Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңір басшысы Құмар Ақсақаловпен кездесті.
Кездесуде аймақтағы діни ахуал сөз болып, атқарылған жұмыс жайы талқыланды. Құмар Іргебайұлы өңірдегі діни тұрақтылықты сақтау, тарихи мешіттерді қалпына келтіру, жалпы облыстағы имандылықты көтеру тұрғысынан атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті.
Бас мүфти өз кезегінде аймақ басшысына алғысын жеткізіп, көне жәдігерлерімізді сақтап қалу қажеттігін, облыстағы медреселердің жағдайы, имамдардың әлеуметтік мәселесі де назарда екенін айтып өтті. Сонымен қатар Наурызбай қажы Тағанұлы жергілікті имамдардың облыста атқарған іргелі істерін оның ішінде Рамазан айы мен Құрбан Айттағы ауқымды шаралары жөнінде де айтты.
Кездесу соңында тараптар ортақ жұмыстарды бірге атқарып, рухани мәселелерде жан-жақты қолдау көрсетуге келісті.
Айта кетейік, Қостанай өңірінде қазіргі таңда Діни басқармаға қарасты 27 мешіт жұмыс істеп тұр. Облыс бойынша 74 дін қызметкері бар.
ҚалаЛЫҚ «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінде «Мектепке жол» акциясы бойынша мектеп құралдары таратылды. Акцияда қаламызға қарасты 50 оқушы оның ішінде 25 ұл, 25 қыз балаларымызға үлестірілді. Мешітіміздің бас имамы Асанов Әкімбек Нұрханұлы балаларға білім алудың маңыздылығы жайлы айта келе, оқуда озат болып, болашақта еліміздің өркендеуі үшін адал қызмет жасауға шақырды. Сонымен қатар мешіт тарапынан жасалатын қамқорлықтың мәнін түсіндіріп, бүлдіршіндерге жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. Сондай-ақ, қашанда жақсылықтың жаршысы болып, қайырымдылық шараларына белсене атсалысып жүрген кәсіпкерлер мен қызметкерлерге, жыл сайын дәстүрлі түрде оқушылардың мектеп дайындығына үлесін қосып жүргендері үшін алғысын жеткізді.
Биылғы бұл игі іс-шараға біршама иманды азаматтар өз шамаларынша үлестерін қосты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жақында Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. Онда шаһардағы 30 ұл және 20 қыз балаға оқуға керекті құрал-жабдықтар табыс етілді.
Жиында мешіттің Бас имамы Нұрхан Асанұлы жас жеткіншектерге сапалы білім адамның өмірінде ерекше орын алатындығына жан-жақты тоқталып, оларға жаңа оқу жылында табыс тіледі.
Ал, қуанышқа кенелген балалар мешіт ұжымына және демеушілерге дән ризашылықтарын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Денисов аудандық «Жұма» мешітінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді. Бұл игі шараға Бас имам Азамат Серікбайұлы мен жанашыр кәсіпкерлер атсалысты.
Жиында Азамат Серікбайұлы сөз алып, білім алудың діндегі алатын орны мен жастарға берер тағылымына кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, осы акция аясында ауданға қарасты ауылдық округтердегі 30 оқушыға мектепке қажетті оқу құралдары мен сөмкелер үлестірілді.
Ол осындай ғибраты мол сауапты іске мұрындық болған жаны жомарт азаматтарға шынайы алғысын білдірді. Ал, өз кезегінде қуанышқа бөленген балалардың ата-аналары да қайырымдылық танытқан жерлестеріне ризашылығын жеткізді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлының тапсырмасы бойынша Ұзынкөл аудандық «Балықты» мешітінің Бас имамы Есенкелді қажы Әжімханның ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы өткізілді.
Осынау игілікті қайырымдылық шарасына аудан көлемінде 30 бала қамтылды. Оларға мектепке керекті сөмкелер, басқа да қажетті оқу құралдары табыс етілді. Оқушылардың құрметіне асханада дастархан жайылып, жеміс-жидектер, тәттілер мен балмұздақтар ұсынылды.
Ұстаздар қауымы «Балықты» мешітінің ұжымына балаларға тарту етілген сыйлықтар мен көрсетілген ілтипатқа дән ризашылықтарын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай қалалық "Жайлаубай ата" мешітінде “Мектепке жол” қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Онда көп балалы және жалғыс басты аналардың ұл-қыздарына көмек көрсетілді.
Облыс орталығындағы “Большевичка” тігін фабрикасының демеушілігімен 25 балаға мектеп формасы табыс етілді. Аталған акцияға 520 000 теңге жұмсалды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай қалалық "Марал ишан" мешітінің ауласында алғаш рет ханымдардың "SISTER'S BAZAR 2023" сауда жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңкеге 30 - дан астам онлайн, жеке меншік дүкендері бар басқа дін және ұлт өкілдерінің қыз-келіншектері қатысты.
Бұл жәрмеңкені ұйымдастырудағы басты мақсат- әйел жамағатының өзара ауыз біршілігін нығайтып, бір-біріне деген құрметін арттыру болатын.
Мешітке жұма немесе айт намазына жұртшылық келіп ғана қоймай, басқа да себептермен басқосуға болатындығын көрсетті.
Уағыз-насихатты да өзгеше форматта жүргізіп, жиналған қауымға Ислам дінінің ерекшелігін танытты.
Жәрмеңкеде демеушілердің көмегімен тегін тәтті бәліштер, ыстық тамақтар, сусындар, бауырсақтар таратылды. Кішкентай бүлдіршіндерге батут пен сырғанақ, ойын алаңы, сурет салуға арналған орындар дайындалып, тәрбиешілер бекітілді.
Жәрмеңкені ұйымдастыру идеясы "Марал ишан" мешітінің ұстазы Гүлдана Жаңабайқызының әйелдер жамағатымен жұмыс істеу барысында туындады. Себебі, шариғи киімдер мен ҚМДБ-ның рұқсаты бар ислам әдебиеттеріне қатысты сұраныстарды қанағаттандыру үшін осы маңызды шара қолға алынды. Сондай-ақ, онда бір-бірімен танысып, сауда-саттық жасаумен қатар Қостанай, Рудный қалалық мешіттерінде қызмет атқаратын әйел ұстаздары уағыз-насихат айтып, өздерінің бай тәжірибесін ортаға салды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облыстық "Аймағанбет қажы Спанұлы" мешітінде дін саласының қызметкерлері мен мешіт жамағаты тағы басқа келушілер, Донор күніне орай қан тапсырды.
Жалпы 23 адам жоғары саналық пен белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті.
Облыстық қан орталығының мамандары алдын-ала келісім бойынша донорларды қабылдап, нақты жұмыс істеді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі.
Кең болсаң, кем болмайсың деген халқымызда дана сөз бар. Міне Жітіқара аудандық "Ержан Тәтішев" мешітінің ұжымы Зекет және қайырымдылық қорымен бірлесіп, 16 отбасыға зекет берді.
Онда әлеуметтік жағынан аз қамтылған көп балалы жанұяға, жалғыз басты аналарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесу үшін 1 млн. теңге қаражат жұмсалды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі.
Аудандық "Ержан Тәтішев" мешітінің Бас имамы Айбек Аманқосұлы жергілікті Жастар ресурсы орталығында аудан жастарымен дөңгелек үстел басында "Отанды сүю отбасынан басталады" деген тақырыпта әңгіме өткізді.
Онда Бас имам отбасы шағын мемлекет, ол сыйластық және өзара жарасымдылықтан тұратындығына ерекше тоқталды.
"Жалпы отанды сүю ынтымақ пен бірліктен құралады. Бала тәрбиесінің алатын орны бөлек. Өйткені, адамгершілік қасиеттер шаңырақта қалыптасады. Жанұядағы ұрпақтарымызға берілетін жүрек жылуының маңызы жоғары. Кездесу өте әсерлі өтті. Сұрақтарға нақты жауап берілді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі