Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Блог верховного муфтия Казахстана

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша
Религиозная интерактивная карта Казахстана
Григорианский
Хиджра
Новости Костанайской областной мечети Марал Ишан
Вторник, 10 Июнь 2025 11:09

Қала жаңалықтары

Жүлдегерлер марапатталды

Лисаков қалалық «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінің ұйымдастыруымен Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай шаһардағы мекемелер арасында кіші футболдан турнир болып өтті.

Оған «Әбдіхаим Саламатұлы» мешіті, «Денсаулық», «Өрт сөндіру» бөлімі, «Күзет», «Полиция» командалары қатысып, бақтарын сынады. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды «Денсаулық», ІІ орынды «Полиция», ІІІ орынды «Күзет» командалары иеленді.

Сондай-ақ жоғарыда аталған мешіттің бастамасымен мейрамның құрметіне мешіт жамағаттары арасында волейболдан да аймақтық жарыс ұйымдастырылды. Мұнда қатысқан төрт команда жақсы ойындарымен көзге түсті. Әділқазылар алқасының шешімімен жүлделі І орынды Б.Майлин аудандық «Әйет» мешітінің командасы, ІІ және III орындарды жергілікті «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінің қос командалары иеленді.

Спорттың қос түрінен ұйымдастырылған жарыста жүлдегер командаларға бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары табыс етілді. Барлық қатысушыларға мешіттің жанында тігілген киіз үйде дастарқан жайылды. Ұйымдастырушыларға шынайы алғыстар айтылды.

Бүлдіршіндерге сыйлық табыс етілді

Жоғарыда аталған қалалық «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінің ұйытқы болуымен қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай 30 бүлдіршіндерге «Айттық қоржыны» таратылды.

Онда Бас имам Әкімбек Нұрханұлы сөз алып, барша жиналғандарды мерекесімен құттықтады. Сыйлыққа ие болған бүлдіршіндер өздеріне ілтипат көрсеткен мешіт қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Понедельник, 09 Июнь 2025 20:21

Құрбан айттағы қайырымдылық

Құрбан айт мерекесі кезінде құрбандыққа мал шалынып қана қоймайды. Сонымен қатар мұқтаж жандарға шапағатын тигізетін қайырымыдылыққа да айрықша көңіл бөлінеді.

Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы» мешітінің жанындағы Зекет және қайырымдылық қорының Қостанай облысы бойынша өкілдері жоғарыда аталған мейрам барысында жылдағыдай халықтың арасынан табылып, көмекке зәру жандарға ет таратып, олардың шынайы алғысына бөленді.

Нақты деректер мен дәйектерге сүйенетін болсақ, Қостанай облысы бойынша 24 ірі қара, 210 қой және бір түйе алдын ала дайындалған орындарда сойылды. Жалпы, алғанда 236 мал сойылды, 297 отбасына таратылып берілді. Осынау игілікті істің басы-қасында барлық деңгейдегі имамдар болып, ниет білдіруші азаматтарға батасын берді.

Ал ерекше тоқтала кетер жай, Ұзынкөл аудандық «Құрман ата» мешітінің ұйымдастыруымен кәсіпкер жеті азамат бірігіп, түйені құрбандыққа шалды. Бұл өте сирек кездесетін әрі өзгелерге өнеге боларлық мысал.

Қасиетті мереке кезінде «Қолы ашықтың – жолы ашық» демекші, оның ұйымшылдықпен өтуіне өздерінің лайықты үлестерін қосқан демеушілерге Алланың нұры жауа берсін демекпіз.

Қостанай облыстық мешітінң баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Понедельник, 09 Июнь 2025 12:01

Меңдіқарадағы Құрбан айт мерекесі

Жер бетіндегі күллі мұсылман жұртшылығы асыға күтетін Құрбан айт мерекесі биыл да Меңдіқара аудандық «Қарамақы ата» мешітінде жоғары деңгейде аталып өтті.

Имандылық ордасындағы тәлімі мол жиынға Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев, Меңдіқара ауданының әкімі Ғабит Бекбаев, елге белгілі кәсіпкер Бауыржан Қарамакин, абыз ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар, жергілікті дін жанашырлары мен жамағат қатысты.

Салтанатты шара облыстық мешіттің наиб имамы Азамат Серікбайұлының Құран оқуымен басталды. Содан кейін Бектұрсын Торғайбайұы сөз алып, аудан тұрғындарына ең ізгі тілегін білдірді. Ол мерекенің мәні мен өзіндік ерекшелігіне, қайырымдылыққа, ізгілікке бастайтын тағылымына тоқталды. Сонымен қатар жұртшылықтың құрметіне бөленген қадірменді ақсақал Бектібай Төлепұлына өз атынан Алғыс хат табыс етті. Оның иығына шапан жабылды. Жұртшылықтың алдында балаларға тәттілерді тарту етіп, үлкен қуанышқа бөледі.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ауданның құрметті азаматы Бақытжан Сәуекенов жерлестерін айтулы мейраммен құттықтап, «Меңдіқара» әнін орындады. Талантты жастар Серікболсын Әбікен, Азат Тобылұлы секілді өнерпаздар әуелете ән шырқап, күмбірлете күй шертті.

Жиналғандар спорттық шараларды да тамашалап, үлкен әсер алды. Онда ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында ұлттық ойындардан сайыс өткізілді. Жиын соңында Құрбан айттың құрметіне мешіттің жанында тігілген киіз үй мен асханасында дастархан жайылып, данагөй атамыз Торғайбай Уәлиев ұлағатты бата берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Понедельник, 09 Июнь 2025 11:39

Ұлттық ойындардан сайыс болды

Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің ұжымы қалыптасқан дәстүр бойынша Құрбан айт мерекесін ұйымшылдықпен өткізді.

Жылдағыдай имандылық ордасының ауласына халық көп жиналды. Ежелден келе жатқан әдет-ғұрпымыз дәріптеліп, ұлттық ойындардың бірнеше түрінен сайыс ұйымдастырылды.

Мәселен, асық ойыны, садақ ату, арқан тартыс, қол тірес, қазақша күрес, қой көтеру секілді сайыстар көпшіліктің көңілінен шықты. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздарға сертификаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

Мейрамның құрметіне жиналған қауымға дәмді палау дайындалды. Мерекелік басқосудың соңында Бас имам Шоқан қажы Ғазизұлы мешіт қызметкерлеріне, демеушілерге және барша дін жанашырларына шынайы алғысын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Понедельник, 09 Июнь 2025 09:02

Умраға жолдама берілді

Биылғы Құрбан айт мерекесі облыстық «Аймағанбет қажы Сапанұлы» мешітінде жоғары деңгейде болып өтті.

Имандылық ордасының жанындағы әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Рудный қаласының тұрғыны,мешіттің тұрақты жамағаты Үрқия Зохриддинқызына Ұмра қажылығына жолдама тарту етілді.

Оны Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы табыс етті.

Облыстық мешіттің ұстазы Жансая Салауатқызы ізгі тілегін білліріп, басқаларға үлгі болатын қайырлы амалдардың көп болуын тіледі.

Осындай шарапаты мол әрі қуанышқа бөлейтін сәттер жалғасын таба бермек.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости

Биыл қасиетті Құрбан айт мерекесі жұма күніне тұспа-тұс келгендіктен облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітіне келуші адамдар жылдағыдай көп болды.

Алдын ала белгіленген арнайы орындарда құрбан шалынып, тиісті рәсімдер өз деңгейінде атқарылды. Имамдар оларға ақыл-кеңесін айтып, бағыт-бағдар берді. Мұсылман бауырларымыз бір-бірін шынайы көңілмен құттықтап жатты.

Сондай-ақ жоғарыда аталған мешіттің ауласында көптеген тағылымы мол іс-шаралар ұйымдастырылып, жиналғандар қаншама ұмытылмас әсер алды.

Онда ежелден келе жатқан салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрпымызды дәріптеуге айрықша көңіл бөлінді. Мәселен, айтулы мейрамның құрметіне ұлттық ойындарымыз - арқан тартыс, қол күрес, асық ойнау және гір көтеру секілді спорт түрлерінен жарыстар өткізілді.

Оның қорытындысы бойынша Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы жүлдегерлерді құттықтап, сыйлықтарды табыс етті.

Сонымен қатар ерекше тоқталып өтер бір жай, ұлттық тағамдардан ұйымдастырылған жәрмеңке де халықты қуанышқа бөледі.

Алыстан көз тартарлық тігілген киіз үй де мерекенің салтанатын барынша арттырды. Онда өмірдің талай белестерін бағындарған қадірменді ақсақалдар мен ақжаулықты әжелерімізге дастарқан жайылды. Абыз қарттарымыз ақ батасын берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости

Құрбан айт жер бетіндегі барша мұсылмандардың айтулы мерекесі болып табылады. Оған Ислам дінін қадірлеп, қастерлейтін ағайын ерте дайындық жасайды.

Ал Құрбандық шалу айт намазынан кейін жүзеге асырылатындығы белгілі. Сондықтан таңертеңнен бастап үлкенді-кішілі қауым мешіттерге қарай асығады. Биыл да облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітіне халықтың көп жиналғандығы соншалықты, ине шаншар орын болған жоқ.

Жиналған бауырларымыздың алдында Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы сөз сөйлеп, көпшілікті мейраммен шын жүректен құттықтады. Әрбір отбасына ырыс-береке, халықтар арасында ауызбіршілік, дастарқанымызға молшылық тіледі. Осы үлкен айттың өзіндік ерекшелігіне жан-жақты тоқталды.

Осындай айт намазы таңертеңгілік өңірдегі барлық мешіттерде ұйышылдықпен өтті. Ақсақалдарымыз кейінгілерге ғибрат боларлық бата берді.

Құрбан айтқа байланысты ұйымдастырылатын қайырымдылық және салауатты өмір салтын насихаттайтын және ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен ойындарымызды дәріптейтін игі шараларды алдағы уақытта баяндайтын боламыз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Четверг, 05 Июнь 2025 09:07

Құрбан айтқа арналған брифинг

Жақында «Қазақстан-Қостанай» телеарнасында Құрбан айт мерекесіне арналған өңірлік коммуникациялар қызметі орталығының баспасөз брифинг болып өтті.

Онда Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы сөз алып, жер бетіндегі барша мұсылман қауымның өмірінде айрықша орын алатын мейрамның өзіндік ерекшелігіне тоқталды. Айт намазынан кейін шалынатын құрбандық малдың тәртібі мен уақытын түсіндіріп, қайырымдылық пен мейірімділік танытуға басымдылық берілетіндігін тілге тиек етті.

Кездесу қос тілде ұйымдастырылды. Наиб имам Азамат Серікбайұлы қатысушылардың сауалдарына орыс тілінде жауап берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Понедельник, 02 Июнь 2025 14:02

Балалар қуанышқа бөленді

Қостанай өңірінде қалыптасқан дәстүр бойынша Халықаралық балаларды қорғау күні кеңінен аталып өтілді. Өйткені, барлық балалар бақытты болуға құқылы. Олардың жүзінен қуаныштың нышанын көрудің өзі бір ғанибет.

Сондықтан облыстағы мешіттерде жергілікті имамдардың ұйымдастыруы және демеушілердің қолдауымен бүлдіршіндерді шаттыққа бөлеу мақсатында іс-шаралар өткізілді.

Осы басқосуларда балдырғандарға тәттілер, естелік сыйлықтар табыс етілді. Бүлдіршіндердің ата-аналары да қатысып, қайырымдылық көмегін ұсынған дін қызметкерлері мен жүрегі жомарт жандарға шынайы алғыстарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Пятница, 30 Май 2025 09:18

Ислам дінін қабылдады

Жақында Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінде ерекше оқиға орын алды. Мұнда өзге ұлттың өкілі Петр Карнацкий келіп, өз еркімен ислам дінін қабылдады.

Наиб имам Ерлан Сыздықов 34 жасар азаматты мұсылман болуымен құттықтап, оған орыс тіліндегі кітапты тарту етті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
«12345678910»
Страница 2 из 218

Назидание

все статьи

Медиа

все записи
Разработка сайта — Иником