Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамдар форумында қабылданған «Имамның тұлғалық келбеті» тақырыбында және ағымдағы кезеңде атқарылып жатқан жұмыстар бойынша Қостанай облысының имамдарына арналған үш күндік семинар болып өтті.
Семинарға Қостанай облысы әкімдігінің Дін істері жөніндегі басқармасының маманы Сапар Әбдиев қатысып, көкейінде жүрген ойларымен бөлісті.
Сондай-ақ, Ислам дінінің өкілі болып табылатын имам, шариғат талаптарына сай қызмет атқарса, халықтың арасындағы олардың беделі арта түсетіндігін айтты.
Сонымен қатар осы басқосуда Бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы қазіргі таңдағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан жастар ісі және әйелдер секторы жұмыс істеп жатқандығына және осы бағытта өңірдегі дін қызметкерлері де белсенділік танытулары қажеттігіне тоқталды.
Баршаға мәлім, өңіріміздегі дін қызметкерлері салауатты өмір салтына ерекше назар аударып жатқаны да белгілі. Сондықтан облыстың аудандары мен қалаларынан келген имамдар арасында спорттық ойындар ұйымдастырылып, ол тиісті деңгейді өткізілді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
Қарттар күні қарсаңындағы қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігі тарапынан Бахытбек Нұрғабылұлы Тәжімбет бастаған діни қызметкерлер Рудный қаласындағы Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі №1 интернат үйінде болды.
Интернат директоры Татьяна Щербакова жылы жүзбен қарсы алып, ардагерлердің мерекесіне арналған мәдени іс-шарасы бастап кетті.
Шара барысында интернат үйіндегі ақсақалдар мен аналарымыз жастарының ұлғайғанына қарамастан өз өнерлерін көрсетті. Соның ішінде Валентин Ефанов аталған мерекеге байланысты шығарған өлеңін үлкен ықыласпен оқып берді.
Осынау жүздесуге қостанайлық мешіт қызметкерлері құр қол бармады. Интернат үйіндегі 310 адамға біреше қорап тәттілер мен заманауи үлгідегі түрлі-түсті теледидарды сыйлады.
Дін қызметкерлерінің қайырымдылық ниетіне қарттар мен кейуаналар, ұжым басшысы шынайы алғыстарын білдірді.
Сонымен қатар осы мереке алдында Ұзынкөл ауданының бас имамы Есенгелді қажы Әжімахантегінің ұйымдастыруымен бір топ қария Қостанай облыстық Аймағамбет қажы Спанұлы мешітіне саяхат жасады.
Мұнда Бахытбек Нұрғабылұлы ауданнан келген қадірменді қарттарды мешітпен жан-жақты таныстырды. Өкіл имамның ыстық ықыласы мен адами қадір-қасиетіне дән риза болған ақсақалдар шын жүректен шыққан алғыстарын білдіріп, ақ батасын берді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «2020 жылға дейін діни білім беруді дамыту» тұжырымдамасы негізінде, Қостанай облыстық мешітінің ұйымдастыруымен, Қостанай қалалық мешітінде екі айлық сауат ашу курсының шәкірттеріне арнайы сертификаттар табысталды.
Бұл жолы да курс шәкірттері «Фиқһ», «Ақида», «Құран» және «Араб тілі» мен «Тәджуид» пәндерінен білім алды.
Мұнда тек білім алып қоймай, көңілді бой сергітер спорттық ойындар, өз араларында әрқандай жарыстар да ұйымдастырып тұрды. Сонымен қатар мешітте өткізілген қайырымдылық шараларына белсенді қатысып, көмектерін көрсетті.
Ілім жолындағы алғашқы ізденістерін бастаған талабаларға облыстық мешіттің найб имамы Икрам Бахытжан қажы ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
Федоров ауданы «Жиентай қажы» мешітінің бас имамы Абзал Сұлтанғалиұлы аудан орталығындағы №01 «Дмитиров» атындағы орта мектебінің оқушыларымен кездес өткізді.
Бас имам кездесуде оқушыларға Ислам дінінің бейбітшілік діні екендігін, Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) жазықсыз адам өлтіру былай тұрсын, жан-жануарға қысым көрсепеу керектігі туралы насихат айтып, оқушылар тарапынан өздерін ойландырған сұрақтарына жауап берді.
Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Бердімұратов Жолдас Қоспақұлы Қостанайға келді.
Алғашқы кездесу Қостанай облысы әкімдігінің Дін істер басқармасында ақпараттық түсіндіру тобымен және мемлекеттік қызметкерлермен болып өтті. Онан соң ақшам намазында Қостанай қалалық мешітінде және облыстық жаңа мешітте жамағатқа жұма уағызын айты.
Сонымен қатар РАНТ мүшесі қаламыздағы 161/2 Түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан намазхандармен жеке кездесулер жасап, қазіргі таңдағы теріс діни ағымдардың зияны, сәләфизм мен экстремизм тудыратын қауіптер және ақидадағы сенімге қатысты тақырыптарды қозғады.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі
Тәуелсіздік тағдырың, беретін ұлтқа еркіндік,
Өз дініңді дәріптеп, сездірмес сызды өктемғып.
Жүйіткіген жойқын жаман ой, тұмшалаған ағзаңды,
Бәрі кетіп жаңарар, нұр шашып бойға сергектік.
Салт пен сана, дәстүрлі ой, жүйелі мақсат, ғибрат
Бұраулы дүние құпиясын, ашпаған бізге табиғат.
Бар кілті оның бір ғана, жақын болу Аллаға
Сонда ғана бұйырар, Қызыр сыйлар нағыз бақ.
Төрт құбыланы төңкеріп, түгендеп, түстеп төгілу
Тұтас тағдыр тамырын, таспадай теріп тер төгу.
Биік белес, ерен іс ойласаң қалай келер деп
Ол- түпсіз ой, түгел сөз жан дүниені сезіну.
Көп замандас қазіргі, жақсылық істен шошынған
Жамандыққа жақындап, бөтен дінге шоқынған.
Қасқа жолдан адасып, қия шауып безіп жүр
Белдемеден бір басып, киелі шариғат ұсынған.
Даналықтың дидары, әр кез түссін назарға
Дін дода да топ жарып, қолдап жүр бізді бір Алла.
«Білімдінің бағы артық »- деген біздің Бабалар
Паш етейік әз-дінді, барша дүние ғаламға.
Ораза айт пен Құрбан айт, үмбет үшін мереке
Елімде болсын біршілік, халықта болсын береке.
Тауфиық берсін жастарға, ауқымды шара қолға алып
Бір Аллам өзі жар болсын, өзгеден көрмей келеке.
Тілеуғабыл тегі Жаңбыршы Тұқатұлы Науырзым ауданы,Қараменді кенті 2016 ж.
Нақ мұсылман адамдар тыным таппас
Ихсан жасап жарысып осы танда
Құрбан шалу айт күні бұл бір сауап
Хақ Тәңірге жүрегін ұсынғанға
Құрбан айт мерекесі мұсылманның
Бұл күні дәреттеніп, ғұсылданғын
Ертерек қадам басып мешіт жаққа
Жөн болар Аллаға бой ұсынғанын
Құранда да аят бар құрбан жайлы
Сол аятты бауырлар білесің бе
«Раббын үшін намаз оқып құрбан шал»
Деп айтылған әл-Кәусар сүресінде
Құрбан шалу бұл сүннет пайғамбардан
Риуаят болған хадисті ойға алам
Пайғамбардың Сәлаба сахабасы
Құрбан шалмай мал аяп тайған жолдан
Құрбан шал мүлкін болса жетерліктей
Хақ алдында ізгі іс етерліктей
Құрбан шалсаң мал-мүлкін адал болар
Арам болып барлығы бекер кетпей
Құрбан айт көрінісі ынтымақтын
Ұйытқысы береке бедел-бақтың
Тілек тілеп құттықтап құшақ жайып
Бұл күні бір-біріне бәрі жақын
Басымызға бақ беріп Жаппар Алла
Сауап жазсын мешітке барғандарға
Қияметте бөлесін рахымына
Шын ниетпен құрбандық шалғандарға
Жүрегіне һидаят тауфиқ берсін
Ізгі істен мақрұм қалғандарға
Алла берген бұл айтта сауап жасап
Шүкіршілік етейік біздер барға
Сансыз мадақ Жаратқан Хақ Аллаға
Мың салауат Мұхаммед (ﷺ) Пайғамбарға
Береке ырыс абырой бақ дарысын
«Алла»,- деп екі қолын жайғандарға.
Жәукен Борамбай Алдабергенұлы Науырзым ауданы «Түркебай» мешітінің шәкірті
Үстіміздегі жылы үлкен Қажылыққа Қостанай облысы бойынша 10 адам аттанған болатын. Бұл жөнінде бұдан бұрын да жазған болатынбыз.
Міне, енді 18-19 күн бойы қасиетті жерде қажылық парызын өтеген жерлестеріміз Алматы мен Астана қалалары арқылы Қостанайға оралып, жақын-жуықтарымен қауышты.
Соның бірі – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігінің найб имамы Бақытжан қажы Икрам. Оны күллі өңір жұртшылығы жақсы біледі.
Бақытжан қажының айтуына қарағанда, қасиетті сапар сәтті өтті. Өзге бауырларымыз секілді қажылықтың барлық шарттарын орындап, жан дүниесі рухани жағынан түледі. Көп жайды көңілдеріне түйді.
Есімі көпке белгілі азаматты туған-туыстары мен әріптестері жылы жүзбен қарсы алды. Ол енді алдағы уақытта жұртшылықпен жүздесіп, өзінің алған әсерлерімен бөліседі.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
Ұлық мереке Құрбан айт күні Қостанай қаласында әсем де көркем жаңа мешіт ашылғаны жұртшылықтың есінде. Бұл имандылық ордасы өңірімізде ең зәулім де сәулетті архитектуралық ғимараттардың бірі болып табылады.
Өткен жексенбі күні аталған мешітте облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері келіп, имандылық орнымен кеңінен танысты. Оларға осындағы дін қызметкерлері ойын-сауық өткізіп және дастархан жайды.
Балалар көп жайды өз көздерімен көріп, көңілдеріне түйді. Мешіт ұжымы осынау балалар үйіне көп жылдан бері қамқорлық көрсетіп, тәрбие орнында қайырымдылық және түрлі шаралар ұйымдастырып тұрады.
Тәрбиеші Айгүл Әбілқасымова «Бүгінде облыстық балалар үйінде 90 тәрбеиеленуші бар. Соның 15-і қазақ балалары. Бұл жолы мешітке 20 бала келді. Сән-салтанаты жарасқан қасиетті орын өзімізге үлкен әсер қалдырды. Жалпы, облыстық мешіт ұжымына біздің алғысымыз шексіз. Себебі, олар түрлі мереке кездерінде балаларға сый-сияпаттарын жасап қана қоймай, бірқатар ер балаларымызды сүндетке отырғызып, үлкен сауапқа бөленді»- деді.
Бұл күні мешіт жамағатының балалары да аталмыш шарада бірге болып көңіл көтерді. Мұндай шараның өтуіне барлық жағдай жасаған мешіттің Жастар ісі бөлімі мен әйелдер секторына келуішілер зор алғыстарын білдірді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіті биыл да Құрбан айт мерекесін өз деңгейінде атап өтті. Айт қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде арнайы ақпараттар жарияланып, мешіт маңайына құттықтау-лозунгтар ілінді.
Айт күні мешітте уағыз-насихат айтылып, айт намазы оқылды. Қала әкімі А.Балғарин жамағатты айт мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Содан кейін мешіт ауласында құрбандық шалу рәсімдері өтті. Құрбандыққа шалынған малдың еттері әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы мұқтаж жанұяларға таратылды.
Осынау мереке әрі қарай мәдени және спорттық ойындармен жалғасын тапты. Тәуелсіздіктің 25, Арқалық қаласының 60 жылдығы, әлем мұсылмандырының айтулы мерекесі Құрбан айт жайлы тағылымды да ғибратты термелер мен діни-иләһи әндер шырқалды. Өмір көрген ақсақалдар жастарға үлгі боларлық ұлағатты сөздерін арнады.
Айттың құрметіне тағам дайындалып, одан жиналған қауым дәм татты. Сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттайтын спорттық ойындар «Арқан тартыс», «Қол күрес» сияқты сайыстарға жастар белсене атсалысып, бақтарын сынады.
Жеңімпаздарға мешіт атынан арнайы диплом, алғыс хаттар тапсырылып, демеушілердің қолдауымен ақшалай сый-сияпат жасалды.
Осындай кейінгілерге тағылымы мол іс-шаралар қалаға қарайтын Фурманов, Молодежный және Ашутасты ауылдарында да ойдағыдай ұйымдастырылды.
Жалпы, мұсылман ағайындар қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» және аталған елді мекендердің имамдары мен барша қызметкерлеріне шын жүректен шыққан шынайы алғыстарын білдірді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі