Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар

Менен бір жігіт «Алла қайда»? деп сұрады. Мен: «Алла мекенсіз, сондықтан Алла қайда?» деп сұрауға болмайды» деп өз білгенімше жауап бердім. Ал ол болса: «Алла Елшісі (с.а.у.) Мұслимдегі хадисте бір күң қыздан «Айна Аллаһ? яғни, Алла қайда?» – деп сұрағанын білмейсің бе? Тіпті әлгі қыздың «Алла аспанда» деп берген жауабынан кейін «Алла Елшісі: «Ол шын мұсылман екен» деп айтқан» деді.

Сауалымның тоқ етері мынау, маған дәлел ретінде келтірген Мұслимдегі хадис қандай хадис? Жалпы Алла аспанда деп айту дұрыс па?

Өкінішке қарай, бүгінде өздерін салафиміз деп жүрген кейбір жандар мұндай сұрақ арқылы кісінің «ақидасына» дұрыс яки бұрыс деп баға беріп, болашақтағы онымен қарым-қатынасын анықтауды мақсат етеді. Тіпті бұл ағымның кейбір өкілдері үйлену мақсатында танысқан адамға осы сұрақты қойғаннан кейін, егер «Алла аспанда» деген өзі күткен жауабын ести алмаса, онда онымен ары қарай сөйлеспейді. «Сенің ақидаң адасқан» екен деп теріс айналып кете беретінін де естіп жатамыз.

Мұндай әрекет – діни білімнің таяздығынан, тепе-теңділік сақтап, жүйелі ойлауды жоғалқандықтан, қайсібір ағымдардың біржақты оқытқан жаттанды мәліметтерін ешбір елексіз құлай беріле қабылдаудан туындайды. Ондай адамдар өздері оқыған немесе тыңдаған уағыздан өзгеше ойлауды адасу яки тозаққа түсу деп ұққандықтан үнемі осындай ұшқары іс-әрекет пен шектен шыққан пікірлердің құрбаны болып жатады.

Жоғарыдағы сауалда келтірілген Мұслимдегі хадисті тарқатып түсіндірмес бұрын аз-кем ғұламалардың Алланың мекенсіздігіне байланысты ұстанымдарын дәлелдерімен келтіре кетейік.

Араб тілінде «аспан» сөзінің негізгі мағынасы «жоғары» дегенді білдереді. Міне біз «Алланың жоғарыда (аспанда)» екендігін меңзеген аят, хадистерден осы мазмұнды түсінуіміз қажет. Яғни, Оның мәртебесінің жоғарылығы, даңқының асқақтығын. Мәселен, біз күнделікті өмірде «бұл мәселені жоғарыдағы адамдар шеше алады» десек, ол адамдардың денелерімен жоғарыда емес, мәселені шешуге ықпалы бар биік мансап, жоғарғы лауазым иелері екендігін түсінеміз.

Алланы төбеміздегі аспанда деп пайымдау астрономия ғылымы тұрғысынан да қате. Себебі, жер шары домалақ болғандықтан, аспан да салыстырмалы түрде әр жақта болады. Яғни, жердің мына бетіндегі адамның аспан деп көрсеткен жоғарғы жағы жердің арғы бетіндегі адам үшін төменгі жақ болып саналады.

Сұрақта келтірілген хадистегі «Алла қайда?» деген сауалдың астарын, қандай мәнде айтылғандығын, тіпті сол хадистің өзін хадис ғылымы тұрғысынан төменде кеңінен талқылайтын боламыз.

Бір ескере кететін жайт, Жаратқанның тұрақтайтын белгілі бір мекенін білу мақсатында «Алла қайда?» деп сұрау шариғатқа қайшы. Бұған байланысты хадистің майталман білгірі Ибн Хажар Асқалани: «Ақыл-түйсігіміз Рабымызға тән сырларды түсіне алмайды. Оның берген қандай да бір үкіміне «неге? қалай?» деп айтылмайды. Сондай-ақ оның болмысы «қайда?» деп те сұралмайды» – деген.[1]

Себебі, Алла мекен мен заманға тәуелді емес. Алла Тағала мекен де, Аршта та, уақыт та жоқ кезде бар еді. Сондықтан, Алла Тағала аспанды да, Аршты да, тағы басқа орынды да мекендемейді.

Түптеп келгенде, мекен мен заманның өзі Алла Тағаланың билігіндегі нәрселер. Құранның: «Көктер мен жердегі жаратылыс кімнің иелігінде? – деп сұра да, оларға «оның бәрі – Алланікі» де»[2] - деген аяты мекеннің де, оның ішіндегілердің де Алланың иелігінде екендігін білдіреді.

Алла Тағала – мәңгі, ешбір өзгеріске ұшырамайды. Яғни, Хақ Тағала мекен жоқ кезде қалай болса, мекен жарытылғанан кейін де өзгеріссіз қала береді. Бұл жайлы Хазірет Әли: «Алла Тағала Аршты өзіне мекен үшін емес, керісінше құдіретін паш ету үшін жаратты», «Алла Тағала мекен жоқ кезде де бар еді. Ол бұрын қалай болса, қазір де дәл солай»[3] – деп, Аллаға мекен тән еместігін әрі Ұлы Жаратушының өзгеріске ұшырамайтындығын білдірген.

Хужжатул-Ислам Әбу Жәғфар әт-Тахауи өзінің мәшһүр «Тахауия ақидасында» былай дейді: «Алла Тағала шектеуліктен, тіректер мен ағзалардан, құралдардан пәк. Оны кейіннен жаратылғандар тәрізді алты жақ (оң, сол, алдыңғы, артқы, жоғарғы, төменгі жақтар) қамтымайды»[4].

Әбу Ханифа (Алла оған разы болсын!) фиқһул-әбсат кітабында: «Менен «Алла қайда?» деп сұраса, былай деп жауап беремін: «Жаратылысты жаратпас бұрын, мекен атаулы жоқ кезде де Алла бар еді. «Алла Тағала айна?», яғни «қайда?» деген сауал да, жаратылыс та, жалпы ешнәрсе жоқ кезде де бар болатын. Алла барлық нәрсенің жаратушысы!»

Абай Хакім бір өлеңінде Алланың мекенсіздігін меңзеп былай деген:

«Мекен берген халық қылған Ол Лә мәкан,

Түп иесін көксемей бола ма екен?

Және оған қайтпақсың оны ойламай,

Басқа мақсат ақылға тола ма екен?!» [5].

Күллі ислам ғалымдары Алла Тағаланың мекенсіздігін бірауыздан білдірген. Абдул-Қадир ибн Таһирит-тамиими әл-Бағдади бұл жайлы: «Алланы мекен қамтымайтындығын әрі Оған уақыт ұғымы жүрмейтіндігін Әһлус-сунна уал-жамағат ғалымдары бір ауыздан ижмағ еткен».[6]

Ал енді күллі ислам ғұламалары Алланың мекенсіздігінде бір сенімде болған болса, Мұслимдегі хадисте күңнің: «Алла аспанда» деген жауабын ислам білгірлері қалай түсінген? Қалай талдаған? Хадис білгірлері хадистің дәрежесі жайлы не дейді?

Әуелі аталмыш хадистің мәтініне көз жүгіртіп көрейік. Мұслимнің жинағында Мұғауия ибн әл-Хакам әс-Сулламиден риуаят етілген ұзақ хадистің соңғы жағында талқыланып отырған тақырыпқа қатысты былай делінеді: «Менің бір күңім бар еді. Қойларымды Ұхұд пен әл-Жаууаания таулары жақта жаятын. Бір күні жайып жүрген қойларының біреуін қасқырдың сүйреп бара жатқанын байқадым. Адам баласымын ғой, ел секілді мен де ашуланып, қайғырамын. Әлгі күңімді бір қойдым. Сосын Пайғамбарымыздың жанына келдім. (Болған жайды айтып бердім). Ол маған бұл істің үлкен күнә екенін айтты. Мен: «Уа, Алланың Елшісі! (күнәма кәффарат ретінде) Күңіме азаттығын берейін бе?», – дедім. Ол маған: «Күңіңді алып келші», – деді. Сөйтіп мен күңімді Пайғамбарымызға алып келдім. Пайғамбарымыз оған: «Алла қайда?», – деп еді, ол: «Аспанда», – деп жауап берді. Пайғамбарымыз: «Мен кіммін?», – деді. Ол: «Сен Алланың Елшісісің» деп жауап қайырды. Содан кейін Пайғамбарымыз (с.а.у.) маған: «Басына азаттық бер, күңің мұсылман екен», – деді».

Біріншіден, қазіргі қолымыздағы Мұслим жинағындағы бұл хадистің соңғы жағындағы «күң оқиғасы», яғни, Алла Елшісінің күңге «Алла қайда?» деп сұрағыны әрі оның «Алла аспанда» деп жауап берген жері Мұслим жинағының Бәйһақидағы нұсқасында жоқ. Бұл жайлы Хафиз әл-Бәйһақи «Әл-асма уас-сифат» кітабында былай дейді: «Мұслим бұл сахих хадисті әл-Аузағидың және Хажжаж әс-Сауаффтың Иахия ибн Әби Касирден жеткізген хадисінен «күң оқиғасын» қиып тастап риуаят еткен. Күң оқиғасын жинағына алмау себебі «күңге» қатысты мәтіннің хадисті жеткізуші рауилер тарапынан әртүрлі сөздермен келгендігі болса керек...»[7]

Имам әл-Кәусари Бәйһақидың осы сөзіне байланысты былай дейді: «Қазіргі қолымыздағы Мұслим жинағына «күң оқиғасы» хадисті толықтыру үшін кейіннен қосылған болуы мүмкін. Немесе Бәйһақидың қолындағы нұсқа нұқсан болған. Бәйһақидың өзі: «Мен сұнанның «зиһар» тарауында Мұғауия ибнул-Хакамның (осы хадисті жеткізген адам) риуаятына хадис сөзінде қайшы келетін басқа риуаяттарды да келтірдім» – деп «күң оқиғасына қатысты) жоғарыдағы хадистің «Мұдтараб» хадис екендігін ишарат еткен».

Байқағанымыздай Бәйһақи қолындағы Мұслим нұсқасында «күң оқиғасының» жоқ екендігін айтады. Сондай-ақ хадистегі күң оқиғасына қатысты мәтіннің басқа риуаяттарда өзгеше сөздермен жеткізгендігін айту арқылы хадистің «мұдтараб хадис» екендігін меңзеген.

Ал енді «мұдтараб хадис» дегеніміз не?

Хадис ілімінде «жеткізу тізбегінің қуаты деңгейлес болған хадистің мәтіні әртүрлі сөздермен риуаят етілсе, ондай хадиске – «мұдтараб хадис» делінеді.

Ибн Хажар Асқалани да «талхисул-хабир» кітабының «кәффарат» бөлімінде күң оқиғасының әртүрлі сөздермен жеткен риуаяттарын келтіргеннен кейін: «Жалпы бұл хадис сөздерінің бір-біріне қайшылығы көп»[8], – деген. Сондай-ақ, Имам Хафиз әл-Баззар өзінің мұснадында бұл хадис жайлы: «Бұл хадиске ұқсас хидистер басқа сөздермен де риуаят етілген»[9] деп хадистің мұдтараб хадиске жататындығын меңзеген.

Рас, Мұслимнің жинағындағы «күң оқиғасы» яғни, Алла Елшісінің (с.а.у.) күңнен: «Алла қайда?» деген сауалы мен күңнің: «Алла аспанда?» деп жауап беру оқиғасы басқа сахих хадистерде мүлдем бөлек мазмұнда, өзге сөздермен жеткізілген.

Мысалы, Хафиз Абдур-Раззақтың «мұсаннафында» келген сахих хадисте күң оқиғасы былай өрбиді: «Алла елшісі күңнен: «Алланың бір екендігіне куәлік етесің бе?-деп сұрады. Күң: «иә»-деп жауап қайырды. Алла Елшісі: «Мұхаммедтің Алланың құлы әрі елшісі екендігіне ше?», – деді. Күң: «Иә», – деді. Алла Елшісі: «Өлімнің және қайта тірілудің ақиқат екеніне ше?», – деп сұрады. Күң: «Иә», – деп жауап берді. Алла Елшісі: «Жұмақ пен тозақ отының ақиқаттығына ше?», – деді. Күң: «Иә», – деп жауап қатты. Біткеннен кейін Алла Елшісі: «Қаласаң бұл күңіңнің басына азаттық бер яки өзіңде ұста», – деді».[10]

Оқырманға ұғынықты болу үшін мына жайтты айта кетейін. Исламда белгілі бір күнәлардың кәффараты ретінде құлды азат ету талап етіледі. Ал азат етілетін құлдың иман келтірген мұсылман болуы шарт. Міне, сондықтан жоғарыдағы хадисте азат етілетін күңнің мұсылман екендігіне көз жеткізу үшін Алла Елшісі жоғарыдағы сауалдарды сұраған.

Жоғарыдағы хадиске қосымша, Ибн Хиббан «сахихында» және Ахмадтың мұснадында, Әбу Дәуідте, ән-Насаийде Шарид ибн Суайд әс-Сақафиден күңді азату етуге қатысты мынандай хадис риуаят етілген. Ол былай дейді: «Мен Алла Елшісіне уа Алланың Елшісі (с.а.у.)! Шешем өз атынан маған бір құлды азат етуімді өсиет еткен еді. Менде бір қара күң бар», – дедім. Алла Елшісі маған: «Шақыр оны», – деді. Ол келгеннен кейін оған Алла Елшісі: «Раббың кім?», – деді. Күң: «Алла», – деді. Алла Елшісі: «Мен кіммін», – деп сауалын жалғастырды. Күң: «Сен Алланың Елшісісің», – деп жауап берді. Алла Елшісі маған қарата: «Оған азаттығын бер. Өйткені, ол мұсылман»[11], – деді. Дәл осы хадис әд-Даримида Алла Елшісінің күңге қарата: «Алланың бір екендігіне куәлік етесің бе?» деген сөзімен де «хасан» дәрежеде риуаят етілген.[12]

Байқағанымыздай «күң оқиғасы» Бәйһақи айтқандай Мұслимнің әу бастағы нұсқасында жоқ болсын, не бар болсын, жалпы алғанда бұл хадистің «мұдтараб» хадис екендігінде дау жоқ. Себебі, хадистегі Алла Елшісінің (с.а.у.) күңге қарата қойған «Алла қайда?» деген сауалы Абдур-Раззақтың мұсаннафындағы сахих хадисте «Алланың бір екендігіне куәлік етесің бе?» деген сөзбен жеткізілген. Ал Хиббанның сахихында күңге қатысты сауал «Раббың кім?» деген сөзбен риуаят етілген. Сондай-ақ, күң оқиғасы Ата ибн Иасардан жеткен риуаятта Алла Елшісінің күңнен «Алла қайда?» деп емес, «Аспанда кім» деп сұрағандығы айтылған.[13]

Жоғарыда келтіргеніміздей дәрежесі деңгейлес хадистердің әртүрлі сөзбен риуаят етілуіне «мұдтараб» хадис делінеді. Ал мұдтараб хадисті жеткізушілердің тізбегі толық болса да, мазмұнындағы аталмыш «мін» оның сахих болуына кедергі келтіреді. Сондықтан, «мұдтараб хадистің» ақида мәселесінде, оның ішіндегі ислам ғұламаларының бір ауыздан «Алла мекенсіз» деген берік ұстанымдарына қайшы көзқарасқа дәйек болуы былай тұрсын, жалпы мәселелерге де дәлел ретінде жарамайды. Ендеше, осындай бір ғана «мұдтараб» хадиске сүйеніп, мекенсіз Аллаға «мекен таңу» әсте дұрыс емес.

Бұған қоса күң оқиғасына қатысты хадистердің ішінде Абдур-Раззақтың мұсаннафындағы «Алланың бір екендігіне куәлік етесің бе?» деген сөзбен жеткізілген хадисті қуаттайтын басқа да қисындық факторлар бар. Себебі, кісінің иман келтіріп, келтірмегендігін анықтау үшін оның Алланың – бір, Мұхаммедтің – елші, өлім мен қайта тірілудің хақтығы һәм жұмақ пен тозақтың ақиқат екендігіне сеніп, сенбегендігін сұрап білу қажет. Міне, бұл қисынға келеді. Себебі, мұсылмандықты алғаш қабылдаған адамға айтқызатын алғашқы имани куәлік «Алладан басқа тәңірдің жоқтығына һәм Мұхаммед оның елші екендігіне куәлік етемін» деген сөз емес пе? Пайғамбарымыз (с.а.у.) өз елшілерін түрлі тайпалар мен қауымдарды дінге шақыру үшін жібергенде, оларға «Алланың бір және Мұхаммедтің елші екендігіне кәуелік келтіруге шақырыңдар» дегені көптеген сахих хадистерде айтылған. Оның ешбірінде Алланың аспанда екендігіне куәлік етуге шақырып әрі оны иманның белгісі ретінде қабылдауды айтпаған.

Ал енді хадисті «мұдтараб» деп танымай-ақ, сахих хадис ретінде қабылдағанның өзінде ешбір ислам ғұламасы бұл хадис арқылы «Алла аспанды мекен тұтады» деген шешімге бармаған.

Имам ән-Нәуауидің жоғарыдағы Мұслимдегі хадиске қатысты түсіндірмесін келтірейік. Ол былай дейді:

Бұл хадис «ахадисус-сифатқа» (Алланың сипатына қатысты хадистер) жатады. Мұндай мәселеге қатысты екі көзқарас бар. Бұл екі көзқарас жайлы «иман» тарауында талай рет айтылды. Біріншісі, Алла Тағалаға еш нәрсенің ұқсамайтынын әрі Оның жаратылғандарға тән ерекшеліктерден пәк екеніне сене отырып, айтылған сипаттың мағынасына кірместен жалпылай иман келтіру. Ал екіншісі, Аллаға лайық келетін кейіпте жорамалдау. Бұл көзқарастағылар былай дейді: «Пайғамбарымыз «Алла қайда?» деуі арқылы оның бір Аллаға сеніп, сенбейтінін анықтағысы келді. Яғни, барлық жаратылысты басқарып әрі барлық істі істеп тұрған жаратушының жалғыз Алла екендігіне, намаз оқығанда кісінің қағбаға бет бұратыны секілді, дұға жасаушының тілек тілегенде қолын аспанға көтеру арқылы мінәжат жасалатын бір Аллаға сеніп, сенбейтіндігін білгісі келді. Жүзді қағбаға бұрған уақытта Алланың қағбаның ішінде болмайтыны секілді, қолды аспанға жайған кезде де Ол аспанның ішінде болмайды. Керісінше қағба намаз оқушылардың құбыласы болғаны тәрізді, аспан да дұға етушілердің құбыласы. Немесе пайғамбарымыз оның жердегі пұттарға табынушылардан болып, болмағанын білгісі келді. Ол: «Аспанда» деп жауап бергеннен кейін оның пұтқа табынушы емес, бір Аллаға сенетіндігін айқындады».

Имам ән-Нәуауий бұл мәселеге қатысты сөзін мәшһүр ғалым әл-Қади Ъиадтың былай деген сөзімен жалғастырды: «Мұсылмандардың фақиһтері мейлі хадис ғалымдары һәм кәлам саласының мамандары болсын, тіпті діни үкімді басқалардан алатын қарапайым мұқаллидтері болсын бәрі «Аспандағының сендердің үстеріңе жерді төңкере салуынан қорықпайсыңдар ма?» деген аяттар секілді мұндай «Алла аспанда» делінген сөздердің тура мағанасының мұрат еместігін бірауыздан айтқан. Мұндай сөздердің тура мағынасы мұрат болмағандықтан, барлық ғалымдар бойынша жорамалданған...»[14].

Мұслимнің хадис жинағына түсіндірме жасаған ғалым әл-Мазири де жоғарыдағы хадис жайлы былай дейді:

«Пайғамбарымыз күңнің мұсылман болып, болмағандығын білдіретін қандай да бір белгісін білгісі келді. Өйткені кәпірлердің табынатын құдайлары саналатын от пен пұт жерде орналасқан. Әрқайсысы қажетін өз құдайынан сұрайды. Ал аспан болса, жалғыз Аллаға сенетіндердің дұға, тілектерінің құбыласы. Міне, сондықтан оның неге иман келтіретінін анықтағысы келді. Сөйтіп, оның түсінетін тілімен сөйлесті. Сосын ол жалғыз Аллаға иман келтірушілердің дұға жасаған уақытта қолдарын жаятын аспанды ишарат етті. Құбылаға бет бұру – Алла Тағаланың қағбамен шектеулі екенін көрсетпейтіні секілді, Аллаға иман келтірушілердің дұға жасаған уақытта қолдарын жаятын аспанды меңзеу де Оның белгілі бір жақта әрі аспанмен шектеулі екенін де білдірмейді»[15].

Түйін

Байқағанымыздай кейбір көрнекті ислам ғұламалары Мұслимдегі «Алла аспанда» деген хадисті «мұдтараб» хадис қатарына жатқызған. «Мұдтараб» хадиске сүйеніп, үкім шығарылмайтындығы белгілі. Ал хадиске «мұдтараб» таңбасын баспаған басқа барша ғұламалар «Алла аспанда» деген сөзді жоғарыда имам ән-Нәуауидің түсіндірмесінде көрсетілгендей Алланың мекенсіздігін негізге ала отырып, ол сөзден нендей мағына мақсат етілгенін Аллаға тапсырып, үнсіз қалу жолын таңдаған яки Алланың ұлықтығына лайық басқа мағынада жорамал жасаған. Ендеше, ғұламалар салған сара жолдан адасып, хадистегі бір ғана сөзді негізге алып үмбет арасына іріткі салып жүрген бауырларымызға Алладан көкіректеріне ақиқат нұрын құюды тілейміз.

[1] Хасан ибн Али ас-Саққаф, Мажмуъ Расайлис-саққаф, 1-том, 354-бет. «Дарур-Рази» баспасы.

[2] «Әнғам» сүресі, 12-аят.

[3] Абдул-Қаһир әл-Бағдади, әл-Фарқу бәйнәл фирақ, 234-бет, «әл-Мактабатуль асрия» баспасы, Сайда-Бейрут, 2004 ж.

[4] Әби Хафсин Сиражиддин Умар ибн Исхақ әл-Ғазнауий әл-Һинди, Шархул ақидати әл-имамит-Тахауий, 88-бет. «Дәрул-Караз» баспасы, Каир, 2009 ж.

[5] Абай Құнанбаев, Қалың елім, қазағым, 153-бет. «Атамұра» баспасы, 2002 ж.

[6] Абдул-Қадир ибн Тааһирит-тамиими әл-Бағдади, Ал-фарқ байнал-фирақ, 1-том, 321-бет. Дарул-афақил-жадида» баспасы, 2-басылым, Бәйрут, 1977 ж.

[7] Рс. 345

[8] Ибн Хажар әл-Асқалани, Талхисул-хабир, 448-бет. «Құртуба» және «Дарул-Мишкат» баспасы, 1995 ж.

[9]

[10] Әбу Бәкір Абдур-Раззақ ибн Һүмам әс-Санъани, Мусаннафу Абдир-Раззақ, 9-том, 175-бет. «Әл-Мәктабул-ислами» баспасы, Бәйрут, Һижри 1403 ж.

[11] Мұхаммед ибн Хиббан ибн Мұхаммед, Сахих ибн Хиббан, 1-том, 418 - бет. «Мүуссатур-рисала» баспасы, Бәйрут, 1992 ж.

[12] Хасан ибн Али ас-Саққаф, Мажмуъ Расайлис-саққаф, 1-том, 353-бет. «Дарур-Рази» баспасы.

[13] Ибн Хажар әл-Асқалани, Талхисул-хабир, 448-бет. «Құртуба» және «Дарул-Мишкат» баспасы, 1995 ж.

[14] Мұхиддин ән-Нәуауий, әл-Минһәәж Шарх сахих Мұслим ибнил-Хажжаж, 5-6 том, 26-27 бет. «Дарул-мағрифа» баспасы, 2007 ж.

[15] Мұхаммед Наъим Мұхамед, әл-Қанун фи ъақайдил-фирақи уәл-мәзаһибил-исламия, 403-бет. «Дәрус-салам» баспасы, Египет, 2007 ж.
Қайрат Жолдыбайұлы,
Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы
Published in Ақида

Имам Ағзам һижраның 80 (699 ж.) жылында Ирактың Куфа қаласында дүниеге келген. Толық аты-жөні – Нұғман ибн Сәбит, ұлты парсы. Өз ғасырының ірі ғалымы болғандықтан оны – «имам Ағзам», «ең үлкен имам» деп атаған.

Имам Ағзамның көзқарастары басқа ғалымдарға қарағанда кеңпейілділік, жеңілдік дінінің рухына сай келгендіктен, «Әбу Ханифа» деп аталған. Арабша «әбу» тек қана әке мағынасында емес, сонымен қатар, бір нәрсеге өкілдік, иелік мағынасында келеді.

Әбу Ханифа деп аталу себебіне бірнеше деректер келтіріледі.

1. Әбу Ханифа – «Ханиф» ислам дініне шынайы беріліп, соның жолымен жүрген яғни «діннің әкесі» деген мағынаны білдіреді.

2. Әбу Ханифа – «Ханиф» парсыларда сол кезде сия сауыттың аты болған екен. Имам Ағзам сол кезде сия сауытын жанынан бір елі тастамайтын еді. Сондықтан оны «сия сауыттың» әкесі деп атаған деседі.

3. Әбу Ханифаның «Ханифа» атты қызы болған. Соның құрметіне Әбу Ханифа деп аталған дейді.Алайда бұлардың ішінде ең шындыққа жақыны бірінші келтірілген дерек яғни «діннің әкесі» деген атау болып табылады. Өйткені оның Ханифа атты қызы болмаған тек қана бір ақ ұлы болған дейді.

Әбу Ханифаның әкесі Сәбит туралы деректер аз сақталған, бірақ оның бай саудагер болғаны белгілі. Ол бала күнінде өзінің әкесі — яғни, Әбу Ханифаның атасымен бірге мұсылмандар әміршісі, әрі діни ұстазы қадірлі хазіреті Әли ибн Әбу Талибпен кездесу бақытына ие болады. Сонда мұсылмандар әміршісі Сәбитке және оның ұрпақтарына аса жоғары Аллаһ Тағаладан береке тілеп, дұға қылған болатын.

Оның әкесі кішкентай кезінде қайтыс болып кетеді. Әбу Ханифаның жас кезінде негізгі қызыққан ілімі – діннің иман негіздерін зерттейтін «кәлам» саласы еді. Куфа – Ирактың ең үлкен шаһарының бірі. Ол жерде көптеген ағымдар болған. Аса зерек имам Ағзам сол ағым өкілдерімен пікір таласып, ой жарыстырған.

Хазіреті имам Ағзам сахабалардың он алтысын көрген, оның сегізінен хадистерді риуаят еткен.

Имам Ағзамның жалпы 40 мыңға жуық шәкірті болған солардың ішінде бес мыңы (мужтаһид) ғалым шәкірттер болған деген деректер келтіріледі.

Ал өзінің дәріс алған ұстаздарына келер болсақ олардың саны 4 мыңға жуық болған. Ең үлкен ұстазы табиғиндерден болған Куфалық Амир ибн Шарахил. Ол кісі Пайғамбарымыздың 500 сахабасын көрген еді.

Әбу Ханифа харамнан барынша сақтанатын еді. Егер бір нәрседен шүбәланса, заттарын дереу садақаға таратып жіберетін. Бірде досы Хафс ибн Абдурахманға заттарын тапсырып, сатуға жібереді. Заттарының арасында бір киімнің нұқсан екенін ескертіп, осы киімді сатқанда ақаулығын айт дейді. Досы киімдерді сатуын сатқанымен, әлгі киім жайлы ескертпені ұмытып кетеді. Алған адамның кім екені де есінде қалмаған. Кейін осы мәселені Әбу Ханифа білгенде, сол заттардан түскен барлық қаржыны садақаға таратады. Сондықтан дәулетінде береке бар еді.

Хадис іліміндегі орыны:

Халаф ибн Аюб: «Аллаһ Тағаладан жеткен ілім Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с ға келді, одан кейін Оның сахабаларына келді, одан кейін табиғиндерге келді, одан кейін имам Ағзамға және оның серіктеріне келді. Қалаған адам осы сөзге келісіп риза болсын, қаласа осы сөзге ашуланып іші күйсін»- менің айтарым осы деген екен.

Әбу Юсуф: «Хадис түсіндірмесін Әбу Ханифадан артық білген адамды көрмедім. Сондай-ақ Әбу Ханифа «сахих хадистерді» де маған қарағанда көп білетін еді»-дейді.

Абдулла ибн Дауд: «Әрбір мұсылман намазында Әбу Ханифаның ақысына Алладан тілек-дұға етіп, оның фиқһ үкімдерін жадында алып жүруі уәжіп» деген.

Меккелік Ибраһим: «Әбу Ханифа заманының озық ойлы, білгір адамы еді»-дейді.

Яхиа ибн Наср: «Әбу Ханифаның: «Менде хадис ілімінен бірнеше сандық бар. Мен солардың ішінен пайдалану үшін бір азырағын ғана шығардым» дегенін естідім»-дейді.

Фиқһ саласындағы орыны:

Уакиъ ибн Аль Жаррах (имам Шафиъдың ұстазы): «Әбу Ханифадан өткен фақиһ ғалымды және одан өткен ықыласты намазхан адамды көрмедім»-деген екен.

Имам Шафиъ: «Кімде кім фиқһ ғылымын үйренгісі келсе Әбу Ханифа мен оның серіктерінің жолын ләзім тұтсын. Өйткені адамдардың баршасы фиқһ ілімінде Әбу Ханифаның алдында оның жанұясы сияқты»-деді.

Наср ибн Шамил: «Әбу Ханифа келіп фиқһты айырып-ажыратып адамдардың көкірегін оятпағанда олар сол күйінше фиқһ ілімін білместен ұйықтап жата берер еді»-дейді.

Әбу Жаъфар Ар-Рази: «Әкемнің: «Әбу Ханифадан өткен фақиһ ғалымды, одан өткен тақуа адамды көрмедім» деп айтқан сөзін естідім»-дейді.

Жаъфар ибн Рабиъ: «Әбу Ханифамен 5 жыл тұрдым. Сондағы менің байқағаным: Әбу Ханифа қашан көрсең үндемей жүрер еді. Егер фиқһ жөнінде бір мәселе сұрала қалса ашылып сөйлегені соншалық тасқындаған селдей ағыза жөнелер еді»-дейді.

Жарир: «Ағмаш деген ғалым егер фиқһ жайлы күрделі мәселе көтеріле қалса, дереу Әбу Ханифаға жіберер еді»-дейді.

Расында Әбу Ханифа фиқһ саласын ретке келтіріп, оны баптарға бөлген ең алғашқы адам. Одан кейін Мәлік ибн Анас осының негізінде өзінің «Муатта» атты еңбегін жарыққа келтірді.

Оның ақылдылығы мен зейіні:

Язид: «Әбу Ханифадан өткен тақуа зейінді адамды көрмедім»-дейді.

Харижа ибн Мусъаб: «Мыңдаған ғалым-машайықтарға жолықтым. Солардың ішінен үшеуінің зейініне, біліміне таң қалдым. Олардың бірі Әбу Ханифа болатын»-дейді.

Оның құлшылық-ғибадаттары:

Суфиан ибн Ғуайнаһ: «Біздің заманымызда Меккеге келген адамдардың ішінен Әбу Ханифадан көбірек намаз оқитын адам болмады»-дейді.

Мутиъ: «Түннің бір уағында Меккеге тауап етейін деп келгенімде тауапшылардың арасынан үнемі Әбу Ханифаны көретін едім»-дейді.

Әбу Ғасим ән-Нәбил: «Әбу Ханифа намазды көп оқығаны соншалық замандастары оны «қазық» деп атар еді»-дейді.

Хафс ибн Абду Рахман: «Әбу Ханифа отыз жыл бойы түнгі намаздың бір ракағатына Құранды оқып шыққан еді»-дейді.

Оның Алладан қорқынышы:

Язид ибн Камит: «Әбу Ханифа Алладан қатты қорқынышта болатын. Бірде Али ибн Хусайн деген азаншы құтпан намазына «залзала» сүресін оқыды. Әбу Ханифа саптың артында еді. Намаз біткеннен кейін адамдар тысқа шыға бастады. Сонда мен Әбу Ханифаның жүзіне қарағанымда отырған күйде терең тыныстап, қатты ойланып отырғанын көрдім»-дейді.

Оның тақуалығы және шыдамдылығы:

Меккелік Ибраһим: «Көптеген Куфалықтармен мәжілісте болдым. Солардың арасынан Әбу Ханифадан тақуарағын көрмедім»-дейді.

Яхиа ибн Қаттан: «Әбу Ханифамен бірге талай сұқбаттарда болып, оның сөздерін тыңдадым. Алла атымен ант етейін! Оның жүзіне барлап қарайтын болсаңыз оның Алладан қатты қорқатынын оның бет-әлпетінен оқысаңыз болатын еді»-дейді.

Ибн Һишам: «Әбу Ханифа аманатқа өте ықтиятты адам еді. Егер бір сұлтан оны қазынаның басшысы етіп тағайындауды немесе арқасынан дүре соғуды ұйғарса, ол сөзсіз Алланың азабынан гөрі бұл дүниедегі азапты қалап, өзіне дүре соғуды таңдап алар еді»-дейді.

Хасан ибн Салих: «Әбу Ханифа тақуалығы соншалық харамнан қатты сақтанатын еді. Кейбір халал нәрселерден күмәнданатын болса оны да өзінен аулақ ұстар еді. Одан өткен тақуа, өзінің нәпсісіне және біліміне сақ адамды ешқашан көрмедім. Сондай-ақ оның бұл сақтығының бәрі қабірге даярлық еді»-дейді.

Сахл ибн Музахим: «Әбу Ханифаның үйіне кіргенімізде оның үйінен тек қана қамыстан тоқылған алашадан басқа еш нәрсе көрмедік»-дейді.

Мужалид: « Һарун Рашидпен бірге отырған кезімде, біздің үстімізге кездейсоқ Әбу Юсуф кіріп келді. Сонда Рашид оған қарап тұрып маған Әбу Ханифаның мінез-құлқын сипаттап берші дегенде, ол: «Алланың атымен ант етейін! Алла Тағала харам еткен нәрселерден өзін барынша тиған, байлардан алыс жүретін, үнемі үнсіз, ой үстінде жүретін орынсыз көп сөйлейтін мылжың емес еді.

Бір мәселе жөнінде сұралатын болса, білсе жауап беретін. Ей, мүміндердің патшасы! Өзі үшін және діні үшін көп ойланатын, сондай-ақ өз бойындағы кемшіліктерді тезінен түзеуге әрекет ететін. Ешбір жанды сыртынан ғайбаттап жамандамайтын керісінше оның жақсы жақтарын айтатын еді. Сонда Рашид: «Міне бұл ізгі адамдардың мінез-құлқынан!» деді.

Шарик әл –Қази: «Әбу Ханифа көп ойланып, аз сөйлейтін сондай-ақ фиқһ үкімдеріне ыждаһаттылықпен көңіл бұратын. Өзінің қол астындағы шәкірттеріне өте шыдамдылықпен, байсалды түрде тәлім беретін. Егер шәкірті қолында жоқ кедей болса оны қажетті нәрселермен қамтамасыз ететін. Сондай-ақ оның жанұясына да жәрдем беретін. Шәкірті алдынан оқып бітіріп шықса оған: «Харамды халалдан ажыратып, орасан зор байлыққа ие болдың»-дейтін. Сондай-ақ кемеңгер әрі ақылды адамдар арасында таласып-тартысудан аулақ жүретін ізгі жан еді»-дейді.

Имам Зуфар: «Әбу Ханифамен 20 жылдай сұқбатта болдым. Адамдар арасында одан бауырмашыл, одан шыншыл пенде көрмедім. Бар күш-жігерін ілімге және Аллаға құлшылық жасауға арнайтын. Мәжілістен тұрғаннан кейін аурулардың көңілін сұрайтын немесе жаназаға қатысатын немесе кедей адамдарға қарайласатын немесе олардың мұқтаждығы үшін ары бері жүгіретін. Күн батып, түн болған кезде құлшылыққа отырып, Құран оқитын. Осы тәртіппен өмірінің аяғына дейін осылай күн кешірді.

Әбу Ханифа өмірінің 52 жылын Омеядтар заманында 18 жылын Аббасидтер дәуірінде өткізді. Бұл екі династия пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ұрпақтарын жасқы көрмей, оларды үнемі қуғындыққа ұшыратып отырды. Олардың соншалықты қысым жасауының себебі- қолдағы биліктен айрылып қалмау тұғын. Имам Ағзам қашанда Аллаһтың елшісінің ұрпағының жанында болып. Оларға қолдау көрсетіп отырды. Бұл – әділеттілікті жақтау мен пайғамбарымызға деген сүйіспеншіліктен туған іс-әрекет еді.

Әбу Ханифа осы екі ерекшелігі үшін екі династиядан қорлық көрді. Бірде Омеядтардың ең соңғы халифасы Мәруан ибн Мұхаммедтің Ирактағы әкімі Язид ибн Омар ибн Хубайра Әбу Ханифаның «Сейіттерге» жақтасқанын біліп, шақырып алып әдейі сынады. Мемлекеттік әртүрлі лауазымды қызметтерді ұсынды. Барлығын қабыл етпеді. Оны зынданға тастап, жапа шектірді.

Аббаситтік халифа Мансұр имам Ағзамға қазылық қызметті ұсынды. Ол тағы да жөн көрмеді. Ақырында оны қапасқа қамап ауыр жапа шектірді. Оның зындандағы халін Рашид Уасиди: «Күнде зынданнан шығарып, қамшымен он мәрте ұратын. Тіпті жүз он дүре соғып, қазылықты қабыл ет!»-деп күштейтін. Ол да: «Мен бұған лайық емеспін», — деуден танбайтын. Дүре соғылып жатқанда: «Аллаһым, құдіретіңмен мыналардың жамандығынан сақта», деп дұға ететін. Әбу Жағфар Әлмансур бірде Әбу Ханифадан: «Ей, Нұғман, ілімді кімнен алдың?» -деп сұрайды. Әбу Ханифа: «Омардың ізбасарларынан, Әлидің ізбасарларынан, Абдулла ибн Масғудтың ізбасарларынан алдым. Ибн Аббастың заманында одан ілімді ешкім болмады»,-деп жауап береді.

Әбу Ханифа барша мұсылмандарға пайғамбарымыз с.ғ.с. көрсетіп кеткен жолды үйретіп, «әл-Фиқһул-Әкбар» деп аталатын ақида кітабын мұра етіп қалдырды.

Published in Фиқһ

Если кто-то спросит вас: «Ты ханафит или мусульманин?», знайте, что он лишён разума. Он запутался сам в себе. Если, например, вы бы были в другой стране, и кто-то спросил бы вас: «Где вы живёте?», что бы вы ответили? Вы не скажите, что вы живете на улице Мичемлейн, потому что для этого человека, живущего в другой стране, улица Мичемлейн ни о чём не говорит. Вы не скажите, что вы живёте в районе Стресем, потому что и это для него ничего не значит.

Если вы будите в другой стране, и кто-то спросит вас: «Где вы живёте?», вы скажите: «В Англии», если бы вы были в Бирмингеме, и кто-то спросил вас: «Где вы живете?», вы бы ответили: «В Лондоне». Если бы кто-то в Лондоне спросил вас, где вы живете, вы бы ответили: «В районе Стресем», и если бы вы были в районе Стресем и кто-то спросил вас: «Где вы живете?», вы бы ответили: «На улице Мичемлейн».

А теперь перейдем к тем, кто спрашивает: «За кем вы следуете?». Братья, хвала Аллаху, мы Умма Пророка Мухаммада (мир ему и благословение Аллаха), мы все следуем за Мухаммадом (мир ему и благословение Аллаха)!

И теперь, если вы скажете кому-то, что живёте на улице Мичемлейн, не будет ли глупым звучать вопрос: «Разве вы не живете в Англии?! Разве вы не живете в Лондоне?!». Брат, я живу в Англии, в которой есть город Лондон, в котором есть район Стресем, в котором есть улица Мичемлейн. Я живу в доме под номером 8 на улице Мичемлейн.

Хвала Аллаху, это полный ответ, никто после этого не будет спорить с вами.

Поэтому, когда мы говорим, что мы ханафиты или последователи школы Деобанд, это значит, что мы из Уммы Пророка Мухаммада (мир ему и благословение Аллаха), потому что ни среди секты къадияни, ни среди шиитов, ни среди христиан, ни среди буддистов, ни среди иудеев нет ханафитов.

Когда ты говоришь, что ты ханафит, это значит, что ты мусульманин, ты веришь в Посланника Аллаха (мир ему и благословение Аллаха), и религия дошла до тебя через Имама Абу Ханифу (да смилуется над ним Аллах). Если кто-то скажет, что он последовать школы Аль-Азхар — МашаАллах, это полный ответ, ибо это значит, что он мусульманин, и знания он получал через шейхов Аль-Азхара.

Если кто-то скажет, что он из последователей школы Деобанд, то нет ошибки и в этом. Деобандийцы, в своём большинстве, ханафиты. Это значит, что он мусульман, верит в Пророка Мухаммада (мир ему и благословение Аллаха), он ханафит, и в наше время знание до него дошли через учёных «Даруль Улюм Деобанд». Это и есть ваш иснад, это и есть ваша цепочка в получении религии. Поэтому нет ошибки в назывании себя таким образом, так же, как и в случае, если вы скажите, что живёте на улице Мичемлейн, в районе Стресем, в городе Лондоне, который находится в Англии. Никто не будет против этого.

Так почему же вы должны стыдиться называть себя ханафитами?! Люди могут сказать вам: «Нет, брат, ты не ханафит, ты не маликит!!». Они говорят, что они последователи саляфов. Становится непонятно, кто они: мусульмане, христиане, индуисты, атеисты, джахили, многобожники? Если ты говоришь, что ты саляфит, то ты просто забываешь о смысле этих слов.

Саляфит просто значит, что ты из числа последователей предщественников. А они могут быть кем угодно: мусульманами, кафирами, христианами, иудеями, многобожниками, большими грешниками, джахилями и т.д.

Если ты хочешь сказать, что ты из последователей праведных предком, то должен называть себя из числа последователей ас-саляфу салих. Но и в этом случае указание на праведных предков не имеет уточняющего смысла, ибо праведность не указывает на источник знаний. В случае, если ты называешь себя ханафитом, становится понятно, что ты из последователей одного из величайших ученых этой Уммы. Если ты говоришь, что ты шафиит, то становится ясно, что ты один из последователей величайшего имама этой Уммы. То же самое, когда ты говоришь, что ты ханбалит или маликит. Этого не нужно стыдиться! Это то, чем нужно гордиться! Если ты следуешь за имамом — у тебя нет проблем, ты в безопасности. А если нет — то ты заблудился.

Published in Фиқһ

Жауап:

Рамазанда бір ай толық ораза ұстаудың парыздығы Құран және хадисте нақты бекітілген. Құранда: «Сендердің араларыңда кімде-кім Рамазан айының туғанын көрсе, сол күні ораза ұстасын.

Сырқат немесе жолаушылар ораза айында ұстай алмаған күндерін басқа күндері өтесін»[1] - делінсе, Алла елшісі (с.ғ.с.): «Жаңа туған айды көрген кезде ораза ұстаңдар, екінші жаңа туған айды көрген кезде ауыздарыңды ашыңдар. Егер аспан бұлтты болса, Шағбан айын отызға толықтырыңдар»[2],- деп рамазан оразасын бір ай толық ұстау керектігін бұйырған.

Сондықтан Рамазан айының басында үш күн, ортасында үш күн, соңында үш күн ораза ұстаса болады деген сөздiң ешбiр негiзi жоқ. Бәлкім кейбір адамдар Абдуллаһ ибн Амрден (р.а.) риуаят етiлген «Ай сайын үш күн ораза ұстау – жыл бойы ораза ұстағанмен тең болады»[3] және Әнас ибн Мәлік (р.а) жеткізген: «Ережеп айының басында, ортасында, аяғында ораза ұстасаң, ережеп айының барлық күндерінде ораза ұстағандай сауапқа ие боласың. Өйткені, бір жақсылық он есеге еселенеді»,-делінген хадистердегі нәпіл оразалармен шатастырып жүрген болуы мүмкін. Хадистерден көрiнiп тұрғанындай үш күндiк нәпiл оразаның Рамазан айының оразасына ешбiр қатысы жоқ.

Published in Фиқһ
Пятница, 30 Май 2014 00:00

Ат қалай қойылады?

 

Сұрақ:

 

Құдай қаласа, жақында әйелім босанбақ. Баламыздың атын өзім қойсам деп едім. Кейбіреулер «Баланың атын имам қою керек» дегенді алға тартады. Ол міндетті ме? Баланың оң құлағына азан, сол құлағына қамат оқылуының себебі не? Азан мен қаматтың мәтінін де берсеңіздер.

 

Жауап:

 

Ислам дінінде сәби өмірге келгенде әке - шешенің орындауға тиісті болған міндеттерінің бірі, баланың құлағына азан шақырып жақсы ат қою.

Азан шақырып ат қою Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) бері келе жатқан үрдіс. Яғни сүннет амал. Ибн Аббастың (р.ғ.) риуаят етуі бойынша Алла елшісі (с.ғ.с.) немересі Хасан дүниеге келгенде, оның оң құлағына азан, сол құлағына қамат оқыған (Тирмизи, Әдаһи, 15).

Дүниеге келген сәбидің ең алғашқы естіген даусы азан үні болғаны дұрыс. Өйткеніі оқылған азан мен қамат, сәбиге жасалған алғашқы иман қадамы болып табылады. Азанның мағынасы мен мазмұнында тәкбір (Алланың Ұлылығы), таухид (Алланың бірлігі), пайғамбарлық және намаз сияқты діннің негіздері қамтылған.

Азанды білген кез келген мұсылман баласы баланың атын қоя алады. Міндетті түрде имамның немесе молданың азан шақыруы шарт емес. Егер де жас кезінде балаға қандай бір жағдайлармен азан шақырылмаса, есейген кезінде де шақыруға рұқсат етілген.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ат қою жөнінде бірнеше өсиет пен ескертулер жасаған. Бір хадисте: «Қиямет қайымда әркім аттарымен және әкелеріңнің есімімен шақырыласыңдар. Олай болса жақсы ат қойыңдар» деген. (Бухари, Әдеб, 108) Дүниеге келген сәбиге бір жетіге дейін ат қойған абзал.

Ал азан шақырып ат қоюдың тәртібіне келер болсақ, ең әуелі азаншы құбылаға жүзін қаратып сәбидің оң құлағына азан шақырады да, үш рет атын айтады. Кейін екінші жағына яғни сол құлағына қамат түсіріп, үш рет аты аталады. Міне осыдан кейін жақсы тілек қосуға да болады.

Оң құлағына азан, сол құлағына қамат түсіруінің бір себебі, бұл екеуі намаздардың алдында әрдайым қатар келеді. Сондықтан нәрестеге екеуін қатар оқиды. Алайда, жас нәрестенің құлағына азан мен қамат айтылғанмен, артынша намаз оқылмайды. Осы оқылмаған намаз адам өмірден өткен кезде азан, қаматсыз өтеліп барып жерленеді. Бұл намаз «жаназа намазы» деп аталады. Бұдан алатын ғибрат адамның өмірге келіп, кетуі бейне бір азан, қамат айтылған соң намаздың дереу басталатыны секілді, қысқа ғана өмір берілгенін көрсетеді. Өмірдің қысқа екенін осылай білген жан, Аллаға жақындайтын, Алла разы болатын амалдарды мол істейтін болады.

Азан мен қаматтың мәтіні төмендегідей:

Аллаһу акбар Аллаһу акбар

Аллаһу акбар Аллаһу акбар

Әшһәду әллә иләәһә иллаллааһ

Әшһәду әллә иләһә иллаллааһ

Әщһәду әннә Мухаммәдәр расуулуллааһ

Әщһәду әннә Мухаммәдәр расуулуллааһ

Хаииә ьаләссаләәһ

Хаииә ьаләссаләәһ

Хаииә ьаләл фәләәх

Хаииә ьаләл фәләәх

Аллаһу акбар, Аллаһу акбар

Ләә иләәһә иллаллааһ!

(Азан шақырылып болған соң оң құлағына аты үш рет айтылады. Іле сол құлағына қаматты оқырда тура азандағы сөздерді айтады. Бірақ соңындағы «хаииә ьалал фалах»сөзінен соң «қад қамәтиссаләһ» деп екі рет айтып барып қалған сөздермен тәмамдайды. Қаматтан кейін де үш рет аты аталады).

Алтынбек Ұтысхан
ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің маманы
Published in Фиқһ

Сұрақ:

Бір кісі маған жұма намазының алдында ешбір сүннет намаз оқылмайды, оның ешқандай дәлелі жоқ, тіпті «бидғат» деді. Сұрайын дегенім біз оқып жүрген жұманың алғашы төрт рәкат сүннет намазының қандай дәлелі бар?

Жауап:

Жұма намазының алдында сүннет намаз бар дейтін мәзһабтар ең әуелі жұма намазының бесін намаздың орнына жүретіндігін алға тартады. Сондықтан жұма намазындағы екі рет азан шықыру, хұтба оқу, парыз намазының төрт рәкаттан екі рәкатқа түсуі секілді арнайы шариғи дәлелдермен бекітілген ерекшеліктерінен тыс басқа барлық мәселелерде жұма намазы бесін намазы секілді өзгеріссіз қала береді.

Имам әл-Бұхари өзінің сахих хадистер жинағында «Жұма намазының соңындағы және алдындағы сүннет намаздар» деп арнайы тарау ашқанымен, жұманың соңғы сүннетіне байланысты хадисті ғана келтіріп, ал алдыңғы сүннеті жайлы ешқандай хадис бермеген. Оның орнына бесін намазының алды мен соңында оқылатын сүннет намаздарды көрсеткен.

Имам әл-Бұхаридың бұлай жасауында жұма намазын бесін намазына «қияс» яғни, салыстыруы жатыр. Яғни бесіннің алды мен соңында сүннет намаздары болатыны секілді жұма парызының да алды мен артында да сүннет намаз бар деген сөз.[1]

Имам ән-Нәуауи өзінің мұслимның сахихына жазған «әл-Минһаж» атты кең түсіндірмесінде: «бесіннің алдында оқылатын сүннет намазды жұманың алдында да оқу сүннет» - деген.

عن علي قال كان رسول الله يصلي قبل الجمعة أربعا وبعدها أربعا

Алидан (р.ғ.): «Алла елшісі (с.а.у.) жұманың алдында және артында төрт рәкаттан намаз оқитын еді» дегені риуаят етілді.[2] Бұл риуаяттың тізбегіне Хафиз Зәйнуддин әл-Ирақи «жәййд»деп жақсы баға берген.[3]

Сондай-ақ Алла Елшісінің (с.а.у.) жанынан бір елі айрылмайтын ғалым сахаба Ибн Мәсғұдтың жұма намазының алдында уа һәм артында төрт рәкат намаз оқығандығы сахих жолмен риуаят етілген.

عن قتادة أن بن مسعود كان يصلي قبل الجمعة أربع ركعات وبعدها أربع ركعات

Қадатадан (р.а.): «Абдуллаһ ибн Мәсъуд (р.а.) жұманың алдында төрт рәкат және соңында төрт рәкат намаз оқитын еді»[4]- дегені риуаят етілді. Ибн Хажар Асқалани бұл хабарды «сахих» деп бағалаған. Тіпті Абдурраззақтың «мұсаннафында» Ибн Масғұдтың жұманың алды мен артында төрт рәкат сүннет намаз оқуды бұйыратындығы риуаят етілген. Ибн Масғұдтың бұлай жасауы Алла елшісінен (с.а.у.) жұма намазының алды мен артындағы сүннет намаздар жайлы қандай да бір хадисті білгендігінен. Әйтпесе, Алла елшісінің жанында үнемі жүретін сахабаның мұндай мәселені ойдан ижтиһадтпен айтпасы анық. Ибн Мәсғұдттың көзқарасын Ибн Мұбарак, Сұфиянус-сәури сынды табиғиндер де ұстанған[5].

عن نَافِعٍ قال كان بن عُمَرَ يُطِيلُ الصَّلَاةَ قبل الْجُمُعَةِ وَيُصَلِّي بَعْدَهَا رَكْعَتَيْنِ في بَيْتِهِ وَيُحَدِّثُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صلى الله عليه وسلم كان يَفْعَلُ ذلك

Нафиътан риуаят етілді. Ол былай деді: «Абдуллаһ ибн Омар жұманың алдында намазды созып оқитын. Ал жұмадан кейін үйіне барып екі рәкат намаз оқитын еді. Және ол (ибн Омар) Алла елшісі де (с.а.у.) осылай істейтін еді деп айтатын».[6] Имам Ән-Нәуауи өзінің «әл-Хұласасында» Әбу Дәуідте риуаят етілген бұл хадисті Бұхаридың шартына сай «сахих» деп бағалаған[7]. Бұл риуаяттан жұма алдында нәпіл немесе сүннет намаздың бар екенін аңғарамыз.

Бұхаридағы риуаятта Алла елшісі (са.у.): «Әрбір екі азаның (азан мен қамат) арасында (сүннет) намаз бар»[8] деген. Басқа бір сахих хадисте: «Әрбір парыз намаздың алдында екі рәкат намаз бар»[9] - делінген. Ибн Хажар жұма намазының алдында оқылатын сүннет намаздың қуатты дәлелі ретінде осы хадисті көрсеткен.[10] Ендеше жұма уақыты кіргеннен кейін ханафи мен шафиғи мәзһабындағыдай төрт, немесе өзге кейбір мәзһабтағылардай екі рәкат сүннет намаз оқып жатқан адамға сенің мынауың «бидғат» деп қарсы шығу әсте дұрыс емес.

Қайрат Жолдыбайұлы

Бірінші найб мүфти,

«Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы.

[1] Бадруддин Әбу Мұхаммед Махмуд ибн Ахмад әл-Ъайни, Ъумдатул-Қаари шарху Сахихил-Бұхари, 5-том, 126-бет. «Дарул-фикр» баспасы, Бәйрут, 2005 ж.

[2] Сүлейман ибн Ахмад ибн Айюб Әбул-Қасым әт-Табарани, әл-Мұъжамул-әусат, 2-том, 172-бет. «Даарул-харамайн» баспасы, Каир. Һижри 1415 ж.

[3] Зәйнуддин Әбул-фадл Абдур-рахим ибн әл-Хусайни әл-Ирақи, Торхут-тасриб фи шархит-тақрииб, 3-том, 36-бет. «Дарул-кутубил-илмия» баспасы, Бәйрут, 2000 ж.

[4] Әбу Бәкір Абдур-Раззақ ибн Һүмам әс-Санъани, Мусаннафу Абдир-Раззақ, 3-том, 247-бет. «Әл-Мәктабул-ислами» баспасы, Бәйрут, Һижри1403 ж.

[5] Мухаммед ибн Иса Әбу Иса әт-Тирмизи, Сунанут-тирмиз, 2-том, 401-бет. «Дарул-ихиаайт-турасил-араби» баспасы, Бәйрут.

[6] Мухаммед ибн Иса Әбу Иса әт-Тирмизи, Сунанут-тирмиз, 1-том, 294-бет. «Дарул-ихиаайт-турасил-араби» баспасы, Бәйрут.

[7] Әбу Закария Мухиддин ән-Нәуауий, Хулаасатул-ахкаам фи муһимматис-сунан уа қауааъидил-ислам, 2-том, 811-бет. «Муссисатур-рисала» баспасы, Бәйрут, 1997 ж.

[8] Сахихул-Бұхари. 1-том, 225-бет. «Дәру Ибни Кәсир баспасы», Бәйрут, 1987 ж.

[9] Мұхаммед ибн Хиббан ибн Мұхаммед, Сахих ибн Хиббан, 6-том, 208- бет. «Мүуссатур-рисала» баспасы, Бәйрут, 1992 ж.

[10] Ибн Хажар Асқалани, Фатхул-Баари, 3-том, 351-бет.

Published in Фиқһ
Пятница, 30 Май 2014 00:00

Музыка тыңдау харам ба?

Әннің де естісі бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағын кесері бар. (Абай)

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ән, музыкаға рұқсат ететін де, тыйым салатын да көптеген хадистері бар. Музыкаға байланысты дәлелдердің әр түрлі болуына байланысты ғұламалардың кейбіреуі жалпы музыканы харам десе, енді біреулері адамға пайдалысы адал, ал зияндысы харам деп пәтуа берген (әл-Имамул-әкбар Махмуд Шәлтут, Әл-Фәтаауа. 355-бет. Дәруш-шуруқ, Египет. 2004 ж.).

Жалпылай барлық музыканы харам дейтіндердің әлелдері

1. «Адамдардың арасында ешбір (дәлелге сүйеніп,) білімге жүгінбестен елді Аллаһтың жолынан адастыру үшін бос сөздерді сатып алатын (немесе ақиқатпен айырбастайтын) әрі Хақ жолын келекеге айналдыратын адамдар бар. Оларға Аллаһтың қорлайтын азабы болады» (Лұқман сүресі, 6-аят.)

Бұл аяттағы қазақша «бос сөз» деп аударылып отырған «ләһуал-хадис» сөзі көңіл көтеру үшін ойын-сауық мақсатында айтылатын әртүрлі хикая, әзіл –оспақ, ертегі секілді сөздерді, әңгімелерді де қамтиды.

Кейбір ғалымдар «ләһуал-хадис» сөзін Ибн Аббас сияқты кейбір сахабалардың «ән» деп тәпсірлегенін негізге алғандықтан музыканың харамдығын білдіретін дәлелдердің қатарында қолдануға тырысқан.

Алайда бұл аят жалпылай барлық музыканың харамдығына дәлел бола алмайды. Себебі, тәпсіршілердің бәрі бірдей «ләһуал-хадис» сөзін тек қана «ән» деп тәпсірлемеген. Бұл аяттың түсу себебіне үңілер болсақ «ләһуал-хадис сөзінің жалпылай барлық музыканың харамдығын білдірмейтінін түсінеміз.

Надр ибн Харис деген Меккелік мүшрік Иранда сауда жасап жүріп, сол жақтан қызық дастандар мен хикаяларға толы кітап сатып алып келеді. Сол кітаптағы хикаяларды Меккеліктерге оқып беріп отырып былай дейді: «Мұхаммед Ад және Сәмуд қауымдары туралы баяндаса, міне мен де сендерге Рим және өзге елдердің масалдарын әңгімелеймін» деп халықтың көңілін Құраннан қайтармақ болған. Осы оқиғаға байланысты жоғарыдағы аят түскен.

Екіншіден аятқа толықтай үңілетін болсақ, «...елді Аллаһтың жолынан адастыру үшін бос сөздерді сатып алатын әрі Хақ жолын келекеге айналдыратын адамдар бар...» делінген. Яғни, бос сөздерді жай сатып алатын адамдар емес, Аллаһтың жолынан елді адастыру мақсатында сатып алатын және хақ жолын, Құран аяттарын келекеге айналдыратын адамдар делініп тұр. Ал халықтың көңілін Құраннан алшақтатып, хақ діннен адастыру мақсатында атқарылатын қандай да бір істің, тіпті пиғылдың күпірлік екені айтпаса да түсінікті.

Ендеше, аяттың мұсылман жандармен әрі дұрыс музыка, пайдалы әуенмен тікелей байланысы жоқ екені анық. Ал егер музыканы адамдарды адастыру үшін, дінді келеке ету мақсатында қолданса, онда ол аталмыш аяттың аясына кіргендіктен ондай музыканың харамдығында еш шүбә жоқ.

2. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сахихул-Бухари хадис кітабындағы:

لَيَكُونَنَّ مِنْ أُمَّتِي أَقْوَامٌ يَسْتَحِلُّونَ الْحِرَ وَالْحَرِيرَ وَالْخَمْرَ وَالْمَعَازِفَ...

«Үмметімнің арасынан әйелдің жыныс мүшесін (яғни, зинаны), жібекті, арақты және музыка аспабтарын адал санайтын қауым (топ) шығады...» хадисі музыканың харамдығын білдіретін ең қуатты дәлел ретінде келтіріледі.

Бұл хадистен бір қарағанда музыканың харам екендігін түсінуге болады. Алайда пайғамбарымыздың даңғараның (тамбурин) сүйемелдеуінде айтылған әнді тыңдағанына байланысты сахих хадистерді де назарға ала отырып аталмыш хадистің әрбір сөзіне назар салып, мәніне терең үңілетін болсақ басқаша үкімге де баруға болатыны сөзсіз.

Себебі пайғамбарымыз егер жалпы музыка аспабтарын харам еткен болса, онда өзі музыка аспабтарын мүлдем тыңдамас еді, әрі музыка аспабтарын қолданған жандарды да дереу тыйар еді. Хадистегі «музыка аспабтары» мағынасындағы «әл-мағазиф» сөзі даңғараны да қамтиды. Себебі тамбурин музыка аспабына жатады. Алайда пайғамбарымыздың даңғараның сүйемелінде айтылған әнді тыңдағаны жайлы тіпті айтылуын құптағаны жайлы әл-Бухариде және басқа да хадис кітаптарында сахих хадистер бар. Сондықтан жоғарыдағы хадисті былай түсінгеніміз жөн:

Хадисте айтылған «әйелдің жыныс мүшесі», «жібек»-тің жалпылай харам емес екені баршаға мәлім. Себебі әйелдің жыныс мүшесі некелі жанға адал, ал некесізге – зина болғандықтан харам. Жібектің де адалы мен арамы бар. Жібек еркектерге – харам ал, әйелдерге – адал. Дәл осы секілді музыка аспабтарын да ажыратып қарауға болады. Яғни, хадистен жалпы музыка аспабтарын емес, кісінің ғибадатына кедергі келтіріп, жүрегіне бөтен сезім ұялататын зиянды музыканы адал ететін қауым шығады деп түсіну керек. Осы хадисте айтылған арақты ғана бұлай бөліп қарай алмаймыз. Себебі арақты жалпылай харам қылған нақты аят пен бір тамшысын болса да тыйған сахих хадистер бар (Мухаммед Абдур-Рахман әл-Марғашли, әл-Ғина уәл-мәғазиф фил-иғламил-муғасир уә хукмуһә фил-ислам, 257-бет. «Дәрул-мағрифа» баспасы, Бәйрут. 2006 ж.).

3. Нафиғдан риуаят етілген басқа бір хадис.

عَنْ نَافِعٍ قَالَ سَمِعَ ابْنُ عُمَرَ مِزْمَارًا قَالَ فَوَضَعَ إِصْبَعَيْهِ عَلَى أُذُنَيْهِ وَنَأَى عَنْ الطَّرِيقِ وَقَالَ لِي يَا نَافِعُ هَلْ تَسْمَعُ شَيْئًا قَالَ فَقُلْتُ لَا قَالَ فَرَفَعَ إِصْبَعَيْهِ مِنْ أُذُنَيْهِ وَقَالَ كُنْتُ مَعَ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَسَمِعَ مِثْلَ هَذَا فَصَنَعَ مِثْلَ هَذَا

Жолда Ибн Омармен бірге едім. Ол шопанның сырнайының үнін естіді де жолдан алыстай түсті. Саусағымен екі құлағын бітеді. Сосын уа, Нафиғ естіп тұрсың ба? деді. Мен: «жоқ» деген едім, саусағын екі құлағынан шығарды да, уа, Нафиғ пайғамбарымыздың осылай естігенін және дәл осылай істегенін көрдім» деді.

Келтірілген бұл хадис те жалпылай барлық музыканың харамдығына дәлел бола алмайды. Себебі аталмыш хадис біріншіден сахих емес, Әбу Дәуід өзінің хадис жинағында бұл хадисті келтіргеннен кейін бұл хадис «мүнкәр» деген. Ал енді хадисті сахих деп қабылдағанның өзінде жалпылай барлық музыканың харамдығын білдірмейді. Себебі пайғамбарымыз өзіне ұнамаған жағымсыз үннен де құлағын бітеуі мүмкін. Яғни, сол кезде тартылған сырнайдың үні жағымсыз болуы да ықтимал. Бұған қоса егер жалпы сырнайдың үні харам болғанда пайғамбарымыз жанындағы Ибн Омарға да құлағын бітеуін бұйырар еді. Яғни, Ибн Омардың күнә істеуіне жол бермес еді.

4. Музыканың харамдығына дәлел ретінде келтірілген хадистердің бірі Ибн Мәжаның хадис кітабындағы Мәлик әл-әшғаридің әкесінен риуаят етілген пайғамбарымыздың ( с.а.у.) мына хадисі:

عَنْ أَبِي مَالِكٍ الْأَشْعَرِيِّ قَالَ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ لَيَشْرَبَنَّ نَاسٌ مِنْ أُمَّتِي الْخَمْرَ يُسَمُّونَهَا بِغَيْرِ اسْمِهَا يُعْزَفُ عَلَى رُءُوسِهِمْ بِالْمَعَازِفِ وَالْمُغَنِّيَاتِ يَخْسِفُ اللَّهُ بِهِمْ الْأَرْضَ وَيَجْعَلُ مِنْهُمْ الْقِرَدَةَ وَالْخَنَازِيرَ

«Үмметімнен кейбір адамдар арақ ішеді де оны басқа атпен атайды. Жандарында музыка аспабы ойналып әйел әншілер ән айтады. Аллаһ Тағала жерді олардың үстіне төңкереді және олардың кейбіреулерін маймыл мен шошқаға айналдырады»

Пайғамбарымыздың бұл хадисінде де музыканың жалпылай харамдығына ешбір дәлел жоқ. Бұл жерде арақты пива, вино, виски секілді әртүрлі басқа аттармен атап, адалға санап ішетін әрі әйелдерге ән айтқызып, би билеткізіп, музыка ойнататын жандардың душар болатын азабын ескертуде. Арақ ішіліп, әйелдерге ән айтқызылған отырыстың қандай отырыс екенін, онда айтылатын ән мен ойналатын әуеннің қандай сипатта болатыны айтпаса да түсінікті.

Ендеше, бұл жерде салихалы өлеңмен мен пайдалы әуеннің харамдығына ешбір дәлел жоқ. Пайғамбарымыздың бұл хадисі қазіргі таңдағы бар, казино сияқты күнәға толы түнгі клубтарды меңзейді.

5. Абдуллаһ ибн Амр ибн Астан риуаят етілген Пайғамбарымыздың: «Сөзсіз Раббым арақты, құмар ойынды және барабан мен қиннинді харам етті» делінген хадисі музыка аспабтарының харамдығына байланысты келтірілген дәлелдердің қатарында келтірілген. Алайда бұл хадис әлсіз хадистердің қатарына жатады. Яғни, дәлелге есептелінбейді.

6. Ибн Мәсғудтан риуаят етілген «Ән жүректе екі жүзділікті өсіреді» делінген хадис. Бұл хадис те әлсіз хадистердің қатарына жатады. Әлсіздігін бірқатар мәшһүр хадис ғалымдарымен қоса Насруддин Әлбани да білдірген.

Келтірілген дәлелдерге қорытынды:

Жоғарыдағы музыканың харамдығына байланысты келтірілген дәлелердің арасындағы сахих хадистердің мағынасы жалпылай барлық музыканың харамдығын білдіретіндей нақты, айқын емес, ал мағынасы нақты, айқын болғандары түгелдей әлсіз яки ойдан құрастырылған хадистердің қатарына жатады немесе арақ ішілген жерде айтылатын әндерді меңзеген.

Музыканының «пайдалысы – адал, ал зияндысы – харам» дейтіндердің дәлелдері

عَنْ الرُّبَيِّعِ بِنْتِ مُعَوِّذٍ قَالَتْ دَخَلَ عَلَيَّ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ غَدَاةَ بُنِيَ عَلَيَّ فَجَلَسَ عَلَى فِرَاشِي كَمَجْلِسِكَ مِنِّي وَجُوَيْرِيَاتٌ يَضْرِبْنَ بِالدُّفِّ يَنْدُبْنَ مَنْ قُتِلَ مِنْ آبَائِهِنَّ يَوْمَ بَدْرٍ حَتَّى قَالَتْ جَارِيَةٌ وَفِينَا نَبِيٌّ يَعْلَمُ مَا فِي غَدٍ فَقَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ لَا تَقُولِي هَكَذَا وَقُولِي مَا كُنْتِ تَقُولِينَ

1. Муғаууиз қызы Рубайғдан риуаят етілді. (Аллаһ Тағала одан разы болсын!). Ол былай деді: Неке түнімнің ертесіне маған Аллаһ Елшісі (с.а.у.) кірді. Сөйтіп сенің отырған жеріңдей арақашықтықта менің төсегіме отырды. Жанымда кішкентай қыздар даңғара (тамбурин) шалып, Бәдір соғысында қаза тапқан әкелерін жоқтап жатыр еді. Іштеріндегі бір қыз: «Біздің арамызда ертең не болатынын білетін пайғамбар отыр деген» еді, Пайғамбарымыз (с.а.у.): «олай деп айтпа, не айтып жатқан болсаң соны жалғастыр» деді. Яғни, Бәдір шайқасында шейіт болғандарды жоқтауыңды жалғастыра бер дегені.

әл-Бухариде келген бұл хадисте пайғамбарымыз (с.а.у.) даңғара (тамбурин) шалып, соғыста қаза тапқан әкелерін жоқтап отырған кішкентай қыздармен бірге отырғаны айтылады. Егер жалпылай музыка аспабы харам болғада Пайғамбарымыз (с.а.у.) ондай жерде отырмас еді. Отырған жағдайда да өзі туралы «біздің арамызда ертең не болатынын білетін пайғамбар отыр» деп айтқан сол жердегі қыздың сөзін құптамай, «олай деп айтпа, не айтып жатқан болсаң соны жалғастыр» деп ескерткені секілді «даңғара шалмаңдар, даңғара харам етілді» тәрізді тыюды білдіретін сөздерімен ескертуін жасар еді.

2. Әл-Бухари және Муслимнің хадис жинақтарында Айша анамыздан (Аллаһ Тағала одан разы болсын!) мынандай хадис риуаят етілі:

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا دَخَلَ عَلَيَّ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَعِنْدِي جَارِيَتَانِ تُغَنِّيَانِ بِغِنَاءِ بُعَاثَ فَاضْطَجَعَ عَلَى الْفِرَاشِ وَحَوَّلَ وَجْهَهُ فَدَخَلَ أَبُو بَكْرٍ فَانْتَهَرَنِي وَقَالَ مِزْمَارَةُ الشَّيْطَانِ عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَأَقْبَلَ عَلَيْهِ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَقَالَ دَعْهُمَا فَلَمَّا غَفَلَ غَمَزْتُهُمَا فَخَرَجَتَا قَالَتْ وَكَانَ يَوْمُ عِيدٍ يَلْعَبُ السُّودَانُ بِالدَّرَقِ وَالْحِرَابِ فَإِمَّا سَأَلْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَإِمَّا قَالَ تَشْتَهِينَ تَنْظُرِينَ فَقَالَتْ نَعَمْ فَأَقَامَنِي وَرَاءَهُ خَدِّي عَلَى خَدِّهِ وَيَقُولُ دُونَكُمْ بَنِي أَرْفِدَةَ حَتَّى إِذَا مَلِلْتُ قَالَ حَسْبُكِ قُلْتُ نَعَمْ قَالَ فَاذْهَبِي
«Бір күні маған Аллаһ Елшісі кірген еді. Жанымда екі (кішкентай) қыз (немесе күң) «Буғас» өлеңін айтып жатқан болатын. Пайғамбарымыз (с.а.у.) төсекке жатты да, жүзін ары қаратты. Сосын Әбу Бәкір (Аллаһ Тағала одан разы болсын!) кірді де: Аллаһ Елшісінің жанында шайтанның сырнайы ма?» деп маған ренжи сөйледі. Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған қарай жүзін бұрды да: «Оларға тиіспе!» деді. Ол (Әбу бәкір пайғамбарымыз бен сөйлесіп) бізге қарамай тұрғанда мен оларға ишарат етіп едім олар шығып кетті. Бұл күн айт күні болғандықтан қара нәсілділер (Басқа риуаятта олардың эфиопиялық мұсылмандар екендігі білдірілген) «қылыш-қалқан» биін билеп жатыр еді. Мен өзім Аллаһ Елшісінен сұрадым ба, жоқ әлде ол өзі «тамашалағың келеді ме?» деп айтты ма есімде жоқ. Мен «әрине» дедім. Ол мені өзінің артына тұрғызды. Бетім оның бетіне таянған күйде болды. Сосын ол (с.а.у.) «Уә, Әрфидаұрпақтары, қанеки!» деді. Мен жалыққанға дейін осылай тұрдық. Сосын менен «жетеді ма?» деп сұрады. Мен: «иә» деген едім, олай болса, жүре бер!-деді».

Хадисте пайғамбарымыздың (с.а.у.) әуен аспабының сүйемелінде айтылған әнді тыңдағандығы, тіпті, Әбу Бәкірдің «Шайтанның сырнайы пайғамбардың жанында ма?» деп кейіс білдіре қызы Айшаға айтқан ренішін құптамай, «Оларға тиіспе!» -деп ескертуі – зиыны жоқ әуеннің адалдығына дәлел. Бұған қоса хадисте Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «қылыш-қалқан» биін билегендерді «қанеки!» деп қолдауы – шариғатқа қайшы емес ойын-сауықтардың дұрыстығына дәлел бола алады.

3. Әл-Бухаридің хадис кітабында Айша анамыздан төмендегі хадис риуаят етілді (Аллаһ Тағала одан разы болсын!).

عَنْ عَائِشَةَ أَنَّهَا زَفَّتْ امْرَأَةً إِلَى رَجُلٍ مِنْ الْأَنْصَارِ فَقَالَ نَبِيُّ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَا عَائِشَةُ مَا كَانَ مَعَكُمْ لَهْوٌ فَإِنَّ الْأَنْصَارَ يُعْجِبُهُمْ اللَّهْوُ

«Ол (Айша) бір қызды аңсарлық біреуге ұзатқан еді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған уа, Айша сендерде көңіл көтеретін нәрсе болмады ма? Аңсарлықтар көңіл көтергенді ұнататын халық» деді. Басқа бір риуаятта: «Айша анамыз аңсарлық өзіне туысқан боп келетін бір қызды ұзатқан еді. Пайғамбарымыз «қызды ұзаттыңдар ма?» деп сұраған еді, үйдегілер «иә» деп жауап берді. Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Онымен бірге өлең айтатын біреуді қоса жібердіңдер ме?-деді. Айша анамыз «жоқ»-деді. Пайғамбарымыз (с.а.у) аңсарлықтар ғазалды (Әйел баласын мақтайтын өлең түрі немесе лирикалық жырлар) ұнататын халық. Онымен бірге «Біз сендерге келдік, біз сендерге келдік, сендерге Аллаһтың есендігі болсын! Бізге де Аллаһтың есендігі болсын» деп (жыр) айтатын біреуді жібермедіңдер ме?» (Ибн Мәжа, хадистің дәрежесі «сахих») - дегені риуаят етілді.

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مَرَّ بِبَعْضِ الْمَدِينَةِ فَإِذَا هُوَ بِجَوَارٍ يَضْرِبْنَ بِدُفِّهِنَّ وَيَتَغَنَّيْنَ وَيَقُلْنَ نَحْنُ جَوَارٍ مِنْ بَنِي النَّجَّارِ يَا حَبَّذَا مُحَمَّدٌ مِنْ جَارِ فَقَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَعْلَمُ اللَّهُ إِنِّي لَأُحِبُّكُنَّ

4. Хадис Әнас ибн Мәликтан риуаят етілді. (Аллаһ Тағала одан разы болсын!). Ол былай деді: Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір ретте Мәдинаның бір жерінен өткен еді. Сол жерде кейбір (кішкентай) қыздардың даңғараларын шалып былай деп ән айтып жатқандарын естіді:

«Біз Бәни Нәжжардың қыздарымыз

Мұхаммед қандай жақсы көрші»

Пайғамбарымыз (с.а.у.) оларға: «Аллаһ Тағала біледі, мен сендерді қатты жақсы көремін» деді.

Ибн Мәжада келген бұл хадистің дәрежесі хадис ғалымдары бойынша сахих (Насруддин Әлбани да өзінің «Сахих уа дағиф Ибн Мәжа» кітабында бұл хадисті «сахих» деп бағалаған). Егер өлең айтып, музыка аспабын қолдану харам болғанда, пайғамбарымыз (с.а.у.) оларға жоғарыдағы «Аллаһ Тағала біледі, мен сендерді қатты жақсы көремін» деген қолдау сөзін айтпас еді.

Жоғарыдағы сахих хадистерден Пайғамбарымыздың (с.а.у.) даңғара сүйемелінде бір неше рет ән тыңдағанына, тіпті құптап, қолдағанына куә болдық. Енді осы жерде кейбір жандар жоғарыдағы хадистерге сүйене отырып, "тек даңғара аспабын ғана тыңдауға болады" деп басқа музыкалық асбаптарға шектеу қоюы мүмкін. Алайда пайғамбарымыздың мұндай бір шектеуді білдіретін сахих ешбір хадисі риуаят етілмеген. Бар болғаны "даңғара" арабтарда кең қолданысқа ие музыкалық асбап болғандықтан пайғамбарымыздың (с.а.у.) оның сүйемеліндегі кейбір әндерді тыңдаған. Ал бұл жағдай басқа аспабтардың харамдығын білдірмейді. Сондықтан кезкелген музыка аспабы егер адамды еліртіп, жаманшылыққа жетелейтіндей кейіпте тартылмаса, онда оған – рұқсат.

Қайрат Жолдыбайұлы
ҚМДБ-ның Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі
Published in Фиқһ

Сәресі - таң әлі атпай тұрып түннің соңғы мезгілінде ішілетін ас. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) бір хадисінде сәресіде берекеттің бар екенін, сәресіге тұрғандар үшін періштелердің дұға ететінін: «Сәресіде берекет бар. Бір жұтым су ішсең де оны үзбе. Өйткені Аллаһ Тағала мен періштелер сәресіге тұрғандарға жақсылық тілейді»[1] - деп білдірген.

Cәресі - ең берекелі уақыт. Ол - дұға, намаз оқып, Құран қабыл болатын сәт. Бұған қоса сәресі асын ішу күні бойы ұстайтын оразаның қиындығын жеңілдетіп, басқа да құлшылықтарды орындауға күш береді. Сәресінің уақытын кешіктіріңкіреп, таң намазының уақытының кіруіне аз қалғанда жеген абзал. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) бұл мәселеге қатысты: «Ауыз ашуға асығып, сәресіні кешіктірген уақытта үмбетім әрдайым жақсылықта»,[2] - деген. Аштыққа шыдау кей кісілер үшін қиынға соғатынын ескерсек, ауыз ашуға асығып, ауыз бекітуге асықпауға болатынын білдіруі үмбетіне деген Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) мейірімділігінен туғанын аңғарамыз. Сәресіні таң намазына дейін кешіктіру таң намазын жіберіп алмауға жасалған сақтық екені де белгілі.

[1]Ахмад б. Ханбал, Муснад, 3/12, 32,44,99

[2]Әбу Дауд, Саум, 21; Ахмад б. Ханбал, Муснад, 2/450

Published in Фиқһ

Ине ектірудің оразаны бұзып-бұзбауына байланысты кейінгі Ханафи ғұламалары арасында екі түрлі үкім бар.

А)Әбу Ханифаның «терең жараға жағылған дәрілік майдың оразаны бұзатындығы» жайлы пікірін негізге алған ғалымдар, ине арқылы тамырмен денеге бір нәрсенің тарайтындығын алға тартып, ораза бұзылады деген. Қоректік жағы дау тудырғанмен, қабылданған ондай заттың денені күшейтетіндігі белгілі.

Ендеше, дәрі мейлі ауызбен ішілсе де, инемен қабылданса да кәффаратты қажет етпейді, бірақ, оразаны бұзады және қазасы өтеледі. Ине ектірген адам не сол күні ораза ұстамауы не инені сәресі мен ауызашар уақыттарына қалдырғаны жөн.

Ә)Ал Әбу Ханифаның шәкірттері Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің «терең жараға жағылған дәрілік май оразаны бұзбайды» деген пікірін негізге алған ғалымдар, ине ектірудің оразаны бұзбайтындығын айтқан. 1948 жылы Әл-Әзхар университетінің Фәтуа Комиссиясы ине ектірудің оразаны бұзбайтындығы жөнінде фәтуа берген. Өйткені, бұл емдік тәсілінің ауызға дәрі салып жұтуға ұқсамайтындығы анық. Сондай-ақ, демікпе не тыныс жүйелерінде ақауы барлар да ауызға дәрі шашыратса, ол өкпеден өтіп, асқазанға жетпейтіндіктен оразаны бұзбайтындығы алға тартылған. Кейбір аурулардан қорғану мақсатында ине ектіру де оразаны бұзбайды. Өйткені, бұндай жағдайда денеге қорек алу көзделмейді делінуде. Бірақ, қоректену мақсатында денеге қуат беретін арнайы гемоглобин секілді нәрселерді ине арқылы қабылдау оразаны бұзады.

Жоғарыдағы қай пікірді таңдаса да, ұстанса да негізгі жауапкершілік таңдаушыға тән. Негізі, дініміз сырқаттанған немесе ем қабылдап жүрген кісілердің ораза ұстамауына рұқсат еткен. Сондықтан, емдікке ине қабылдап жүрген адамның жақсы емделіп, болашақта құлшылықтарын үлкен ықыласпен атқаруы мақсатында Рамазан кезінде ораза ұстамағаны жөн. Бүл көзқарас сақтық тұрғысынан да абзал екені сөзсіз. Ендеше бұл - өздері шешетін мәселе.

Ал, ауырса да көпшілікпен бірге ораза ұстап, Рамазан айының қасиетінен құр қалғысы келмеген кісі екінші топтағы фиқһ ғалымдарының пікіріне сүйеніп, ораза кезінде қоректік емес инелерді қабылдай беруіне болады. Бірақ, сәресі уақыты шықпай тұрып немесе ауыз ашардан кейін ине салдыру мүмкін болса, онда күндіз салдырмағаны жөн. (Ислам ғылымхалы)

Published in Фиқһ

"Джинсидің немесе шалбардың ұзындығын қысқартпасаң, тобықтан төмен түссе тозаққа кіресің" деген мағынада келетін хадисті қалай түсінуге болады?

Сахих Әл-Бухариде және басқа да хадис кітаптарында "Изардың (шалбар секілді киімдер) тобықтан төмен түскені тозақта" деп ескерткен пайғамбарымыздың сахих хадистері риуаят етілген. Осынау хадиске сүйенген кейбір мұсылмандар "шалбар балағының тобықтан асып тұруын" күнә санағандықтан, шалбарларының балағын қысқа етіп киіп жүр.

Пайғамбарымыздың кез келген хадисін оқығанда оның тікелей мағынасынан гөрі оның қандай мақсатпен айтылғанына көбірек көңіл аударуымыз қажет. Көбіне көп бір ғана хадис мағынасының мақсатын айқындау үшін пайғамбарымыздың сол мәселеге байланысты басқа да хадистерін зерделеп, зерттеуге тура келеді.

Ал енді сұрақта келтірілген пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жоғарыдағы "Изардың тобықтан төмен түскені тозақта" делінген хадисін оқыған уақытта: "Пайғамбарымыз неліктен киімінің балағын бірнеше сантиметр төмен түсірген кісіні тозақтың азабымен ескерткен екен? Неліктен мұндай кішігірім мәселеге байланысты үлкен азап болуға тиіс? Жоқ әлде, бұл хадистегі тыйылған нәрсе киімнің ұзындық мөлшері емес, киімнің ұзындығына байланысты тозаққа апарар басқа бір іс пе?" деген ойымызға орынды ой оралары сөзсіз.

Ендеше, бұл сұрақтың жауабын айқындау үшін бұл мәселеге қатысты пайғамбарымыздың басқа да хадистерін саралап көрелік:

وَعَنْ ابْنِ عُمَرَ قَالَ : قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ : { مَنْ جَرَّ ثَوْبَهُ خُيَلَاءَ لَمْ يَنْظُرْ اللَّهُ إلَيْهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ ، فَقَالَ أَبُو بَكْرٍ : إنَّ أَحَدَ شِقَّيْ إزَارِي يَسْتَرْخِي إلَّا أَنْ أَتَعَاهَدَ ذَلِكَ مِنْهُ ، فَقَالَ : إنَّك لَسْت مِمَّنْ يَفْعَلُ ذَلِكَ خُيَلَاءَ }
Абдуллаһ ибн Омардан риуаят етілген мына хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с.): " Аллаһ Тағала тәкаппарланып киімін жерге сүйреткен кісіге қиямет күні қарамайды (рақымдылық көрсетпейді)" деген. Мұны естіген Әбу Бәкір: Менің изарымның бір жағы егер қадағалап көңіл бөлмесем төмен түсіп тұрады" деп сауал тастады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) "Ей, Әбу Бәкір! Сен оны тәкаппарланып істейтіндерден емессің ғой" деп жауап берді. (әл-Бухари)

Пайғамбарымыздың Әбу Бәкірге берген жауабынан хадистегі шалбардың ұзындығын тобықтан асыруға қатысты тыйымның жалпы тыйым емес, тәкаппарлыққа қатысты екенін түсінеміз. Себебі пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманында және сол кездегі араб ғұрпында дененің белден төменгі жағына киілетін шалбар секілді киімдер тобыққа жетпейтіндей қысқа болатын. Ал тобықтан асырып, етегін жерге сүйретіп киетіндер көбіне өздерін өзге адамдардан жоғары санайтын тәкаппар адамдар болатын. Сондықтан пайғамбарымыз тобықтан асырып киюге тыйым салған. Яғни, бұл жердегі негізгі тыйылған нәрсе киімнің ұзындығының мөлшері емес, кісінің ұзын кию арқылы өзінің өзге жандардан жоғарғы екендігін көрсеткісі келген тәкаппарлық ниеті екенін түсінуге болады.

Кейбір жандар пайғамбарымыз (с.а.у.) Әбу Бәкірге ғана рұқсат берген. Ендеше біз бұл рұқсаттан пайдалана алмаймыз деген уәж айтады. Алайда олардың бұл уәждері тіптім орынсыз. Себебі пайғамбарымыз (с.а.у.) Әбу Бәкірге (р.а.) "Саған ғана рұқсат" деп үкімді жекешелемеген. Керісінше, "(Уа, Әбу Бәкір) Сен тәкаппарланып киетіндерден емессің" деп оның киімінің төмен түсіп тұруының тәкаппарлық мақсатында емес екенін анық ашып көрсеткен. Яғни, бұл жерден Әбу Бәкір секілді тәкаппарлану ниетінсіз киімнің балағын тобықтан төмен түсіріп киюдің жоғарыда келтірілген "Изардың тобықтан төмен түскені тозақта" деген Пайғамбар (с.а.у.) тыйымынан тыс екенін түсіну қиын емес.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Әбу Һурайрадан риуаят етілген басқа бір хадисінде:

عن أبي هريرة رضي اللَّه عنه أَنَّ رسول اللَّه صَلّى اللهُ عَلَيْهِ وسَلَّم قال :
«لا ينْظُرُ اللَّه يَوْم القِيَامة إِلى مَنْ جَرَّ إِزَارَهُ بَطراً » متفقٌ عليه

"Тәкаппарланып изарын (дененің белден төменгі жағына киілетін шалбар секілді киім) сүйреткен кісіге Аллаһ Тағала қиямет күні (рақымдылықпен) қарамайды" (Бұл хадис Бухаи мен Муслимде риуаят етілген) деп жалпы ұзын киюді емес, тек тәкаппарлану мақсатында ұзын етіп киюдің күнә екенін нақты түсіндірген.

Иә, тәкаппарлық – дінімізде кісіні тозаққа лайық ететін қатерлі рухани ауру. Бұл жайлы пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

لَا يَدْخُلُ الْجَنَّةَ مَنْ كَانَ فِي قَلْبِهِ مِثْقَالُ ذَرَّةٍ مِنْ كِبْرٍ قَالَ رَجُلٌ إِنَّ الرَّجُلَ يُحِبُّ أَنْ يَكُونَ ثَوْبُهُ حَسَنًا وَنَعْلُهُ حَسَنَةً قَالَ إِنَّ اللَّهَ جَمِيلٌ يُحِبُّ الْجَمَالَ الْكِبْرُ بَطَرُ الْحَقِّ وَغَمْطُ النَّاسِ

«Кім де-кімнің жүрегінде тозаңдай өркөкіректік болса, ол кісі жұмаққа кірмейді"- деді. Сонда бір адам: Кісі өзінің киімі мен аяқ киімінің әдемі болғанын қалайды. (бұл да тәкаппарлыққа жата ма?)"-деп сауал тастады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) "Аллаһ Тағала көркем, көркемдікті жақсы көреді. Тәкаппарлық ол – ақиқатты мойындамау әрі өзге адамдарды менсінбеу" деп жауап қайырды (Әл-имам Мухиддин ән-науауий, Шарх Сахихи Муслим, 1-2-том, 275-бет. Дәрул-мағрифа» баспасы, Бәйрут, 2007 ж.).

Киім киюдегі негізгі өлшемді пайғамбарымыз (с.ғ.с.) басқа бір хадистінде былай деп түсіндірген: "Ысырапқа және паңданып, тәкаппарлануға жол берместен ішіп-жеңдер, киініңдер және садақа беріңдер!" деген. Бұл хадис әл-Бухариде келген. Ибн Мәсғуд бұл хадиске "қалағаныңды ішіп-же, қалағаныңды киін. Тек екі нәрсе сені жаңылтпасын. Олар мыналар: ысырап және паңданып, тәкаппаралану" (Ахмад Ибн Али ибн Хажар әл-Асқалани, Фатхул-Бари би шархил-Бухари, 11-том, 423-бет. «Дарул-фикр» баспасы, Бәйрут, 2000 ж.) деп түсіндірме берген. Демек, киім киюдегі негізгі тыйылған нәрсе – тәкаппарлық пен ысырап. Осы екі нәрсе қадағаланғаннан кейін қалаған киімді киюуге дініміз рұқсат етеді. Тек шариғат белгілеген әурет жерлердің жабылуы шарт.

عَنْ أَبِي ذَرٍّ عَنْ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ ثَلَاثَةٌ لَا يُكَلِّمُهُمْ اللَّهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ الْمَنَّانُ الَّذِي لَا يُعْطِي شَيْئًا إِلَّا مَنَّهُ وَالْمُنَفِّقُ سِلْعَتَهُ بِالْحَلِفِ الْفَاجِرِ وَالْمُسْبِلُ إِزَارَهُ

Әбу Зәрдан риуаят етілген басқа бір хадисте Аллаһ Елшісі: "Үш кісіге қиямет күні Аллаһ Тағала қарамайды. Біріншісі, не нәрсе берсе де сонысын міндетситін кісі, екіншісі, сауда затын өтірік антпен өткізген адам, ал үшіншісі, киімінің етегін төмен түсіріп (сүйретіп) киген кісі" -деген.

Ал пайғамбарымыздың «изарыңның балағын көтер, изарды төмен түсіру – тәкаппарлықтан», немесе «Аллаһ Тағала изарын түсіріп кигендерді, сүйретіп жүргендерді жақсы көрмейді» секілді тәкаппарлану шартын қоспастан, тобықтан түсіріп жалпы ұзын киюді тыйған көптеген сахих хадистерін пайғамбарымыздың заманына байланыстыра отырып, түсінгеніміз жөн. Жоғарыда келтіргеніміздей пайғамбарымыздың заманындағы қоғам әдеті бойынша адамдар изарларының балағын қысқа киетін еді. Ал ұзын етіп жерге сүйретіп киетіндер көбіне өздерін өзгелерден жоғары санайтын тәкаппар жандар еді. Міне, пайғамбарымыз осы жағдайды ескере отырып кей хадистерінде «тәкаппарлану ниетімен ұзын киетіндер тозақта» деп ашып түсіндерместен «жалпы ұзын киюді – тәкаппарлық» деген. Ал енді қазіргі таңда араб елдерінің өзінде бұл әдет өзгерген. Ал бізде мұндай шалбардың балағын ұзын етіп киіп, өзгелерден оқ бойы озық жүрейін секілді тәкаппарлық ниетті білдіретін әдет атазаманнан болған емес. Қазіргі таңда балағын тобықтан төмен түсіріп кигендерді көргенде «анау тәкаппарлану үшін осылай ұзын етіп киіп алған» деген пікір ешкімнің ойына да келмейді. Тіпті қазіргі таңда керісінше балағын балтырына дейін қайырып, адымын алшақ басқан жандарды көрген кей адамдар олардың бұл ісін тәккаппарлыққа да балауы ғажап емес. Бұл жайлы Абдур-Раззақтың мусаннафында және Бәйһақидың «Шуғабул-иман» атты кітабында Әюбтың (р.а.): «Өткен замандарда киімді ұзын етіп кию мақтан балатын. Ал күнімізде киімді қысқа ету мақтан болды» дегені риуаят етілді. Ендеше, әдеттер жерден жерге, елден елге, заманнан заманға қарай өзгеретінін ескергеніміз жөн.

Егер жалпы ұзын кию тозаққа кіруге себепкер үлкен күнә болғанда, пайғамбарымыз ең жақын досы Әбу Бәкірдің ұзын киюіне мүлдем рұқсат бермес еді.

Ал «изарының балағы ұзын күйде намаз оқығанның намазы қабыл болмайды» деген мына хадистің дәрежесінің «әлсіз» екенін ескергеніміз жөн.

وعن أبي هريرة رضي الله عنه قال بينما رجل يصلي مسبلا إزاره فقال له رسول الله صلى الله عليه وسلم اذهب فتوضأ فذهب فتوضأ ثم جاء ثم قال له اذهب فتوضأ فقال له رجل آخر يا رسول الله ما لك أمرته أن يتوضأ ثم سكت عنه قال إنه كان يصلي وهو مسبل إزاره وإن الله لا يقبل صلاة رجل مسبل

Әбу Һурайрадан риуаят етілді. Ол былай деді: «Бір кісі изарының етегін төмен салбыратқан күйде намаз оқып жатыр еді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған «барып дәрет алып кел» деп бұйырды. Ол кісі біраздан кейін дәрет алып келді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған тағы да барып дәрет алып кел деді. Пайғамбарымызға басқа бір кісі: «Уа, Аллаһтың Елшісі, сіз неліктен оған дәрет алуды бұйырдыңыз да оған ештеңе айтпадыңыз» деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ол изарын жерге сүйреткен күйде намаз оқып жатыр еді. Ал, Аллаһ Тағала киімінің етегін төмен салбыратып, жерге сүйреткен кісінің намазын қабыл алмайды» деп жауап берді" (әш-Шаукани, Нәйлул-әутар. 1-том, 312-бет. «Дәрул-мағрифа» баспасы, Бәйрут, 2002 ж.). Мағына жағынан да, жеткізген кісілердің сенімділігі жағынан да бұл хадистің «әлсіз» екенін ескергеніміз жөн. Мағына жағынан әлсіздігі – егер ол кісінің шалбарының етегінің төмен түсіп тұрғандығы үшін намазы қабыл болмайтын болғанда, пайғамбарымыз ол кісіні дәрет алып әуре қылмай-ақ, киімінің балағының ұзындығының дұрыс еместігін тікелей айтып ескертер еді. Ал хадисті жеткізушілердің тізбегіндегі әлсіздігіне келер болсақ, Имам әш-Шаукани бұл хадисті жеткізушілердің арасындағы Әбу Жағфар делінген кісінің – белгісіз кісі екенін айтады (Хадистің әлсіздігін көптеген хадис ғалымдары білдірген. Насруддин Албани «әлсіз» деп бағалаған.). Ал хадис ілімінде белгісіз кісінің риуаятына сақтықпен қаралады.

Имам әш-Шаукани өзінің «Нәйлул-әутар» атты кітабында: «Тәкаппарлану ниетінсіз киімнің балағын тобықтан асырып кию – харам емес» деген (әш-Шаукани, Нәйлул-әутар. 1-том, 312-бет. «Дәрул-мағрифа» баспасы, Бәйрут, 2002 ж.). Ал имам ән-Нәуауий өзінің «әл-мәнсурат фи ъунил-мәсаайлил-муһиммат» атты пәтуалар жинақ кітабында былай дейді: «Шалбар, изар секілді ер азаматтардың киімдерінің балағы тәкаппарлану мақсатында тобықтан төмен түсірілсе – харам. Ал тәкаппарлану ниеті болмаса онда – мәкрүһ» (Имам ән-Нәуауи, әл-мәнсурат фи ъунил-мәсаайлил-муһиммат, 102-бет. «Дарул-ишрақ» баспасы», Қатар, 2007 ж.) деген. Балақтың тобықтан асып тұруы жайлы ғасырымыздың фақиһ ғалымдарынан Уәһбатуз-Зухайли де Имам ән-Нәуауийдің жоғарыдағы пікірін білдірген (Уәһбатуз-Зухайли, Фәтауаа Муғасира, 312-бет. «Дарул-фикр» баспасы, 2003 ж.).

Иә, тәкаппарлану мақсатында балақты тобықтан төмен түсіру – харам. Ал басқа жағдайда – мәкрүһ. Ал бұл мәкрүһтіктің өзі жалпы үкім емес. Тек қоғамның ғұрпында киімді тобықтан төмен түсіріп кию әдеті жоқ болса, және киген жағдайда халық арасында басқаша түсініктерге себеп болып жатса ғана мәкрүһ. Ал керісінше қоғамның ғұрпында шалбар балағын тобықтан төмен түсіріп кию – әдет болса әрі ұзын кию арқылы ешкімнің ойына тәкаппарлану, паңдану секілді сезім ұяламайтын болса, онда мәкрүһ емес. Бұл жайлы Хафиз Ахмад Ибн Али ибн Хажар әл-Асқалани «Фатхул-Бари би шархил-Бухари» деп аталатын әл-Бухаридің хадис жинағына жасаған түсіндірмесінде былай дейді: «...Адамдардың әдеті бойынша балақты ұзын етіп кию харам емес. Тек тыйым салынған етекті, балақты жерге сүйретуге дейін жетпесе болғаны. Ғалым Ғиад: киімнің ұзындығы мен кеңдігіне байланысты адамдардың әдет еткен мөлшерінен артығының мәкрүһ екендігінде ғұламалардың бір пікірде екенін жеткізді... » (Ахмад Ибн Али ибн Хажар әл-Асқалани, Фатхул-Бари би шархил-Бухари, 11-том, 435-бет. «Дарул-фикр» баспасы, Бәйрут, 2000 ж.)

Бұған қоса тәкаппарлық ниеті болмаса да киімді жерге тиетіндей етіп ұзын кию – тазалық әрі киістілік тұрғысынан да мәкрүһ. Себебі, онда киімнің былғану әрі тез тозу қаупі бар. Пайғамбарымыз бір хадисінде:

اِرْفَعْ ثَوْبك فَإِنَّهُ أَنْقَى وَأَبْقَى

«Киіміңді жоғары көтер. Себебі, жоғары көтеріп кию – тазарақ әрі киістірек» (Әш-шамаайлул-Мухаммадия лит-Тирмизи. Қосымша қараңыз: Атия Сақр, Ахсанул-кәлам фил-фәтаауаа уал-әхкам, 249-бет. «уәһба» баспасы, Каир қаласы, 2006 ж. Ибн Хажар әл-Асқалани, Фатхул-Бари, 11-том, 437-бет. «Дарул-фикр» баспасы, Бәйрут, 2000 ж.) деген.

Имам Ахмадтың: «Тәкаппарлық ниеті болмаса, киімді ұзын кию – харам емес» дегені риуаят етілді.

Ибн Тәймия кісінің амалды атқарудағы ниетіне қарай күнә яки сауап алатындығын: «Кімде-кім көрікті киімді сараңдық ниетімен кимейтін болса оған сауап жазылмайды. Ал кім де-кім көрікті киімді харам санап кимейтін болса күнәһар болады. Ал кімде-кім оны Аллаһ Тағаланың өзіне берген жақсылығы мен нығметін көрсету әрі тағат-ғибадатқа қолдану мақсатында кисе сауапқа бөленеді. Ал енді кімде-кім оны мақтану мен тәкаппарлық үшін кисе күнәһар болады. Себебі, Аллаһ Тағала мақтаншақтар мен тәкаппарларды жақсы көрмейді. Міне, сол себепті Аллаһ Тағала осындай ниетпен киімді ұзын киюді харам етті»-деп ашып түсіндіргенннен кейін жоғарыдағы Әбу Бәкірдің «Менің изарымның бір жағы егер қадағалап көңіл бөлмесем төмен түсіп тұрады" деген сауалына Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Уа, Әбу Бәкір! Сен оны тәкаппарланып істейтіндерден емессің ғой" деген жауабын дәлел ретінде келтіреді» (Ибн Тәймия, Мәжмуғату фәтаауаа, 11-том, 442-бет. «мәктабатул-ъабикан» баспасы, Риад қаласы, 1998 ж.).

Сөз соңы мұндай ұсақ мәселелерде байып сақтап, елдің, жердің ерекшеліктеріне сәйкес келетін пәтуаларға жүгініп, әрдайым Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Аллаһ Тағала сендердің келбеттерің мен дене-пішімдеріңе емес, жүректерің мен істеген амалдарыңа қарайды», (Муслим) «Барлық амалдар ниетке қарай бағаланады...» (Сахих әл-Бухари, Муслим) делінген хадистеріндегі өміршең әрі ғаламдық қағидаларды ұмытпасақ игі.

Қайрат Жолдыбайұлы
ҚМДБ-ның Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі
Published in Фиқһ

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником