Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Вторник, 21 Июнь 2016 14:16

Рамазан

Пятница, 17 Июнь 2016 16:41

Кең болсаң, кем болмайсың!

Рамазан айында мұқтаж жандарға қол ұшын созып, көмек көрсетсе, Алла Тағала оның сауабын еселеп беретіні сөзсіз.

Құранда "Ниса" сүресінің 127 аятында: «Қайырдан не істесеңдер де, сөзсіз Алла оны күдіксіз біледі», - деп көрсетілгендей бұл қасиетті айда жағдайы төмен мұқтаж жандарға қол ұшын беру – үлкен сауап.

Осы мақсатта Қостанай облыстық «Марал ишан» мешіті демеушілердің қолдауымен мүгедектер, көп балалы аналар мен мұқтаж жандар саналатын 40 отбасыға күнделікті азық-түліктер салынған пакет ұсыну сауапты игі шара өткізді.

Аталмыш мешіттің наиб имамы Азамат Мурзаканов Рамазан айының қасиеті мен Ислам діні туралы келуші өзге ұлт өкілдеріне айтып өтіп, барша қауымға ізгілік пен молшылық тіледі.

Олар осы шараны ұйымдастырған мешіт қызметкерлері мен демеушілерге шынайы ризашылықтарын білдірді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Ақтөбеде өз бауырына оқ атып, өз отанын басып алғысы келгендердің ұстанымы қандай?
Салафизм ағымы, салафиттер, олар кім?
Арамызда еркін жүрген салафит ағымының "байсалды" түрінен кімге, қандай қауіп бар?

45 жігіт жиһад жасамақ болған. Әке-шешесі қасында, ақыл-есі бүтін, бала-шағасы бар зіңгіттей жігіттер - өз отбасына, бауырына, баласына қарсы қару кезеніп, отанының ойранын шығармаққа жұмылмақ болған. Тек жеме-жемге келгенде, 19-ы жолдан қайтқан, бірақ қырғын салғысы келетіндердің қара ниетін құзырлы органнан жасырған. Өзін көрмесе де, сөзін тыңдап, сириялық болуы мүмкін имамның теріс уағызына еліткендер сөйтіп, өз еліне қару алып, қарсы шықты. Ақтөбе оқиғасына қатысты осы аптада Ішкі істер министрі әзірге анық болған деректерді таратты.

ҚАЛМҰХАМЕД ҚАСЫМОВ, ҚР Ішкі істер министрі:

- Это так называемый имам из Сирии. Я думаю, что сейчас следствие докажет, но все задержанные, которые собирались, говорят, что к ним обратились с призывом, сделали аудиообращение. Они его послушали и сказали: "Что, нам нужно провести священный джихад?! Кто с нами? Кто пошёл, тот пошёл."

Ал, «Республикада дін ұстану бостандығына кепілдік бере отырып, біз діннің атын жамылып елдегі жағдайды ушықтырушылардың барлығына қатаң тойтарыс беру ниетіндеміз» деген мемлекет басшысы Ақтөбедегі зұлымдық әрекеттің артында кімдердің тұрғанын атап айтты.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚР Президенті:

- Мы уже знаем, что это была террористическая вылазка группы последователей нетрадиционного религиозного течения салафизм.

Салафизм. Салафиттер. Олар кім? Бұл ағымның елге қару кезенген радикалдысынан өзге қандай түрі бар? Олардан бізге қауіп бар ма? Болса, қаншалықты? Елге қашан кірген? "Салафизм - біздің дінімізге, ділімізге жат ағым" дейтіндей ресми пәтуа бар ма? Ал, жат ағымға тыйым салуға заңымыз қаншалықты пәрменді? Бұл сауалдарға сауатты жауап алу үшін, арнайы мамандарға жүгіндік.

Сансызбай Шоқанов, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары:

- Саләфилер білесіздер үш топқа бөлінеді. Матхали, сурули және тәкфир дейді. Матхалилер бүкіл дәстүрге қарама қайшы. Бұлар өзін байсалды қып көрсеткісі келеді. Бірақ елбасыға мойынсұнамыз дейді, бірақ имам, елбасыдан кейінгі министрлерді, әкімдердің біреуін мойындамайды.

"Матхалидың ертең-ақ тәкфир болып кетуіне ешкім кепіл бере алмайды" - деген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар Кеңесінің мүшесі Сансызбай Шоқанов. Мұндағы мәтхали деп отырғаны - салафизм ағымының - байсалды аталатын тобы, ал, тәкфир - радикалды түрі. Ғалым, елдегі салафилерді байсалды және радикалды деп бөліп, алғашқыларын қолдау бағытын ұстанатынымыздың өзі қателік дейді. Себебі, жуас қасқыр болмайды, ол ашуланған күні қаруға жүгіруі мүмкін" - деген ғалым, көрші елдердегідей мүлдем бұл ағымға тыйым салынуы тиіс деген пікірде.

Сансызбай Шоқанов, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары:

- Бұларды қамау жөніндегі заң болмаса, милицияны қанша көбейткенмен, оны ешқандай пайдасы болмайды. Өзбекстанда да, Тәжікстанда да оған тыйым салынған.

«Әбу Ханифа» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, «Нұр Мүбарак» Египет Ислам университетінің доценті, теолог ғалым Алау Әділбаев та еліміздегі салафизм ағымына кеш болмай тұрғанда, түбегейлі тыйым салу керек деген пікірде.

АЛАУ ӘДІЛБАЕВ, «Әбу Ханифа» ғылыми-зерттеу орталығының директоры:

- Бұл байсалдысы болсын, радикал болсын, идеологиялық саяси платформалары бір болғандықтан, оларды байсалды, радикалды деп бөлмеу керек. Екеуін бір категорияда қарастыра отырып, еліміздің, ұлтымыздың, дініміздің тұрақтылығына зиян тигізетін ағым екенін нақты белгілеп алуымыз керек.

Өйткені, олардан кез келген уақытта радикалды ағымның шығуы әп-сәттік мәселе. Себебі, олардың пайдаланатын әдебиеттері мен өз тілдерімен айтқанда, тыңдайтын ұстаздары бір діни қайнардан сусындайды" - дейді ғалым. "Либералдық саясатымыздың нәтижесінде біз көп жағдайда ағартушылық бағытын ұстандық. Тыйым салу бағытын ұстанбадық. Бірақ енді заңды шұғыл күшейтетін кез-келді дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар Кеңесінің мүшесі.

АЛАУ ӘДІЛБАЕВ, «Әбу Ханифа» ғылыми-зерттеу орталығының директоры:

- Ағартушылық бағытпен шешілмейтінін түсіндік. Мұның заңдық, әрі ағартушылық тетіктерін табу керек екендігі барлығымыздың болашақтың алдындағы үлкен міндет болып есептеледі.

Ал, "Салафизм, вахабизм, тәкфіршілік бізге жат деген мазмұндағы ресми пәтуа бар ма деген сауалымызға қос ғалымның жауабы былай өрбіді.

АЛАУ ӘДІЛБАЕВ, «Әбу Ханифа» ғылыми-зерттеу орталығының директоры:

- Жалпы ресми пәтуа болмағанымен, біздің заңымызда ханафи мәзхабының көрсетілуі және 2012 жылы елбасының өзі астын сызып тұрып, біз ханафимыз, соның ішінде суниттерміз деп айтуы, сонымен қатар Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының саяси тұғырнамасында, платформасының өзінде шариғат мәселелерінде ханафи мәзхабын басшылыққа алатыны ашық жазылған.

Яғни, ресми пәтуа жоқ. Бірақ ғұламалар кеңесінің мүшелері Ақтөбедегі жағдайдан соң, ағымға тыйым салатын құжатты әзірлеп жатқанын айтты.

Сансызбай Шоқанов, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары:

- Пәтуаны біз дайындадық. Ол шығады, ислам өзі төрт мәсхаб, одан өзге ағымдарының бәрі ешқандай жақсылық әкелмейді.

Ал, ғалымдар қауіп көріп отырған салафизм ағымының байсалды түрін ұстанатындарды қалай ажыратамыз? Көшеде көрсек, танимыз ба деген сауалымызға, ғалым Сансызбай Шоқанов, танымайсыз деп жауап берді. Мамандардың оларды қалай ажырата алатынын былай түсіндірді.

Сансызбай Шоқанов, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары:

-Имам құран оқып отырғанда, орнынан тұрып кетеді. Тәкфир болғандары мешітке де жоламайды.

СЕРІКБАЙ ОРАЗ, ҚМДБ наиб-муфтиі:

- 30 пайызынан астамы басқа ағым өкілдері. Имамдарға құрметпен қарайды, уағыздарын тыңдаған ұқсап отырады. Негізгі идеологиялық күшті, бағытты интернет арқылы басқа шейхтар мен сырттағы теологтардан алады.

Айта кету керек, таяуда ғана Қазақстан Президенті Үкіметке екі айдың ішінде терроризм мен экстремизмге, қару айналымы мен оны сақтауға және сатуға қарсы әрекет ету саласындағы, көші-қонды және діни бірлестіктерді реттеу саласындағы заңнамалық бастамалар жиынтығын әзірлеуді тапсырған-тын. Іле-шала үкімет басшысы да президент пәрменін әр орган басшысына жеке, жіті орындауды тапсырды. Ал, ғұламалар кеңесінің мүшелері болса, салафизм ағымына түбегейлі тыйым салатын заң талабын - заңға енгізілетін өзгерістен көрсек деген үмітте. Өйткені, тәуелсіздік алған жылдардан бастап, жекелеп кіре бастаған кейбір діни-сенімдер бүгінде үлкен күшке айналып келе жатыр. Сол себепті, қауіптің алдын-алу шаралары заңмен реттелсе дейді.

www.31.kz

Жиналған қауымға үлкен ой салды

Ұзақ жылдардан бері дін саласында аянбай еңбек етіп келе жатқан Ерік қажы Ыбырай өзінің іскерлік қырларымен көпке танымал.

Оның Денисов ауданындағы «Жұма» мешітіне бас имам болып тағайындалғанына да көп өте қойған жоқ. Таяуда өзі басқаратын мешіттің ұйытқы болуы және аудандық әкімдік пен Мәдениет үйінің қолдауымен Рамазан айының құрметіне «Қош келдің, Рамазан!» атты рухани кеш өткізді.

Бұл басқосуда жиналған жұртшылықты аудандық мәслихат хатшысы Алпамыс Мырзабаев қасиетті Рамазан айымен шын жүректен құттықтап, әрбір отбасына ырыс-береке мен молшылық тіледі.

Кеште ауданның өнерлі жастары Рамазан айы туралы көрермендер алдында жүрек тебірентер илаһи әндер мен тағылымы мол термелерді орындап, арнайы қойылымдар көрсетті.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Четверг, 16 Июнь 2016 16:02

Жаңа тағайындау!

Әлішер Ертайұлы Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің наиб имамы болып тағайындалды

Өңір жұртшылығы сөзге шешен, зиялы азамат Ертай қажы Балахметті ешқашан да ұмытпайды. Өйткені, ол ұзақ жылдар бойы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл және облыстық Марал ишан мешітінің бас имамы болып қызмет атқарды.

Осы бауырымыз құдай қосқан қосағы Майнұр екеуі бес баласына тәлімдік-тәрбие берді. Үйдің тұңғышы Әлішер және одан кейінгі Мұртаза да кішкентайларынан әкелерінен өнеге алып, қасиетті Құранды жаттап өсті.

Әлішер орта мектепті тәмәмдаған соң, Алматы қаласындағы Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті униврситетіне түскен болатын. Жақында осы жоғары оқу орнын үздік дипломмен аяқтады.

Зейінді ұл студент кезінде сол университеттің «Экстремизм мен терроризмге қарсы» құрылған Орта Азиялық белсенді топ құрамына жас исламтанушы ретінде енген-ді.

Қырғызстанда өткен «Ортақ құндылықтарды іздеу (Search for Common Ground)» Халықаралық үкіметтік емес корпорациясы ұйымдастырған форумның мүшесі болғаны да жұртшылықтың есінде. Бұл Бішкек қаласында орналасқан корпорация өкілдігі осы Орта Азиядағы түрлі экстремизм мен терроризмге қарсы ірі шаралардың ұйтқысы ретінде де көпке танымал.

Зерек те білімге құштар Әлішер Балахмет университеттің қоғамдық жұмыстарына да белсене қатысты. Жоғары оқу орнының спорт саласында мәртебесінің асқақтауына өзінің қомақты үлесін қосты.

Ардақты атасы Ислам, әжесі Зейнеп пен ата-анасының сенімін ақтады. Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Әлішер Ертайұлы Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің наиб имамы болып тағайындалды.

Қазіргі уақытта дін қайраткері әрі өкіл имам Бахытбек қажы Нұрғабылұлының тікелей басшылығымен мешіттегі 30-ға жуық шәкіртке дәріс беруде.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Четверг, 16 Июнь 2016 16:45

РАМАЗАН айында тегін тасиды

Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша биыл да облыстық «Марал Ишан» мешітінде ораза ұстаған адамдарға қолайлы жағдайлар туғызылуда. Мәселен, кешкілік тарауих намазға қатысқан жамағатты үйлеріне жеткізуге ерекше назар аударылып, мұсылман бауырларымызға қолайлы жағдай жасалды.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демей ме. Аталған игі іске Қостанай қалалық әкімдік пен автобус паркіндегі қайырымды азаматтар өздерінің тікелей ықпалын тигізді. Сөйтіп, қасиетті Рамазан айында олар көпшіліктің шынайы алғысына бөленуде.

Бұл іске әдеттегідей қалалық әкімдік пен автобус паркі қол ұшын беріп қарт кісілер мен намазхан жамағатты үйлеріне жеткізіп, рақымы мол Рамазан айында сауапты амал атқаруда.

Мұндай игі шара Рудный қаласының «Нұр» мешіті мен Жітіқара ауданының «Ержан Тәтішев» мешітінде де қолдау тауып көпшіліктің ризашылығын тудыруда.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Алматыда өткен ҚМДБ Ғұламалар кеңесінде Ақтөбе қаласында орын алған лаңкестік оқиғаға байланысты бірауыздан Үндеу қабылданды. Үндеу мәтінімен Ғұламалар кеңесінің хатшысы Ершат Оңғаров таныстырды. Үндеудің толық нұсқасын төменде жариялап отырмыз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
Ғұламалар кеңесінің
ҮНДЕУІ

Бейбітшілік пен келісім, достық пен сенім – адамзаттың асыл құндылықтары. Қазақ елі – ежелден бірлігі жарасқан, тыныштығы мен бейбіт тіршілігі сақталған ел. Осы ізгі, қасиетті мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу әрбір ел азаматына аманат!

«Ислам» сөзі - бойсұну, бағыну, бейбітшілік дегенді білдіреді. Ислам– жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты орнату үшін Алланың бүкіл адам баласына түсірген ұлы жүйесі. Ислам ақыл иелерін осы дүниеде қуаныш пен шаттыққа, ал ақиретте мәңгілік бақытқа кенелтеді. Ислам бізге жаратылысымыздың мақсатын, Алланың алдындағы пенделік міндеттерімізді үйретеді. Сондай-ақ, жақсы мен жаманды, дұрыс пен бұрысты, арам мен адалды ажыратып, ізгілікке бастайды.

Ақтөбедегі лаңкестік әрекет қазақ еліне орны толмас қайғы-қасірет әкелді. Қасиетті Рамазан айында осындай қайғылы жағдайдың орын алуы өте өкінішті жайт. Бұл – еліміздің тыныштығын бұзып, болашағымызға балта шабу үшін әдейі ұйымдастырылған қаскөйлік деп есептейміз. Осы қантөгісте қаза тапқандардың отбасылары мен туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып шын жүректен көңіл айтамыз. Сондай-ақ, бұл қанды оқиғаның асыл дініміз Исламға ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдейміз.

Алла Құран Кәрімде:

وَلاَ تُفْسِدُواْ فِي الأَرْضِ بَعْدَ إِصْلاَحِهَا

«Жер бетінде тыныштық орнағаннан кейін бүлік жасамаңдар» («Ағраф» сүресі, 56-аят) деп қатаң ескертеді. Сондай-ақ келесі аятта:

مَنْ قَتَلَ نَفْسًا بِغَيْرِ نَفْسٍ أَوْ فَسَادٍ فِي الْأَرْضِ فَكَأَنَّمَا قَتَلَ النَّاسَ جَمِيعًا وَمَنْ أَحْيَاهَا فَكَأَنَّمَا أَحْيَا النَّاسَ جَمِيعًا

«Кімде-кім кісі өлтірмеген немесе жер бетінде бұзақылық жасамаған біреуді өлтірсе, ол барлық адамды өлтіргенмен тең. Ал кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса) барлық адамды тірілткенмен тең»(«Мәйдә»сүресі, 32-аят) деп баяндайды.

Сонымен қатар, мүмінді қасақана өлтірудің жазасы мәңгілік Тозақ екендігін:

ومن يقتل مؤمنا متعمدا فجزاؤه جهنم خالدا فيها

«Кімде-кім мүмін пендені қасақана өлтірсе, оның жазасы мәңгілік тозақ...»(«Ниса»сүресі, 93-аят) деп бұйырады.

Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

المسلم من سلم الناس من لسانه ويده

«Нағыз мұсылман өзгелерге тілімен де, қолымен де зиян келтірмейді», - дейді.

Біз, ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің мүшелері, қасиетті Рамазан айында Ақтөбеде орын алған лаңкестік әрекетті қатаң айыптаймыз. Қазақстан халқын қоғамда тыныштық орнатуға, лаңкестік әрекеттерге тосқауыл болуға, жалпыға ортақ адамгершілік құндылықтардың насихатталуына үлес қосуға үндейміз.

Пятница, 10 Июнь 2016 14:57

Балалар сүндетке отырғызылды

Баршаға мәлім, ислам дінінің бір рәсімі бойынша әрбір мұсылман баласы сүндетке отырғызылғаны абзал. Мұны кез-келген парасатты ата-ана түсінетіндігі даусыз.

Ал, ешқандай жазығы жоқ, жарық дүниеге келмей жатып, әке-шеше мейірімінсіз қалған жаутаңкөз балалардың жағдайын кім ойлайды? Міне, осы мәселе өздерін біраздан бері толғандырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет пен еліміздегі қажылар қауымдастығының өңірдегі филиалының төрағасы Жақсылық Ғайсин де көпке өнеге боларлық сауапты да игі шараны жүзеге асырып, азаматтық танытты.

Жуырда олардың ұйғарымымен Қостанай облыстық балалар ауруханасында облыстық балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан бір топ мұсылман балалары сүндетке отығызылды.

Осындай тағылымды шараға мұрындық болған дін қызметкерлері мен ақ халатты абзал жандарға шын мәніндегі ризашылығымызды білдіреміз. Оларға Алланың нұры жауып, қасиетті Рамазан айында ойға алған арман-ниеттеріңіз қабыл болсын дейміз.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пятница, 10 Июнь 2016 11:13

Өкіл имамның дәрістері

Қостанайлық барша қауымның көңілінен шығуда

Үстіміздегі жылғы Рамазан айы басталғалы бері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы болып табылатны Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінде өзгелерге өнеге боларлық жақсы үрдіс қалыптасты.

Мәселен, Қостанай өңіріндегі өкіл имам Бахытбек Нұрғабылұлы күн сайын бесін намазынан кейін намазхан жамағатпен Имам ағзам Әбу Ханифаның «Фикһул ханафи фи саубил жадид» кітабынан дәріс оқуда.

Оның ішінде осы қасиетті Рамазан айындағы ораза ұстаған адамның өзін қалай ұстау керектігі, қандай жағдай оразаны бұзатын және бұзбайтындығы туралы жан-жақты түсініктер беруде.

Сонымен қатар жиналған намазхандар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарына нақты жауап алуда.

Дәріс беру соңында жамағат өкіл имамға мағыналы да тағылымды әңгімелері үшін шын жүректен шыққан алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын танытып жатыр.

Бахытбек Нұрғабылұлының жүргізген сабақтары шын мәнінде көңілдерінен шыққандықтан, мұсылман қаумымы осындай берері мол дәрістер Рамазан айынан кейін де жалғасын тапса екен деген ұсыныстарын білдіруде.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником