Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар
Четверг, 13 Ноябрь 2025 18:51

Жастар руханият шамшырағы

Қостанай облыстық мешітінде студент жастардың қатысуымен «Жастар – руханият шамшырағы» атты кездесу өтті. Шараның мақсаты – жастардың бойында имандылық, адамгершілік және ұлттық құндылықтарды нығайту болды.

Кездесу барысында Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы жастарға өнегелі насихат айтып, имандылық пен ұлттық сана, рухани тәрбие жайында сөз қозғады. Сондай-ақ, жастарды кітап оқуға, әсіресе Алаш қайраткерлерінің еңбектерін оқып, үлгі алуға шақырды.

Шара аясында дін, салт-дәстүр және тарих тақырыптарында викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырылып, белсенді студенттер марапатталды.

Кездесу соңында жастарға мешіт асханасында дастарқан жайылып, бауырмалдық пен бірлікке негізделген әңгіме өрбіді. Іс-шара рухани серпін беріп, жастарға имандылық пен ізгілікке үндейтін маңызды басқосу болды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігіне қарасты облыстық Аймағанбет қажы Спанұлы мешітінде қала, аудан және ауыл молдаларына арналған Құран және тәджуидтен сабақтар өтілуде.

Курс барысында қатысушылар Құранды дұрыс және қатесіз оқудың ережелерін меңгеріп, тәджуид ілімін тәжірибе жүзінде пысықтады.

Айта кетсек, діни рәсімдерде, соның ішінде еске алу және Құдайы астарында Құран оқып, насихат айтатын молдалар аталмыш рәсімдерге жіберіліп тұрады. Сол себепті, олардың Құранды дұрыс оқуын қамтамасыз ету мақсатында мұндай курстар жыл сайын ұйымдастырылып келеді.

Сабақты облыстық Аймағанбет қажы Спанұлы мешітінің ұстазы, қари Сұңғат Мақатұлы жүргізді.

Курс соңында қатысушылар ұстазға алғыстарын білдіріп, алған білімдерін халық игілігіне жұмсауға ниет білдірді.

Published in Жаңалықтар

Халықаралық жастар күніне орай Қостанай қаласына қарасты мешіт имамдары мен шәкірттері арасында жолдастық кездесу ұйымдастырды.

Аталған жарысқа облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы», қалалық «Марал ишан», «Жайлаубай ата» және Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешіттерінің командалары қатысты.

Онда Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев сөз алып, жастарға жалпы денсаулықтың қадірін білу жөнінде уағыз-насихат айтты.

Жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Понедельник, 10 Ноябрь 2025 11:08

3 тонна картоп үлестірілді

Биыл Қостанай өңірінде егін мен дәнді-дақылдар бітік шығып, диқандар қауымының маусым бойы төккен маңдай тері ақталды. Сондықтан кәсіпкерлер жиған-терген өнімдерінен зекет ретінде халықпен бөлісті.

Облыстық «Аймағамбет қажы Спанұлы» мешітінің жанындағы Зекет және қайырымдылық қорының жетекшісі, наиб имам Бақытжан қажы Икрам бастаған қызметкерлер «Ұшыр» жинап, қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Сөйтіп, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 75 отбасыға 3 тонна картоп үлестіріп, олардың шынайы алғысына бөленді.

Қостанай облыстық мешіттің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде әр аптаның жексенбі және сәрсенбі күндері «Сахабалардың өмірі — мұсылманның шамшырағы» тақырыбы аясында тұрақты уағыз-насихаттар өтіп келеді.

Бұл сабақтарда Пайғамбарымызға салауат айтып, оның жанында жүрген сүйікті сахабалардың иманға толы өмір жолы, тақуалық пен ерлікке толы өнегелі ғұмыры ғибратты түрде баяндалып келеді.

Сахабалардың өмірі – мұсылман жүрегіне шамшырақ, олардың махаббаты мен сабыры – иманның айғағы.

Published in Жаңалықтар
Четверг, 06 Ноябрь 2025 14:37

Маңызды мәселелер қаралды

Костанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде өңірдегі қала және аудан имамдарының жиыны болып өтті.

Онда Бас имам Бектұрсын қажы Уәлиев сөз алып, имамдардың алдында тұрған кезек күттірмес міндеттерге тоқталды. Таратып айтатын болсақ, алдағы қысқа дайындық жайы пысықталды. Мешіт, медресе, асханалардың ғимараттарында өрт қауіпсіздігіне тұрақты көңіл бөлу, жұмыс тәртібін қатаң сақтау, уағыз-дәрістерді жүйелі түрде жүргізу тілге тиек етілді.

Сондай-ақ басқосуда орын алған кейбір кемшін тұстар қозғалып, сыннан дер кезінде қорытынды шығару үшін жұмысты барынша жандандыру керектігі сөз болды.

Қатысушылардың назарын үнемі мешіттердің ішкі-сыртқы тазалығына көңіл бөлуге, атқарылған істерге байланысты есептерді дер кезінде беруге аударды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.

Дереккөз: 2026 ЖЫЛДЫҢ ДІНИ КҮНДЕР КЕСТЕСІ БЕКІТІЛДІ , Muftyat.kz

Published in Жаңалықтар
Вторник, 04 Ноябрь 2025 08:18

Тобыл: Жомарт жандар жасасын

Жақында Дархан қажы Сыздықов басқаратын Қостанай аудандық "Маңдай батыр" мешіті ұжымының ұйымдастыруымен "Қайырымды жұма" акциясы болып өтті.

Онда жанашыр демеуші азаматтардың қолдауымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған көп балалы көмекке мұқтаж 5 отбасына 103 806 теңгенің көлемінде азық-түлік табыс етілді.

Қамқорлыққа бөленген жанұялар жаны жомарт жандарға шын көңілден шыққан жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын жаудырды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Понедельник, 03 Ноябрь 2025 09:09

Мешіттегі тағылымды уағыз-насихат

Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінде жиналған жамағатқа наиб имам Бақберсін Ізбасаров “Құрметтің шыңы ата-анаға илтипат” деген тақырыпта уағыз-насихат айтты.

Тағылымы мол әрі тәрбиелік мәні зор ғибратты әңгімені қатысушылар ұйып тыңдады. Олар түнгі намазды оқып, үйлеріне тарқасты.

Сондай-ақ, өткен бейсенбі күні имандылық ордасында намазхандарға дастарқан жайылып, ауызашар берілді. Басқосуда жұртшылық наиб имам Қазбек Кошеровтың өзекті тақырыпқа арналған уағыз-насихатынан көп жайды көңілдеріне түйді. Соңында ақсақалдар бата берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
«12345678910»
Page 5 of 398

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником