Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Четверг, 24 Январь 2019 11:35

Арқалықта «Жастар жылы» басталды

Бүгінгі жас – ертеңгі кәсіби маман, болашақ отбасының тірегі. Әрбір жас қоғамда өз орнына ие болу үшін кез-келген қоғамдық мәселеге бейжай қарамауы тиіс. Себебі патриоттық рух та, рухани ерік-жігер де ортамен араласудан туындайды.

Осындай рухани тәлім-тәрбиені насихаттауды мақсат тұтқан Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіт қызметкерлері қалалық спорт бөлімімен бірлесе отырып, жастар жылы аясында тоғызқұмалақ және шахматтан «Жігерлі жастар» атты жарыс өткізді.

Жарысқа 18 бен 35 жас аралығындағы 65 адам қатысты. Сайыстың арнайы ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары мен ардагерлер кеңесінің төрағасы сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар жарыстың басында өңіріміздің дін жанашыры Мираш қажы ақ батасын берді.

Келесі күні 5-ші сынып оқушылары арасында «Қыс қызығы – сырғанақ» деп аталатын сырғанақтан жарыс та ұйымдастырылып, оған 85 оқушы қатысты.

Балалар қуанышты көңіл-күйге еніп, аталмыш жарысты дәстүрге айналғанын қалайтындықтарын білдірді. Бірге келген ата-аналар да мешіт ұжымына шынайы алғыстарын білдірді. Жарыс соңында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Жастар жылы аясындағы мұндай іс-шараларды өткізудің мақсатын мешіттің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы былайша түсіндірді: Балалардың қыстық ойын түрлеріне қызығушылықтарын ояту, ынталандыру, ойын ойнату арқылы әр мектептің оқушыларын достыққа, бір-біріне деген мейірімділікке, имандылық пен кішіпейілдікке тәрбиелеу. Сондай-ақ үйде телефонға телміріп отырмастан, сыртқа шығып шынығып, ептілік пен жылдамдыққа машықтандыру. Қосымша сайтымыздың ФОТОГАЛЕРЕЯ айдарында қараңыздар.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Бұл күндері еліміз бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Қажылық» қоры Бас мүфтидің бастамасымен жергілікті жердегі діни қызметкерлерге қаржылай көмек көрсете бастады.

Осы орайда бұл бастама аясында қаржылай көмекке Қостанай облысында үш ауыл молдасына нәсіп болды.

Олар Қостанай облысының Денис ауданы Фрунзе ауылының «Аят» намазханасының молдасы Куандыков Болат, Жангелдин ауданы Көкалат ауылы, «Таласбай молда» намазханасының молдасы Абишов Асылхан және сол ауданның Жаркөл ауылының молдасы Байшин Досым.

Қостанай облысының өкілі Тәжімбет Нұрғабылұлы «Мүфтият тарапынан қазіргі таңда имам-молдалар мен діни қызметкерлерге қаржылай көмек көрсетіліп жатқаны бәрімізді қуантады. Себебі елді мекендерде діни қызмет атқаратын қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы дұрыс болса ол халықпен, жастармен жұмысын жүргізуіне үлкен әсері бар. Өйткені молда болып бірақ тіршіліктің қамымен бала шағасын асырау үшін такси немесе басқа жұмыс іздеп кетіп жатады. Ал бұл қаржыландыру аз болса да үлкен көмек» екендігін айтып өтті.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Среда, 23 Январь 2019 11:59

Ақиқаттың көш басшысы

Бұл – бар үмметінің тілеуін тілеген пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) туылған күні, Мәуліт мерекесіне орай ұйымдастырылған шараның атауы еді.

Осынау шараға жиналған көпшілікке аудан әкімі Амантай Балғарин жүрек жарды ақ тілегін білдірді. Адамзаттың асылы жайлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысын бойынша өкіл, бас имам Бақытбек Нұрғабылұлы уағызда «Сүйікті пайғамбарымыздың (ﷺ) дүниеге келуі Алла Тағаланың ең үлкен нығметі мен жақсылығы екені сөзсіз. Құранда: «Біз сені күллі ғалам үшін рахым етіп қана жібердік»,-деп осы ақиқатты меңзегендін айтып өтті.

Мешіт жамағаты дайындаған илахи әндер мен салауатты Ибраһим Махмут, Каралина Дәндібаева және Райхан Болат «Толағал бадру ғалайна», Алланың 99 есімін айтты.

Ал, белгілі айтыскер ақын Тоба Өтепбаевтың Мәулітке арнауы, Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы орта мектебінің оқушылары мен «Аққозы қажы» мешіті жамағатының «Салауат-шәриф» оқуы жиналғандардың жүрегін елжіретті.

Жас талант Нағашыбай Ыбырайдың орындаған «Ата-ананың қадірі» атты термесі мен нақышына келтіре оқыған «Уақыт» деген өлеңі ата-ана мен уақыттың қадірін білуге үндеді.

Көптің назарына ұсынылған ғибратты көрініс мәдени-танымдық іс-шараның шарықтау шегі болды. Сонымен қатар, ардақты Пайғамбар ғалейһи уассаламның қасиеттерін белгілі өнерпаз Есен Шәкібай өлең-жырмен өрнектесе, жас дарын Нұрахмет Махмут та «Аллаға мадақ, Пайғамбарға салауат» әнін ерекше ықласпен орындады.

Мерекелік шара соңында ауданымыздың бас имамы Дәулетбай қажы Әбдіхалық сөз алып, демеушілер тарапынан жиналған ақшалай қаражатты аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандарға табыс етті.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Қостанай облысының Алтынсарин аудандық жастар ресурстары орталығының ұйымдастыруымен Обаған ауылы орта мектепбінің 10-11 сынып оқушыларымен «Жастар арасында үш індетің алдын алу» деп аталатын тақырыпта кездесу өткізілді.

Оған жергілікті полицияның учаскелік инспекторы, сол мектептің психолог ұстазы, Орталықтың директоры, «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітінің бас имамы қатысты.

Жастар туралы өзекті мәселені жастар ресурстары орталығының директоры баяндап, жан-жақты әңгімеледі. Сондай-ақ Исламдағы теріс ағымдар хақында «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітінің бас имамы Ерік Ыбырай айтып берді.

Сонымен қатар жастар арасындағы қылмыс жөнінде жергілікті учаскелік инспектор кеңінен тоқталды. Қазіргі таңдағы көпшіліктің көкейінде жүрген жастар өміріндегі өз-өзіне қол жұмасу туралы мектептің психолог мұғалімі әңгімеледі.

Бұл жүздесуде маңыздың тақырыптарға байланысты бейне роликтер көрсетілді. Оқушылар мен шәкірттердің сұрақтарына нақты жауап берілді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Вторник, 22 Январь 2019 10:05

ӨКІЛ ИМАМ ЛИСАКОВ ҚАЛАСЫНДА

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкіл имамы Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы Лисаков қаласына іс-сапары барысында «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінің Бас имамы Сабыржан Зейнелғабиденұлымен кездесіп, діни ахуалы жайында әңгімелесті. Сондай – ақ, қала тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру арқылы, теріс пиғылды жат ағымдардан сақтану мәселелері айтылып, насихаттау жолдары талқыланды.

Мұнан соң Өкіл имам жұма намазына қатысып, жиылған қауымға уағыз айтты. Сондай-ақ, ол өз сөзінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп атағанын және осының аясында көптеген игілікті шаралардың қолға алынатынын атап өтті.

«Қазақ халқының ежелден қалыптасқан өзіндік дәстүрі және Пайғамбар (صلى الله عليه وسلم) сүннетінде қалыптасып келе жатқан діни мектебі бар. Біз осы жолымызды, дәстүрмен сабақтасқан дінімізді сақтай білуіміз керек. Жастарымызды дәстүрлі дініміздің аясында тәрбиелеп, салт-дәстүрге баулуымыз керек», - деді өкіл имам Бахытбек қажы Нұрғабылұлы.

Өкіл имам уағыз барысында асыл дініміздегі ниеттің орны қандай екендігін түсіндіріп, шариғи әр амал бастауында ниеттің маңыздылығын түсіндірді.

Жұма намазы соңында елімізге келген құтты қонағымыз, әуезді, жүректі тебірентер дауысымен құран оқып, елге, жерге, халқымызға дұға етті. Намаз соңынан мешітке келуші жамағат Өкіл имамға алғыстарын білдіріп, қаламыздың ең үлкен ақсақалы Сәндібек қажы Шаяхмет батасын беріп, жамағат қимастықпен қоштасты.

Сонымен қатар, Өкіл имам сапар барысында мешіттің тұрмыс тіршілігімен танысып, мешіт ұжымымен кездесті. Мешіт іші сыртының тазалығын қадағалап оң баға берді. Мешіт ұжымының атқарып жатқан игі жұмыстарына алғысын білдірді. «Мешіт иамандылық ұясы, мешіт тазалығымен, әсемдігімен, көркемділігімен келген жамағатқа лайықты болуы керек» –деді өкіл имам.

Өткен жұма күні Рудный қалалық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен маңызды шара өтті. Бұл күнделікті күн шыққаннан, батқанға дейін және мереке күндері де тынбастан еңбек ететін «Рахат» ЖШС жұмыскерлеріне арнайы дастархан жайылды.

Өткен жұма күні Рудный қалалық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен маңызды шара өтті. Бұл күнделікті күн шыққаннан, батқанға дейін және мереке күндері де тынбастан еңбек ететін «Рахат» ЖШС жұмыскерлеріне арнайы дастархан жайылды.

Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар, «Дін-бұл тазалық» — деп бұйырады. Сыртқы тазалық адамзат баласын өркениеттілікке жетелейді. Сондықтанда Ислам дінінде тазалыққа орасан зор көңіл бөлінетіндігі белгілі.

Осындай тазалықты сақтап, жаздың аптап ыстығында да, қыстың қақыраған суығында да қаламыздың сәнін келтіріп жүрген «Рахат» ұжымының жұмысшыларына Алла береке беріп, дендеріне саулық, отбасыларына амандық нәсіп етсін.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Қостанай облысының Қостанай ауданы орталығындағы «Маңдай батыр» мешітінің әйелдер-қыздар секторы әйелдер жамағаты арасында тағылымды шара өткізді.

Бас қосудың басты мақсаты әйел адамға тиісті міндеттер жайлы насихаттар айту және асханадағы аспаздық өнерін шыңдау және тәжірибе алмасу еді.

Онда мешіт ұстазы Қаламқас Асанова барлық жиналғандарға ой салар уағыз айтты. Онда әйелдің ері алдындағы міндеті мен жар ретіндегі рөлі жайлы да тілге тиек етілді.

Жиында қатысушылар өздерінің көкейінде жүрген сауалдарына нақты жауап алып, бірқатар жайларға қанықты. Осындай кездесулердің өте тиімді де берері мол екендігі сөз болды.

Сонымен қатар мешітте өткен жұма күні жиналған қауымға қасиетті Мәуліт мерекесіне байланысты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірінен кейінгілерге өнеге болар жыр — салауаттар оқылды.

Сол ауданның Алтын дала ауылындағы «Өтеш қажы Өтеген» атындағы намазханасында Берік молданың ұйымдастыруымен мәуліт мерекесі аталып өткен болатын. Шарға ауданның бас имамы Түсіпбек Асылхан қатысып, мерекемен құттықтап, тағылымы терең уағыз-насихат айтты.

Намазханада тәлім-тәрбие алып жүрген шәкірттер де салауаттар мен жырларын арнады. Жиналған көпшілікке дастархан жайылып қонақ асы берілді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Жуырда Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің қызметкерлері 2018 жылы атқарылған іс-шаралар бойынша басқосты.

ҚМДБ тарапынан жүктелген бақылау-басқару, уағыз насихат жұмыстары, бұқаралық ақпарат құралдары, сауат ашу курсы жұмыстары, жастардың және теріс ағым жұмысы, ислам және отбасы жылындағы діни мерекелер мен қайырымдылық іс-шаралар жайы қаралып, оған қорытынды жасалды.

Қорытындыға сүйенетін болсақ, былтыр мешіт қызметкерлері жастармен 6 дөңгелек үстел, 3 семинар өткізген. Асыл дініміздің баға жетпес құндылықтары насихатталған 38 кездесу ұйымдастарылып, оған 1 746 адам қамтылыпты.

Сондай-ақ теріс ағымға төтеп берер – Ханафи мазһабының ерекшеліктері жайында баяндалған 36 жүздесуде 1 798 адам қамтылған.

Жергілікті «Арқа дидары» телеарнасындағы «Имандылық айнасы» бағдарламасы аясында жоспарлы түрде белгіленген тақырыптар бойынша 28 сұхбаттар берілген.

Сонымен қатар қалалық «Арқалық хабары», «Торғай» газеттерінің беттерінде де дәстүрлі ислам түсінігін, көркем мінез, кешірімділік пен жанашырлық тақырыптары бойынша 11 танымдық мақалалар жарық көрген.

Өткен жылда сауат ашу курсында 55 шәкірт тәлім алса, екі шәкірт Алматы және Сарыағаш қыздар медресесіне түске. Бір шәкірт қарилар дайындау курсына, тағы бірі еліміздегі жоғарғы діни оқу орыны «Нұр-Мүбәрак» университетіне оқуға қабылданған.

Мешіттегі қайырымдылық шаралары да 43 рет ұйымдастырылып, күн көрісі төмен 2 073 адамға көмек көрсетілген.

Осындай маңызды мәселелер талқыланған мешітте алдағы уақытта да маңызды жұмыстар жандана бермек.

Осынау қалалық мешіттің бас имамы Бектұрсын Уәлиев үстіміздегі жылы да күнделікті атқарылатын жұмыстарды жіті қадағалап, мешітке келушілерді жылы қабылдау, оларды толғандырған сауалдарға нақты жауап беру қажеттілігіне де айрықша тоқталды.

Белгілі дін қайраткері жыл қорытындысы бойынша көзге түскен барша мешіт қызметкердеріне шынайы алғысын білдіріп, жұмыстарында табыс тіледі.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником