Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Блог верховного муфтия Казахстана

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша
Религиозная интерактивная карта Казахстана
Григорианский
Хиджра
Новости Костанайской областной мечети Марал Ишан

Рамазан айында Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің қызметкерлері қайырымдылық шарасын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлуде.

Таяуда осы сөзіміздің нақты айғағы ретінде 22 көп балалы отбасыға 220 мың теңгенің азық-түлгі табыс етілді.

-Қайырымдылық адам бойындағы ең ізгі қасиеттердің бірі. Сондықтан біз Оразаның алғашқы күнінен бастап бұл сауабы мол акцияға айрықша назар аудардық. Қаншама көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын бердік. Дер кезінде үн қатқан демеушілерге алғысымыз шексіз, - дейді Бас имам Шоқан қажы Ғазизұлы.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости

Лисаков қалалық «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінің қызметкерлері қасиетті Рамазан айында «Рамазан тәттісі» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Осынау іс-шара барысында 20 балаға «Рамазан тәттісі» себеті үлестірілді. Мұндағы басты мақсат – өскелең ұрпаққа қасиетті айдың мәні мен маңызын жете ұғындыру.

Бас имам Әкімбек Асанов бүлдіршіндер мен ата-аналарға Оразаның ерекшелігі туралы айтып, жан-жақты мағлұмат берді. Жиын соңында қатысушылар мешіт ұжымына алғыстарын жеткізді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жастарды имандылыққа баулу мен оларға тәлімді тәрбие беруге айрықша назар аударып жатқаны белгілі. Осы талапты басшылыққа алған Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің қызметкерлері де бірқатар игі жұмыстарды жүзеге асыруда.

Мәселен, имандылық ордасының ұстаздары оқушылардың көктемгі демалысын пайдалана отырып, діни дәрістерді оқытуды одан әрі жалғастыруда. Наиб имам Қазбек Кошеров қасиетті Рамазан айында балаларға Құран негіздерін және әліпбиді үйретіп жатыр.

Бас имам Шоқан қажы Әмірхановтың айтуына қарағанда, оқушылар сабақ барысында көп жайды көңілге түйіп, діни сауатын арттыруға толық мүмкіндік алады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости

Таяуда Федоров аудандық «Жиентай қажы» мешітінің ұжымы қасиетті Рамазан айының құрметіне қайырымдылық шарасын өткізді.

Онда жүрегі жомарт жандардың қолдауымен 10 отбасыға 125 мың теңге тұратын азық–түлік табыс етілді. Олар өз кезегінде сауабы мол акцияны ұйымдастырушыларға шын жүректен шыққан алғыстарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости

Наурыз айы келісімен күн жылынып, қыс бойы жиналған қар күрт ери бастады. Осы қарбалас шақта облыс орталығындағы АБЗ+ мекемесінің жұмысшылары уақытпен санаспай жұмыс істеуде.

Міне, осының бәрін көзбен көріп, жүрекпен сезініп отырған Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің ұжымы еңбек адамдарына қолдау көрсетуді ұйғарды. Сөйтіп, 15 отбасыға көлемі 150 мың теңге тұратын азық-түлікті табыс етті.

Бұл орайда қайырымды жандардың қосқан үлестері айтарлықтай.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің қызметкерлері Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап кітапханасымен бірігіп, «Алаш - халық тарихындағы із» атты ғылыми- танымдық конференция өткізді.

Онда Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ақын Ақылбек Шаяхмет, филология ғылымының докторы, профессор Алмас Әбсадықов сөз сөйледі.

Жиынға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, педагогикалық колледж студенттері мен оқытушылары, мешіт ақсақалдары мен алқа мүшелері қатысты.

Студенттер Алаш зиялыларының еңбектерінен үзінділер оқыды. Бейнероликтер көрсетілді. Соңында естелік сыйлықтар табыс етілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости

Қостанай облысының Бас имамы қасиетті Рамазан айы кезінде өңірдегі бірқатар аудандар мен қалаларға іс сапарда болып, жергілікті мешіттердің тыныш-тіршілігімен танысты.

Ол іс-сапар барысында Алтынсарин, Меңдіқара, Қамысты, Қостанай аудандары мен Қостанай қаласындағы мешіттерге ат басын бұрып, кешкі ауызашарларға қатысты.

Онда жиналған жұртшылықты Ораза айымен шын жүректен құттықтап, ихсан тәрбиесіне байланысты уағыз-насихат айтты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Понедельник, 17 Март 2025 12:28

Мұртаза қари жаңа қызметке кірісті

Мұртаза Балахмет елімізге танымал қарилардың бірі. Ғұмырын дін саласына арнаған азамат осы күнге дейін елордамыз Астанадағы Орта Азияда теңдесі жоқ Бас мешітте ұстаздық етіп, жастарды Қасиетті Құранды сауатты әрі нақышына келтіре оқытуда сіңірген еңбегі орасан.

Бір айта кетерлігі, ол Қостанай өңірінің тумасы. Ұзақ жылдар бойы имамдық қызмет атқарып, ел құрметіне бөленген Ертай қажының болашағынан үлкен үміт күткен перзенті. Ұлы әке сенімін ақтады.

Жақында ол Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің ұстазы болып тағайындалды.

Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы оны мешітте тарауық намазының алдында жамағатқа таныстырып, жаңа қызметінде табыс тіледі

Енді ол туған жерінде келешек жас ұрпақты нағыз дін саласының білікті мамандары яғни Құранды толық игерген қарилар дайындауға өзінің қомақты үлесін қоса беретініне нық сенімдіміз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Понедельник, 17 Март 2025 11:52

Рамазан айының әр күні маңызды

Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің қызметкерлері Рамазан айы басталғаннан бері талай ұлағатты жиындар ұйымдастырып, халықтың тарапынан ыстық ықыласқа бөленуде.

Мәселен, ұстаз Гүлдананың жетекшілігімен Оразаның құрметіне әйелдер жамағаты Құран Кәрімді күнделікті бір парадан хатым жасап, өздерінің Ислам дініне деген құлшыныстарын танытуда.

Бас имам Дархан Сыздықов осынау Ораза барысында басқа да танымдық жағы мол шаралардың тиісті деңгейде өткізілуін тұрақты назарда ұстауда.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Понедельник, 17 Март 2025 11:50

Көп балалы отбасыға көмек көрсетілді

Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің қызметкерлері қасиетті Рамазан айында қайырымдылық шараларын одан әрі жалғастыруда. Өткен сенбі күні 15 көп балалы отбасына 150 мың теңге тұратын азық-түлікті табыс етті. Осы қайырымдылық акциясына демеушілік еткен азаматтарға Алланың нұры жауа берсін.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
«12345678910»
Страница 6 из 214

Назидание

все статьи

Медиа

все записи
Разработка сайта — Иником