Таяуда ұлы Мұхаммед Пайғамбарымыздың туған күніне орай Жангелдин аудандық "Оспанқожа әулие" мешітінде жиналған халықтың алдында Мәуліт шариф оқылды.
Онда аталмыш мешіттің Бас имамы Аян Хасенов пен Шақшақ Жәнібек намазханасының имамы Айдос Абдысалықов Пайғамбарымыздың асыл қасиеттері, дінге деген шынайылығын сөз етті.
Сондай-ақ олар қайталанбас тұлғаның мың жылдық азық болар қырларын насихаттады. Рухани кештен соң жамағатқа ақ дастарқан жайылып, сый - сияпат көрсетілді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы "Қамқор шарапат" мекемесінің тапсырмасы бойынша еліміздегі әулиелер мен діни қайраткерлердін кесенелерінде зиярат ережесін ретке келтіруге баса назар аударылып жатқаны белгілі.
Ұзынкөл аудандық «Балықты» мешітінің бас имамы Есенгелді қажы Әжімахантегі бұл орайда өзгелерге тағылым боларлық игі істер атқаруда. Осы сөзіміздің нақты айғағы ретінде жуырда Қалдарұлы Аспантай абыз - әулие мен Есмырза ауылындағы зиратқа тақтайша орнатылды.
Имандылық ордасының жамағаттарына «Зират пен зияраттың ережесі» түсіндіріліп, бабалар рухына құран бағышталды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай қаласындағы “Жайлаубай ата” мешітінде сүйікті Пайғамбарымыздың туған күніне орай Мәуліт мерекесі өткізілді. Жиналған жамағат ғибратты кештен ұмытылмас тағылым алды.
Онда ұстаз Әлібек Құран қари басқосудың маңызына ерекше тоқталып, шәкірттерімен бірге кештің мазмұнды болуына айрықша үлестерін қосты. Салауат оқылды.
Мешітке жиналған қауым жан дүниелерін рухани жағынан байытып, Мұхаммед Пайғамбарымыздың ғұмыры жайлы көп мағлұмат алды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жұртшылықтың есінде болар, белгілі дін қайраткері, өңіріміздегі өкіл имам Бахытбек қажы Тәжімбеттің тікелей бастамасымен облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің жанынан Файзулла қари оқу орталығы ашылған болатын.
ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы аймаққа сапарында білім ордасымен жан-жақты танысып, өзінің ең ізгі тілегін білдірген еді. Жуырда осы орталықтың директоры болып жерлестерімізге есімі жақсы таныс Нұрлан Сейдағалиев тағайындалды.
Қазіргі таңда мұнда болашағынан үлкен үміт күттіретін жас қарилар тың ізденіс танытып, шеберліктері мен біліктіліктерін шыңдауда. Оларға дінімізді өркендету жолында тек табыс тілейміз.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде әйел-қыздар ұстаздарына арналған үш күндік семинар өтуде. Онда аты-жөндері өңірімізге кеңінен танымал білікті де білімді мамандар дәріс өткізіп жатыр.
Осынау тағылымы мол басқосуда Аңсаған Абдрахман, Бақберсін Ізбасаров, Әлібек Қылышбектер Фиқһ, Ақида, Құран және Тәджуидтен дәріс өткізуде.
Семинарға аудандар мен қалалардан қатысушылар алған білімдерін күнделікті жұмыс барысында басшылыққа алып, шәкірттерінің бойына сіңіре беретін болады.
,p>Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметіӨткен Халықаралық қарттар күніне орай Лисаков қалалық «Әбдіхайым Саламатұлы» мешітінің ұйымдастыруымен «Қарты бар ел-қазыналы» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Бұл жиында жергілікті мешітке үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан ардақты аталарымыз бен апаларымызға мерекеге байланысты ең ізгі тілектер айтылды.
Оларға демеушілердің көмегімен Алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Өздеріне көрсетілген құрметке дән риза болған аға ұрпақ өкілдері ақ баталарын берді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Федоров аудандық «Жиентай қажы» мешітінің ұжымы Халықаралық қарттар күніне орай аудандық қарттар үйінде болды. Имандылық ордасының қызметкерлері елімізге адал қызмет еткен аға ұрпақ өкілдерін мерекемен құттықтады.
Олар мешіт атынан кілем тарту етті. Мекеменің басшылары арнайы келіп, ыстық ықыластарын білдірген азаматтарға шынайы алғыстарын жеткізді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жақында Ұзынкөл аудандық «Балықты» мешітінде қасиетті Мәуліт айы мерекесі тиісті деңгейде аталып өтілді.
Онда «Қош келдің, мубәрак Мәуліт айы!» атты тақырыпта жиналған халыққа Мәуліт шәріп оқылып, уағыздар айтылды. Мешіт шәкірттері салауаттарды орындап, жүректерге жеткізді.
Сонымен қатар бұл маңызды басқосуда көмекке мұқтаж отбасындағы үш балаға қайырымдылық жасалып, оларға қысқы киімдер берілді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Арқалық қалалық “ Мухтасиб Әлмұхаммед” мешітінің бас имамы Нұрхан қажы Асанұлы шаһар маңындағы ауыл молда-имамдарының басын қосып, “Көркем уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті “ атты тақырыпта семинар өткізді.
Онда қызмет барысында көркем уағыз айту, жергілікті тұрғындармен қалай қарым-қатынас жасау, ортақ тіл табысу, сайып келгенде атқарып жатқан жұмыстарының нәтижелілігі жайында айтылды.
Сондай-ақ бас имам Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қатысты діни рәсімдер кітабы хақында да тілге тиек етті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Елімізде Мәуліт айы басталғалы бері имандылық ордаларында танымдық-тағылымдық жағы мол түрлі игі шаралар жүзеге асырылуда. Міне, осындай ерекше басқосу қалалық «Марал ишан» мешітінде де өткізілді.
Қасиетті жұма күнгі намаздан соң, адамзаттың асыл тәжі, ардақты Пайғамбарымыздың құрметіне уағыз-насихат айтылды. Онда жиналған қауымға пайғамбардың өнегелі өмір жолы, Алланың дінін адамзатқа таратудағы ғибратты істері жайлы баяндалды.
Екі дүние сардарының ғұмырын үлгі тұтқан жұртшылық тік тұрып, салауат айтты. Сөйтіп, Мәуліт мерекесінің мәртебесі асқақтады. Мешіттің ішінде оған деген айрықша сүйіспеншілік айқын сезілді. Ұлы Пайғамбарымыздың рухына арнайы құран аяттары оқылып, мешіт имамдары жамағатпен бірге дұға жасады.
Мұндай мерейлі мерекелерде адамдар арасындағы рахым мен мейірім, имандылық пен бауырмалдық арта берсін. Алла тағала егемен еліміздің еңсесін биік, тәуелсіздігімізді тұғырлы, дінімізді бекем етсін!
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі