Баршаға мәлім, 1992 жылы рухани келісім конгресінің соңғы отырысында 18 қазан - Рухани келісім күні болып бекітілді. Міне, содан бері ол Қазақстанда және бірқатар елдерде жыл сайын мерекеленіп келеді.
Биыл осы айтулы датаның 25 жылдығына байланысты Арқалық шаһарындағы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіті мен қалалық орталық кітапхана ұжымы есте қаларлықтай іс-шара ұйымдастырды.
Бұл басқосудың негізгі мақсаты – жас ұрпақты имандылық пен ибалылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, елімізде тұрып жатқан ьарша ұлт өкілдеріне өзара сыйластығы мен татулығын нығайту.
Мерекелік жиынға мәдениет саласының өкілдері, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Кешті кітапхана қызметкерлері жүргізді.
Жалпы, бұл дөңгелек үстелде қоғамдағы рухани келісімнің негізі болып саналатын конфессияаралық қарым-қатынас этикасы мен дұрыс бағыттағы діни тәрбие беру жайлы бірқатар баяндама-насихаттар айтылды.
Жүздесуде қалалық мешіттің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы діннің негізгі аспектілеріне тоқтала отырып, мұсылмандар қай кезде де өзге дін өкілдерімен ортақ мәміледе өмір сүріп келгендігін, қоғамымыздағы басты байлық халықтар арасындағы достық, ауызбірлік, ырыс-ынтымақ екендігін тілге тиек етті.
Кездесі барысында өнер мектебінің шәкірттері жыр-термелер мен көңіл сергітер күйлерді орындады.
Қалалық Ішкі саясат бөліміндегі теолог маман Әсет Бауыржанұлы экстремизм, терроризм терминдеріне түсінік беріп, әрқашан жат ағымдардан жастардың аулақ жүрулері керек екендігін айтты.
Кітапхана қызметкерлері осы аталмыш күнге арнайы кітап көрмесін ұйымдастырып, оларды оқырмандардың жас ерекешеліктеріне қарай көрсетіп, жан-жақты таныстырды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасы бойынша еліміздегі мешіттердің құжаттарының заңға сай болуын қадағалау мақсатында Қостанай өңіріне аталған басқарманың іс басқарушысы Ербосын Орын және «Мешіт істері» бөлімінің меңгерушісі Жанділлә Бекжігітов іс-сапармен келді.
Жалпы, бұл Қазақстан мұсылмандары діни басқарманың тарапынан жасалып отырған жауапкершілігі және тағылымы мол жұмыс.
Себебі, қазіргі таңда Алланың разылығын алу үшін жер-жерде мешіттер салынып жатыр. Алайда, осы киелі орындардың заңды түрде тіркелуі, мешіттерге жауапты кісінінің тағайындалуы жоғары аталған басқарманың тікелей бақылауында.
Егер салынған мешіт заңды түрде тіркелмесе және ол жерде заңға, шариғатқа қайшы кемшіліктер орын алса, кімге болсын абырой әпермейді.
Сондықтан мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеу және бәрін де заңға сәйкестендіру мақсатында тексеріс 2016 жылы бастау алған болатын. Ол кезде облыс бойынша 9 мешіттің құжаттары дұрыс болмаған. Ал быйылғы тексеріс аясында бір мешіттің құжаттары талапқа сай болмай шықты. Оның себебі де мешіт салған азамат Қазақстан аясынан тыс жерде болуына байланысты, тиісінше рәсімдеу мүмкін болмаған. Алайда бұл мешіт алдағы уақытта заңға сәйкес құжаттандырылатынын мешіттің заңгері Қ.Орынтай атап өтті.
Қостанай өңіріне арнайы сапармен келген өкілдер кездесу барысында мешіттердің құжаттарын тексеріп қана қоймай, олар имамдарға әрқашанда осы мәселе бойынша жауапкершілікті тиісті деңгейде сезіну жөнінде өздерінің ақыл-кеңестерін берді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Жақында Жангелдин ауданының орталығы Торғай селосындағы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебінің акт залында имамдарға арналған семинар болып өтті.
Онда басқосқандар „Жаназа және жерлеу рәсімдері„ кітабының мәні мен мазмұнына кеңінен тоқталды. Мұны қазіргі таңда әрбір мұсылман жете білуге тиіс екендігі айтылды.
Семинарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет жүргізіп, жаңа кітаптың ерекшелігіне кеңінен тоқталды.
Онда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының республикалық ақпараттық-насихат тобның мүшесі Ризабек Батталұлы „Жаназа мәселелері„ тақырыбы бойынша келелі әңгіме қозғап, өзінің осы еңбек жөніндегі тұжырымды ойларын ортаға салды.
Жиында оған қатысушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауап алды. Көп жайды көңілдеріне түйіп, мұсылман қауымына алдағы кездері аса қажетті кітаптың мазмұнына көңілдері әбден толды.
Басқосуды қорытындылай келе өкім имам Бахытбек Нұрғабылұлы мәртебелі қонаққа өзінің ризашылығын білдірді. Барша имамдарға жұмыстарына табыс тіледі.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Қостанай өңірінде мұсылман бауырларымыз Жангелдин ауданының орталығындағы «Оспанқожа әулие» атындағы мешітті жақсы біледі. Кезінде оны үстіміздегі жылы 90 жасқа толған Ғазиз қажы Әмірханов ашып, алғашқы имамы болған еді.
Жақында осынау мешіттің ашылғанына 25 жыл болуына орай имандылықты пір тұтатын, кәсіпкер азаматтардың арқасында күрделі жөндеуден өтті.
Аталған парасат ордасының мерейтойына алыс-жақын жерлерден есімдері ел аузында жүрген дін қайраткерлері, сөз зергерлері, жанашыр азаматтар, ауданның сыйлы қарттары мен бауырларымыз қатысты.
Бұл тағылымы мол басқосуды аты республикаға танымал дарынды ақын, белгілі журналист Абылай Маудан жүргізді.
Алғашқы сөз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Тәжімбетке берілді. Ол барша Торғайлық ағайындар мен қонақтарды жөндеуден өткізілген соң мешіттің пайдалануға берілуімен шын жүректен құттықтап, оларға ең ізгі тілегін білдірді.
Содан кейін көпшілік алдына шыққан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті ақын Серік Тұрғынбек жерлестеріне жүрек жарды лебізін жеткізді.
Сондай-ақ мешіттің бас демеушісі Қасым Кәдірұлы жиналған қауымға киелі орынның қашан да халыққа қызмет ететінін, сондықтан да әрдайым бұл жерге қамқорлық таныту әрбір азаматтың парызы екендігін жеткізді.
Басқосуда облыстық мешіттің найб имамы Дархан Манарбекұлы мен Қостанай қалалық мешітінің бас имамы Шоқан Ғазизұлы аруақтарға Құран бағыштады. Ал ауданның абыз ақсақалы Нүредден ақ батасын берді.
Қай қазақтың да айтыс өнері десе делебесі қозбай тұра ма? Торғай кентіндегі Шақшақ Жәнібек алаңында ұйымдастырылған суырып-салма айтыс та көпшіліктің есінде қалды. Онда топ жарған жеңімпаздарға лайықты құрмет көрсетілді.
Жалпы, аудан өміріндегі елеулі оқиғаға аудан әкімі Шота Сәбитбекұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Ризабек Батталұлы, „Нұр-Мүбәрәк„ Египет Ислам мәдениеті университетінің белгілі ұстазы Жасұлан Ақылханұлының, „Нұр-Қазақстан„ қажылық компаниясының президенті Аманкелді Еренғайыпұылының, «Нұр Отан» партиясы Арқалық қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Сейітжанұлының қатысуы жиынның ажарын барынша аша түсті.
Ұмытылмас басқосуда мешіт жанашырлары мен демеушілерге Бас мүфти мен өкіл имамның Алғыс хаттары салтанатты түрде табыс етілді.
Бұл жиында Арқалық қаласының құрметті азаматы, дін жанашыры Мираш қажы өзіне тән шешендік өнерімен барша қауымды тәнті етіп, ұлағатты сөз айтты.
Жиынның соңында Оспан қожа әулие мешітінің бас имамы келген барша азаматтарға өзінің алғысын білдіріп, жергілікті халыққа жоғары көңіл-күй сыйлаған ақындар мен демеушілерге бағалы сыйлықтарды көпшіліктің алдында тарту етті.
Мешіттің салтанатты ашылуына орай қазақша күрестен сайыс өткізіліп, ат жарысынан бәйге ұйымдастырылды.
Осы салтанаттан кейін Жангелдин ауданының Тәуіш ауылдық мешіті де жергілікті ағайындарға өзінің есігін айқара ашты.
Мұнда аталмыш мешіттің басынан аяғына дейін құрылыс жұмыстарын ұйымдастырған Бақыт Қабдырашұлының және сол елдің әрбір азаматының еңбегі зор.
Бұл мешіттің де ашылу салтанатына орай қазақша күрестен жарыс, айтыс өткізіліп ас берілді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Ата-бабаларымыз неткен дана болған десеңізші. Олар жас ұрпақтың ақылшысы да, жол көрсетушісі де арамызда жүрген ақсақалды аталарымыз бен ақ жаулықты аналарымыз деп есептеген.
Шындығында да дәл солай емес пе. Олар кез-келген әулет пен шаңырақтың ырыс-берекесі. Сондықтан оларға қандай құрмет көрсетсек те жарасады.
Тек солардың қадірін біліп, қартайған шақтарында ыстық ықыласқа бөлесек болғаны. Жалпы, өңірімізде дін қайраткерлері аға буын өкілдерімен қамқорлық танытып, кішіпейілділік көрсетуде кейінгілерге ғибрат.
Бұл орайда өз саласын жетік білетін Қостанай облысы Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің Бас имамы Сабыржан Зейнелғабииденұлы әрдайым өзге әріптестеріне өнеге көрсетуде деп нық сеніммен айта аламыз.
Ол және мешіт қызметкерлері ұйытқы болып, жергілікті жердегі абыз ақсақалдар мен өмірдің талай асуларынан өткен ардақты аналарымызға дастархан жайды.
Бұл құрметке аға буын өкілдерін шексіз ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Таяуда Әуликөл ауданының орталығындағы Шоқан Уалиханов атындағы қазақ орта мектебінде «Жат ағымдардан сақтанайық» тақырыбында семинар өткізілді.
Бұл маңызды басқосуға осы мектептің 10-11 сынып оқушылары, Ауыл-шаруашылық колледжінің студенттері, аудан орталығындағы мекемелердің жас мамандары, ұстаздар, психологтар қатысты.
Семинарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет және Рудный қалалық мешітінің ұстазы Саян Қосжан арнайы шақырылды.
Жиналған қауым алдында Бахытбек Нұрғабылұлы қазақ тілінде, Саян Қосжан орыс тілінде баяндама жасады. Оны жұртшылық ұйып тыңдады.
Кездесу барысында өзекті мәселелер әңгімеге арқау болды. Мәселен, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін жаңғырту жайлары қозғалды.
Басқосуда жастардың жат ағымдардан аулақ болулары жөніндегі жан-жақты айтылды. Барлық қатысушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарына нақты жауап алды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Сұрақ: Өтіп кеткен намаздардың қазасын өтеу міндет пе? Егер тиіс болса, сүннетті оқымай қазаны орындау керек пе?
Жауап: Біздің мәзһабта намазды уақытысында өтеу қалай парыз болса, оның қазазын өтеу де солай парыз. Екеуіне де Алла Тағаланың мына аяты дәлел:
وَأَقِيمُوا الصَّلاةَ وَآتُوا الزَّكَاةَ وَارْكَعُوا مَعَ الرَّاكِعِينَ
«Намазды толық орындаң-дар, зекет беріңдер, сондай-ақ (Алланың құзырына) иілушілермен бірге иіліңдер». Бұл аят намазды толық орындаңдар деп тұр. Яғни өз уақытында оқу немесе уақыты өтіп кетсе қазасын өтеу керек.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген:
مَنْ نَسِىَ صَلاَةً فَلْيُصَلِّ إِذَا ذَكَرَهَا، لاَ كَفَّارَةَ لَهَا إِلاَّ ذَلِكَ
«Кімде-кім намазын ұмытса, есіне түскенде оқысын. Оған содан басқа кәфарат жоқ». Егер қаза намазын ұмытқан адамға өтеу уәжіп болса (күнәсі түсуі мен қиыншылық көтерілуімен бірге), онда әдейі тастағандарға өтеуі міндетті түрде уәжіп болады.
Кімнің біраз уақыттан бері қаза намазы болса, тәубе етіп, қазасын өтеуге кірісуі керек. Күнделікті оқып жатқан әрбір парыз намазына қаза намазын қосып өтесін. Нәпілдің орнына қазаларды орындаған дұрыс. Өйткені, парыздың сауабы нәпілдің сауабынан артығырақ. Әрбір өтеп жатқан парыз намазына қаза намазын қосып өтеудің абзалдығына Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мына хадисі дәлел:
مَنْ أَدْرَكَ مِنْكُمْ صَلَاةَ الْغَدَاةِ مِنْ غَدٍ صَالِحًا فَلْيَقْضِ مَعَهَا مِثْلَهَا
«Кімде-кім, сау күйінде ертеңгі намазына жетсе, онымен бірге өткен қаза намаздарын өтесін». Хитоби: «Бұл жердегі бұйрық, қазаны өтеудегі артықшылық уақытты табу үшін мұстахабқа ұқсайды», - деді. Осылайша қаза намаздарын өтеп болдым дегенше орындай береді. Егер ажалы жетіп қазасын өтей алмаса, Алла Тағала өзінің кеңшілігімен кешірім етеді.
Ал енді, қаза намаздарды сүннеттердің орнына оқу жайлы келсек, Ханафи мәзһабы бойынша «Хашияту әт-Тахтауи» атты кітапта сүннет емес, нәпіл намаздар жайлы айтылған. Яғни, ол жерде: «Бекітілген сүннет, дұха, тәсбих және хабарда келген намаздардан басқа нәпілді оқығаннан, қаза намаздарын өтегені абзалырақ. Соны (яғни, бекітілген сүннет намаздарды) нәпіл ниетімен, ал одан басқасын қаза ниетімен оқиды (яғни, бекітілген сүннет, дұха, тәсбих және хабарда келген намаздардан басқа нәпіл намаздарды қаза ниетімен оқиды).
fatua.kz
1 «Бақара» сүресі, 43-аят.
2 Бұхари, Мүслім.
3 Әбу Дәуіт риуаяты.
4 Хашияту әт-Тахтауи әлә мәроқи әл-фәләх шархи нури әл-идах, 447-бет.
Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің қызметкерлері уағыз-насихат жұмыстарына белсене атсалысуда.
Мәселен, оқу жылы басталған аз ғана уақыт ішінде шаһардағы жоғары оқу орнынан бастап, колледж және мектептерде кездесулер өткізуде.
Жалпы, бүгінгі имамдар жан-жақты болуға тиіс. Олар тек дін саласының мамандары ғана емес, өздерінің үлгілі қасиеттерімен барша қауымға өнеге көрсетулері қажет.
Арқалықтың дін қызметкерлері мектеп оқушыларының тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Өйткені, олар тәуелсіз еліміздің жарқын келешегі. Олармен ұйымдастырылған жүздесулерді маңызды мәселелер қозғалады.
Сондай кездесулердің бірі жуырда ғана Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясында өткізілді. Оған қалаға қарасты барлық мектептердің тәрбие жөніндегі мамандары мен жоғары сынып оқушылары қатысты.
Басқосуды қалалық ардагерлер кеңесі, қалалық мешіт және ішкі саясат бөлімі ұйымдастырды.
Онда әңгімеге «Имандылық – тәрбие негізі», «Ата-анаға құрмет –ұрпаққа міндет», «Жат ағымнан сақтан!» секілді өзекті тақырыптар арқау болды.
Аталмыш мешіттің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы өмірге, білімге, өнерге құштар жастардың алдында имандылық, адамгершілік хақында сөз қозғады. Сондай-ақ жақсылық пен жамандықтың, тәртіп пен келеңсіздіктің арасын ажырата білу жөнінде тілге тиек етті.
Сонымен қатар қоғамға жат түрлі діни ағымдардан аулақ болу жөніндегі тұжырымдарымен де жиналғандарға ой салды.
Жиын барысында оқушылардың қойған сауалдарына мешіттің бас имамы мен теолог маман Әсет Бауыржанұлы нақты жауап берді.
Кездесу соңында қалалық білім бөлімінің басшылары мен әдіскер мамандар дін қайраткерлеріне шынайы алғыстарын білдірді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Алла Тағала барлық адам баласының ішінен хазреті Мұхаммадты (ﷺ) таңдап, оған бағынуды Өзіне бағыну деп, оған қарсы келгендерді Өзіне қарсы келген деп жариялаған. Тіпті, Құран Кәрімдегі «Хижр» сүресінің 72-ші аятында Алла Тағала Пайғамбарымыздың (ﷺ) өмірімен былай: لَعَمْرُكَ «Сенің өміріңмен ант етемін»,-деп серт беріп, Оған (ﷺ) деген махаббатты шыңына көтерді. Пайғамбарымыз (ﷺ) жайлы сөз қозғаған уақытта, адамның ойына бірден Оның (ﷺ) кішпейілдігі, қарапайымдылығы еске түседі. Хазреті Мұхаммад (ﷺ) – Алла Тағаланың бүкіл әлемге рақымды пайғамбар етіп, жіберген ең ұлы нығыметі мен сыйы. Бұған қатысты Жаратушы Иеміз Құранда былай деген:
وَمَا أَرْسَلْنَاكَ إِلَّا رَحْمَةً لِّلْعَالَمِينَ
«/Ей Мұхаммад!/ Әрі Біз сені әлемдерге рақым етіп қана жібердік» (Әл-Әнбия сүресі, 107-аят). Осылайша, Алла Елшісінің (ﷺ) дүниеге келуі ғаламды нұрландырып, артынан ерген үмметін үлкен қуаныш пен бақытқа бөледі.
Пайғамбарымыздың (ﷺ) ғұмырын, мінез-құлқы мен болымсын зерттеген кез-келген адам, Оның (ﷺ) қатардағы мұсылман ғана емес, тіпті Алла Тағаланың тарапынан жіберілген шынайы Елші екендігін еріксіз мойындайды. Алла Елшісі (ﷺ) адамзат баласына қарапайымдылықтың ең көркем бейнесін көрсете білген. Бұған, Пайғамбарымыздың (ﷺ) тал бойына топтастырған көркем мінезіне қатысты өмірінде көрініс тапқан мысалдары өте көп.
Әнәс (р.а.) риуаят еткен хадисте, Алла Елшісі (ﷺ) былай деген: «Ей, адамдар! Өз ретімен сөйлеңдер. Шайтан сіздерді адастырмасын. Алла мені қандай дәрежеде көрсе, сендер де мені сондай дәрежеде қабылдаңдар. Мен тек Алланың құлы әрі елшісімін».
Ал Айша (р.а.) анамыз Пайғамбарымыздың (ﷺ) қарапайымдылығы жөнінде мына бір оқиғаны әңгімелеп берген: «Алла Елшісінің (ﷺ) алдына тамақ әкеліп: «Жантайып ішіңіз! Жантайып ішкен өте ыңғайлы»,-дедім. Сонда, Ол (ﷺ) маған: «Құл қалай жесе, мен де солай отырып ішемін, бірақ жантайып емес»,-деді. «Осылайша, өмірінің соңына дейін Алла Елшісінің (ﷺ) жантайып ішкенін көрген емеспін».
Әнас ибн Маликтің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (ﷺ) жүннен тоқылған киім киіп, есекке де мініп, киімін де жерге түсіріп отыратын және үлкендердің насихатын тыңдайтын. Ешкі сауып, сүтін ішетін және қонаққа шақырылса баратын.
Пайғамбарымызға (ﷺ): «Сізге биік орын жасайық. Сол жерде тұрып, адамдарға насихат айтарсыз»,-деп айтқандарға, өзінің қарапайымдылығы себепті мынаны өсиет еткен: «Мені өз дәрежемнен артық дәріптемеңдер! Алла мені пайғамбар етіп жібермей тұрып, ең алдымен құл етіп жаратты».
Хазреті Мұхаммад (ﷺ) науқастардың көңілін сұрап, жаназа намаздарына қатысатын. Үлкен-кіші, бай-кедей деместен, кез-келген кісінің шақыруын қабыл ететін. Бұған қатысты, Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Пайғамбардың (ﷺ) бойында қатал патшаларда болмайтын үш ерекше қасиет бар еді. Есекке мінетін, кім шақырса, соған баратын және жерге түскен құрманы алып, сүртіп жейтін».
Омардың (р.а.) риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (ﷺ) бойындағы қарапайымдылығының себінен мына бір ұлағатты сөзді айтқан болатын: «Христиандар, Мариямұлы Исаны (ғ.с.) асыра дәріптегеніндей, (кұдай дәрежесінде) мені жақсы көруде, шектен шығушы болмаңдар! Мені Алланың құлы және елшісі десеңіздер де жеткілікті».
Айша (р.а.) анамыз Пайғамбарымыздың (ﷺ) үй ішінде қарапайымдылық танытатындығын, өз киімін өзі жамап, қойларын өзі сауып, үйдегі жұмыстарға көмектестінін, базарға барып келетінін және өз жүгін ешкімге де көтертпей, өзі тасыйтындығын айтқан. Бір күні, Алла Елшісі (ﷺ) қасында отырған адамның ыңғайсыздықтан қымтырылғандығын байқап: «Өзіңді еркін ұста, мен патша емеспін. Мен күнге кептірілген етті жеген кұрайыштық әйелдің ұлымын»,-деген екен.
Пайғамбарымыздың (ﷺ) қарапайымдылығы соншалық – екі дүниенің сәруәрі болғанына қарамыстан, өзін елден бөлек ұстауды қаламайтын. Сахабаларының арасында отырғын Алла Елшісін (ﷺ) адамдар танымаса, топтың ішінен Оны (ﷺ) ажырата алмайтын. Алайда, сахабалардың Алла Елшісіне (ﷺ) деген ізеті мен құрметін көрген уақытта ғана, кімнің Пайғамбар екеніне көз жеткізетін.
Мәдинә қаласындағы Пайғамбарымыздың мешіті салынып жатқан уақытта жұрт бір кірпіш тасыса, Алла Елшісі (ﷺ) екі кесек тасыйтын. Хандақ шайқасы үшін ор қазылып жатқан уақытта, жұрт қарнына бір тас байласа, Пайғамбарымыз (ﷺ) екі тас байлайтын. Алла Елшісінің (ﷺ) әрбір іс-әрекеті әдептілекке негізделген еді.
Міне, жоғарыдағы сахабалар жеткізген риуаяттарға қарағанда, екі дүниенің сардары, сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) әрбір амалында өте қарапайым болған және сол қарапайымдылықты үмметіне насихат етіп қалдырған. Бұған қатысты, өсиет сөздерінің бірінде Пайғамбарымыз (ﷺ) былай деген екен: «Мен құл сияқты отырамын, құл сияқты жеймін. Маған қарапайым болу әмір етілді. Сендердің басқалардан еш артықшылықтарың жоқ. Алланың рахмет есігі әрқайсыңа да ашық. Кімде-кім, өз-өзін жоғары санаса, Алла оны төмендетеді. Ал кімде-кім, қарапайым болса, Алла оның дәрежесін көтереді. Сонымен қатар, Алланың әділдігіне көз жеткізіп, бір қадам жақындаған құлына, Алла Тағала жүз еселік дәреже береді».
Пайғамбарымыздың (ﷺ) қарапайымдылығы мен өнегелі сара жолын үстанып, Оның (ﷺ) аманат етіп қалдырған сүннетін өмірімізде жандандырайық ағайын! Жаратушы Иеміз бізге екі дүниенің хайыр жақсылығын нәсіп етіп, өзінің сүйікті құлдарының қатарынан қылсын. Әмин!
Қостанай облыстық «Марал ишан»
мешітінің найб имамы
Сыздықов Дархан Манарбекұлы