Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялануына байланысты жақында Қостанай құрылыс колледжінің базасында Қостанай облыстық «Марал ишан» және қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің мұрындық болуымен сауат ашу курсының шәкірттері арасында волейболдан өзара жарыс өткізілді.

Іс-шараның негізгі міндеті - мешіт жамағатының ауызбірлігін, татулығын арттыру, бос уақытын тиімді өткізу болатын.

Аталмыш жарыс өз мәресіне жетті. Әділқазылар алқасының қорытындысы бойынша І орынды Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің шәкірттері құрамынан жасақталған І команда алса, ІІ орынды Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің жамағатынан құралған команда иеленді. Ал ІІІ орынды облыстық «Марал ишан» мешітінің ІІ командасы жеңіп алды.

Жеңімпаздарға арнайы кубок пен дипломдар табысталды. Ойын барысында белсенділік танытқан ойыншыларға арнайы мақтау қағазы берілді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Вторник, 19 Февраль 2019 11:56

Өз-өзіне қол жұмсау...

Жуырда Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің наиб имамы Нұрлан Сейдагалиев ҚР Ұлттық Ұлан 6697-ші әскери бөлімінде «Суицид» тақырыбында басқосуға қатысты.

Кездесудің басты мақсаты - әскери қызметкерлердің арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу.

Осы мәжіліске 140 қызметкер қатысты. Олардың ішінде офицерлік құрам, шекара қызметкерлері, әуе қорғаныс қызметкерлері бар. Маңызы зор жиынға арнайы шақырылған психолог маман және наиб имам Нұрлан Сейдагалиев те өздерінің пікірлерін ортаға салып, «Өз-өзіне қол жұмсау – үлкен күнә» деген тақырыпта уағыз айтып, жиналған көпшілікке ой салды.

Онан соң наиб имам УК-161/2 түзету мекемесінде 25 офицер қатысқан кездесуге қатысты.

Сол кездесуде түрме қызметкерлермен түсіндіру жұмыстары өткізілді. Абу Ханифа мазхабы туралы мәлімет беріліп, діни жат ағымдардағы адамдарды қалай тануға болатыны жайлы және де Ханафи мазһаб бойынша намаздың үлгісі көрсетіп, ағымдағы кісілермен қалай мәміле жасау керектігі туралы айтты.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Вторник, 19 Февраль 2019 11:52

Жат ағымнан аулақ жүрейік

Өткен жұма күні Қостанай облысының барлық қалалық және аудандық мешіттерінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан берілген тапсырмаға сәйкес «Сириядан оралғандар» бейне баян көрсетіп, сілтемесі жазылған парақшаларды келушілерге таратты.

Сонымен қатар жат ағымдардың алдын алып, оларға тосқауыл қою қажеттілігі сөз етіліп, қоғамда өз орнымызды тауып, халық арасында бүлік шығарушы емес, бірлікке шақырушы болу қажеттілігі туралы уағыз-насихат айтылды.

Ата-бабамыздан үлгі болған салт-дәстүрімізді берік ұстанып, Құран –хадистерімізді ардақтау, дәстүрлі дінімізді қадірлеп-қастерлеу жайы да әңгіме арқауына айналды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Понедельник, 18 Февраль 2019 12:37

Университетте махаббат күні

Қостанай облысы бойынша «Жастар ісі секторының» жауапты өкілі Әлішер Ертайұлы қаламыздағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті ветеринария және мал шарауашылығы технологиясы факультетінде студент жастармен кездесу өткізді.

Осы кездесуде қазіргі таңда жастар арасында «махаббат күні немесе валентин» аталып жүрген мерекенің халқымыздың салт-дәстүріне жат екенін айтты. Сонымен бірге бұл дініміз Исламда да құпталмайтынын айтып өтті.

Студент жастардың көкейлерінде жүрген сұрақтарын тыңдап, тұшымды жауап берді.

Жастар жүздесудің соңында мұндай тағылымы мол жиындар алдағы уақытта да жалғасып тұрса деген ұсыныс пікірлерін білдірді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Понедельник, 18 Февраль 2019 12:32

ДІН ЭКСТРЕМИЗМІ

Науырзым ауданының «Жамбыл» орта мектебінде жоғары сынып оқушыларына «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Оны жүргізген аталмыш білім ордасының тарих пәнінің мұғалімі Жанат Едірісова 9 сынып оқушыларымен бірге дайындаған діни экстремизм бағыты туралы мағлұмат айтты.

Ашық сабаққа арнайы шақырылған аудандық ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі әдіскер Серікбай Ақжол діни теріс ағымның жолына түсіп, адасқан азаматтың аянышты тағдырын баяндайтын бейнебаянды көрсетті.

Содан кейін сөз алған аудандық «Түркебай» мешітінің наиб имамы Әл-Фараби Ерболұлы адасушылыққа жетелейтін теріс ағымдар туралы, олардың шығу тарихын, мақсат мүдделері туралы баяндады. Ислам діні туралы мағлұматты тек қана Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен діни басылымдардан, мешіт имамдарынан алу керектігін түсіндірді.

Жалпы, адаспау үшін дін жөніндегі сауаттарын ашып, оқып ізденулері керектігін естеріне салды. Ашық сабақ соңында ұстаз бен шәкірттер келген қонақтарға ризашылықтарын білдіріп, мұндай кездесулер мен басқосулардың берері мол екендігін айтты.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызме
Понедельник, 18 Февраль 2019 12:14

«Тәлімгер тағылымы»

Қостанай облыстық мешітінде адамзаттың асылы Мұхаммед (ﷺ) пайғамбардың өмірі жайында «Тәлімгер тағылымы» атты байқау болып өтті. Бұл байқауға жалпы 74-тен аса адам қатысты

Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде – тест сұрақтарын белгілеу бойынша өткізілді. Онда Пайғамбарымыз ﷺ және оның саңлақ сахабалары жайында 100 сұрақ болды.

Осы бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 13 қатысушы барлық 100 сұраққа және 19 адам 99 сұраққа дұрыс жауап бергені анықталды.

Екінші кезең викторина түрінде ұйымдастырылды. Әділқазылар алқасы қатысушыларға Пайғамбардың ﷺ өмірбаянына байланысты қосымша сұрақтар қойды.

Байқауда бірқатар кісілер ерекше көзге түсті. Мәселен, – І орынға Гүлжихан Есенжолова, ІІ орынға Зухра Ұлыбай, ІІІ орынға Нияз Құдайбергенов ие болды.

Рудный және Қостанай аудандық мешіттерінің әйелдер жамағаты тиянақты дайындықтармен келгендерін танытты. Сонымен қатар Қостанай облыстық және қалалық мешіттердің шәкірттері де Алла елшісініңﷺ өнегелі өміріне жан-жақты қаныққандарын көрсетті.

ҚМБД-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пятница, 15 Февраль 2019 14:13

«Иманды жастар – ел болашағы»

Жақында Жангелдин аудандық "Оспанқожа әулие" мешітінің ұйымдастыруымен Нұрхан Ахметбеков атындағы аудандық Мәдениет үйінде «Жастар жылы» аясында «Иманды жастар – ел болашағы» атты рухани кеш өткізілді.

Осынау кештің арнайы бағдарламасы жасалып, жастар тәрбиесінің маңыздылығы насихатталды.

Онда «Ғасырлар пернесі» ансамблінің өнерпаздары асқақтата ән шырқап, күмбірлете күй шертті. Сондай-ақ сахна шеберлері мән-мағынасы зор қойылымнан үзінді ұсынды.

Жиналған жұртшылық алдында мешіттің сәулетін арттыруға ат салысқан жандарға ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкіл имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы шынайы алғысын білдірді.

Сонымен қатар демеушілік көрсеткен азаматтарға Алғыс хаттарды тапсырып, уағыз айтты.

Ал аудан әкімінің орынбасары Дінмұханбет Бидашев жастарға рух беретін тілектерін жеткізді. Кештің соңында көпшілік қауымға «Дәмді» дәмханасында дастархан жайылып, онда ақсақалдар бата берді.

ҚМБД-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Четверг, 14 Февраль 2019 13:05

Қостанай – мейрімді қала

Көпшілікке мәлім, ақпан айының екінші аптасында жалпы Солтүстік өңірде күн аязды болды. Ол адамдардың жүріп-тұруын қиындатты. Сол кездері Елордамыздағы барлық мешіттерде «Астана – мейрімді қала» жобасы аясында біраз ізгілікті шаралар жүзеге асырылды.

Осы жобаны үлгі тұтқан Қостанай облыстық және қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Қостанай – мейрімді қала»-«Тегін такси» қайырымдылық шарасы өткізілді.

Сөйтіп сауабы мол ерекше бастаманың шеңберінде жерлестеріміздің суықтан қалмауы үшін тоңып тұрған жолаушыларды үйлеріне жеткізіп салу мақсатында қайырымдылық таксилері қызмет көрсетті.

Сондай-ақ тамақтандыру жайы да қаралды. Жаны жомарт жандардың бұл ізгілікті істеріне тәнті болған қостанайлықтар қос мешіттің имамдары мен қызметкерлеріне шын жүректен шыққан шынайы алғысын білдірді.

ҚМБД-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Четверг, 14 Февраль 2019 12:51

Сертификат табысталды

Қостанай облысы орталығындағы қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде екі айлық сауат ашу курсында діни білім алған шәкірттерге сертификат табысталды.

Бұл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «2020 жылға дейін діни білім беруді дамыту» тұжырымдамасы негізінде ұйымдастырылған жұмыс.

Осы екі айлық оқу кезінде шәкірттерге «Фиқһ», «Ақида», «Құран» және «Тәджуид» пәндерінен білім берілді.

Жұма намазының алдында облыстық мешіттің наиб имамы Тимур Туребаев дәріс алған түлектерге ізгі тілегін білдіріп, сертификаттарды табыстады. Сол мешіттің Бас имамы Шоқан қажы аруақтарға бағыштап Құран оқыды.

Ал қасиетті жұма намазына жиналған жамағатқа арнайы жасалған құрт көжеден дәм татып тарқасты.

ҚМБД-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником