Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Блог верховного муфтия Казахстана

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша
Религиозная интерактивная карта Казахстана
Григорианский
Хиджра
Super User

Super User

Среда, 26 Март 2025 09:16

Ұлттық ойындар дәріптелді

Қасиетті Рамазан айында Наурыз мейрамының құрметіне Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің қызметкерлері ұлттық ойындар - гір көтеру, арқан және таяқ тартудан сайыс ұйымдастырды.

Жұма намазынан кейінгі мешіт жамағаты арасындағы бұл жарыс өте тартысты өтті. Онда имамдар да белсенділік танытып, команда құрамы намысты қолдан берген жоқ.

Сайыстың соңында облыстың Бас имамы Бектұрсын Уәлиев сөз алып, ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрімізді, яғни ұлттық ойындарды дәріптеп, оны халыққа насихаттау аса маңызды екендігіне тоқталды. Бүгінгі шара соның бір жарқын көрінісі болып табылатындығын айтты.

Сондай-ақ, ол жеңімпаздарды құттықтады. Сый-сияпат жасап, діни кітаптарды табыс етті. Кешке барлық қатысушыларға ауызашар берілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Среда, 26 Март 2025 09:14

Қажылар ауызашар берді

Ұзынкөл ауданынан шыққан қажылар аз емес. Олар жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша Ораза айында жергілікті «Құрман баба» мешітінің асханасында дастархан жайды. Жиналған жамағат зәм - зәм суымен ауыз ашып, дайындалған тағамнан дәм татты.

Сонымен қатар қажылар көмекке мұқтаж 10 отбасына азық - түлік салынған «Рамазан қоржынын» табыс етті.

Жиналған халық жерлестерінің ыстық ықыластарына дән риза болып, ақсақалдардың ақ батасын алды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ұзынкөл ауданындағы «Айгөлек» бөбекжайында Наурыз мейрамы жоғары деңгейде аталып өтті. Онда салт-дәстүрімізге сай ұлттық киімдер киген бүлдіршіндер би билеп, ән шырқады.

Жергілікті «Құрман баба» мешітінің Бас имамы Есенгелді қажы Сақтағанұлы тәрбие орнына арнайы ат басын бұрып, қызметкерлерге ризашылығын білдірді. Балақайларға «Рамазан тәттілері» себетін тапсырып, ақ батасын берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Рамазан айында Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің қызметкерлері қайырымдылық шарасын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлуде.

Таяуда осы сөзіміздің нақты айғағы ретінде 22 көп балалы отбасыға 220 мың теңгенің азық-түлгі табыс етілді.

-Қайырымдылық адам бойындағы ең ізгі қасиеттердің бірі. Сондықтан біз Оразаның алғашқы күнінен бастап бұл сауабы мол акцияға айрықша назар аудардық. Қаншама көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын бердік. Дер кезінде үн қатқан демеушілерге алғысымыз шексіз, - дейді Бас имам Шоқан қажы Ғазизұлы.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жастарды имандылыққа баулу мен оларға тәлімді тәрбие беруге айрықша назар аударып жатқаны белгілі. Осы талапты басшылыққа алған Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің қызметкерлері де бірқатар игі жұмыстарды жүзеге асыруда.

Мәселен, имандылық ордасының ұстаздары оқушылардың көктемгі демалысын пайдалана отырып, діни дәрістерді оқытуды одан әрі жалғастыруда. Наиб имам Қазбек Кошеров қасиетті Рамазан айында балаларға Құран негіздерін және әліпбиді үйретіп жатыр.

Бас имам Шоқан қажы Әмірхановтың айтуына қарағанда, оқушылар сабақ барысында көп жайды көңілге түйіп, діни сауатын арттыруға толық мүмкіндік алады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Лисаков қалалық «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінің қызметкерлері қасиетті Рамазан айында «Рамазан тәттісі» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Осынау іс-шара барысында 20 балаға «Рамазан тәттісі» себеті үлестірілді. Мұндағы басты мақсат – өскелең ұрпаққа қасиетті айдың мәні мен маңызын жете ұғындыру.

Бас имам Әкімбек Асанов бүлдіршіндер мен ата-аналарға Оразаның ерекшелігі туралы айтып, жан-жақты мағлұмат берді. Жиын соңында қатысушылар мешіт ұжымына алғыстарын жеткізді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Таяуда Федоров аудандық «Жиентай қажы» мешітінің ұжымы қасиетті Рамазан айының құрметіне қайырымдылық шарасын өткізді.

Онда жүрегі жомарт жандардың қолдауымен 10 отбасыға 125 мың теңге тұратын азық–түлік табыс етілді. Олар өз кезегінде сауабы мол акцияны ұйымдастырушыларға шын жүректен шыққан алғыстарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Наурыз айы келісімен күн жылынып, қыс бойы жиналған қар күрт ери бастады. Осы қарбалас шақта облыс орталығындағы АБЗ+ мекемесінің жұмысшылары уақытпен санаспай жұмыс істеуде.

Міне, осының бәрін көзбен көріп, жүрекпен сезініп отырған Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің ұжымы еңбек адамдарына қолдау көрсетуді ұйғарды. Сөйтіп, 15 отбасыға көлемі 150 мың теңге тұратын азық-түлікті табыс етті.

Бұл орайда қайырымды жандардың қосқан үлестері айтарлықтай.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің қызметкерлері Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап кітапханасымен бірігіп, «Алаш - халық тарихындағы із» атты ғылыми- танымдық конференция өткізді.

Онда Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ақын Ақылбек Шаяхмет, филология ғылымының докторы, профессор Алмас Әбсадықов сөз сөйледі.

Жиынға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, педагогикалық колледж студенттері мен оқытушылары, мешіт ақсақалдары мен алқа мүшелері қатысты.

Студенттер Алаш зиялыларының еңбектерінен үзінділер оқыды. Бейнероликтер көрсетілді. Соңында естелік сыйлықтар табыс етілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қостанай облысының Бас имамы қасиетті Рамазан айы кезінде өңірдегі бірқатар аудандар мен қалаларға іс сапарда болып, жергілікті мешіттердің тыныш-тіршілігімен танысты.

Ол іс-сапар барысында Алтынсарин, Меңдіқара, Қамысты, Қостанай аудандары мен Қостанай қаласындағы мешіттерге ат басын бұрып, кешкі ауызашарларға қатысты.

Онда жиналған жұртшылықты Ораза айымен шын жүректен құттықтап, ихсан тәрбиесіне байланысты уағыз-насихат айтты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

«45678910111213»
Страница 9 из 217

Назидание

все статьи

Медиа

все записи
Разработка сайта — Иником