Ұзынкөл аудандық «Балықты» мешітінің ұжымы жыл сайын Халықаралық қарттар күнін тиісті деңгейде атап өтеді. Биыл да осы игі дәстүр жалғасын тапты.
Бұл мереке үстіміздегі жылы қасиетті Мәуліт айымен тұспа-тұс келді. Бас имам Есенгелді қажы Әжімахантегі өмір өткелдерінене өткен аға ұрпақ өкілдеріне құрмет көрсетуді өздерінің басты парызымыз деп түсінеді.
Жуырда аталған мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен сол өңірде тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан барлық ұлт өкілдерінің ардагерлерін арнайы шақырып, асханада дастарқан жайды.
Аудан әкімі Азамат Аужанов басқосуға қатысып, ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарды мерекелерімен шын жүректен құттықтап, ең ізгі тілегін білдірді. Жергілікті мәдениет саласының өнерпаздары асқақатата ән шырқап, күмбірлете күй шертті.
Жиын соңында елге беделді қарттарымыз Есенгелді қажы Сақтағанұлы мен ұжымға ақ батасын беріп, шынайы алғыстарын жеткізді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қасиетті жұма күні Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) – ның туған айының құрметіне орай мәуліт-шәриф оқылды. Жұма күні мешітке жиналған жамағатқа Республикалық Бас мешіттің ұстазы Мұртаза қари Ертайұлы, облыстық мешіт найб имамдары Икрам Бақытжан, Әлішер Ертайұлы, Тимур Құрманғазыұлы және қари Темірлан Даниярұлы мәуліт қасидасын оқыды.
Сондай ақ жұма намаздан кейін жиналған жамағатқа арнайы ас беріліп, дастархан жайылды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі.
Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде Мәуліт шариф ұйымдастырылып, адамзаттың асыл тәжі, ардақты Мұхаммед пайғамбарға арналған салауат оқылды.
Онда Әлибек ұстаз бастаған мешіттің жамағаты мен талапты шәкірттері Мәуліт кешінің ғибратқа толы өтуіне өздерінің лайықты үлестерін қосты.
Жиында Ислам дінін пір тұтатын шешен бауырларымыз да белсенділік танытып, тағылымы мол салауаттың жоғары деңгейде орындалуына атсалысты.
Басқосуда арнайы дастарқан жайылды. Онда Мұхаммед пайғамбарымыздың ғұмыры жайлы әсерлі де мағыналы ұлағатты ойлар айтылды.
Жерлестеріміз Мәуліт шәрифінен ұмытылмас рухани нәр алып, жоғары көңіл күймен тарқасты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Нұрхан қажы Асанұлы алқа мүшелерін жинап, маңызды мәселені тілге тиек етті.
Оның айтуына қарағанда, шаһар маңындағы дүниеден өткен кісілердің мәйітін жерлейтін орын толуға жақын. Сондықтан бұл маңызды мәселе қала әкімімен келісілген. Жаңа жер дайын, оған тиісті қаражат та бөлінген. Енді беделді ақсақалдардың қолдауы қажет.
Бас имам алдағы уақытта қолға алынатын қорымның бұрынғыдан ерекшелігі, Шариғат талабына сай, Қазақстан бойынша қолға алынға «Жаназа және жерлеу» рәсімдеріне сай салынбақ.
Жасыратын ештеңесі жоқ, жаназадан кейінгі жайылған дастарханда немесе басқа да ас беру секілді рәсімдерде ысырапшылдыққа жол берілуде. Бұл мәселеде де бірізділік пен тәртіпке сай болуы керек. Жиынға қатысқан алқа мүшелері Нұрхан қажы Асанұлының ұсынысын бір ауыздан қолдады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қари, дін және қоғам қайраткері әрі ақын Файзолла қари Сатыбалдыұлының туғанына 140 жыл толуына орай Амангелді ауданы "Сатыбалды Ишан" мешітінде ұйымдастырылған Құранның 30-шы бөлігін жатқа оқудан облыстық жарыс болып өтті.
Жарысқа Қостанай облысының қалаларымен аудандарынан жиырмаға тарта үміткер қатысып жүлдені сарапқа салды.Жарысқа қатысушылар өз бойындағы Құран және тәджуид ілімдерін айырықша көрсетті.Жарыс көрермендері үміткерлердің сан қилы мақаммен оқыған Құран аяттарын зейін салып сүйсіне тыңдады.
Қарилардан құралған әділқазылар алқасы әділ бағаларын беріп оза шыққан жүлдегерлерді анықтап берді.
Нәтижесінде 3-ші орынды Арқалық қалалық "Әлмұхаммед Мұхтасиб"мешітінің шәкірті Дуйсенов Қуандық иеленді.
2-ші орынға Қостанай облыстық "Аймағанбет қажы Спанұлы" атынан шыққагн Пірмағанбетов Ғабит.
Ал 1-ші орынды Қостанай қалалық "Жайлаубай ата"мешітінің шәкірті Ғазиз Дінмұхаммед ие болып көрерменнің ыстық қошеметіне бөленді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Арман Қуанышбаевтың келесі сапары Рудный қалалық «Нұр» мешітінде кешкі уағызға ұласты.
Рудный мешітіне жиналған жұртшылықпен жүздесуі де өте әсерлі өтті.
Ол имандылық ордасында жиналған жамағатқа «Заманауи мұсылманның келбеті» тақырыбында ақшам уағызына қатысып, халықтың алғысына бөленді.
Жалпы, оның облыстағы сапары алдын-ала жоспарланған бағдарламаға сай нәтижелі әрі есте қаларлықтай ұйымдастырылды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
РАНТ мүшесі Арман Қуанышбаев Қостанайдағы сапары барысында қаладағы №38 еңбекпен түзету мекемесінде болды.
Онда жазасын өтеп жатқан 60 адаммен және сонымен бірге жеке кездесулер де болды.
Жалпы кездесу кезінде «Шынайы мұсылманның келбеті» тақырыбында насихат айтты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанайдағы арнайы сапарында Арман Баймаханұлы Қуанышбаев ұстаз Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде жұма уағызымен жалғастырды.
Бұл күнгі қасиетті жұма уағызының тақырыбы «Ардақты Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жақсы көру» болатын.
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй, ол Алланы жаннан тәтті, – деп Хакім Абай айтқандай, Алланы танып, Оны жақсы көрген пенде, Жаратушының адамзат үшін мейірім ретінде жіберген хақ Пайғамбарын да жақсы көруіміз тиіс деп, соңында мешіт жамағатын мүбәрак Мәуліт айымен құттықтады. Әсерлі уағыз жамағаттың көңілінен шықты.
Жұма намазынан кейін Арман ұстаз мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанайға арнайы сапармен келген Арман Қуанышбаев облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітте өңірдің дін қызметкерлерімен кездесті.
Ол осы кездесуде «Жат ағымның жақтастарымен жеке кездесулер өткізу әдістемесі» тақырыбында өтті.
Онда оңалту жұмысына бекітілген теологтар мен имамдар атқарып жатқан жұмыстар бойынша талқылады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Көзі қарақты оқырманға өңірде арнайы сапармен болған Арман Баймаханұлы Қуанышбаевтың есімі жақсы таныс. Ол республикалық деңгейдегі білікті маман, РАНТ мүшесі, Түркістан облысы Кентау қаласындағы «Балаби қари» Құран жаттау орталығының директоры.
РАНТ мүшесі алдымен Қостанай қалалық «Марал ишан» мешітіне ат басын бұрды. Оны Бас имам Бектұрсын Уәлиев қарсы алып, имандылық ордасының тыныс-тіршілігімен таныстырды.
Киелі оңтүстіктен келген мейман жамағаттарға «Отбасының діндегі рөлі» атты ақшам уағызын өткізді. Жиналған қауым терең де мағыналы әңгімені ұйып тыңдап, шынайы алғыстарын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі