Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Блог верховного муфтия Казахстана

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша
Религиозная интерактивная карта Казахстана
Григорианский
Хиджра
Super User

Super User

Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің әйелдер жамағаты арасында «Әлемнің рахым нұры әз Пайғамбар» атты интеллектуалды білім сайысы болып өтті.

Ондағы мақсат - жамағаттың сауаттылығын арттыру, Мұхаммед Пайғамбарымыздың ғибратты ғұмырын насихаттау. Сондықтан жарысқа қатысушылар жан-жақты дайындықпен келді.

Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға ұялы телефон және қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 17 Октябрь 2023 09:55

Асаба болу

ҚМДБ жылдық жоспар негізінде Қостанай облысында «Асаба болу – өз ісің, әдептен озбау – борышың» атты асабалар жиыны өтті.

Мүфтият бастамасымен биылғы жыл «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялануына орай Қостанай облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің бас имамы Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы облысымыздағы асабаларға арналған дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның мақсаты – ізгі қоғам құруда қазақтың торқалы тойларының тізгінін ұстап жүрген асабаларымызға той өткізудің әдебі мен маңызы туралы талқылау болды. Жиырмаға жуық асаба жиналған келелі кездесуде бүгінгі той-томалақта болып жатқан өрексел қателіктер мен кемшіліктер турасында сөз қозғалды.

Сонымен қатар, Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің наиб имамы Туребаев Тимур Құрманғазыұлы да, тойды жүргізуші асабаларға дәстүрді ғана дәріптемей, шариғат шеңберінде тойды жүргізуде аса маңызды екенін де түсіндірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 16 Октябрь 2023 10:52

ӘУЛИЕКӨЛДЕГІ МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ

Жуырда Әулиекөл аудандық "Әмит ишан" мешітінде Мұхаммед Пайғамбарымызға арналып салауаттар айтылды. Сөйтіп, Мәуліт мерекесі жоғары деңгейде өткізілді. Бұл маңызы терең жиынға облыстық "Аймағанбет қажы Спанұлы" мешітінің найб имамы Әлішер Балахмет, Тобыл қаласындағы "Маңдай батыр" мешітінің бас имамы Дархан Сыздықов, қари Темірлан Сейфуллин қатысып, Мәуліт қасидасын оқыды.

Содан кейін мерекенің құрметіне жұртшылыққа мешіт асханасында дастархан жайылып ас берілді. Осылайша рухани кештен жергілікті ағайындар үлкен әсер алып, жоғары көңіл-күймен тарасты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 16 Октябрь 2023 10:48

Бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады

Республика күні қарсаңында Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ізгі қоғам» бағыты аясында жас бүлдіршіндер үшін ойын ұйымдастырылды.

Мешітке жиналған балақайлар құрылған батутта секіріп, мәз-мәйрам болды. Оларға дастархан жайылып, тәтті тағамдар берілді.

Қуанышқа бөленген сәбилердің жүздерінен көтеріңкі көңіл-күй мен шат-шадыман күлкі айқын сезілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 16 Октябрь 2023 10:37

Меңдіқара: Мектеп-гимназиядағы кездесу

Меңдіқара аудандық «Қарамақы ата» мешітінің бас имамы Еркебұлан Жаңбырбайұлы Боровское ауылының Ғаббас Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларымен кездесті.

Бұл жиында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселе теріс діни ағымдардың келтірер зияны, оның алдын алу жайы әңгімеге арқау болды. Сонымен қатар, білім алу барысында қазақы мінезге сай әдептілікті ұстану да сөз болды.

Өйткені, адам баласы қанша білімді болса да мінезге бай, адамгершілігі мол, кісілік қасиеттері жоғары болуы тиіс. Кімге болсын, асыл қасиеттермен қатар, жан сұлулығы да аса қажет. Өзіңді тәрбиелеп дәріс беруші ұстазды сыйлаудың орны бөлек.

Дана халқымыз «Әдепті бала - арлы бала» деп босқа айтпайды. Барлық ізгілік мектеп қабырғасында қалыптасады. Сондықтан мұндай жүздесулердің жеткіншектерге берер пайдасы зор.

Кездесудің соңында бас имам осындай басқосуды ұйымдастырған аудандық ішкі саясат бөлімі басшылығы мен мектеп-гимназияның ұжымына шынайы алғысын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
13.10.2023

Суббота, 14 Октябрь 2023 09:03

МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

Қостанай қалалық "Жайлаубай ата" мешітінде алдағы Республика күніне орай жиналған жамағатқа дастархан жайылды. Жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Мәселен, садақ ату, асық жарысы, гір көтеру, арқан тартыс халыққа жақсы әсер қалдырды.

Бір ғажабы, арқан тартудан ақсақалдар құрамы жеңімпаз атанды. Олар өздерінің әлі де дайындықтары жоғары екендігін дәлелдеді. Жарыс соңында жеңімпаздарға діни кітап пен сыйлық табыс етілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 12 Октябрь 2023 12:35

ТОБЫЛ: Мәуліт өтті

Қостанай аудандық "Маңдай батыр" мешітінде Мәуліт мерекесіне орай елімізге танымал дін қайраткері Садуақас Ғилманидің "Мәуліт шәриф" атты Мұхаммед пайғамбарымызға арналған қасидалары имандылық ордасына келуші жамағатқа насихат ретінде оқылды. Онда салауат пен мархаба айтылып, рухани кеш жоғары деңгейде өтті.

Жұма намазынан соң ұлттық дәстүріміз бойынша мерекенің құрметіне дастархан жайылды. Содан кейін аудандық мешіттің ардақты қарттарының бірі Сайым ақсақал жұртшылыққа жүрекжарды лебізін білдіріп, ақ батасын берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 12 Октябрь 2023 11:56

Ас беру мәдениеті жөнінде

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы "Қамқор шарапат" мекемесінің тапсырмасы бойынша елімізде «Ас беру мәдениеті» жөнінде жиындар өткізілуде.

Жуырда осынау маңызды құжат аясында Ұзынкөл аудандық «Балықты» мешітінде де аудан мен ауыл тұрғындарына, ерлер мен әйелдер жамағатына дөңгелек үстел өткізілді.

Жайылған дастархан басына жиылған халыққа «ҚҰДАЙЫ АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ЖЕТІ ТІРЕГІ» жан-жақты түсіндірілді. Халықтың қойылған сұрақтарына нақты жауап берілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 12 Октябрь 2023 11:54

Өзекті тақырыпқа семинар

Бұл күндері жер-жерде қаржы пирамидасы хақында жиындар өтіп, халықты одан сақтандыру жөнінде білікті мамандар пікірлерін ортаға салуда.

Облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде де осындай маңызды мәселені қозғаған семинар болып өтті. Оған облыстық, Костанай, Тобыл, Рудный қалалық мешіттерінің имамдары қатысты.

Дін қызметкерлерінің алдында Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Әлібек Төлепбергенов сөз сөйлеп, көптің көкейінде жүрген өзекті жайға жан-жақты тоқталды.

Ол қаржы пирамидасына анықтама беріп, одан қорғану мен басты белгілері жөнінде әңгімеледі. Имамдар көп мәселенің жай-жапсарына қанықты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Среда, 11 Октябрь 2023 16:51

Құсмұрындағы Мәуліт мерекесі

Жуырда Әулиекөл ауданының Құсмұрын елді-мекенінде Мәуліт мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. Онда ауданның Бас имамы Нұрбол қажы Балахмет және Аманқарағай ауылының молдасы Серікбай Испулов жиналған жамағатқа Мәуліт қасидаларын оқып берді.

Басқосуда мұсылман бауырларымыз салауаттар айтты. Көзге түскен жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Мерекенің құрметіне дастархан жайылып, аруақтарға бағышталып құран оқылды.Ақсақалдар бата берді.

Жиын соңында 10 мұқтаж отбасыларына азық-түліктей көмек көрсетілді. Рухани кешті жергілікті «Хақ «мешітінің молдасы Омар Закарин ұйымдастырды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Страница 50 из 214

Назидание

все статьи

Медиа

все записи
Разработка сайта — Иником