Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Вторник, 25 Апрель 2017 17:55

Қала тазалығы баршаға ортақ

img01

«Тазалық – иманның жартысы» - демекші, әр мұсылманға қоршаған ор­та­ны таза ұстау, ағаш отырғызып, табиғатты аялау ізгілікті іс болып табылады. Қала өміріндегі осынау тазалықты сақтау мәселесіне Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіті де өздерінің лайықты үлестерін қосуда.

img01

Осы сөзіміздің нақты мысалы ретінде аталмыш мешіт қызметкерлері, жамағаттар және шәкірттер даладағы қыс бойы жиналып қалған қоқыстарды жинауға ат салысты. Мешіттің айналасын айнадай етіп тазартты.

img01

Сөйтіп, сенбілікте шаһарға өздерінің жанашырлығын, мұндай ортақ істен щет қалмайтындығын тағы да дәлелдеді.

Қаланың тазалығы бәрімізге ортақ! Сондықтан, белсенділік танытқан қауымға айтар алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта да мұндай сенбіліктерде өзгелерге үлгі – өнеге көрсете береміз, - дейді аталмыш мешіттің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Вторник, 25 Апрель 2017 17:26

Автокөлік тарту етілді

Жақында Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұжымы марқұм Ербол қажы Молдахметұлының отбасына ізгілік мақсатында автокөлікті сыйға тартты.

img01

Ербол қажы Молдахметұлы Алматы ислам институтын тәмамдаған соң, еңбек жолын 1995 жылы Амантоғай ауданында имамдық қызметтен бастаған.

Ол 2000 жылы Арқалық қаласы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітіне бас имам болып тағайындалып, 17 жыл бойы адал жұмыс істеді. Жергілікті халықтың шынайы алғысына бөленді.

img01

Тағдырдың жазғанына шара бар ма?! Ол күтпеген жерден сырқатқа ұшырап 2012 жылдың қазан айында дүниеден өтті. Артында әлі кәмелеттік жасқа толмаған үш ұлы мен екі қызы қалды.

ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша өкіл имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы өңір имамдарының атынан марқұм Ербол қажының ұзақ жылғы еңбегін ескере отырып, жоғарыда аталған жеңіл көлікті оның отбасына беру туралы ұсыныс жасаған болатын.

img01

Жуырда діни басқарманың төралқа мәжілісінде бұл қолдау тауып, бұрынғы имамның отбасына беру жөнінде шешім қабылданды.

Жақында қалалық мешіт ұжымы «Ваз 21154» жеңіл көлікті Ербол қажы Молдахметұлының отбасына табыс етті. Мешіттің алқа мүшесі Мираш қажы Тәшетов марқұмның отбасы мен бала-шағасына жүрек жарды лебізін білдіріп, намазхан ақсақал Торғайбай қажы бата берді.

Ербол қажының ғұмырлық серігі Майя Сайлауқызы өз отбасы атынан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бұл шешіміне шынайы алғысын білдірді.

ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Жақында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың республикалық басылымдарда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын мақаласы жарық көріп көпшілік назарына ұсынылған болатын.

img01

Осынау аса маңызды құжатта таяу жылдарда қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жайы қозғалды. Ол жұртшылық тарапынан қолдау тауып жатыр.

img01

Жуырда Қостанай қалалық мешітінде осы мешіт ұжымы мен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ұстаздары отыз жетінші жылдың қанды қырғынына ұшырап, қиянат құрбаны болған алаш ардақтыларының бірі - Ахмет Байтұрсыновқа арналған рухани кеш ұйымдастырылды.

img01

Бұл басқосу «Ұлттың ұйтқысы - Ахмет Байтұрсынов» деп аталады. Жиынға негізінен аталған жоғары оқу орнының гуманитарлық – әлеуметтік факультетінің қазақ филологиясы мамандығының студенттері қатысты.

img01

Рухани кешті мешіттің Бас имамы Шоқан қажы Ғазизұлы ашып, жиынның негізгі алға қойған мақсаты мен міндетіне тоқталды.

img01

Осы мәжілісте кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Гүлжан Жүрсіналина «ТАРИХ ТАНЫМ:ТАҒЛЫМ мен ТАҒЗЫМ» тақырыбында баяндама жасады.Қатысушыларға бейне слайд ұсынды.

img01

Сондай – ақ жоғарыда аталған университеттің студенттері Күнжамал Кенжеахметова мен Аяжан Әмірғалиева А.Байтұрсынұлының «Маса» және «Жұртыма» атты деп аталатын өлеңдердің оқыды.

Ал мешіттің наиб имамы Дүйсен Сәрінжіпұлы әңгімеге арқау болған ұлт көсемінің қазақ тіліне, діліне және дініне кезінде аса зор мән бергеніне тоқталып, оның өмірінен сөз қозғады.

Кеш соңында мешіттің бас имамы Шоқан қажы Әмірханов және гуманитарлық-әлеуметтік факультет деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Сауле Жалғасқызы жиналған қауымға шынайы алғыстарын білдірді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Понедельник, 24 Апрель 2017 17:07

Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігі биылғы су тасқынынан зардап шеккен бауырларымызға «Қостанай асары» деп аталатын қайырымдылық акциясын жариялайды.

Баршаға мәлім, ислам дінінде қайырымдылық ең асыл қасиет болып табылады. Әсіресе, қазіргідей су тасқынынан зардап шегіп,қиналғандарға дер кезінде қол үшін беру әрбір мұсылманның азаматтық парызы.

Сондықтан «Кең болсаң, кем болмайсың» - демекші, акцияны ұйымдастырушылар жұртшылықтан азық – түлік, киім – кешек, көрпе, жамылғы қабылдайды.

Сондай – ақ қаржылай және басқалай да қол үшін беремін деген қолы ашық, жүрегі жомарт жандар болса есігіміз қашанда ашық.

Анықтаманы 8-7142-39-06-46, +77774471717 телефондары арқылы алуға болады.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Понедельник, 24 Апрель 2017 17:04

Насихат тобының жұмысы жандана түсті

img01

Өңіріміздің аудандары мен қалаларында ақпараттық - насихаттық топтарының жұмысы барынша жандана түсуде.Бұл игі – істер Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қостанай облысы бойынша өкілдігінің тұрақты назарында.

img01

Мәселен, жуырда Наурызым аудандық ақпараттық-насихаттық тобының мүшелері яғни Түркебай мешітінің Бас имамы Н.Сыздықов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Сұлтанова, әдіскері Д. Тасанова аудан әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік қызметкерлермен «Экстремизм және терроризм діни сауатсыздық», «Жалған жиһад» тақырыптары бойынша дөңгелек үстел өткізді.

img01

Бұл тағылымды басқосуда жиналған қауымға бейнероликтер көрсетілді. Сондай –ақ қызметкерлердің тарапынан қойылған сұрақтарға аудан имамы нақты жауап берді.

Дөңгелек үстел өте тартымды өтті. Мемлекеттік қызметкерлер маңызды мәселе жайлы қаншама деректер мен дәйектерге қанықты.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Понедельник, 24 Апрель 2017 23:48

Ислам тарихы | Смайыл Сейітбеков

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Астана телеарнасының «Біздің уақыт» бағдарламасына қатысты. Министр арна тілшісіне қазіргі күнде қалыптасып отырған діни ахуал жайында баяндап берді.

– Нұрлан Байұзақұлы, жақында президенттің қабылдауында болдыңыз. Сол кезде мемлекет басшысы экстремизм мен терроризмге тойтарыс беру үшін бірқатар заңға өзгеріс енгізуді тапсырды. Қандай құжатқа, қандай түзетулер енеді?

– Мемлекет басшысы дін саласында орын алып отырған мәселелерді шешудің пәрменді жолын табуды тапсырды. Заңнамалық өзгерістерге келер болсақ, ең алдымен мемлекеттің дін саласына көзқарасының жүйесін қалыптастыру керек деп есептейміз. Осыған байланысты ең алдымен министрлік сол мемлекеттік дін саласындағы саясаттың тұжырымдамасын әзірледі. Бұл тұжырымдама көптеген сарапшылар мен дінтанушылардың ой-пікірлерін, ұсыныстарын ескеріп, кең талқылаудан өтті. Қазір тұжырымдама дайын, жақын арада үкіметтің талқылауынан өтіп, бекітілетін болады деп үміттенеміз.

– Елде дәстүрлі емес діни ағымдардың таралуы бірқатар проблемаларды тудырғаны белгілі. Олардың қауіптілігі неде?

– Қазір біз деструктивті ағым деп кез келген радикалды фанатизмге негізделген, Қазақстанға жат жат діни ағымдарды айтып отырмыз. Бірақ олардың ішінде қазіргі таңда ең өзекті – ол салафизм деген радикалды ағым.

– Деструктивті діни ағым, мысал үшін салафизм болсын, олар қателік діни түсініктерді біздің тарихи дәстүрлерімізден, мәдениетімізден, біздің халқымыздың көп этносты, конфессиялық сипатынан жоғары қояды.

– Олар тек шариғатқа, баяғы ежелгі діни талаптарға негізделген мемлекеттің құрылысын дұрыс жүйе деп есептейді. Мұндай шетін идеялар сан ғасырлық тарихымызға, сан ғасырлық мәдениетімізге қайшы келетіні сөзсіз.

– Шетелдерден белгілі бір шейхтардан сигнал келсе, ол кез келген уақытта қолға қару алып, өз жерлестеріне, үкіметке, мемлекетке қарсы шыға алады. Сондықтан оларға сенім деген жоқ.

– Министрлік мемлекеттік құзырлы органдармен бірлесіп, заңсыз уағыз жүргізіп, заңыз әдебиет таратып, заңсыз діни жиындарға жол бермеу бағытында кешенді жұмыстар атқарылып келеді.

– Ақтөбедегі терактіден соң президент сойқан салған салафит ағымының өкілдері екенін айтты. Сіз де «бұл ағым біздің қоғам үшін жат, теріс, деструктивті» деп мәлімдедіңіз. Биліктің позициясы – тыйым салмай, тұсаулау. Бұл бағытта қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

– Екі бағытта жұмыс жүргізіліп келеді. Дін саласына қатысты дұрыс сипаттағы білім беру. Экстремистік идеологияны жақтырмайтын көзқарас қалыптастыру. Екінші бағыт – ол мақсатты реабилитациялау. Ол ең алдымен экстремизм үшін сотталған жазасын өтеуші мен олардың отбасы мүшелерімен жұмыс жүргізу. 2016 жылдың ішінде 70 адам бұрынғы қателік діни көзқарастан, діни райынан қайтты. 150 адам қателік діни сенімге күмәнданды.

– Басқа елде діни теологиялық білім алғысы келетіндер бар. Оған қатысты биліктің ұстанымы қандай?

– Шетелде жекелеген діни білім беру оқу орындарына кеткен, өз беттерімен кеткен жастардың радикалды діни ағымның ықпалына түсуі әбден мүмкін. Шетелдердегі түрлі діни білім беру иелері солар арқылы қоғамды басқаруды қалайды. Сондықтан біздің ұсынысымыз, жастар егер шетелге діни білім алуға барғылары келсе, олар алдымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасындағылармен ақылдасып, жолдама алып, шетелге барса болар еді. Егер өз беттерімен шетелге барып білім алса, ҚМДБ оларды жұмысқа қабылдамайды.

– Нұрлан Байұзақұлы, уақытыңызды бөліп, сұхбат бергеніңізге алғыс айтамыз.

Kazislam.kz

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником