Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкілдігінің әйелдер-қыздар секторының өкілі Аяулым Ермекқызы дін жолында ұстаздық етіп жүрген Арқалық қалалық «Мұхтасиб Әлмұхаммед» мешітінен Диана Қуанышқызы және Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінен Жансая Салауатқызының атқарып жатқан жұмыстарының жемісін көрсетті.
Бұл шараға отызға жуық шәкірт қатысып, өздерінің қарым -қабілеттерін танытты. Онда ұстаздың қадірін білу және шәкірт пен ұстаздың арасындағы қарым қатынасты көрсететін көрініс ұйымдастырылды.
Сонымен қатар жастардың діни жат ағымдардан бойларын алшақ ұстау және басқа да маңызды жайлар айтылып, қатысушылар көп жайды көңілдеріне түйді.
Осы басқосудан соң дастарқан жайылып, құрмет көрсетілді.
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Жақында Науырзым аудандық Жамбыл орта мектебінің акт залында мұсылман жамағатының қатысуымен сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің туған күніне арналған рухани кеш болып өтті.
Осынау қасиетті мерекені Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет ашты.
Басқосуда аудан әкімі Талғатбек Даиров жұртшылықты аталған мейраммен құттықтады. Ол еліміздің ауызбірлігін нығайтып, адами құндылықтарымызды насихаттауда, жастарымызды рухани тұрғыдан байытуда Ислам дінінің алатын орны зор екенін атап өтті.
Мерекелік кеш барысында Пайғамбарымыздың хадистерінен үзінділер оқылып, мысалдар келтірілді. Мұсылман қауымын зиялылық пен тектілікке, адалдық пен адамгершілікке шақыратын уағыздар да жүректерді қозғады.
Сондай – ақ жиында көршілес Әулиекөл ауданынан келген намазхан жігіттер діни сипаттағы тағылымға толы қойылым қойса, аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері жастарға арнап өсиет пен діни әндерді нәшіне келтіріп орындады.
Мәуліт мерекесі құрметіне мешіт жанашыры, жеке кәсіпкер Елжас Шора демеушілік етіп, әлеуметтік жағдайы төмен жеті отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкіл имамы Бахытбек Нұрғабылұлы бір топ азаматтарға Алғыс хатты салтанатты түрде тапсырды.
Олардың қатарында өңірге есімдері белгілі Бағытжан Мұттақов, Сержан Алдажұманов, Нұрқат Жұмабекұлы, Әділет Сұлтанов, Өмірзақ Бекділдәұлы, ағайынды Алма және Ботагөз Серікқыздары, Елжас Шора, Ернар Омаровтар бар.
Рухани кештен соң жүрегі жомарт жандардың қолдауымен мереке құрметіне «Шапағат» мейрамханасында ас берілді. Онда жастарға өнеге болар ұлағатты сөздер айтылды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі