Қасиетті рамазан айында істелген бір жақсылық бірнеше есеге көбейтілетіні белгілі. Осы айда әркім қолынан келгенше бар ізгі амалды жасап қалуға тырысуда. Біреулер ораза ұстап ауыз ашар берсе, енді біреулері мұқтаждарға садақа беріп сауап жинауда. Оразаның соңғы күндерінде Отандас ағайындармен Рудный қалалық «Нұр» мешіті біріге отырып «Қайырымдылық акциясын» ұйымдастырды. Акцияға 300.000 (үш жүз мың) теңге жиналып, ол қаржыны Рудный қаласындағы Қарттар мен мүгедектер үйі №1, Қарттар үйі №2, Балалар үйіне, Рудный түзеу мектеп-интернатына, Зағиптар қоғамына және әлеуметтік жағдайы өте төмен алты отбасыға бөлініп берілді.
Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сауабы болсын!) «Малдарыңызды зекетпен қорғаңыздар, ауру-сырқаттарыңызды садақа беріп емдеңіздер, басыңызға келген бәлекеттерге де Аллаһтан жалбарынып дұға етіп, көмек сұраңыздар» – деген.
Садақаның да материалды һәм рухани жағынан ем екендігі тағы бар.
Ораза айындағы осындай орайлы мүмкіндікті жіберіп алмау үшін қайырымдылық, тағы басқа ізгі амалдарды көп жасап, ақыретте сауаптаразымыздың ауыр тартуына тырысайық.
Ал, сауапты амалдардың алдынғы қатарында садақаның тұрғаны талассыз шындық.
Имам Тирмизи риуаят еткен және бір хадисте Аллаһ Елшісі (Оған Аллаһ Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын!): «Шынында, садақа Аллаһ азабының жалынын өшіріп, жаман өлімнен сақтайды», – дейді.
Міне садақаның осындай керемет қасиеттері бар екенін және ақыретте көп сауабқа кенелетінін Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінен байқаймыз.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің
баспасөз қызметі
Баршаға мәлім, Рамазан айы мұсылман қауым үшін аса қастерлі. Сондықтан да болар, Асылхан қажы Түсіпбек басқаратын облыстық Марал ишан мешітінің ұжымы жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша биыл да Оразаға жан – жақты дайындық жасады.
Осы имандылық ордасының жанына арнайы шатырлы орындар жасалды. Мешітке кіре беріске «Рамазан айы құтты болсын!» деген жазулар жазылып, күні бұрын ілінді. Бұл аталғандардың бәрі де мұсылман бауырларымыздың ислам дініне деген сенімі мен құрметін барынша арттыра түсті.
Биыл да Ораза айы барысында күнделікті жұршылыққа ауызашар берілді. Онда облыс басшысынан бастап, есімдері көпке танымал азаматтар, кәсіпкерлер, намазхандар дастархан жайып, үлкенді-кішілі қауымның батасын алды.
Аталаған сауапты істің ғибратты жағын Бас имам мен оның орынбасарлары халыққа жан-жақты түсіндіріп, барлық игі жұмыстардың басы – қасында жүрді.
Бір қуаныштысы, жылдан-жылға Ораза ұстаушылардың қатарында жастардың көбейіп келе жатқандығы. Олар да Рамазан айының қасиетті екендігін жете түсініп, дінімізге бет-бұрыс жасап жатыр.
Осы айда қайырымдылық мақсатында да жұртшылыққа өнеге болар бастамалар жерлестеріміздің есінде қалды. Мешіт қызметкерлері балалар үйінде болып, оларға сый-сияпат жасады.
Сондай-ақ киелі орында ұн да таратылды. Бұл ізгілікті шараға орыс шіркеуінің өкілдері де қатысты. Ұйымдастырушыларға өздерінің шын жүректен шыққан ықыластарын білдірушілердің қатарында арамызда ғұмыр кешіп жатқан өзге ұлттың өкілдері болды.
Қадір түні де мұсылман үшін өте қастерлі. Сол себептен де шілде айының 13-нен 14-не қараған түні мешітке халық өте көп жиналды. Осы орайда да имандылық ордасының барша қызметкерлері жұдырықтай жұмылып, үлкенді-кішілі қауымға аянбай қызмет жасады.
Кешкі ауызашармен қатар сол Қадір түні сәресі де берілді. Асылхан қажы бастаған дін қайраткерлері көпшілікке уағыз айтып, бас қосудың негізгі мәні мен мағынасына тоқталды.
Осы жайларды өз көзімен көріп, көңіліне түйген бауырларымыздың бірі – Айзат Асылбектің айтуына қарағанда, жастар жағы көп жайды ұғынды. Сондай-ақ, жалпы Рамазан айының мұсылман қауымының өмірінде алар орны мен тәлімдік-тәрбиелік жағының мол екендігін жете түсінді.
Сонымен үстіміздегі жылы да Қостанай өңірінде Рамазан айы жоғары деңгейде өтті деп толық сеніммен айта аламыз.
Жоғары да әңгіме арқауына айналған облыстық Марал ишан және облыстағы барлық аудандар мен қалалардағы мешіттерде Ораза айт намазы да тиісті деңгейде ұйымдастырылды. Үш күн айтта мұсылман бауырларымыз бір-біріне ізгі тілектерін білдірісті.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Малое омовение вуду состоит из обязательных частей и желательных. Обязательным условиями малого омовения является умывание: лица; рук, включая локти; ¼ поверхности головы, и ступней ног, включая щиколотки. Для действительности малого омовения достаточно совершить каждое действие единожды.
Сообщается, что Пророк, да будет доволен им Аллах, сказал: "Участие в общей пятничной молитве является обязанностью каждого мусульманина, за исключением четверых: подневольного раба, женщины, ребенка и больного". Передал Абу Дауд. Такого мнения придерживались имамы всех 4 мазхабов.
немесе 9 – шы шағын аудандағы қалалық мешіттегі игі істер жөнінде
Рамазан айында мұсылмандар үшін бес парыздың бірі ораза тұту екендігі белгілі. Сондықтан осы айтулы айға жер бетіндегі барша ағайындар жан – жақты дайындалады. Бұл орайда дін қайраткері Шоқан қажы Әмірханов басқаратын 9-шы шағын аудандағы қалалық мешіттің атқарып жатқан жұмыстары көпке өнеге боларлықтай.
Осы арада бір тоқтала кетер жай аталған мешіт өткен жылы пайдалануға берілді. Имандылық ордасын белгілі кәсіпкер Төлеген Жайлаубаев өз қаржысына салды. Сөйтіп, ол өңірдегі өзге жігіттерге өнеге боларлықтай үлкен сауапты іс тындырды.
Қазақ «Жақсыны көрмек үшін» дейді. Жуырда мен журналист ретінде аталған мешітте болып, ондағы атқарылған жұмыстармен таныстым. Бас имам Шоқан қажы киелі орынның ғимаратын жан – жақты көрсетті. Оның қызмет бөлмесінде отырып, өзімді толғандырған бірқатар деректер мен мәліметтер алдым.
Оның айтуына қарағанда биыл да мұнда Қасиетті Рамазан айында күнделікті ауызашар ұйымдастырылды. Жүрегінде иманы бар азаматтар оған өздерінің үлесін қосып, ораза ұстаған үлкенді – кішілі қауымның батасын алды.
Мен өзім жоғарыда әңгіме арқауына айналған мешітте болғанымда түбі бір түркі тілдес бауырларымыз, яғни әзірбайжан ұлтының өкілі Видадий Юсубов дастархан жайып, баршаның ыстық ықыласына бөленді.
Мешіт өндіріс орны емес, ол қашанда көмекке зәру. Сол себептен де қалталы азаматтар өздерінің демеушілігін көрсетіп отырса нұр үстіне нұр. әрине, мұндай жігіттер жоқ емес. Мешітті тұрғызған Төлеген ағамызды айтпағанның өзінде, Видадий бауырымызда үнемі осы имандылық ордасына жанашырлық танытып, қолдау көрсетіп келе жатқандығын естігенде іштей дән риза болғанымызды жасырмаймын.
Осы жолы байқағаным мешіттің асханасында ораза кезінде тек, дастархан жайылып, жұртшылыққа тағам беріліп қана қоймайды. Жиналған қауым ислам діні жөнінде уағыз естіп, дүние танымдарын кеңейтеді. Мешіттің наиб Дайыр Дүйсеннің де тындырып жатқан жұмыстары аз емес.
Имам – тек мешіттің жұмысын ұйымдастырушы ғана емес, жан – жақты қабілетке ие болуға тиіс. Мұндай игі қасиеттер мешіттің бас имамы Шоқан Әмірхановтың бойынан табылады десек артық айтпаған болар едік. Оқығаны мен тоқығаны мол азаматтың әрбір сөзінен рухани жан – дүниесінің байлығы айқын сезіледі.
Қысқасы бұл мешітте биыл ораза айы тиісті деңгейде өтті. Барша қызметкерлер жерлестерімізге лайықты қызмет көрсетіп, халықтың алғысына ие болды.
- Сіз өзіңіз де мешіттің жұмысымен танысып ауызашардың халық үшін жасалатының игі де сауабы мол іс екендігіне көзіңіз жетті. Біз алдағы уақытта да қайырымдылық мақсатында да көп жұмыстар атқара бермекпіз, дейді бас имам Шоқан Әмірханов.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Қостанайлық ағайындар биыл да өздерінің ислам дініне деген құлшынысын көрсетіп келеді. Бұл сөзімізге өткен жұма күні таңертең сағат 7-де облыстық Марал ишан мешітіне жұртшылықтың Ораза айт намазына барынша көп жиналуы жарқын айғақ.
Олардың арасынан жасты да, кәріні де көресіз. Жоғарыда аталған мешіттің қызметкерлері Ораза айт намазына келген қауымды жылы жүзбен қарсы алды. Имандылық ордасының іші де, сырты да халыққа лық толды.
Жиналғандарды жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов Ораза айтпен шын жүректен құттықтап, оларға мықты денсаулық, отбасында бақыт, жұмыстарында табыс тіледі.
Мешітте Ораза айттың өзіндік ерекшелігі туралы уағыз айтылды. Сондай — ақ дүниеден өткен ата — бабаларымыздың әруақтарына құран бағышталды.
Шынымды айтсам, үстіміздегі жылғы Рамазан айы өте жоғары деңгейде өтті. Маған әсіресе, жас жігіттер мен қыздардың ораза ұстап, бүгінгі айт намазына да таңертен уақытпен санаспай келгені шын мәнінде қуантты , дейді Қазақстан қажылар қауымдастығы облыстық филиалының төрағасы Жақсылық қажы Ғайсин.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі