Облыс орталығындағы «Жайлаубай ата» мешітінің наиб имамы Қазбек Кошеров жергілікті гуманитарлық колледжінің студенттерімен кездесті. Онда бүгінгі таңдағы өзекті мәселе - «Суицит-үлкен күнә» тақырыбында семинар сабағын жүргізді.
Бұл дәрістің мақсаты мен мазмұнын тереңірек аша түсу үшін интерактивтік тақта мен көрнекті құралдар пайдаланылды. Сондай-ақ, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап берілді.
Білім ордасының ұстаздары мен жастар Қазбек имамға тәрбиелік мәні зор әңгімесі үшін ризашылықтарын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұстазы Аяулым Ермекқызы әйел-қыздар жамағатына "Мәйіт жуу және кебіндеу" семинар өткізді.
Жалпы, дүниеден озған мұсылманды соңғы сапарға ғұсылдандырып, кебіндеп, жаназасына қатысу әрбір иманды адамның міндеті.
Аталмыш семинарда мәйітті жуу мен кебіндеудің қыр- сыры үйретіліп, егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Өткен жылдан бері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жүріп жатқаны белгілі.
Осы акция аясында Қостанай өңіріндегі өкілдік облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде сенбілік өткізді. Оған Бас имам Бектұрсын қажы Уәлиев бастаған дін қызметкерлері мен жамағат белсене қатысты.
Таңертеңнен бастап қолдарына қажетті құрал-саймандар ұстаған үлкенді-кішілі қауым ұйымшылдық танытып, имандылық ордасының аумағын алыстан көз тартатындай етіп қоқыстардан тазартты.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тазалыққа жіті назар аударуда. Әр апта сайын осындай сенбілік өткізуді тапсырып, оны күн тәртібіне енгізді. Бүгін де өздеріңіз куә болғандай, өзгелермен қатар мешіттегі жастар секторы да аянбай еңбек етті, - деп сөзін түйіндеді наиб имам Әлішер Ертайұлы.
Мұндай экологиялық акциясы облыстағы барлық аудандар мен қалалардағы, кенттердегі мешіттерде де талапқа сай ұйымдастырылды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігі діни оңалту бағытына жұмылдырылған мамандарға семинар ұйымдастырды.
Аталған шараға өңірдегі қалалық және аудандық мешіттердің Бас имамдары мен басқа да дін қызметкерлері қатысты.
Жиында Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев сөз алып, күн тәртібіне арқау болған мәселелерге аса жауапкершілікпен қарап, жұмысты барынша жандандыру керектігін айтты.
Облыстағы діни оңалту бағытына жауапты маман Сабыржан Есмурзин 2025 жылы жүзеге асырылатын міндеттер мен мақсаттарға тоқталды. Сонымен қатар оңалту жұмыстарын жүргізудің тиімді тәсілдері аясында маңызды жайлар мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын баяндады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Шәууәл айына арналған ауызашар
Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы Шәууәл айының 6 күндік Оразасы құрметіне әрі бейсенбінің фазилатына арнап жамағатқа ауызашар дастарқанын жайды.
Содан кейін наиб имам Бақберсін Ізбасаров жиналғандарға уағыз-насихат айтты. Жұртшылық оның ұлағатқа толы сөздерін ұйып тыңдады.
Бірлік бар жерде тірлік бар
Облыс орталығындағы «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы қасиетті жұма күні түрлі есте қаларлық тағылымды шаралар өткізуді дәстүрге айналдырды.
Бұл жолы намаздан кейін жамағаттардын ауызбірлігі мен ынтымағын нығайту мақсатында бауырсақ пен сусын таратылды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде Айт мерекесі биыл да ойдағыдай аталып өтті. Мәселен, Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектебінің 5-ші сынып оқушылары мен ұстаздары имандылық ордасына арнайы келді.
Бас имам оларды мешіттің тыныс-тіршілігімен таныстырып, Ораза айт мұсылмандар үшін айтулы мереке екендігін түсіндірді. Балалар дін қайраткеріне нақты сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.
Сондай-ақ, аталмыш мешітте Ораза айттың құрметіне 30 бүлдіршінге тәттілер таратылды. Бас имам оларды мерекемен құттықтап, оның мәні мен маңызы жайлы баяндады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Ұзынкөл ауданының Бас имамы Есенкелді қажы Сақтағанұлы Ораза айт күні жергілікті шіркеудің басшысы Юрий Петровичпен ақылдаса отырып, ынтымақтастық пен бірлікті нығайту мақсатында жастарға арналған футболдан іс-шараны ұйымдастырды.
Ынталы жастар бастаманы қолдап, спорттық шараға белсене қатысты. Ауданның дін басшылары жиналғандарға еліміз үшін аса маңызды ауызбірлік, сыйластық және достық туралы насихат айтты.
Футбол ойынынан кейін «Құрман баба» мешітінің асханасында Айт мейрамына арналған дастархан жайылды. Оған өзге ұлт өкілдері де шақырылды.
Ұзынкөлдіктер Бас имамның халықты ынтымаққа үндейтін басқосуды өткізуге мұрындық болғаны үшін ризашылықтарын білдірді.
Сонымен қатар Бас имам «Айгөлек» балабақшасында да болды. Онда кішкентай бүлдіршіндерді айт мерекесімен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.
Тәрбие орнының ұжымы Есенкелді қажыға ыстық ілтипаты үшін өздерінің шынайы алғыстарын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің ұжымы Ораза Айт мерекесіне орай 55 шәкіртке "Ya Ya" ойын-сауық саябағында ұмытылмас іс-шара өткізді. Оған 150 мың теңге көлемінде қаражат жұмсалды. Айт мерекесін сезінген балалардың қуанышында шек болмады.
Бас имам Шоқан қажы Әмірхановтың сөзіне қарағанда, олардың жүздерінен бақыттың нұрлы шуағын көрудің өзі бір ғанибет.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Есімі елімізге кеңінен танымал дін қайраткері Шоқан қажы Ғазизұлы басқаратын Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің ұжымы уақытпен санаспай қасиетті Рамазан айы бойы қолдауға мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек жасады.
Сондай-ақ, имандылық ордасында Ораза айт мерекесінің құрметіне 10 отбасыға 100 мың теңге тұратын азық-түлік табыс етілді. Шаңырақ иелері демеушілер мен ұйымдастырушыларға шынайы алғысын білдірді.
Сонымен қатар жүрегі жомарт жандардың жанашырлығымен әлеуметтік жағдайы төмен тағы бір жанұяны азық-түлік және үй ішіне қажетті төсенішпен қамтамасыз етті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Биыл Федоров аудан мұсылмандары мешітте ерте жиналып аудан имамның Руслан Маратұлының ораза айт жайында насихат тындады. Уағыз насихаттан кейін айт намазы оқылып дұға жасалды. Дүниеден өткен момын мұсылмандарға құран бағышталды. Одан кейін асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ секілді ұлттық ойындардан жарыстар өткізілді. Ұлттық ойындардан кейін мешітте жамағатқа дастарқан жайылып айт шәйі берілді. Аудан кәсіпкері Гулиев Замик өз атынан 100 адамға қайырымдылық жасап азық түлік таратты.