысы Алла тағалаға барлық мақтаулар мен мадақтар және сүйікті Пайғамбарымыз Мухаммадке (с.ғ.с) сансыз салауаттар мен сәлемдер болғай. Мұсылман қауымы үшін жылдың ең керемет әрі ерекше айы – Рамазан айы. Биылғы жылы Рамазан айы маусымның 28-нен бастау алады. Жыл сайын асыға күткен қасиетті Рамазан айына жеткенімізге Алла тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Барша мұсылман бауырларды рамазан айының келуімен құттықтаймыз. Рамазан айы барлық айлардың сұлтаны. Басқа айлармен салыстыра қарағанда Рамазан айында мүміндерге ерекше мол сауап беріледі. Бұл айда ораза ұстаған адам жаны мен тәні тазаруы үшін жаман істер жасаудан тиылу қажет. Пайғамбарымыз да (с.ғ.с): «Рамазан келгенде жұмақтың қақпалары ашылып, тозақтың қақпалары жабылады әрі шайтан атаулының бәрі кісенделеді»-деген (Имам Бухари). Ұлы ғұлама ғалым Хафиз ибн Раджаб: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің сүйікті сахабаларын Рамазан айының келуімен құттықтайтын»-деген. Бұдан байқайтынымыз адамдардың өзара Рамазан айының келуімен құттықтасуына рұқсат етілетіндігіне негіз болып табылады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тағы бір хадисінде былай деген: «Бұл ораза айында Алланың алдында бір адамдарды тозақтың азабынан босатады, ал мұндай босату – Рамазанның әрбір түнінде болып тұрады» (әт-Термизи).

Бұл ай мұсылмандарды жан-жақты ұлылыққа, Аллаға деген сенімімізді күшейтуге, сондай-ақ шариғат қағидасын жөнімен түсінуімізге шақырады. Алла Тағала адам баласының сенімін арттырып, еркіндікті сезінуге, өзіне-өзі бақылау жасауына және нәпсісін тыю үшін осы Рамазан айында ораза тұтуды парыз етті. Себебі, жөн-жосығымен ауыз бекіткен кісі өзін-өзі тәртіпке шақырып, храм істерден тыйылады. Нәтижесінде, ондай адам жиіркенішті әрекеттерден арылып, жақсылыққа бет бұрады.

Исламның бес парызының бірі – рамазан айында ораза тұту. Сондықтан да дінімізде оған ерекше мән беріледі. Себебі, ол сенімнің бір бөлігін құрайды. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Ораза – шыдамның жартысы, ал шыдам - сенімнің жартысы»-деген. Оразаны басқа ешқандай қағидалармен салыстыруға болмайды. Өйткені, Алла Тағала пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.): «Адамның барлық жақсы, хайырлы істерін Алла он есе, тіпті одан да жоғары бағалайды. Бірақ ораза не үшін тұтылған болса, сол үшін сауабын, сыйын молынан беремін»-деп айтқаны белгілі. Сондықтан ораза қарсаңында алғаш ауыз бекіткісі келетін бауырларымызға тағы да Алла Тағаланың осы бір үкімін естеріне сала кеткіміз келеді.

Ең алғаш ораза парыз болатын жылы Шағбан айының соңғы күндерінің бірінде пайғамбарымыз Мұхаммед ( с.ғ.с.) өз сахабаларын жинап алып, Алла Тағаладан уәхи келгенін айтады. Онда ол жаратушының мұсылмандарға оразаның парыз екендігін хабардар етіп, былай дейді: «Ей, адамдар! сендерге мүбәрак айдың, яғни Рамазанның келе жатқанын қуанышпен хабардар еткім келеді. Бұл айда Алла Тағала сендерге ораза тұтуды парыз етті. Осы айда жұмақтың есіктері айқара ашылып, тамұқтың есіктеріне ашылмас құлыптар салынады. Адамды азғырушы шайтандар кісенделеді және бір ерекшелігі оның бір түні (Қадір түні) игілікте мың айдан да хайырлы».

Алла Тағала оразаны бұрын өткен Пайғамбарлардың (ғ.с.) қауымдарына парыз еткеніндей, Мұхаммад (с.ғ.с.) үмбетіне, яғни біздерге де рамазан айында 30 күн ораза ұстауды парыз етті. Бұған байланысты Құран Кәрімнің Бақара сүресінде былай делінген: «Ей, иман келтіргендер! Тақауылықтан үміттерің болса, өздеріңне бұрыңғыларға ораза ұстау парыз етілгендей, сендерге де ораза ұстау парыз етіледі» (Бақара сүресі, 183 аят)

Ораза алғаш рет қай уақытта парыз болды

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) және мұсылмандардың Меккеден Мединеге көшуін «хижра» деп атайды. Осы жылдан бастап мұсылмандардың - хижра жыл санауы басталады. Сол хижраның екінші жылы Шағбан айының соңғы күнінде Алла Тағала мұсылмандарға рамазан айында ораза тұтуды парыз етті. Сол уақыттан бастап барша мұсылман қауымы жыл сайын Рамазанда 30 күн ораза тұтып келеді.

Ораза тұтатын айды толық түсіндіру үшін оны ұстау кімдерге парыз, кімдерге парыз еместігін баяндаған Алла Тағаладан аят түсті: «Рамазан - адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам бірден ораза ұстайтын болсын» ( Бақара сүресі, 185 аят).

Ораз ұстау кімдерге парыз

Рамазан айындағы оразаның үкімі - парыз айн (адамның жеке өзіне міндет болған парыз). Ораза ұстау әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз. Шарттары:

Мұсылман болуы;

Балиғатқа жеткен болуы;

Ақыл-есі бүтін болуы;

Дені сау болуы;

Әйелдер хайыз бен нифастан таза болуы керек;

Ораза ұстауға ниет жасау;

Оразаның тиымдарын сақтау.

Жалпы ауру-сырқаты жазылмайтындар, денсаулығы ауыз бекітуді көтермейтін, жасы келген қарттар – ораза ұстамаса да болады, бірақ олардың дәулеті жеткілікті болса, тұтпаған оразасына фидия береді. Фидияның мөлшері Құран Кәрімде былайша анықталған: «Шамасы келмейтіндер (қарт кісілер, ауруға шалдыққандар) ораза ұстамаса, бір кедейдің бір күн тоятындай тамағын беріп тұруына болады.. Ал оны белгілеген мөлшерден артық беретіндері болса, өзі үшін жақсы» ( Бақара сүресі, 184 аят).

Өйткені, өмірлік жазылмайтын ауруға душар болған кісілер және ауыз бекітуге шамасы жоқ қарттар ораза қазасын өтемейді. Егер дәулеті болмаса, фидия да төлемейді. Ханафи мазһабының негізін салушы Имам Ағзам Әбу Ханифа былай деген: «Оразаның абзалы – кісінің өзіне зиян тимеуі».

Рамазан айында белгілі бір себептермен ауыз бекіте алмағандар кейінірек ораза қазасын өтеулеріне болады. Атап айтсақ, олар:

1. Ауру - сырқаты белгілі бір уақыттан кейін жазылатын кісілер;

2. Ораза уақытында сапарда болғандар;

3. Ораза кезінде жүкті немес емізіп жүрген нәрестелері бар әйелдер.

Тағы бір ескере кететін нәрсе: кімде-кім белгілі бір себептермен ауыз ашып қойса, мысалы: 1) аштықтан, шөлден денсаулығына зиян болған соң, оразасын бұзса; 2) әйелдердің хайызы мен нифасы келіп, таза болмау себебінен аузын ашып қойса, сол күндердің қазасын кейінірек қалып қойған күндерін толықтыруға болады. Ал сапардағы адамға келетін болсақ, қиналатынын білсе оразасын ұстамайды, қиналмаса ауызын бекітіп жүре беруіне болады. Өйткені, Алла Тағала пендесіне жеңілдікті қалайды, ауырлықты, қиындықты қаламайды. Бұған Құран Кәрімнің мына аяты дәлел: «Егер біреулерің ауруға шалдықса, сапарда жүрсе, онда басқа күндерде (қазасын) өтесін. Алла сендерге жеңілдікті қалайды, ауырлықты қаламайды (Ауыздарың ашық кездің қазасын өтеп), ораза күннің санын толтырыңдар» (Бақара сүресі, 185 аят).

Ал, енді хайыз бен нифтастағы әйелдерге келетін болсақ, таза болмағандары үшін шариғат үкімінде оларға байланысты Құранды ұстауға немесе оқуға, мешітке кіруге намаз оқуға рұқсат етілмегені сияқты, оразаны тұтуға да рұқсат етілмейді. Жоғарыда айтқанымыздай, әйелдердің мұндай себептермен қаза жіберген күндерін кейінірек өтейді.

Ораза ұстау тәртібі

1. Тыйылу: тағамнан, сусыннан, жыныстық қатынастан таң атқаннан күн батқанға дейін бойын аулақ ұстау. Алла Тағала Құран Кәрімде былай деген: «Ақ жіп пен қара жіп ажыратылып, танылғанша ( таң атқанша) жеңдер де ішіңдер. Содан кеш батқанша ораза ұстаңдар» (Бақара сүресі, 187 аят).

2. Ниет: ниет екі түрлі болады: 1) Күнделікті ауыз бекітер алдында сол күні ораза тұтуға ниет етеді. 2) Рамазан айының алғашқы күнінде толық бір айға деп ниет етеді. Сондықтан да пайғамбарымыз Мұхаммад (с.ғ.с): «Әрбір жақсы амал ниетке байланысты»-деген.

Оразаның мұстахабтары (әдептері)

Мұстахаб дегеніміз істесе сауап таптыратын, істемесе күнәсі жоқ амалдар. Олар мыналар:

1. Сәресі. Таң қараңғысында ниет етіп, дәретін алып, сәресіге тұру. Оның уақыты: түн жарымы ауғаннан таңсәріге дейін. Пайғамбарымыз бұл жайында:

«Сәресіге тұрыңдар! Шынында, сәресі ішуде көп береке бар»-дегн, яғни ниет етіп, сәресіге тұру мол сауапқа кенелтеді.

2. Ауыз ашуға асығу. Ораза тұтқан кісіге күн батқаннан кейін немесе ақшам намазының азаны айтылғаннан кейін бірден ауыз ашу сауапты іс. Бұл жөнінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде былай деген: «Ораза тұтқан кісі мүмкіндігі болса, аузын құрмамен, болмаса таза сумен ашсын». Демек, құрма табылған жағдайда құрмамен ауыз ашқан сауаптырақ болады.

3. Күнделікті ауыз ашқан кезде және ораза айы бойы тілек-дұғалар жасау. Бұған байланысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әлбетте, ораза тұтқан кісінің ауыз ашқандағы дұғасы (тілегі) қайтарылмайды, яғни тоқтаусыз қабыл етіледі»-деген.

Ауыз ашар дұғасы: «Ей, Алла! Сенің разылығың үшін шын ниетіммен ораза тұттым. Сенің берген ризығыңмен ауыз аштым. Саған ғана иман келтірдім және Өзіңе ғана тәуекел еттім. Тілегімді қабыл ет! Әмин!».

Оразаны бұзатын істер

1. Күндіз ораза ұстап жұргенін біле тұра себепсіз тамақ ішіп, жеу.

2. Күндіз еркек пен әйелдің жақындасуы. Егер кімде-кім ораза екенін біле тұра күндіз себепсіз әдейі ішіп-жеп немесе жыныстық қатынас жасайтын болса, оған айып ретінде кәфарат төлеу немесе ораза қазасын екі есе өтеу міндеттеледі. Кафаратты өтеу үшін бір құлды азат ету немесе алпыс міскінді тойдыру немесе екі ай бойы ораза тұту қажет.

Ал, кімде-кім ораза уақытында ораза екендігін ұмытып, білместікпен күндіз тамақ ішіп-жеп қойса, оған қазасын өтемейді және кәфаратын төлемейді. Бұл турасында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Кімде-кім ораза екендігін ұмытып, ішіп-жеп қойса, Алла Тағаланың ол кісіні тамақтандырғаны». Ішіп-жеп қойған соң ораза екені есіне түскен кісі, оразасын одан әрі жалғастыруы қажет.

Егер кімде-кім жүрегі айнып, лоқсып құсса немесе байқаусыздан аузына бір нәрсе кіріп кетсе (мысалы: дәреттің суы, шыбын-шіркей) т.б. бірақ тек үзірмен оразасын тоқтатпастан жалғастыра береді.

Оразаның артықшылығы

1. Рамазан айы – сынақ айы. Адам баласы бұл айда өз нәпсісін тыйып, жаман нәрседен, яғни ғайбат сөйлеуден, ауыр күнә жасаудан, жала жабудан аулақ болып, жақсы нәрселерге, яғни өзін сабырлыққа, шыдамдылыққа, тақуалыққа тәрбиелеуі керек. Ораза адам баласы мен Ұлы жаратушының арасындағы сыр. Кісінің ораз тұтып жүргені бір Аллаға ғана аян. Сондықтан Исламда иманның, сенімнің жоғары тұратындығы осыған дәлел. Әлдебіреу ораза тұтқан адамның көңіліне тиіп, балағаттаса, ауыр сөз айтып, қол жұмсағысы келсе, әлгі аузы берік кісі: «Мен оразамын»-деп үш мәрте айтуы керек. Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) бір кісі келіп: «Ей Алланың Елшісі (с.ғ.с.)! Маған айтыңызшы, қай амалды істесем, жұмаққа кіремін?»-деп сұрапты. Сонда Алланың Елшісі (с.ғ.с.): «Оразаң сені алып кіреді»-деп жауап береді. Әлгі кісі Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп, тағы да әлгі сұрақты қойған уақытта жоғарыдағы жауабын қайталапты.

2. Рамазан – кешірім айы. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Кімде-кім ауыз бекітсе, Алла Тағала оның істеген күнәларын кешіреді»-деген. Сондықтан да Алла Тағала бұл айдың бір түнін қасиетті де қадірлі етті. Рамазан айының 26-сынан 27-сіне қараған түні Алла Тағаладан алғаш рет Құран аяттары түсті. Сол себепті бұл түн «Қадір түні» деп аталады.

Ол түннің игілігі мың айдан да артық. Ол түнде Алланың әмірімен бүкіл періштелер және Жәбірейіл періштенің өзі де жерге түседі. Ораза тұтып, Жаратушы Жаббар Иесін еске алғандардың барлығының тілектерін Алла Тағала қабыл етіп, сол түні таң атқанша Алланың пенделеріне сыйлаған сәлемі, бибітшілігі, тыныштығы жалғасады. Бұл жайт Құран Кәрімнің Қадір сүресінде кеңінен баяндалған.

Олай болса, қадірменді мұхтарам жамағат Алла Тағала алдымызда келе жатқан Мүбарак Рамазан айын және ұлық Қадір түнін баршамызға құтты қылып, Осы айды Алла разылығы үшін тағат-ғибадатпен өткізуді шын жүрегімізден ынталандырсын. Еліміз көркейіп, дініміз марқая берсін!

Асылхан қажы Мұханбетжанұлы,
ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша өкіл имамы
Published in Ғибратнама

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қатысуымен Діни басқармаға қарасты баспасөз хатшыларының семинар-кеңесі өтті.

Жиын барысында, дін саласындағы ақпаратты жандандыру мен деңгейін арттыру мәселелері қаралды. Ортақ iстi қалай нәтижелi жүзеге асыруға болады? Бұл сұрақтың жауабы арнайы шақырылған білікті мамандармен бірлесе отырып талқыланды. Сонымен қатар, баспасөз хатшылары Исламды насихаттау бағытында БАҚ пен қоғам арасында қарым-қатынасты нығайту, екiжақты жұмысты ұйымдастыру жөнiндегi мәселелер ортаға салынды. «Мінбер» журналистер орталығының жетекшісі Асхат Еркімбай ақпарат саласына қатысты тренинг өткізді. Семинарда слайд шоу, бейне баян көрсетіліп ұсыныстар айтылды.

Семинар-кеңеске Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы, "Иман" журналының бас редакторы Оңғар Өмірбек қатысты.

Асхат Еркімбай,

«Мінбер» журналистер орталығының жетекшісі, блогер:

- Мақалалар мен ақпараттардың тақырыбы журналиске ғана емес, оқырмандарға да қызықты болуы шарт. Дін саласында қызмет жасайтын маман жылдам, тез тiл таба бiлетiн, жан-жақты бiлiмдi азамат болуы қажет.

Оңғар Өмірбек,

«Иман» журналының бас редакторы:

- Ең басты мақсатымыз – қажет ақпаратты дер кезiнде берiп, уақытылы әрекет етуге үйрену керек. Бiздің жүйелi түрде жұмыс iстеуіміз өте маңызды.

Амантай Тойшыбайұлы,

ҚМДБ-ның Павладар обылысы бойынша баспасөз хатшысы:

- Жақсы кездесу болды. Семинарда алынған ақпарат келешекте жұмыста керек болады. Көп ақпарат алдық.

Кездесу соңында жауапты хатшыларға діни аппараттың тұрақты және тиімді жұмысын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

207214 1403753806 890 530 0

301797 1403753810 890 530 0

400996 1403753924 890 530 0

muftyat.kz

Published in Жаңалықтар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником