ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның Halaldamu.kz сайты іске қосылды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласында өткен халал өнімдерінің жәрмеңкесі кезінде белгілі болды.
Сайтта Қазақстандағы халалға байланысты жаңалықтар, мақалалар, пәтуалар және халал сертификатын алған кәсіпорындардың тізімі бар. Сондай-ақ сайттан, халал сертификатын алған мекемелер жайлы толық ақпаратты алып және интерактивты картадан олардың орналасқан жерлері мен байланыс телефондарын қарай аласыздар.
ҚМДБ халал стандарттау бөлімінің мамандарының айтуынша бұл сайт халал өнімдерге деген сұраныстың күн санап артуына орай атқарылып жатқан жұмыстарды халыққа көрсету, ақпараттық технология заманында халықпен тығыз қарым-қатынаста болу үшін жасалып отыр.
Сілтеме: halaldamu.kz
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы хазрет жыл сайын Елбасының алдында жыл бойы атқарылған жұмыстардың нәтижесі туралы кездесу өткізетіні баршаға мәлім. Ал ол ақпарат барлық өкілдіктердің атқарған шараларының нәтижесі арқылы жинақталады.
Осы мақсатта Қостанай облысы бойынша өкілдігіне қарасты барлық қалалар мен аудандардың бас имамдары бас қосты. Мақсат атқарылған жұмыстардың нәтижесін қорытындылау.
Жалпы алғанда облыс көлемінде көптеген шаралардың атқарылғаны баршаға мәлім. Ол туралы бұған дейін барлық бұқаралық ақпарат құралдарында уақытылы көрсетіліпте, жазылыпта халыққа жеткізілді. Сонымен қатар облыстық мешіттің www.akmechet.kz ресми сайтында және facebook, ВКонтакте, Мой мир және Twitter сынды әлеуметтік желілерде де барынша қамтылған болатын.
Ондағы мақсат халықпен және зайырлы қоғаммен тығыз қарым – қатынаста болу.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 4 бағытының бірі - қайымдырылық жасау. Міне, осы бағытта Қостанай облысы өкілдігінің жұмысы барынша жандана түсуде.
Әрине бұл игілікті іс те өңірдегі жанашыр демеушілердің қолдауымен жүзеге асырылуда. Ал жақсылыққа жаны құштар жандар «Оң қолың берген садақаны сол қолың көрмесін» қағидасын ұстанып, өздерін жарияға жар салғанын қаламайды. Өйткені, олар қайырымдылықтарын бір Алланың ризашылығы үшін жасайды және оны міндетсіп, мақтанбайды.
Осындай демеушілердің арқасында тағы да 50 отбасына азық-түлік үлестірілді. Бұл көмек түрлі топтағы мүгедектер, көп балалы отбасылар мен күнкөрісі төмен жандарға көрсетілді.
Жалпы, қамқорлыққа мұқтаж кісілерге қол ұшын созып, көмек көрсету үлкен сауап болып табылады. Ол туралы қасиетті Құранның «Ниса» сүресінің 127 аятында: «Қайырдан не істесеңдер де, сөзсіз Алла оны күдіксіз біледі», - делінген.
Облыстық мешіттің найб имамы Бақытжан Икрам келушілерге Ислам діні, қайырымдылық турасында уағыз айтты.
Қамқорлықты айқын сезінген жерлестеріміз бұл тағылымды шараны ұйымдастырған мешіт қызметкерлеріне шексіз риза.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
Үстіміздегі жылдың 16 желтоқсанында – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты мереке.
Міне, осы айтулы мейрамның құрметіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Социум & Я» Қоғамдық бірлестігі және Діни проблемаларды зерттеу орталығының демеушілігімен қалалар, аудандар мешіті жамағаты арасында шахмат турнирі өткізілді.
Онда облыстық мешіттің найб имамы Азамат Мурзаканов бұл шараның басты мақсаты – өңірдегі мұсылмандар қауымының ауызбірлігі мен ынтымағын нығайту, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты күшейту, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау екендігіне тоқталды.
Осынау турнир өте қызықты да тартымды ұйымдастырылғандықтан көпшіліктің есінде қалды. Оның қорытындысы бойынша, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкілдігінде әйелдер мен қыздар секторының жамағатпен кездесу болып өтті. Онда «Үмнттің байлығы - бірлікте» тақырыбы әңгімеге арқау болды.
Осынау маңызды шарада күн тәртібіндегі негізгі тақырып бойынша облыстық мешіттің найб имамы Дархан Манарбекұлы қозғалып отырған мәселенің өзектілігіне тоқталып, жиналғандарға уағыз айтты.
Бұл басқосудың тағы бір ерекшелігі, уағыздан соң намазхан әйелдер мен қыздар арасында тағамдар жасаудан сайыс ұйымдастырылды. Әдеттегі қалыптасқан дәстүр бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Содан соң жамағатқа діни және ауызбірлік тақырыбына қатысты викториналық сұрақтар қойылды. Аналар арасында ұйымдастырылған бата беру сайысы да киелі орындағы жұртты елең еткізер оқиға болды.
Мұндай кейінгі жастарға танымдық-тағылымдық жағынан берері мол шараны ұйымдастырған Жансая Салауатқызына өмір көрген ақ жаулықты аналарымыз шын жүректен шыққан шынайы алғыстарын білдірді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
Қостанай облысына қарасты Рудный қаласында дінді жан-жақты әрі дұрыс түсіну мақсатында жастармен семинарлар өткізу дәстүрге айналды.
Осындай есте қалаларлық басқосу аталған шаһардағы №19 орта мектебінің оқушыларымен өткізілді. Бұл семинарға Рудный қалалық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Алмат Аманболұлы, Рудный индустриялдық институтының тәрбие ісі жөніндегі проректоры, саяси ғалымдарының кандитаты Жасұлан Тұрғанбекұлы және осындағы «Нұр» мешітінің бас имамы Сейіт Темірбекұлы қатысты.
Осынау семинарда «Дін және жастар» деген тақырыпты жан-жақты ашуға айрықша назар аударылды.
Бас имам Сейіт Темірбекұлы жат ағымдардың алдын алудағы басты құрал – ұлттық идеология екендігін атап өтті. Себебі діни сауаты жоғары, білімді азаматтың қашанда рухы жоғары болатындығын жасырмады. Содан кейін жастарға беретін тәрбие жөнінде де өз ойын ортаға салды.
Шара барысында жастар қатысқан зиялы қауым өкілдері мен дін қайраткерлеріне көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасы негізінде елімізде жүргізіліп жатқан сынақ Қостанайда да жалғасын тапты.
Аталған діни басқарманың жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы Қостанай облысына арнайы келді. Алғашқы күні ол облыстың тыныс-тіршілігімен танысып, қалалық мешіттің жанындағы екі айлық сауат ашу курсының шәкірттерімен кездесіп уағыз айтты.
А.Ұтысханұлы іс-сапарының екінші күні өңірдегі қалалар мен аудандардың имамдары мен молдалары және ұстаздармен семинар өткізген соң «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы», «Шынайы мұсылманның тұлғалық бейнесі», «Имамның тұлғалық келбеті», «Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы қызметкерінің этикасы» төңірегінде сұрақтар қамтылған сынақ алды.
Бас қосуда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Нұрғабылұлы мұндай сынақтардың дін қызметкерлеріне берері мол екендігіне, емтихандар дін қызметкерлерінің жан жақты сауатты болуына септігі тиетінін айтты.
Онан соң дін қызметеркерлері қалалық Нұр Отан жастар қанаты ұйымының мүшелерімен кездесті. А.Ұтысханұлы өз сөзінде бүгінгі жаһандану ғасырында, ғаламдық құндылықтарға қауіп төніп отырған сындарлы уақытта жастар тәрбиесі өзектілігін жоғалтпайтын тақырып екендігін. Сондықтан жастарға дінмен қатар ата-бабадан мұра болып келе жатқан ұлттық дәстүрлерімізді қатаң сақтауға шақырды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
«Намаз уақыты» СМС жазылысы өз ұялы телефоныңызға намаз жасайтын нақты уақытын алуға мүмкіндік береді. Күн сайын Сіздің ұялы телефоныңызға намаз уақыты кестесі туралы ақпарат және намаз жасау туралы алдын ала ескертуі келіп тұрады.
Сервисті қалай пайдалану керек?
Намаз уақыты әр елді мекенге географиялық бойлығы мен ендігі бойынша бөлек қалыптастырады. Әр қалаға бірегей код бекітілген.
«Намаз уақыты» қызметіне қосылу үшін Сізге ұялы телефоныңыздан 4103 қысқа нөміріне Сіздің қалаңызға сәйкес келетін коды бар СМСті жіберу керек.
Мысалы:
Қостанай қаласының намаз кестесіне жазылу үшін 4103 нөміріне 07142 коды бар СМСті жіберу керек.
Жазылыс сауал жіберген кезден 30 күнтізбелік күн әрекет етеді. 30 күндік жазылыстың бағасы – 200 теңге. Сервис Қазақстанның бүкіл GSM операторларының абоненттеріне қолжетімді.
Басқа қалалардың тұрғындарына кодтары (өз қаланыңыздың кодін 4103 нөміріне жіберіңіз):
Қала | Облыс | Код |
Астана | Ақмола облысы | 07172 |
Ақсай | Батыс Қазақстан облысы | 071133 |
Ақтау | Маңғыстау облысы | 07292 |
Ақтөбе | Ақтөбе облысы | 07132 |
Алматы | Алматы облысы | 0727 |
Арал | Қызылорда облысы | 072433 |
Арқалық | Қостанай облысы | 071430 |
Атбасар | Ақмола облысы | 071643 |
Атырау | Атырау облысы | 07122 |
Аягөз | Шығыс Қазақстан облысы | 072237 |
Байқоңыр | Қызылорда облысы | 073622 |
Балқаш | Қарағанды облысы | 071036 |
Бейнеу | Маңғыстау облысы | 072932 |
Жәйрем | Қарағанды облысы | 071043 |
Жаңаөзен | Маңғыстау облысы | 072934 |
Жаңатас | Жамбыл облысы | 072634 |
Жаңақала | Батыс Қазақстан облысы | 071141 |
Жәнібек | Батыс Қазақстан облысы | 071135 |
Жаркент | Алматы облысы | 072831 |
Жезқазған | Қарағанды облысы | 07102 |
Жетісай | Оңтүстік Қазақстан облысы | 072534 |
Қазалы | Қызылорда облысы | 072438 |
Қандыағаш | Ақтөбе облысы | 071333 |
Қапшағай | Алматы облысы | 072772 |
Қарағанды | Қарағанды облысы | 07212 |
Қаратау | Жамбыл облысы | 07262 |
Көкшетау | Ақмола облысы | 07162 |
Қостанай | Қостанай облысы | 07142 |
Құлсары | Атырау облысы | 071237 |
Қызылорда | Қызылорда облысы | 07242 |
Мақат | Атырау облысы | 071239 |
Миялы | Атырау облысы | 071238 |
Павлодар | Павлодар облысы | 07182 |
Петропавл | Солтүстік Қазақстан облысы | 07152 |
Риддер | Шығыс Қазақстан облысы | 072336 |
Рудный | Қостанай облысы | 071431 |
Сайқын | Батыс Қазақстан облысы | 071124 |
Сарыағаш | Оңтүстік Қазақстан облысы | 072537 |
Сарыөзек | Алматы облысы | 072840 |
Сәтбаев | Қарағанды облысы | 071063 |
Семей | Шығыс Қазақстан облысы | 07222 |
Степногорск | Ақмола облысы | 071645 |
Талдықорған | Алматы облысы | 07282 |
Тараз | Жамбыл облысы | 07262 |
Түркістан | Оңтүстік Қазақстан облысы | 072533 |
Орал | Батыс Қазақстан облысы | 071122 |
Өскемен | Шығыс Қазақстан облысы | 07232 |
Үшарал | Алматы облысы | 072833 |
Форт-Шевченко | Маңғыстау облысы | 072938 |
Хромтау | Ақтөбе облысы | 071336 |
Чапаев | Батыс Қазақстан облысы | 071136 |
Шалқар | Ақмола облысы | 07133 |
Шардара | Оңтүстік Қазақстан облысы | 072535 |
Шымкент | Оңтүстік Қазақстан облысы | 07252 |
Екібастұз | Павлодар облысы | 07187 |
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет облыстық ардагерлер үйінде «Облыстағы ардагерлер ұйымының лаңкестік және экстремизммен күрес жұмысы» тақырыбындағы семинар кеңеске қатысты.
Аталмыш шараға облыстағы қалалар мен аудандардағы ардагерлер кеңесінің мүшелері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті, Дін істері жөніндегі басқармасы және орыс православиесінің қызметкерлері қатысты.
Кездесуді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укин ашып, күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасады.
Сонымен қатар осынау басқосуда сөз сөйлеген азаматтар қазіргі таңдағы қалың жұртшылықты толғандырып отырған өзекті тақырып жөнінде өз ойларын ортаға салып, оның аса маңыздылығына тоқталды.
Өз кезегінде өкіл имам Бахытбек Нұрғабылұлы дәстүрлі Ислам дінідегі теріс ағымдардың зардабы және олармен өткізіліп жатқан жұмыстар бойынша тоқталып өтті және ардагерлер кеңесіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шығарған «Дін мен дәстүр» және «Пәтуалар жинағы» кітабын сыйға тартты.
Мешіттегі тағылымды басқосуда ұлтаралық және дінаралық қарым-қатынастар әңгімеге арқау болды.
Өткен сәрсенбі күні жаңадан пайдалануға берілген облыстық Аймағанбет Спанұлы атындағы мешітте бүгінгі таңдағы аса маңызды ұлтаралық және дінаралық қарым-қатынас, халықтар арасындағы ырыс пен ынтымақ жөнінде келелі жиын болып өтті.
Онда «Қазақстан-Қостанай» теларнасының журналистері жоғарыда аталған маңызды жайға байланысты дін саласының қызметкерлері және дін жанашырларымен арнайы жүздесіп, келелі әңгімеге ұйытқы болды.
Есімі елімізге белгілі қаламгер, дарынды көсемсөзші Қабылақат Сейдахметов бастаған әріптестер алдымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Тәжімбеттен арнайы сұхбат алды.
Онда Бахытбек Нұрғабылұлы облыстағы күн тәртібіндегі аса маңызды жайға байланысты атқарылып жатқан жұмыстарға жан-жақты тоқталды. Осы бағытта болашақта да барша аудандық және қалалық мешіттерде тағылымды істер атқарыла беретіндігін баяндады.
Содан кейін үлкен залға жиналған қауым да қай елді болсын өркениетке, ізгілікке, өсіп-өркендеуге тікелей бастайтын халықтар арасындағы достық пен ауызбірлік жайлы өз ойларын ортаға салды.
Мәселен, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, белгілі ақын Жолбарыс қажы Баязид, есімі халқымызға кеңінен танымал абыз ақсақал Мырзағали Ғабдулин, «Зекет» қорының өкілі, Қазақстан қажылар қауымдастығы облыстық филиалының төрағасы Жақсылық Ғайсин және басқалар өзекті мәселе жөнінде тебірене сөз сөйледі.
Жалпы, өңірімізде қозғалып отырған маңызды тақырыпқа байланысты атқарылған жұмыстар ауқымды. Олардың бәрін оқырман басылымдардан оқып, теледидарлардан көріп отырған болар.
Қорыта айтар болсақ, мұндай өзекті әрі көкейтесті жайлар облыстық мешітте келешекте де жалғасын таба беретін болады.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі